Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс "Дос және достық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс "Дос және достық"

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Балаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру. 2. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту. 3. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу. Әр балаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
1174
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Дос және достық
Сабақтың мақсаты: 
1. Балаларға достың адам өміріндегі маңызы, орны туралы, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру.

2. Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.

3. Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққы, тату, мейрімді болуға тәрбиелеу. Әр балаға өзінің досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін көріп өз бойына сіңіре білуге және өз досын дұрыс танып білуге үйрету.

Көрнекіліктер: слайд, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Сабақтың тақырыбын жариялап, мақсатын түсіндіру.
1 - жүргізуші: Құрметті, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие
сабағымыздың тақырыбы
«Дос және достық» деп аталады.
Бүгінгі тәрбие сабағымызда 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз
:
1
-топ «Сыйластық»
2
- топ «Достық»
- Балалар, барлығымыз ойланып қарайықшы «Дос», «Дос болу», «Достық» дегеніміз не? (оқушылар өз пікірлерін айтады).
2 - жүргізуші:
- Дос деген кім?
- Сыр бөлісетін адам
- Мені өте жақсы түсінетін адам
- Көмекке әрдайым дайын адам
- Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам
- Сенімді адам
1
- жүргізуші: Сендердің достарың бар ма?
Ол қандай адам? Оның қасиеттері, мінезі қандай? (оқушылар өз достары туралы айтып өтеді).
III. Олай болса балалар «ДОС» күншуағын құрастырайық.















Көмекке әрдайым дайын адам



Сыр бөлісетін адам

Shape1

Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам болатын адам

Shape2




Shape4 Shape3

ДОС



Shape5

Өте жақсы түсінетін адам

Shape6

Shape7

Сенімді адам





Адал адам







Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді дос, кешірімді, төзімді ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік
2 - жүргізуші: Дос дегеніміз - өмірдегі ең шыншыл, адал, қымбат жан.«Жаман дос көлеңке дейді» дана халқымыз.
Демек, дос деп қиын сәтте арқа сүйей алатын, көмегін аямайтын, сырыңды басқа біреуге шашпайтын ізгілік иесін айтамыз. Қазақта: «Дұшпан күлдіріп айтар, дос жылатып айтар» деген мақал бар. Досыңның шындықты айтқанына байланысты сен мініңді, кемшілігінді түзейсің. Сондықтан өмірде, сөзіне берік, абзал дос таңдау өте маңызды және өзің де осындай жолдас бола білуің керек.
1 - жүргізуші: Достық - адамның бір - бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес болуы. Достық өмірдің ең зор қуаныштарының бірі - сырыңды айтатын, қуаныш - қайғыңды бөлісетін адамның болуы.
Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуанса да, қайғырсаң да қасында.
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң - ұйықтамайды ол дағы,- деген Шекспирдің сөзі өте дұрыс.
2 - жүргізуші: Балалар сендер «достық» жайлы өлең шумақтар білесіңдер ме?
(оқушылар өлеңдерін айтады).
1 - оқушы
Дос дегенің байлық қой
Басқа байлық іздеме
Досың болса ойнайтын
Қарамайсың түзге де
Досыңменен ұрыспа
Досың барда еркесің.
2 - оқушы
Бір - біріңді бағалар
Дос болыңдар балалар
Дос болсаңдар қуанар
Ата, әже, аналар
3 - оқушы: Дос дегенің ұлы ұғым
,
Бала кезден бұны ұғын
.
Достарына әр күні
,
Сыйла көңіл тұнығын
.
4 - оқушы
Адал дос барлық жерде екен
Өмірде достың орны ерек екен,
Жақсы дос жадыратса жан дүниеңді
Жаман достар жамандық ойлайды екен.
1 - жүргізуші: Балалар, бізге Айгөлек журналы арқылы хаттар жіберіпті. Осы хаттардың ішінен бір - екі хатты сендерге көмек сұрауда (хатты оқып, оқушылар жағдаятты талдайды).
IY. Пікірталас. Жағдаяттан шығу.
«Достық» және «Сыйластық» топтары
Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма? Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?
2. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген - ді.
Жанар кетті алға тез,
Алды - артына қарамай,
«Рахмет» - деп, жалғыз сөз
Айтуға да жарамай!
Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?

Y. Қорытынды.
- Балалар достық туралы мақал - мәтелдер білеміз бе? Мақалды толықтырайық.

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды».
2 - жүргізуші: Сонымен балалар енді мен сіздерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді. Осы ережелерді есімізде сақтайық.
«Достық» ережесі.
• Қиын кездерде бір - біріне көмек көрсетіңдер.
• Досыңды алдамай, оған адал бол.
• Досыңды қорлама.
• Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
• Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
• Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Мұғалім сөзі: Ал ендеше балалар достық адамдар арасында ғана емес ұлттар арасында, мемлекеттер арасында да достық болады. Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым - қатынас орнатудамыз.
Тәуелсіздік алғаннан бері Н. Ә. Назарбаевтың дана басшылығының арқасында бүкіл әлемге танылдық. Бұл күнге біз бірлігіміздің, достығымыздың арқасында жеттік. Біз қазір бірлігі жарасқан елміз. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, қазағым» деп тілек айтамын.
Тәуелсіздік таңы арайлап атып, арамызда тек достық болсын дей келе бүгінгі сабағымызды «Достық»әнімен аяқтайық.
Достық
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
(2 рет)
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы,
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
(2 рет)
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз,
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз. 2рет
Жүргізушілер: Бүгінгі өз білімдеріңмен сабаққа белсене қатысып өз ойларыңды білдіргендеріңе алғысымды білдіре отырып, сіздерге «Достығымыз нығая берсін!» деп сөзімді аяқтаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!