Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара "Әдебиет әлемі 7-8 сынып оқушыларына арналған сайыс сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыныптан тыс іс-шара "Әдебиет әлемі 7-8 сынып оқушыларына арналған сайыс сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс-шара 7-8 сынып оқушылары арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2019
3520
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Әдебиет әлемі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7-8 «А» сынып оқушылары арасындағы зияткерлік сайыс
Мақсаты.
 
Білімділік: Оқушылардың қазақ әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгергенін тексере отырып, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ана тілін сүюге, құрметтеуге, ізденпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқулық және қосымша материалдарды деректерін тиімді пайдаланып, ғылыми танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдер пәндерінің онкүндігінде өткізіліп отырған «Әдебиет әлемі» атты 7-8 «А» сынып оқушылар арасындағы зияткерлік сайысқа қош келдіңіздер!
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1 – кезең: “Бәйге”.
2 – кезең: “Тіл өнері”.
3 – кезең: “Мақалмен жауап”.
4 – кезең: “Әдебиет-ғажап әлем”
5 – кезең: “Жорға”.
1 – кезең: «Бәйге». 7 «А» сыныпқа:

1. Әдеби тілдік неше формасы бар? (ауызша, жазбаша)
2. Ілияс Жансүгіровтың туған жері? (Ақсу)
3. Жетішатыр қаласы арқау болған әңгіме? (Әнші)
4. Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа сөздер тобы: (Омоним)

5. «Аякөз қайда барасың?» өлеңінің авторы (Д. Бабатайұлы)
6. «Екі шыбын» мысалының авторы кімдікі? (А. Байтұрсынов)
7. Абайдың аяқталмай қалған поэмасы (Әзімнің әңгімесі)
8. Көксерек әңгімесінің басты кейіпкері (Құрмаш)
9. «Тарланым» кімнің шығармасы? (Махамбет Өтемісұлы)
10. Ыбырай Алтынсарин алғаш мектеп ашқан қала? (Торғай)


  1. кезең: «Бәйге». 8 «А» сыныпқа:

1.«Мен, сен, ол» есімдіктің қай түріне жатады? /жіктеу/
2.Алматыдағы мемлекеттік опера және балет театры кімнің атында? /Абай/ 3.Нәресте дүниеге келгенде жасалатын той ? /шілдехана/ 4.«Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? /Ш.Айманов/
5.«Мұғалім» сөзінің синонимі /Ұстаз/ 6.
Қазақ әліпбиінің негізін қалаған тілші ғалым. (А.Байтұрсынов)
7.Шәкірімнің туған жері? (Семей)
8.«Өтеген батыр» дастандарының авторы кім? ( Жамбыл) 9.Міржақып Дулатовтың тұңғыш өлеңдер жинағы? (Оян, қазақ) 10.Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесіп сөйлесуі? (Диалог)




2 – кезең: «Тіл өнері».

Мақал – мәтелдер беріледі. Соның бір сөзін орыс және ағылшын тіліне аудару.
1. Бірлікті ел бұзылмас. Ел – страна – country
2. Татулық табылмас – бақыт. Бақыт – счастье – happy
3. Білімдіден шыққан сөз. Сөз – слово – word
4. Тіліңмен жүгірме біліммен жүгір. Білім – знания – educatijn
5. Тас жармаса бас жарады. Тас – камень – stone
6. Ашу дұшпан, ақыл дос. Ақыл – ум – claver
7. Адал еңбек аздырмас, арамдық бойды жаздырар. Еңбек – труд – labour
3 – кезең: «Мақалмен жауап».
1. Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы - жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3. Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4. Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті, баланың тілі тәтті)
5. Қар жана ма?
(Қалауын тапса, қар жанады)
6. Оттан да не ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
7. Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
8. Кімнен кім жаман?
(Олақтан салақ жаман)
9. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай, жинау қиын)
10. Білгенің қанша, білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)
11. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ, қол батыр)
12. Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс күймейсің)
13. Көрдім, көрмедім деген неше сөз?
(Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)
14. Ер қаруы неше?
(Ер қаруы бес қару)
15. Етікті қонышынан басуға бола ма?
(Қолыңнан келсе, қонышынан бас)




4 – кезең: “Әдебиет-ғажап әлем”

1.Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата:

2.Қаз-қаз ,балам ,қаз балам

Қадам бассаң, мәз болам.

Күрмеуіңде шешеін 

Тұсауыңды кесейін-Қандай жыр?

3.Елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері.
4.«Ер Төстік» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.


5 – кезең: “Жорға”.

Берілген әдеби-теориялық термин сөздердің мағынасын ашу.

7 «А» 1.Сюжет 2.Портрет 3.Ирония
8 «А» 1. Пейзаж 2.Кейіптеу 3.Сатира

Қорытынды сөз: Құрметті сайыскерлер, бүгінгі сайыста барлықтарыңыз Еліміздің болашақтағы білімді, өнегелі азаматы болатындарыңды дәлелдедіңдер. Келешекте сіздерге шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!Қазір қазылар алқасы сайыскерлердің ұпайларын есептегенше сіздерге сұрақтар қойылады. Қазылар алқасына сөз беріледі.Жеңімпаз топ марапатталады.



















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!