Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан тыс жұмыс. "Әдебиет білгірі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Әдебиет білгірлері» атты интеллектуалды – танымдық
сайысы
Мақсаты: студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, білімін жетілдіру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір – қасиетін дарыту, оқушыларды ұлтжандылыққа, рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу, ой ұшқырлығына баулу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс жұмыс.
Көрнекілігі: ойынның слайдтары, интерактивтік тақта.
Әдіс –
тәсілдері: сұрақ-жауап.
Түрі: топтық сайыс.
БАРЫСЫ:
-
Кіріспе бөлім (таныстыру)
Құрметті оқытушылар мен студенттер! Колледжімізде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің «» атты тілдер апталығы өткізіліп жатыр.
Ақыл – тон аңдағанға азбайтұғын,
Білім – кен қанша алсаң азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Т. Ізтілеуов айтқандай, әдебиет
сайысына қатысатын топтарды ортаға шақырамыз.
Сайысқа 4 топ қатысады:
-
«___________» тобы
-
«___________» тобы
-
«___________» тобы
-
«___________» тобы
-
«___________» тобы
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтардың білімдерін әділ қазылар мүшелері бағалайтын болады. Сайыстың әр кезеңі бағаланады. Әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар!
-
___________________________
-
___________________________
-
___________________________
-
___________________________
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дей отырып сайысымызды бастаймыз. Алдымен жоспармен таныс болыңыздар.
-
Негізгі бөлім.
Сайыстың жоспары:
І. «Таныстыру».
ІІ. «Киелі сандар сыры».
ІІІ. «Жасырдым жұмбақ».
ІV. «Сиқырлы ұяшықтар».
V. «Жалғасын тап».
VІ. «Әдебиет айнасы».
VІІ. «Ақын – жазушылар бейнесі».
VIII. «Жекпе - жек». Капитандар сайысы
Олай болса, I кезең «Таныстыру». Әр топ өздерінің төсбелгісін таныстырып, ұрандарын айтады. (Таныстыру кезеңі 1-5 ұпай аралығында бағаланады).
Әділқазылардан бағасын сұраймыз.
Келесі II кезеңіміз «Киелі сандар сыры» деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге қазақ ұғымындағы киелі сандарға байланысты 4 топқа ортақ 10 сұрақ беріледі.
(Киелі сандар тізбегі кезеңі әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.)
1. 3 арсыз: (ұйқы, күлкі, тамақ)
2. 3 бәйтерек: (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
3. 3 қуат: (ақыл, жүрек, тіл)
4. 7 қазына (сұлу әйел, ер жігіт, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы, ақыл - білім )
5. 7 ата: (әке, бала, немере, шөбере, немене, шөпшек, туажат )
6. 5 жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
7. Ер қаруы – бес қаруды ата: (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)
8. Қонақтың төрт түрін ата: (арнайы, қыдырма, құдайы, қылқима)
9. Бес арысты ата: (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
10.
Алты
асқар:
1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік.
5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл.
11. Жеті ғашықты атаңыздар?
1. Ләйлі – Мәжнүн. 2. Фархад – Шырын. 3. Таһир – Зухра. 4. Арзу – Камбар. 5. Уәлик – Ғарра. 6. Уәки – Күлшаһ. 7. Жүсіп – Зылиқа.
12. Төрт тұлғаны атаңыздар: от,су, жел, жер.
ІІІ. «Жасырдым жұмбақ» кезеңі. Оқытушы жұмбақ жасырады, жауабын айту керек, сол жұмбақтың жауабын табу керек.
I – топ сұрақтары
-
Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін. (Кітап)
2.
Aдамды тартып алар көрсе өзі,
Мелшиіп қарап тұрар болмай сөзі.
Жанына барған кісі екеу болар,
Бетіне түртіп қалсаң шығар көзі. (айна)
3. Бір нәрсе екі түрлі заттан болған,
Адамзат шығарады істеп қолдан.
Жұмсаймыз уақытымен тазалыққа,
Өмірі ақырында бітер содан. (сабын)
4. Aт міндім қарала аяқ қаздақтатып,
Жүргенде жол салады табандатып. ( қалам)
II
– топ
сұрақтары
1. Келеді сапар тартып алуан
жолдан,
Tамаша қызығы көп түспес қолда,
Қызығын оқысаңыз тамашалап,
Қаласың хабарласып барлық жайдан. ( газет)
2. Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,
От жағып,дабыл қағып тұрғанында,
Сабалап төмен қарай су ағып тұр. (Жаңбыр, Найзағай)
3. Жабықта жарты нан. (Ай)
4.
Ағайынды
бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)
III – топ
сұрақтары
1. Күмбір- күмбір күйі
бар
Құлағыңа түйіп ал. ( Домбыра)
-
Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң- шешен,
Ақылы асқан көсем. ( Кітап)
-
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады. (Сөз) -
Адамнан да көп айласын асырған,
Жүрген ізін құйрығымен жасырған. (Түлкі)
IV – топ сұрақтары
-
Күндiз сөнген шырағы,
Түнде көрер қырағы.
Тiкiрейiп айдары,
Егiн жауын қырады. (Үкi)
-
Адамның сәні
Онсыз жоқ мәні. (киім)
-
Көктен көзін алмайды,
Ғарыш сырын барлайды. (телескоп)
-
Бірі –ақ, бірі оның туған қара,
Отыздан он екі рет туған дара.
Үш жүз алпыс оның серігі бар,
Жұп қылып бөліп алған екеу ара. (күн,түн,12 ай, әр айдағы 30 күн.)
3 – ші айналым бойынша қорытынды шығару.
Бұл кезеңде 4 бағыт берілген.Әрқайсысында 4 сұрақтан 20 сұрақ бар.Қай ұяшықты таңдайтындарың еріктеріңде.Дұрыс жауапқа сол ұяшықтағы санның балы қосылады.
Ауыз Әдебиеті
10-Бата дегеніміз не? Оны кім береді? Қайда беріледі? (ақ ниетпен айтылған жақсы тілек, жылы лебіз.Көпті көрген ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, кемеңгер даналар, аузы дуалы би-шешендер,, молдалар береді.Дастарханда, Сапарға аттанарда т.б)
20-Айтыстың түрлерін ата? (Жар-жар айтысы, бәдік айтысы, жануар мен адам айтысы, өлі мен тірі айтысы, жұмбақ айтыс, салт айтыс, осы күнгі айтыстар.)
30-Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде? (Мақалда ой нақты, ал мәтелде ым, ишара түрінде тұспалдап жеткізіледі.)
40-Аңыз –әңгіме кейіпкерлерін ата? (Асан қайғы, Жиренше, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, Жошы хан)
ХІХ ғасыр әдебиеті
10-1803-1846 жылдары өмір сүрген 1836-1838 ж шаруалар көтерілісінің басшыларының бірі?(М.Өтемісұлы)
20-«ХІХ ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» атанған ақын.(С.Аронұлы)
30-1864 жылы Торғайда өзінің мектебін ашып, 14 бала қабылдаған жазушы, ақын, ағартушы –ұстаз? (Ы.Алтынсарин)
40- «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн», «Еңлік-Кебек» поэмасының авторы? (Ш.Құдайбердиев)
ХХ ғасыр әдебиеті
10-Оқиғасы жарты ғасырды қамтитын, әлемнің 30 тіліне аударылған еңбегі бар жазушы кім? (М.Әуезов)
20-БҚ облысының Ақжайық ауданында дүниеге келген «Ақ Жайық» триллогиясының авторы? (Х.Есенжанов)
30-Ж.Молдағалиевтің «Кісен ашқан» поэмасы кім туралы? (Құрманғазы )
40-: 1913-1918 жылдар аралығында «Қазақ тілі» газетінің бас редакторы болған ақын?
Салт-дәстүр
10-Бесік жыры дегеніміз не? Бір шумағын айтып бер. (бесіктегі нәрестеге айтылатын тәрбиелік мәндегі өлең.)
20- Тілашар дегеніміз не?
«Тілашар» мерекесінің мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға, оқуға шақыру.
30- Наурыз көженің құрамын
ата.
1. Тұз.
2. Су.
3. Ақ. (Құрт, қатық, айран).
4. Ет (Соғымнан қалған).
5. Кеспе.
6. Бидай (келіге түйген).
7. Күріш не тары.
40- Жеті жетімді атап бер.
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айрылған ел жетім.
Замандасы қалмаса
Бәрінен де сол жетім.
Әділқазылардан бағасын сұраймыз
Соңғы шартымызға да келіп жеттік.
Келесі кезеңіміз «Жалғасын тап». Мен сендерге мақал-мәтелдің басын бастап беремін, ал сіздер оның жалғасын тауып көріңіздер.Әр жауапқа 5 ұпай беріледі. Бұл айналымда қай топтың ұпайы көп болса, сол топ жеңімпаз аталады.
-
Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
-
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
-
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.
-
Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
-
Тазалық - саулық негізі,
Саулық байлық негізі
-
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
-
Сағынған елің аңсайды,
Сарыала қаз көлің аңсайды.
-
Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге бақ тұрар.
-
Көргенді кісі көргенін айтар,
Көргенсіз кісі бергенін айтар.
-
Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді шын табар.
-
Жақсы сөз сүйіндіреді,
Жаман сөз күйдіреді.
-
Тіліңмен жүгірме,
Біліммен жүгір
-
Ашу-дұшпан, ақыл дос,
Ақылына ақыл қос.
-
Жақсының аты өлмейді
Жазушының хаты өлмейді.
-
Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең жалқаулық басынады.
6Келесі кезеңіміз «Әдебиет айнасы» деп аталады. Бұл кезеңде барлығыңызға ақын – жазушылардың өлең жолдары беріледі. Сол арқылы өлеңдер кімдікі екенін табуларыңыз керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
1. Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған. (Ыбырай)
-
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра жек көрмедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. (Абай)
-
Адамдық борышың - Халқыңа еңбек қыл,
Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз, болады ақын - тұл. (Шәкәрім)
-
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін. (Әбділдә Тәжібаев)
-
Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгінде,
Менің ана тілімде,
Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде.
(Тұманбай Молдағалиев)
-
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақалтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым- Тілім менің,
Тас жүректітіліммен тілімдедім.
Кей-кейдедүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнентүңілмедім.
(Мұқағали Мақатаев)
-
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
(Мағжан Жұмабаев)
7 кезең «Суреттегі ақын - жазушылар». Бұл кезеңде ақын жазушылар
суреттері көрсетіліп, олардың кім екенін анықтауымыз
керек.
1. Бұқар Жырау Қалқаманұлы
2. Мұхтар Шаханов
3. Ілияс Есенберлин.
4. Фариза Оңғарсынова
5. Ғабит Мүсірепов
6. Әзілхан Нұршайықов
7. Сұлтанмахмұт Торайғыров
8. Мұхтар Әуезов
9. Жүсіпбек Аймауытов
10. Әбділдә Тәжібаев
VIII кезең. «Жекпе - жек» капитандар сайысы. Шарты: капитандарға «пернетақта» сөзі ішінен бірнеше мағыналы сөздер құрастыруы керек.
Сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін әділқазы мүшелеріне береміз.
Қорытынды.
Бүгін әдебиетті шын сүйетін жандармен шын сайыс өткізілді.Бәйгеде оза шапқан топты шын жүрегімізден құттықтаймыз.Сау-саламатта болыңыздар!
«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім мекемесі
Бекітемін
Директордың оқу –ісі жөніндегі
орынбасары
________________Ш.А.Дауленбаева
ӘДЕБИЕТ БІЛГІРЛЕРІ
атты интеллектуалды - танымдық сайысы
Жауапты оқытушы: Оспанов Еркебулан
Өткізілген күні:________
Өткізілген орны: №209 ауд.
Байқоңыр қаласы 2017-2018 оқу жылы
БАҒАЛАУ
ПАРАҒЫ
Р/с |
Сайыс шарттары |
«Жалынды жастар» |
«Ынтымақ» |
«Бірлік» |
«Тапқырлар» |
1. |
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
4. |
|
|
|
|
|
5. |
|
|
|
|
|
|
ЖАЛПЫ ҰПАЙЫ: |
|
|
|
|