Материалдар / Сыныптан тыс іс шара "Мен оқыған бір кітап "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс шара "Мен оқыған бір кітап "

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту. Оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру. Әрбір тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, білім алудағы кітаптың маңыздылығын айқындау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Оқыған кітаптың қызықты, мағыналы түйінін анықтау мақсатында ұйымдастырылған тәрбиелік іс шара.Сынып жетекшіге,кітапханашыларға,ата-аналарға қажет.Әрбір бала бір жұлдыз,сол жұлдыздардың жарқырауына себепші оның ұстазы мен қолындағы кітабы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2021
14331
36 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Мен оқыған бір кітап

Мақсаты:  

Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

Әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту. Оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру.

Әрбір тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, білім алудағы кітаптың маңыздылығын айқындау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Оқыған кітаптың қызықты, мағыналы түйінін анықтау. Кітапхананың белсенді, үздік  оқырмандарын анықтау

Оқушыларды білім құралы кітаптың маңызымен таныстыру. Оның алғашқы шығу тарихымен және алғашқы баспагерлермен, еліміздің баспаларымен таныстыра отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой - өрістерін дамыту. Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші:
Жасымда білім бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл мақұрым қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?-

деп Ұлы Абай атамыз өзінің білім дариясына кешірек қол сермеп қалғанын өкінішпен айтады. Бұнда ақын: Білім алуға бала кезіңнен ден қойсаңдар, өкінбейсіңдер, балғын шақта алған білімдерің, оқыған кітаптарың мәңгі бақи естеріңде қалады дегенді меңзейді.
- Ал, балалар, бізге білім берер негізгі құрал не?
- Әрине, кітап. Кітапты оқи отырып адамның ішкі рухани жан дүниесі артады. Айналадағы өмір мен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы - құрдастарыңмен жақсы болуға қандай да бір жақсылық істеуге құлшындыратын да осы – кітап. Біз кітаптың маңызын жақсы білеміз, Бірақ оның шығу тарихын көп біле бермейміз. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымызда: Алғашқы кітаптарды қалай жасады? Кітап басу ісін кім ойлап тапты? Қазақ тілінде ең алғашқы шыққан кітап қалай аталады? Тағыда басқа бізді ойландырған сұрақтарға жауап табамыз.

Ендеше Бейнероликке назар аударайық. «Кітап-сарқылмас қазына»

2. «Серпілген 10 сауал»әдістемесі:

1.Алғашқы кітаптардың шығу тарихын айтып берсеңіз?

2. Алғашқы басылған кітаптарды қалай атаған?
3. Алғаш қай ел қағаз жасауды ойлап тапқан?
4. Ең алғаш кітап басу ісін ойлап тапқан кім?
5. Гутенберг не ойлап тапқан?

6. Қазақ жерінде кітап шығару ісі қай уақытта қолға алынды?

7. Қазіргі уақытта кітап басып шығару қалай жүреді?
8.Біздің оқулықтар қай баспадан шығады?

9. Өзіңіздің ең алғаш оқыған кітабыңыз?
10. Кітап туралы не білеміз?

Жүргізуші:

Ж.Саинның

Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің,

Оқисың кейде жатып ап,

Көтеріп күйін көңілді,

Айдыны шалқар кейде бір,

Кітаптан тұнған көл дерсің,

Ауадай қажет бейне бұл,

Татпасаң нәрін шөлдерсің!- деген өлең жолдарын жолдай отырып,кезекті Көрермендерге берсек:

Көрерменге сауал

1.Мен оқыған бір кітап -деп қай кітапты айтар едіңіз?

2.Менің өміріме шынайы әсер еткен кітап,ол-...

3.Бұл кітап мен үшін қымбат.Өйткені- ...

4.Менің сүйікті авторым-

5.Мен оқыған шығармалардағы сүйікті кейіпкер-

Жүргізуші:

Ән-көңілдің ажары:Жамур Дінмұхамед «Ананы ұлықтау»

Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?

Ы. Алтынсарин Кел, Балалар оқылық (тақпақ)

Жүргізуші:

Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.Олай болса келесі кезекте

Кітап - таусылмайтын байлық”атты әдеби монтаждар:

Жүргізуші:

Достар,кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын,жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер.

Жүргізуші:Ой сергіту

Ойын «Кім тапқыр?»

Берілген сөздерден кітап туралы мақал - мәтелдер мен нақыл сөздер құрастыру.
1. Кітап, білім, бұлақ, өмір, шырақ....................... (Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы.)
2. Ақыл, білім. азбайды, тозбайды.................... (Ақыл азбайды, білім тозбайды)
3. Надан, дос, кітап............................ (Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол)
4. Артық. ғылым, кітап, оқы................................... (Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге)
5. Білім, қайнар, көз, кітап.................................. (Білімнің қайнар көзі - кітап)
6. Кітап, ғалым, тіл, мұғалім.........................(Кітап - ғылым, тілсіз мұғалім)
7. Кітап, ұстаз, ұстаз........................... (өмір ұстазы)

Полиглот ойыны. 
1. Жасымда ғылым (наука, сайнс) бар деп ескермедім. (Абай) 
2. Желсіз түнде (ночь, найт) жарық ай (луна, мун) 
3.Кітап-(книга,бук)білім бұлағы (Мақал)
4. Кел,балалар, оқылық (дети, чилдрен) (Ыбырай) 
5. Талаптан да, білім (знание, ноуледж) мен өнер (искусство, 
арт) үйрен. (Шәкәрім) 

6.Сапар мен парта(парта,...) А.Сопыбеков

7.Білім берген,күлімдеген ұстазым(учитель,тейча) А.Сопыбеков

8.Кітап-қазына,оқы-оқы,(читай-читай,...)ойыңа тоқы Майлықожа


Жүргізуші:

Қазақ халқы кітапты киелі, қасиетті, құдіретті зат деп бағалаған. «Ой маржаны – кітапта», «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы», «Кітаппен кеңес, білімдімен теңес», деп кітапты жоғары бағалап, әулиеге балап, кітап сөздерін жаттап, ойында сақтай білген.Ендеше ортаға сүйікті кітапханашы апайымызды шақырайық.

Шәменова Ботакөз апай.

Кітапханашы: (Кітап бұрышымен таныстыру)

Жүргізуші: «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,- деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Ендеше,жерлес ақын атамыз,төл оқулықтарымыздан орын алған Сопыбеков Адырбек атамыздың жыр шумақтары.

Ақын ата шығармалары :

Жүргізуші:

Қорытынды

Қазақстанның әрбір азаматы білімді,мәдениетті,өнерлі болуы керек.Ол үшін терең білім қажет.Ғылым жаңалықтарын,өткен тарихымызды,өнерімізді білу үшін кітапты көп оқудың маңызы зор.

Ән:

Жүргізуші:

Оқулықты бүктеп,жыртып,бүлдіруге болмайды.Өйткені, әр кітап-Отан байлығы, аға-апаларымыздың маңдай тері.

Кітап-жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.Арамызда кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз


Жүргізуші:

Кітап-шебер ұстаз.Ол-тілсіз мұғалім.Сонымен бүгінгі сабағымыздың кейіпкері-кітап.Ол-бүкіл адамзаттың ұстазы.

Ән

Жүргізуші:

Бүгінгі сабағымыз мынадай өлең жолдарымен аяқталады.

Бәрі:КІТАП сөзі (5 оқушы)

Оқы талмай,түй санаңа,жас ұлан,

Сыр құямын,жыр құямын санаңа.

Білім –қару,білім керек адамға,

Ал білімді мен құямын санаңа.

Жүргізуші:

Отанымыздың болашағы –жастарға аманат қылып – Кітап қалдырамыз!»,-деп Қазақстан Республикасының президенті елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай

«Кітапты аялайық, кітапты көп оқиық,құрметтейік, кітапқа адал болайық !»

Бәрі:

Елімізде атақты,
Ғалым ата не тапты?
Бәрін, бәрін білесің,
Оқи берсең кітапты.

Жүргізуші:

Қош сау болыңыздар!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!