СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА
«Химия
әлемінде»
Мақсаты:
а)
білімділік: Оқушыларға химия ғылымының
құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып,ойын элементтері
арқылы қосымша мағлұмат беру
ә)
тәрбиелік: Өздігінен ізденуге,
ұйымшылдыққа баулу, топтасып жұмыс істеуге
тәрбиелеу
б)дамытушылық: танымдық, есте сақтау
қабілеттерін дамыту
Міндеті: тақырыптар бойынша
студенттердің білімін қорытындылау, тақырыпты меңгеру
дәрежесін тексеру, химия әлеміне саяхат арқылы білімдерін
жинақтау, пәнге қызығуын, логикалық қабілеттерін
дамыту.
Көрнекілігі: Менделеев
кестесі.
Материалды-техникалық
жабдықтау:проектор,слайд
презентациясы.
Іс- шараның
барысы:
-
Оқытушының сәлемдесуі.
-
Сайыс ережелерімен
таныстыру.
-
Сайысты
жүргізу.
-
Марапаттау
-
Оқытушының қорытынды
сөзі.
Оқытушының кіріспе
сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқытушылар,студенттер және
сайысқа қатысушылар!
Армысыздар, мұғалімдер әз-жандар,
Білім
іздеп инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая
қарсы аламыз сіздерді,
Химиялық
сайысымыз басталар!
Бүгін сіздер біздің «Химия
әлемінде» атты сайысқа қош
келіпсіздер! Сайыстың бірінші туры : «Викторина», бір сұраққа дұрыс
жауап берсеңдер, бір ұпай жетоны беріледі. Екінші тур «Өз ойыным»
деп аталады, төрт кезеңнен тұрады, сұрақты таңдауға болады, соған
жауап беріп, жетон беріледі. Үшінші тур «Химиялық эстафета»,тақтада
командаларға кесте ілулі тұр.Кестеге химиялық формулаларды жазу
керек, тапсырманы жылдам және дұрыс орындау керек, жазылған бір
формулаға 1ұпай жетоны беріледі.
Төртінші тур «Полиглот»,химиялық элементтердің атауларын орысша, қазақша және
ағылшынша айту.
1-ші тур «Викторина» (бір
сұраққа бір ұпай)
1.
Оттектің атомдық массасы нешеге
тең? (16)
2. Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне ұқсайды? (S)
З. Заттардың ең ұсақ бөлшегі (атом, нейтрон)
4. Жылу бөле жүретін реакция (экзотермиялық) 5. Алғашқы көмекке
пайдаланылатын бейметалл (иод)
6. Өмір мен ойдың элементі (Фосфор)
7. Домбыраның ішегін аңыз бойынша үзген металл (қорғасын – Pb)
8. Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын марганцовканың химиялық атауы
( калий пермаганаты)
9. Қандай заттарды күшті электролиттер деп атайды?
(Суда ерігенде иондарға толық ыдырайтын заттар).
10. Эндотермиялық реакция дегеніміз не (жылу сіңіре жүретін
реакция) 11. Оң зарядталған ион (Катион)
12. Өсімдік тіршілігіне қажетті элементтерді ата. (Р, К, N)
13. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына
ұшырайды. (Фтор)
14. Азот металдармен әрекеттескенде қандай қосылыс түзеді?
(нитридтер)
15. Аммиактың судағы ерітіндісі? (мүсәтір спирті)
16. Фосфордың табиғи қосылыстарын ата? (фосфорит, апатит)
17. Зат мөлшері немен өлшенеді (мольмен)
18. Молярлық масса немен өлшенеді және немен белгіленеді (г/моль,
М) 19. Күкірт қышқылының формуласы
(H2SО4)
20. Атомдық массасы 32 –ге элемент
(күкірт)
2-ші тур «Өз ойыным»
(жетондар беріледі)
Металдар мен
бейметалдар
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Сөйлемді аяқта
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Химиялық терминдер
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
«Бұл қандай элемент немесе
қосылыс?»
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
«Металдар мен бейметалдар»
10- Қазіргі уақытта неше металл белгілі?
20-Ауада ең көп таралатын газ(азот)
30-Ең жеңіл газ (сутек)
40- Түрім қара бақсаңыз,
Қызарамын жақсаңыз. (көмір)
50- Металдарда қандай байланыс түрі
болады?
«Сөйлемді
аяқта»
10- Қазіргі уақытта … бейметалл
белгілі.
20- Металдар периодтық жүйенің
.... бөлігінде орналасқан
30- Сұйық агрегаттық күйде
болатын бейметал (бром)
40- Адам денесі массасының ...
пайызын бейметалдар құрайды. (97,5%)
50-
CaО+H2O→ әрекеттесу нәтижесінде
....түзіледі.
«Химиялық терминдер»
10-Mg+Cl2=MgCl2 Осы реакцияның типін анықта.
20-Сутекті қосылыстар дегеніміз не?
30-Химиялық реакциялар жылу эффектісі бойынша 2 түрге
бөлінеді (эндотермиялық, экзотермиялық)
40-Химиялық байланыс 4 типке
бөлінеді
50-Бұл қосылыстар тек иондардан тұрады деп санап, есептеумен
табылған қосылыстардағы атомдардың шартты заряды(тотығу
дәрежесі)
«Бұл қандай элемент немесе
қосылыс?»
10-Ең жұмсақ металл ?
(натрий)
20-Ең қатты металл?
(хром)
30-H2SO4. Осы қосылыстың атауы?
40-Оксидке су қосқанда,
не түзіледі?
50-Қышқылдарға мысалдар келтіріңдер.
3-ші тур «Химиялық эстафета» (жазған 1 формуласына 1
ұпай)
Тақтада командаларға кесте ілулі
тұр.
Тапсырма:студенттер кестеге химиялық формуларды жазу
керек.
(Тапсырманы жылдам және дұрыс орындау
керек).
1 команда
|
2 команда
|
3 команда
|
Кальций оксиді
|
Магний оксиді
|
Мырыш оксиді
|
Алюминий гидроксиді
|
Калий гидроксиді
|
Мыс(II) гидроксиді
|
Күкірт қышқылы
|
Азот қышқылы
|
Тұз қышқылы
|
Калий сульфаты
|
Натрий сульфиді
|
Магний нитраты
|
4-ші тур «Полиглот»
Химиялық элементтердің атауларын орысша, қазақша және
ағылшынша айту.
Cu, Ag, Au,
Zn, Hg, C,
Sn, Pb, O,
S, Fe, H
Оқытушы турнир нәтижелерімен
таныстырады.
|
1
топ
|
2 топ
|
3топ
|
1тур«Викторина»
(бір сұраққа бір
ұпай)
|
ұпай
|
ұпай
|
ұпай
|
2-ші тур
«Өз
ойыным»
|
ұпай
|
ұпай
|
ұпай
|
3-ші тур
«Химиялық эстафета» (жазған
1 формуласына 1 ұпай)
|
ұпай
|
ұпай
|
ұпай
|
4-ші
тур «Полиглот»
(3 ұпайдан)
|
ұпай
|
ұпай
|
ұпай
|
Қорытынды (оқытушы
сөзі):
Құтты
болсын ұтып алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала бер жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарымызды
құттықтаймыз
Сонымен бүгінгі «Химия әлемінде» атты сайысымыз өз
мәресіне жетті,жеңімпаз тобы анықталды.Жеңімпаздар марапатталады.
Құрметті ұстаздар,бізбен бірге болып,ойынды тамашалағандарыңызға
көп-көп рахмет.Сау болыңыздар!