Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамына да
аз күн қалды. Назарларыңызға мектепалды дайындық топтары үшін 22
наурыз мейрамына арналған "Күлімде, Наурыз күлімде" атты сценарий
ұсынамыз.
(Зал наурыз мерекесіне сай
безендіріледі, Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі ойнатылып
тұрады). Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар,
балалар, Наурыз мейрамы құтты болсын! Сіздерге денсаулық, бақыт
тілейміз, ақ мол болсын! Олай болса бүгінгі наурыз мерекесіне
арналған «Күлімде, Наурыз күлімде» атты ойын-сауық шарамызды
бастайық!
Жүргізуші: Той дабылын қағып
тұрған Мұнда біз бар Тыңдамағандарыңыз,
тыңдаңыздар. Наурыз тойы басталды, Бір орында тұрмаңыздар. Уа,
жараңдар, жараңдар! Көңілің бар алаңдар. Ата менен анаң бар Наурыз
тойы басталды Бәрің бері қараңдар.
Жүргізуші: Ұлы халқым есептескен
Ата салтын ешкім теппеген, аттап кетпеген Мың пәледен құтқарады бір
бата Адам болмас бата естіп өспеген.
Ұлы
күнде, халайық, Қалай қарап қалайық Сәйгүліктей ағайық Жасын болып
жанайық! Ортамызға атамызды шақырып Ақ батасын алайық! (
Ортаға бата беру үшін Дархан әкені шақырамыз). Ұлыс бақты болсын.
Әр күніміз жақсы болсын Достығымыз берік болсын. Ұлыс оң болсын Ақ
мол болсын. Қайда барсаң, жол болсын. Ұлыс бақты болсын Төрт түлік
ақты болсын! Ұлыс береке берсін. Пәле-жала жерге енсін.
Қайғы-уайым жоқ болсын. Ұлыстың ұлы күні құтты
болсын!
1-оқушы:
Наурызым – салтым, жоғалып
қайта табылған
Шырағым болып алдымнан бүгін
жағылған.
Бабамның үні ақ бата беріп
жеткізген
Әр қадамыңнан жаныма мейірім
табылған.
2-оқушы:
Қыс өтіп, қар
еріп,
Құлпыра көктем
жетіп
Шаруаның
кенелген
Мейрамы
ежелден
Құтты болсын, бұл
Наурыз!
Жүргізуші: Армысыз, әлемнің алтын
шырағы Күн Ана! Қош келдіңіз! Төрге шығыңыз. Күн Ана: – О,
қасиетті Жер-Ана! Адамзат үшін саған басымды иемін. Мен сенің
табиғат байлығыңа енетін тау-тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап
адамдарыңа дейін қуаныш-нұрын сеуіп, әр жүрекке шат-күлкі сыйлап,
сіз үшін өзімнің гүл көктемімді, Ару көктемімді шақырғалы
тұрмын.
Жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы
күні! Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ ақ түйенің
қарны жарылған күн – Наурыз. Салтанатты Наурызды ортаға
шақырайық. Шашу шашу – Жадыра ана. Наурыз келсе, құт келгені,
халайық! Есік ашып, шашу шашып Ел болып қарсы алайық! Күн –
Ана: Зарыға күткен. Жаңа жылым да келді-ау! Жаңа жылым
жарылқа, ескі жылым, есірке, Ұрпағымды аман ет! Жамандық әрі кет,
әрі кет! (алыстайды) Ару көктемім, келе ғой! Наурыз – көктем:
Сәлем анам – алтын күн! Нұр шуағы халқымның Ашық болсын аспаның,
Аман болсын жас-нәрің! О, халайық! Жараңдар! Қане, бері қараңдар!
Мешін жылы баршаңды Кенелтсін зор бақытқа Білмеңдер бір шаршауды
Бөлеңіздер шаттыққа. Ән: «Наурыз біздің жаңа
жыл».
Көрініс: «Бесікке салу».
3-оқушы:
Көктем тойы –
әнніміз,
Көркем өнер
сәніміз
Өлең-әнмен той
сәнін
Өрнектейміз
бәріміз.
Жарқыраған жас
нұрлы,
Жаса, наурыз,
дәстүрлі.
Наурыз – көктем:
Жайнатамын бар гүлді.
Сайратамын бұлбұлды
–
Төгілтіп
ән-жырымды
Мейрам етем бұл
күнді.
Би: «Гүлдер».
Көрініс: «Тұсау
кесер»
6-оқушы:
Әнім де саған, білім
де,
Құт қонақ өзің үйім
де
Қуаныш сыйлап
еліме
Күлімде, Наурыз,
күлімде
Жүргізуші: Наурыз жылы мешін жылы, Құтты
болсын халайық Ұлыстың ұлы күні Шырқап әнге
салайық.
Ән: «Бақытты балалық
шақ».
Жүргізуші:
Халқының
әдеп-салтына
Ойлана қарап түйін
түй.
Шаттығын сыйлап
жалпыға
Жалғаса берсін ән-күй,
би!
Би: «Жорға».
8-оқушы:
Өніп еккен дәніміз.
Бүршік жарды бағымыз.
Сәскеде – жаз Түнде –
қыс
Секілді екен
наурыз.
Төлдеп жатыр
малымыз
Қазан толы сары
уыз.
9-оқушы:
Наурыз тойын
әдемі
Әжем еске
түсірді
Біздерге арнап
әдейі
Наурыз көже
пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз
көжеге
Жеті түрлі ас
салды.
(Ортаға әже шығып Наурыз көже
әкеледі).
Әже:
Ашық болсын қас
қабақ,
Таспен атқанды аспен
ат
Бейтаныс та, таныс
та
Бүгін төрде бас
қонақ
Арпа, бидай, тары
бар
Қатық, малта тағы
бар
Ішілетін,
жейтінің
Бұл көжеде бәрі
бар
10-оқушы:
Күн мен түн
теңелді
Жер шуаққа
кенелді
Соны тойлар ел
енді
Наурыз тойы
салтымыз,
«Көгерсін» деп
халқымыз
Көшеге тал
егеді.
Әже:
Ау, аталар, аналар!
Айналайын балалар!
Жеп-ішсін деп
тамсанып
Жеті түрлі дәм
салып
Наурыз көже
пісірдім
Құйдым алтын
табаққа
Құлшыныңдар
тамаққа
Бұл көжеден
татыңдар
Бар қызыққа
батыңдар.
11-оқушы:
Ұлыс күні қазан
толса
Ол жылы ақ мол
болар
Ұлы кісіден бата
алса
Сонда олжалы жол
болар
Ән: «Біз – өмірдің
гүліміз».
Жүргізуші: Ән қосылсын сәніңе! Ырысты боп жаңа
жыл! Бақ дарысын бәріңе! Ой қосылып ойыңа Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік Келер Наурыз тойына. Келесі Наурыз тойында
кездескенше қош сау болыңыздар!
Тақырыбы: Қош келдің, әз
Наурыз!
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды
тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді,
халықтық дәстүрді дәріптеуге
баулу.
Түрі: әдеби композициялық,
танымдық
Көрнекілігі: салт - дәстүрге байланысты
заттар, ұлттық тағамдар
Өту
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі
2. Кіріспе
сөзі
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата –
аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп
жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл
күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан
бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты
болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз
мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі
бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде
күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып
саналады.
"Наурыз келсе, құт келгені,
халайық!"
Есік ашып, шашу
шашып,
Ел боп қарсы алайық (шашу
шашылады)
Су
жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу
бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн
күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар
тіршілік Наурыздан басталған!
Наурыз
келді ал тойлаңдар, жараңдар,
Келген
мына мерекеге қараңдар.
Шашу
шашып ақ жаулықта әжелер,
Тойда
бүгін ойнап - күліп тараңдар.
Ал,
халайық, тұрмайық,
Әндетейік
жырлайық!
Ортамызды
ашайық,
Ырыс тілеп бұл
жылға,
Жырдан шашу
шашайық!
Енді бүгінгі байқаудың шарттарымен таныс
болайық
1. Әр ауыл өз ауылын
таныстырады;
2. Үй тапсырмасы "Менің сүйікті тағамым" әр
ауыл өз қолымен дайындап әкелген тағамын
түсіндіреді;
3. Сұрақ -
жауап;
4. Салт - дәстүрді
дәріптеу;
5. Өз өнерін
көрсету:
Гүл
көңілдер қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры
төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне,
үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді - деп келесі
кезекті таныстыруға берейік.
Ал енді
екінші сайысымызға келсек үй тапсырмасы. Әр ауылдан бір адам шығып
өз қолынан дайындаған тағамын
түсіндірсін.
Келесі
сайыс сұрақ - жауап. Мына жасырын қағаздың ішінде сұрақ берілген
соны бәріміз ақылдаса отырып жауап
береміз.
Сұрақтар:
1.
Ерулік беру дегенді қалай
түсінесіз?
Ерулік - басқа жерден көшіп келген көршілерге
сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонақ
шақырады.
2. Құдайы қонақ дегеніміз
не?
Құдайы қонақ дегеніміз - бейтаныс, шалғай ел,
алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін
қонақ.
3. Мәйек дегеніміз
не?
Мәйек дегеніміз - жас қозының ұлтабары. Оны
ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.
4.
Қымызмұрындық дегеніміз не?
Қымызмұрындық дегеніміз - бұл жаз тойы, мамыр
айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы күні
биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға
шақырады.
5. Тоқымқағар дегеніміз
не?
Тоқымқағар дегеніміз - жас жігіт алғашқы
сапарға шыққанда оның ата - анасы тоқымқағар жасап, мал сойылып,
үлкен кішіні шақырып қонақ етеді.
6. Ең
көп сақталатын ұлттық тағам?
Ең көп
сақталатын ұлттық тағам - құрт
7.
Бастаңғы дегеніміз не?
Бастаңғы
дегеніміз - үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарына
тамақ береді.
8. Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп
жіберетін ұлттық кәде?
Соғым
сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде - ол
сыбаға.
9. Арнайы қонақ дегеніміз
не?
Арнайы қонақ дегеніміз - алыстан әдейі іздеп
келген тума - туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен
қонақтар.
10. Үш арсызды
ата?
Үш арсыз - тамақ, ұйқы,
күлкі.
11. Жеті жоқты
ата?
Жеті жоқ -
аспанда
- тіреуіш жоқ
жерде - өлшеуіш
жоқ
аққуда - сүт
жоқ
жылқыда - өт
жоқ
тасбақа да - талақ
жоқ
таста - тамыр
жоқ
балықта тіл
жоқ
12. Беташар дегеніміз
не?
Беташар дегеніміз - жаңа түскен келіннің
бетін ашу.
Мақал - мәтелдерді
жалғастыру:
1. Би болмасаң да
-..........
2. Алтау ала болса
-...........
Төртеу түгел болса
-.........
3. Дүниесіз қыз болса да
-.......
4. Айдағаны бес ешкі
-..........
Жауаптары:
1. Би
болмасаң да - би түсетін үй бол.
2. Алтау
ала болса - ауыздағы кетеді,
Төртеу
түгел болса - төбедегі келеді.
3.
Дүниесіз қыз болса да - кәдесіз қыз
болмайды.
4. Айдағаны бес ешкі - ысқырығы жер
жарады.
Ауылдарымыз дайын болғанша ортада "Бипыл" әні
қабыл алыңыздар
Салт -
дәстүрім жарасса,
Қайта
түлеп жаңаша.
Жарыса өнер
көрсетіп,
Той тойлайық тамаша - деп келесі кезекті салт
- дәстүрді дәріптеу.
Кедеймін
деп қысылма,
Өнерің болса
қолыңда.
Өнерлінің
ырысы
Жарқырап жатыр
жолында.
Сайыста ән салайық, би
билейік,
Өнермен өрге басып
кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін
көрсетеді.)
Ел де
тыныш! жер де тыныш – бұл күні,
Көреміз
тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан
жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің
жыртығы!
Бақ
дарысын бәріңе!
Ой
қосылып ойыңа,
Бой
қосылсын бойыңа!
Аман –
есен жетейік.
Келер Наурыз
тойына!
Алтын
күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа
жылым жыр думаннан басталған.
Ақ
дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ
ниетпен үлкендерден бата алған - деп ақ бата
алайық.
Құрметті қонақтар. ата - аналар бүгінгі "Қош
келдің, Әз Наурыз" атты мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі
кезекті әділ қазы мүшелеріне берейік.
Наурыз мерекесі
құтты болсын!
Мақсаты:
Оқушыларға халқымыздың мейрамдарының бірі –
Наурыз туралы түсінік беру. Оқушыларды ұлтжандылыққа, ана тілін
құрметтеуге,
халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге
тәрбиелеу.
Түрі:
тәрбие сағаты.
Көрнекілігі:
Нақыл сөздер, ұлттық
киімдер.
Мұғалім:
Ежелгі заманнан бері шығыс халықтары Наурыз
мерекесін тойлап келеді. Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып
саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін 22 наурызға, жер бетін
тіршілік біліне бастайтын мезгілмен тұтас келетін мереке.21 наурыз
даланы халқымыздың діни түсінігі бойынша Қыдыр ата аралайды.
Сондықтан әр отбасына дәулет дарып, бақ қонсын деген түсінікпен
есіктерін ашып қойған. Наурыз негізінен адамдардың көрісуімен
басталады.
Жақындатып өткенге, кеткенге
енді,
Көктем келді, балбырап, көктем
келді.
Суық сорған жаныма шуақ
қонған,
Осы еді ғой күткенім көптен
бергі,
дей келе, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған
тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
І. Ән «Наурыз
айы»
Дильназ:
Осынау игі кең
жерге,
Наурыз айы
келгенде.
Арманда
оны көрген де,
Көрмегендер де
арманда,
Наурыз айы
келгенде.
Қайырмасы:
Наурыз
айы туғанда,
Той болушы еді бұл
маңда.
Сақталушы еді
сыбаға
Сапарға кеткен
ұлдарға,
Наурыз айы
туғанда.
Мұғалім:
Наурызда
наурыз көже жасайды. Наурыз көже – наурыз тойына ғана тән
көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр адам 7 түрлі тағамнан
пісіреді. Наурыз көжені сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы да
басқа тағамдар қосып пісіріліп, келгендерге
ұсынылады.
Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік. Сәбидің
алтын ұясы. Бесікті отпен аластан, тыштыма жасап алады да, баланы
бесікке салады. Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы
айтылады. Баланы бесікке салу кезінде үлкен әже, келін, қыздар
отырады. Енді сіздерге қазақтың «Бесікке салу» салтын
көрсетеміз.
Үлкен әже –
Ақнұр:
Алас, алас, баладан
алас,
Иесі келді, пәлесі
көш!
Алас, алас, бәледен
алас,
Көзі жаманның, көзінен
алас!
Қырық қабырғасынан
алас,
Отыз омыртқасынан
алас!
Баланы бесікке
бөлейді.
Келін –
Диана:
Әлди, әлди, ақ
бөпем,
Ақ бесікке жат,
бөпем.
Жылама, бөпем,
жылама,
Көзіңнің жасын
бұлама.
Әлди, әлди,
бөпешім,
Қозы жүні –
көрпешім.
Жұрт сүймесе
сүймесін,
Өзім сүйген
бөпешім.
ІІІ. Жамила:
Наурыз
тойың, наурыз тойың,
Құтты
болсын, халайық!
Күй
төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап
әнге салайық.
Ерсұлтан:
Ұлу
жылы, кел төрлет,
Ел
достығын өркендет.
Мол
болсын ырыс, құт,
Болсын
елде тыныштық.
Ұлдана:
Ұлыс
бақыт әкелсін,
Әр
күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік
болсын,
Білім-өнер серік
болсын.
Ислам:
Шаттанып
бүгін жаңа жыл,
Халқына
шашып жаңа нұр.
Келді
Қыдыр атамыз,
Жүректен төгіп жаңа
жыр.
Енді, балалар,
сендерге
Қыдыр
атамыз бата береді.
Қыдыр
ата – Алан:
Бата
Ұлыс оң
болсын!
Ақ мол
болсын!
Қайда барсаң жол
болсын.
Ұлыс береке
берсін.
Бәле-жала жерге
енсін!
Ұлы халқым тең
болсын,
Қайғы-уайым жоқ
болсын,
Қуанышың көп
болсын!
Әумин!
Ән
«Қазақ елі» Жантөренің
орындауында:
Көңілі көлдей
шалқыған,
Қазақтай ел
қайда.
Даласы жусан
аңқыған,
Өзіңдей жер
қайда,
Киелім!
Таусылмас саған
айтарым,
Ардақтан
өтейін,
Бабадан қалған
байтағым,
Садағаң
кетейін,
Киелім!
Қайырмасы:
Күлімдеп
жатқан көлден,
Көк орай
шалғын белден.
Құбыла
соққан желден,
Айналайын!
Тілегін
тәңір берген,
Қасиет қонған
елден,
Елі үшін туған
ерден,
Айналайын!
Мұғалім:
Дастарханы халқымның тола
берсін,
Бақыт құсы қолыңа қона
берсін.
Ұлы тойдың төресі – наурыз
тойы,
Жылдан-жылға құт тойы бола
берсін!
Деп, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған
тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.