Материалдар / сыныптан тыс жұмыс "Мен елімді әңге қосып, мақтан етемін" патриоттық әндер сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сыныптан тыс жұмыс "Мен елімді әңге қосып, мақтан етемін" патриоттық әндер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушылары арасында Рухани жаңғыру аясында, Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған "Мен елімді әнге қосып, мақтан етемін" тақырыбында патриоттық әндер сайысы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
826
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсідіктің 26 жылдығына арналған «Мен елімді әнге қосып,мақтан етемін» атты патриоттық ән байқауының жоспары.

Кештің тақырбы:«Мен елімді әнге қосып,мақтан етемін»

Музыка ойнап тұрады «Көк тудың желбірегені»

1-жүргізуші:

Армысыздар,құрметті ұстаздар,оқушылар жәнеде көрерменді қонақтар!Бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай жәнеде ел басымыздың бастамасымен жүріліп жатқан рухани жаңғыру аясында өтіліп жатқан «мен елімді әнге қосып,мақтан етем» атты патриоттық әндер байқауына хош келдіңіздер!

2-Жүргізуші:

Тәуелсіздік-тәңірдің бізге ұрпаққа берген үлкен бақыты.Халқымыдың рухани құндылығы. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орыны ерекшедеп білеміз.Себебі осынау жүрекжарды,қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.

1-жүргізуші:

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,

Егемендік-ел бақытты,ертеңі,

О,халайық,құтты болсын қуаныш!

-Ән менің өлкем.

2-жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен жалпыңа

Туған тілім шұбарламба жарқыра.

Ортамызда талантты өнерлі оқушылар көбейсін

Бас иеміз ата –баба рухына.

1-жүргізуші.

Ендеше, бүгінгі «Мен елімді әңге қосып мақтан етемін» атты патриоттық әндер байқауының шарты бойынша оқушылар отан, туған жер, ел тақырыбында ән шырқаулары керек жәнеде сахна мәдениеті, әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Жоғары ұпай-5 болып саналады.

2-жүргізуші.

Жиналған ылғи дарындар,

Жүрегі от боп жалындар.

Сайыскерлердің бәрін халайық,

Қол соғып қарсы алайыққ. (көңілашар)

1-жүргізуші:

Ендеше, қазір осы талантты , өнерлі оқушыларымызды әділ бағасын беретін төрешілерімізбен толықтырып таныстырып өтейік.

1.

2.

3.

4.

Сөз кезегі мектеп басшысы: Шахарбаев Тойлыбай Атамұратұлына беріледі.

-Сайыскерлеріміз дайын болғанға дейін қазақ биін тамашалаңыздар.

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық,

Ұлы достық, нұрлы достық, күн достық.

Достық деген қасиетті ұранға,

Биші қыздар билегенде үн қосты.

1-жүргізуші

Кең байтақ көз жетпейтінтін жерім менің,

Таулы орман жасылжайлау көгім менің,

Бүгіңде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан жерім менің.

Деп бірінші сайыскеріміз Әбдірасыл Русланды қошеметпен ортаға шақырамыз!

2- жүргізуші

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің,

Елім жерім,отаным-бақ дәулетім,

Болашағым өнер- білім өркенім.

Дей келе екінші сайыскеріміз Амангелді Назгүлді ортаға шақырамыз«Қазақстан» әнімен!

1-жүргізуші

Қазақпын еңселімін егеменді

Кеңейттім кең әлемге керегемді

Мүхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Танады тепе-тең деп терезеңді.ортаға 2А сынып оқушысы

Рауана «егемен ел-Қазақстан» әнімен шақырамыз!

2-жүргізуші

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын

Алдымызда барлық үміт сақталсың

Тату-тәтті бірлікболып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.ортаға Зиядейов Шаттықты шақырамыз«Мен Қазақпын» әні

1-жүргізуші

Осы күндер жүректің аңсағаны

Саған шөлдеп шөйіркеп тамсанады

Өкініште білмеймін қуанышта

Өз-өзімнен жүрегім ән салады

Ортаға 5А сынып оқушысы Жұмағали Еркеназды «Рух пен тіл»әнімен қарсы аламыз!

2-жүргізуші

Анық басып тірлікте әр ізімде

Адалдықпен өтесем қарызымды

Отан үшін ел үшін ешқашанда

Ерінбеймінақтаудан парызымды.

9сынып оқушысы Дүйссенова Балнұр «туған жер»әнімен

1-жүргізуші

Қызың маған сенде өткенбар күнім

Ата берсең көп қой оның барлығын

Шегіне жетпес жер секілді боласың

Сездірмейсің туған жердің парлығын

Сахна төріне «Тәуелсіздік»әнімен Инкар Арайлымды шақырамыз!!!

2-жүргізуші

Атамекен құт қонған жер

Кең дала суы мөлдір нұр тұнған жер

Көгарай белестері мақпал болып

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

11-сынып оқушысы Төлеген Еділхан

1-жүргізуші

Қырандай түлеп ұшқан арманымыз

Біз бүгін өркен еркін елдің сарбазымыз

Айт алып ел алдында сапқа тұрып

Қорғаймыз туған жердің ар-намысын

7 сынып оқушысы Алиханың орындауында «Ұландары елдің»

2-жүргізуші

Барлық қазақ осындай бар қолында,

Сол ерлікпен ұстаған сары даламды.

Кіргізбеген жауларын бір сүйемде,

Ұрпағы үшін жан берген, әр бабамда!!!

Ортаға 1 сынып оқушысы Кеменгерді «Бабалар ұраны» әнімен қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші.

Туған жер ыстық әрқашан,

Мен бүгін аңсап ән саламын.

Жүректен ұшқан жалынды,

Аңсадым саған әнімді.

«Туған жер» әні 3 сынып оқушысы Уәлихан Аяжанның орындауында.

2-жүргізуші.

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан жүректі ұұғысқан.

Ата-баба аңсап өткен бақытым,

Айналайын Қазақстан -Гулстан.

Ортаға 11 сынып оқушысы Шаяхметов Нағашыбайды шақырамыз.

1-жүргізуші.

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім жерім, Отаным-бақ дәулетім,

Болашағым өнер білім өркенім.

Бақыт Анар «Туған жер» 1 а сынып

2-жүргізуші.

Бәрі есімде,бал ғұмыр , бала кезім,

Арман қудым, ат міндім, дала кездім.

Туған елім, қымбаттысың мәңгілік,

Қарашығы секілді қара көздің

5 сынып оқушысы Аубәкірова Жәния «Айналдым елім» әнімен

1-жүргізуші.

Отаным қазақ елім алға ұмтылған

Өз елімде көзім жоқ сағым сынған

Шалқыған ел шоқтығын көрсем деймін

Бәсекелес елу елдің қатарынан!

Өз елім хор

1-жүргізуші

Ту тігілді халқымызыдың бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Ата-баба дақ түсірме рухына.

- дей келе Тәуелсіздігімідің 26 жылдығына арналған «Мен елімді әнге қосып мақтап өтемін» атты патриоттық әндер сайысы өз мәресіне жетті. Келесі сөз кезегін төрешілерге берейік.

2-жүргіуші.

Туды жастық дәуірің,

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын алыбым.

Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!











































«Мен елімді әнге қосып,мақтан етемін» атты патриоттық ән байқауын бағалау критерийлері

Оқушының аты жөні

сыныбы

Бағалау критерийлері

жалпы ұпай

орны

ән орындау шеберлігі

сахна мәдениеті

сахналық киім

1








2








3








4








5








6








7








8








9








10








11








12








13








14








15








16




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!