Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара "Жас тарихшы" зияткерлік байқау 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс-шара "Жас тарихшы" зияткерлік байқау 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» - деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған. Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта Жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы - білім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2018
818
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалалық «Жас тарихшы-2018» зияткерлік байқау

Мақсаты: Оқушыларды өз ойларын шапшаң жеткізуге, тұжырымды, ұтымды түрде сөйлей білуге, білімдерін тиімді пайдалануға баулу.

Түрі: Зияткерлік байқау
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, пікір талас
Көрнекілігі: Нақыл сөздер

Жүргізуші сөзі: Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» - деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған.

Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта Жолдауында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы - білім. Ендеше, құрметті оқушылар ғылым мен білім бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың тәуелсіз, егеменді еліміздің болашақтары  қош келдіңіздер.


Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Жүргізуші сөзі: Құрметті аяулы көрермендер
Білімнен сусындаған жас өрендер
Қош келдіңіздер бүгінгі байқауымызға.
«Жас тарихшы» зияткерлік байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер
Жүргізуші сөзі:
Әділеттік болмаса егер шығар алға
Бұл дүние жақсылардан қалар ада
Әділқазы алқасы сеніп тұрмыз
Мықтыларға берер деп әділ баға - дей келе, бүгінгі ойынымызға төрешілік жасайтын әділ - қазы алқаларымен таныс болайық.
1.Қалалық білім бөлімінің әдіскері Кариев Дастан Сафаргалиевич
2.М.Әуезов атындағы
№ 5 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Айманова Кулиш Искендировна

3. М.Әуезов атындағы № 5 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Жилкибаева Ляззат Акадиловна
Жүргізуші сөзі:
Шақырамыз сайыскерді ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана
Сайыскер өнеріңді ортаға сал
Осы байқауда біліміңді сынап ал

Олай болса ойынымызға қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
1 - сайыскер

2 - сайыскер

3 - сайыскер

4 - сайыскер

5 - сайыскер

6 – сайыскер


7- сайыскер


8- сайыскер.


Жүргізуші сөзі: Құрметті сайыскерлер, байқауымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1 - кезең: Тарихты жақсы білеміз бе?
2 - кезең: Ғажайып әлем
3 - кезең: Тарихи ескерткіштер
4 - кезең: Тарихи термин сөздер
5 - кезең: Шешендік өнер
6 - кезең: Бейне сұрақ

Бір ескере кететіндігі 3-ші кезеңнен кейін ұпайлары төмен бір оқушымен қоштасып отырамыз.
Жүргізуші сөзі:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма
Біліммен өнер жарысып
Тәрбие - тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда!
Деп сайысымыздың
бірінші кезеңі: « Тарихты жақсы білеміз бе?»
Шарты:
әр оқушымызға жеке - жеке бес сұрақтан қойылады. Әр бір дұрыс жауапқа 1 ұпай. Онда сәт сапар тілейміз!
1 - Сайыскер:
1. 1925-1929 ж. еліміздің екінші астанасы: (Қызылорда)
2.
Ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш қалай аталады?( Терракота)
3.
Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкейұлы 1801 - 1845)
4.
Қазақтың тұңғыш тарих профессоры кім? (С. Асфендияров)

5. «Сібір қазақтары туралы Жарғы» қай жылы шықты? (1822ж)


2 - Сайыскер:
1. «Мен қазақпын» поэмасының авторы: (Ж. Молдағалиев)
2. «
Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» оқиғасы қай жылдары болды? (1723-1727жж)
3.
Әйгілі Атлах шайқасы қашан және кімдер арасында болған? (751 арабтар мен қытайлар)
4. «
1920-1924 ж.ж. Қазақ АКСР-нын астанасы болған қала? ( Орынбор)
5. Күйші, сазгер, дирижер кім? (Н. Тілендиев)
3 - Сайыскер:
1. Жоғарғы Заң шығарушы органы: (Парламент)
2.
1930 - 1933 жылдары ашаршылық зардабынан қанша адам қырылды? (2, 1 млн)
3.
Орта ғасырларда Түркістан қаласы қалай аталған? (Иасы)
4. «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже» қай жылы,қай айда шықты? (1867 ж. 11 шілде)
5. Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет: (Ресей)
4 - Сайыскер:
1. 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды?(ғасыр)
2. 756-940 жылдары өмір сүрген қағанат? (Қарлұқ қағанаты )
3. Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген мемлекет (Жоңғар)
4. Әмір Темір қай жерде қаза болды (Отырарда)
5.
30-шы жылдары ҚазАКСР-ін "КСРО-дағы тұтас металлургиялық провинция" ретінде көрсеткен академик кім? (Курнаков)


5 - Сайыскер:
1. Қ. Р - на сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден. (Халық қаһарманы)
2. Қазақтың тұңғыш суретшісі кім? (Ә. Қастеев)
3. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша қара жұмысқа неше жас аралығындағы ер адамдар алынды? (19-43 жас аралығындағы)
4.
А.Имановтың әскери іс-қимылдар мәселелерін қадағалап отыратын орган қалай аталады?

( Әскери кеңес)
5.
Түрік этнонимінің алғаш аталуы (542ж)


6 - Сайыскер:
1. Тәуке ханның заңдар жинағы: (Жеті жарғы)
2.
1917 жылғы қыркүйекте шыққан тұңғыш мұсылман партиясы қалай аталады? (Түркістан федералистер партиясы)
3. «Сауатсыздықты жою» қоғамы қай жылы ұйымдастырылды? (1924 жылы)

4. Пугачев бастаған шаруалар күресі қай жылдары болды? ( 1773-1775 жж)
5.
.Көшпелі қазақ халқы үшін түнде сағат орнына пайдаланылған жұлдыз (Үркер, Темірқазық)

7-сайыскер

1.Кіші жүздің Ресейге қосылуы (1731 жыл)

2. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс қай жылдары болды? (1836-1838 жж)

3. Қай жылы Қазақ Кеңес Соцалистік Республикасының бірінші Конституциясы қабылданды (1937 жылы наурызда)

4. «Саналы адам» сүйегі қай жерден табылды? Екінші дүниежүзілік соғыс. (Францияның Кро- Маньон үңгірінен)

5.1742 жылы тұңғыш тархан атағын алған батыр кім? (Ш. Жәнібек батыр)

8- сайыскер

1.  ҚР - да «халық қаһарманы» және «ғасыр адамы» атағын иеленген қайраткер кім? (Тоқтар Әубәкіров)

2. 1937 ж. желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауында республикадан қанша депутат сайланды? (44 депутат)

3. Осыдан 1млн. 750 мың жыл бұрын өмір сүрген адам қалай аталады? (Епті адам)

4. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес қай жылдары болды? (1837-1847 жж)

5. Араптар  «сүзеген» деп атаған түркеш қағаны кім?    (Сұлу)

ІІ - кезең: « Тарихи ескерткіштер»
Шарты: Оқушыларға жалпылама суреттер беріледі. Сол сурет жайлы толық мәлімет беру

Жүргізуші сөзі: Олай болса келесі сөз кезегін әділ - қазы алқаларына берейік.
Жүргізуші сөзі:

III - кезең «Ғажайып әлем»
Шарты: бұл кезеңде 3 тақырып берілген. Әр тақырыпта 10 нан 40 қа дейінгі сандар жазылған. Әр ұяшықтың астында тақырыптарға сәйкес сұрақтар жасырылған.
1. Есімдер сыр шертеді
2. Ұлы тұлғалар
3. Жылдар өтті
1. Есімдер сыр шертеді.

10 ұпай. Әл- Фарабидің толық есімі: Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ Тархани
20 ұпай. Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхамад - Қанафия
30 ұпай. Қабанбай батырдың шын есімі: Ерасыл
40 ұпай. Әйтеке бидің шын есімі: Айтақ
2. Ұлы тұлғалар.
10 ұпай. Қазақтың халық компазиторы , ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпаз , күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. (Балуан Шолақ 1864-1916)

20 ұпай. Отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы.

Шоқайұлы Мұстафа (1886-1941 жж)

30ұпай. Ол - жазушы. Кеңес Одағының батыры. Оның «Артымызда Москва» т. б еңбектері бар. (Бауыржан Момышұлы.)
40 ұпай. Ол - мемлекет қайраткер. Ә. Бөкейханов пен М. Дулатовты өзінің сенімді достары деп санаған. Ол кім? ( Ахмет Байтұрсынұлы)
3. Жылдар өтті.
10 ұпай. 1465 жыл- (Қазақ хандығының құрылуы)

20 ұпай. 1854 жыл- ( Верный бекінісі бой көтерді)
30 ұпай. 1925-1933жж.- (Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин. «Кіші Қазан» науқаны)
40 ұпай. 1919 ж.10 шілде - (Қазақ революциялық комитетінің құрылуы)

Жүргізуші сөзі:

4 - кезең «Тарихи термин сөздер»
Шарты: Бұл сайыста әр оқушыға екі тарихи термин сөз беріледі. Мағынасын табу керек. Дұрыс жауап 10 ұпай.
1-сайыскер:

Хижра- Мұсылмандардың жыл санауы 

Гиркандық көл – Каспий теңізінің ежелгі атауы.


2-сайыскер:

Барымта- Жауласқан екі рудың бірінен- бірі мал- мүлкін күшпен тартып алып, кек қайтаруы.

Шахристан- орта ғасырлық қалалардың орталығы, жан- жағы қабырғалармен қоршалған.


3-сайыскер:

Антропология- адам нәсілінің эволюциясы мен шығу тегі және физикалық құрылымы туралы ғылым.

Микролит- ұсақ жаңқа тас бұйымдары.


8-сайыскер:

Манап-Қырғыздардың ақсүйек рубасылары

Ассимиляция- бір халықтың екінші халықпен араласып, ұлт ретінде жойылып кетуі.


4-сайыскер:

Диаспора- этностың басқа мемлекеттің аумағында тұратын шағын бір бөлігі, бұрынғы өз отанынан алыс жерлерге қоныстанған адамдар.

Тасаттық- көпшілік қауым аруақтарға бағыштап құрбандық шалатын, жаратушыдан жаңбыр тілеп, ниет ететін діни рәсім.


5-сайыскер:

Миграция- халықтың өз елінің ішінде немесе бір елден екінші елге қоныс аударуы.

Реформа- қайта құру , өзгерту, қайта жасау.


6-сайыскер:

Жатақ -қазақтардың көшпелі қоғамының кедейленіп қайыршыланған, отырықшы өмір салтын қабылдаған бөлігі.

Репрессия- мемлекеттік органдар қолданатын жазалау шарасы.


7-сайыскер:

Петроглиф- тасқа салынған сурет жазу.

Империя- монархиялық мемлекет. Империя- колониялдық билеуге ие, немесе көпұлтты халықты бір орталықтан басқаратын ірі мемлекет.


8-сайыскер:

Манап-Қырғыздардың ақсүйек рубасылары

Ассимиляция- бір халықтың екінші халықпен араласып, ұлт ретінде жойылып кетуі.


Жүргізуші сөзі:

V - кезеңі «Шешендік өнер».

«Латын әліппесіне көшу көзқарасыңыз?»
Жақсы сөзге жүрегі жай табатын
Өз ойын дәлелдеп нақты айта алатын
«Егер мен деп» шәкірттер шықсын алға
Шарты: ойыншыларымыз тақырып бойынша өз ойын айтады.

Жүргізуші сөзі: Сайысымыздың соңғы кезеңі

VI- кезең «бейне сұрақ»

Жүргізуші сөзі: Ойынның шешуші сәті, әділ - қазы алқалары сөз кезегі өздеріңізде.
Өткенім бар, өкініш жасыра алман,
Тарихым бар, жазылған ғасырлардан.
Қазақ деген ел барын әйгілейік,
Орындалсын аңсаған асыл арман



Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі көріп тамашалаған зердені жетілдіру «Жас тарихшы» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!