Материалдар / Сыныптан тыс іс-шара "Парасатты отбасы" отбасылық сайыс.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс іс-шара "Парасатты отбасы" отбасылық сайыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшілерге, тәрбие орынбасарларына көмегі бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
2176
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Парасатты отбасы» сайысы


Ән: «Бала тілегі»

1-жүргізуші:

«Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі.

Армысыздар отбасы тірегі - асқар тау әкелер, ақжаулықты аналар және қадірменді қонақтар.

2-жүргізуші:

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды.

1-жүрг:

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насхаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында «Парасатты отбасы» байқауын ашық деп жариялаймыз.

1-жүрг:

Ендеше, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, мектеп өмірімен тығыз байланыс орнатып, баласының болашағына жауапкершілікпен қарайтын, осынау сайысқа отбасы намысын қорғаймын деп келген, парасатты отбасылық топтарды зор қошеметпен сахна төріне шақырамыз!

(Сахнаға рет-ретімен отбасылық жұптар шығады)

2-жүрг:

 Отбасылық топтар және құрметті көрермендер «Парасатты отбасы» сайысының кезеңдерімен таныс болыңыздыр.

Отбасылық "Парасатты отбасы" сайысы 2 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең "Таныстыру"- «Отбасымның тарихы».Бұл кезеңде отбасылық топтар отбасы мүшелерін, отбасылық дәстүр, отбасылық саяхат, отбасы тарихы,т.б. слайд-шоу,отбасылық альбом немесе видеоролик арқылы таныстырады.Бұл кезең бойынша таныстыру стиліне, отбасылық жарасымдылыққа және үйлесімді көрнекілікке аса мән беріледі.

1-жүрг:

Екінші кезең "Отбасымның өнері" деп аталады.Бұл кезеңде отбасылар өз өнерлерін ортаға салады.

2-жүрг:

Олай болса, сайысқа қатысушы отбасылық топтарымызға сәттілік тілеп, қошеметпен сахна сыртына шығарып саламыз!

1-жүрг:

Сайысқа қатысушы отбасылық топтардың әр кезеңдегі көрсеткіштерін әділ қазылар алқасы әділ бағалайтын болады.

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,

Әділқазы алқасымен танысайық.


Отбасылық топтарға баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болайық:

  1. ______________________

  2. ______________________

  3. ______________________



1-жүрг:

Шығармас мұндайда бір шабысты ұмыт.

Көрелік ал ендеше жарыстырып

Әр отбасының шағын бір мемлекеті.

Жіберсін өздерін таныстырып.

Отбасы-шағын мемлекет.Ендеше, осы шағын мемлекеттің шығу тарихымен, тұрғындарымен, демографиялық жағдайын және басшысымен таныс болуымыз үшін кезекті сайысымыздың алғашқы кезеңі«Таныстыруға» берейік.

1-жүрг: 

Олай болса, сахна төріне №1 отбасын зор қошеметпен шақырамыз.

2

3

4

5

6

7

8

9

2-жүрг: Сайысымыздың бірінші кезеңі бойынша өздерін таныстырған соңғы отбасылық топ болатын.Кәне, құрметті көрермендер қол соғып қошемет көрсетейік.

1-жүрг:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Отбасылар , аянбай-ақ жан салыпты.

Олай болса, кезек «Отбасылық өнер» кезеңіне де келіп жетті.

Бірінші болып өнер көрсететін №1отбасы.


1-жүрг: Бәрекелді, сахнада өнер көрсеткен соңғы отбасылық топ болатын.Құрметті

көрермендер қошемет көрсетейік!

2-жүрг:

Бүгінгі сайысқа қатысушы отбасылық топтар тапқырлық таныта да білді, бар өнерлерін ортаға салды- би де биледі, ән де шырқады.Демек,кезек әділ шешім айтатын сын сағатына да келіп жетті.

Олай болса, құрметті көрермендер әділ қазылар алқасын өзара кеңесіп, әділ шешім қабылдауы үшін сіздердің қошеметтеріңізбен жабық бөлмеге шығарып саламыз!

1-жүрг: Сайысқа қатысушы отбасылық топтар, әділ қазылар шешімі дайын болғанша сіздерді сахна төріне шақырамыз.

2-жүрг: Әділ қазылар алқасы бір шешімге келген сыңайлы, ендеше бүгінгі отбасылық «Парасатты отбасы» сайысын қорытындылау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

1-жүрг: Әділ қазылар алқасының шешімі барлық көрермендердің және қатысушы отбасылық топтардың көңілінен шықты деп ойлаймыз. Құттықтаймыз!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!