400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс "Абайдың табиғат лирикасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың табиғат лирикасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ

«№47 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП»














Shape1











Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі : Төребекова І.Қ.









Семей қаласы

2015 жыл


Тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасы

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік беру.

Дамытушылық: мәнерлеп оқу дағдыларын, лирикалық өлеңдерді талдау шеберліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Абайдың өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, ялауға, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Абайдың портреті, нақыл сөздері,буклеттер, абай туралы жазылған

  • Абай кім?

Абай Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай жасынан білімге құштар, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді көп оқыды.

Абай өз шығармаларында жастарды өнер – білімге, адал еңбек етуге, халыққа пайда келтіруге үндейді.

Абай – ұлы ақын, ғұлама ойшыл,  аудармашы, композитор.

  • Абайдың шыққан тегімен таныстыру.

Абай тегі – Кішік – Әйтек – Олжабай – Қайдос – Ырғызбай – Өскенбай – Құнанбай – Абай (Ибраһим)

Лирика дегеніміз — ақынның ішкі жан-дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл-күйі, күйініш-сүйініші. 


Лириканың 4 түрі бар.

  1. Философиялық

  2. Саяси 

  3. Махаббат

  4. Табиғат

       Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.

Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс - хәлді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және Абайдың бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан - жақты жырлаған ақын болған емес. Жылдың 4 мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады. Табиғатқа жан бітіруге ұлы Абай өзінің орыс классиктерінен үйренген.
Бұл өлеңдерін ақын 1886 - 1890 жылдар аралығында жазған.
Біз бүгін Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты «Қыс», «Жазғытұры», «Күз», «Жаз» өлеңдеріне байланысты жарыс өткізбекшіміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
08.06.2018
634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі