Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс, "Мысалдар әлемі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс, "Мысалдар әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Мазмұнға байланысты міндет: Мысалдардың мазмұнымен таныса отырып, кейіпкерлерге мінездеме беру, өмірмен байланыстыру. 2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасуға үйрету өмірмен байланыстыру, тәрбиелік мәнін анықтау; 3. Топтық міндет: Оқушыларды өз ойларын қорғай білуге үйрету, бір - бірін тыңдау, достық сезімдері, бір - біріне сыйластық сезімдерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2021
468
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады















Сыныптан тыс жұмыс



«Мысалдар әлемінде...»





Өткізген:

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Әлмұратова С. Қ

Қатысушылар: 7 «А, Ә» сынып оқушылары
























Тақырыбы: «Мысалдар әлемінде»

Күні: 28.09.2021ж.

Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарымен таныстыру, тәрбиелік мәнін ашу

Міндеттері: 1. Мазмұнға байланысты міндет: Мысалдардың мазмұнымен таныса отырып, кейіпкерлерге мінездеме беру, өмірмен байланыстыру. 2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасуға үйрету өмірмен байланыстыру, тәрбиелік мәнін анықтау; 3. Топтық міндет: Оқушыларды өз ойларын қорғай білуге үйрету, бір - бірін тыңдау, достық сезімдері, бір - біріне сыйластық сезімдерін арттыру.



«Мысалдар әлемінде... »

Сайыс кезеңдері:

І-кезең: Білімді мыңды жығады. (сұрақ-жауап);

ІІ-кезең: Ойлан табыңыз. (өлең шумақтарын табу );

ІІІ-кезең: Жұмбақты шешіңіз.

ІV-кезең: Сөзжұмбақты шешіңіз.

V-кезең: Мақалдарды жалғастырыңыз.

VI-кезең: «Мысалдар әлемінде».


I-кезең: Білімді мыңды жығады. (сұрақ-жауап);

1 топ 10 сұрақтан койылады.( 1 балдық есеппен)

1топқа койылатын сұрақтар: «Болашақ» тобы

  1. С. Сейфуллиннің дүниеге келген жылы? (1894жылы)

  2. Қазақ КСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің алғашқы төреғасы? (С.Сейфуллин)

  3. «Қазақ тілі» өлеңінің авторы? (М. Жұмабаев)

  4. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин)

  5. ХІХ ғасыр орыс жағрапиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақ? (Ш.Уалиханов)

  6. М.Өтемісұлының дүниеге келген жері?(Бекетай құмы)

  7. Ш.Құдайбердіұлының туған жылы?(1858 жыл)

  8. М.Өтемісұлының досы?(Исатай)

  9. Қостанай обл., Торғай атырабында дүниеге келген ақын? (А.Байтұрсынов)

  10. Жаяу Мұсаның өмір сүрген жылдары? (1838- 1929 жж)

2 топқа қойылатын сұрақтар: «Қырандар» тобы

  1. І. Жансүгіровтың жазған поэмасы? (құлагер)

  2. С.Аронұлының дүниеге келген жылы? (1815жылы)

  3. «Ау,Қызғыш құс,Қызғыш құс» өлеңінің авторы? (М.Өтемісұлы)

  4. «Әдебие»т сөзі қай тілден енген? (араб)

  5. Ш.Уалихановтың шын есімі? (Мұхамедқанафия)

  6. Біржан салдың шыққан тегі? (орта жүз)

  7. Спандияр Ыбырайдың мектебіне қай жылы орналасады? (1887жыл)

  8. М.Жұмабаевтың анасының есімі? (Гулсім)

  9. М.Жұмабаев қай халықтың тприхын зерттеген? (түркі)

  10. «Табиғаттың өз тілі бар» деген кімнің пікірі? (М.Жұмабаев)

3 топқа қойылатын сұрақтар: «Егемен» тобы

  1. Ит жүгіртіп, құс асыраған ақын? (Ақан сері)

  2. Әсет Найманұлы қанша жасынан бастап қиссаларды жатқа айтқан? (13-14 жасынды)

  3. Жамбылдың ұстазы? (С.Аронұлы)

  4. Ш. Уалихановтың балалық шағы қай жерде өтті? (Сырымбет)

  5. Ш.Қанайұлы қай рудан тараған? (Арғын)

  6. Ш.Құдайбердіұлының өмір сүрген жылдары? (1858-1931 жж)

  7. «Зар заман» кімнің өлеңі? (С.Аронұлы(

  8. А.Құнанбаевтың шын есімі кандай? (Ибрагим)

  9. Ең алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)

  10. А.Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? (45 )

II- кезең. Ойлан табыңыз (өлең шумақтарының авторы мен аты)

1-топ: «Болашақ» тобы

  1. «Алыстан сермеп,

Журектен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып.

Тағыны жетіп қайырған,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.» («Сегіз аяқ» Абай)



  1. «Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман,

Тарлығының белгісі

Жақсы-жаннан түңілген,

Жаман-малға жүгінген,

Мұның өзі зар заман»... («Зар заман» Ш.Қанайұлы)



2-топ: «Қырандар» тобы



  1. «Жау басынар халықты

Басқарушы оңбаса.

Малша айдап адамды,

Орынсыз күштеп зорласа,

Ауға тускен балықтай,

Шыға алмайсың бұлқынып,

Әділетшің болмаса.» («Әділеттік орнаса»)



  1. «Арқаның кербез сұлу Кокшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жауған жауын,

Жан-жақтан ертелі- кеш бұлттар келіп,

Журеді біліп- кетіп есен-сауын.» («Кокшетау» С.Сейфулин)



3-топ: «Егемен» тобы



  1. «Елестеттім коктемді гул ашқан,

Көздеріңе ғашыкпын нұр шашқан,

Алыстарға жетелеп, еремін

Сені ғана бақыт деп сенемін» («Шақырады көктем» Т.Молдағалиев)



  1. «Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым,

Қарашығым, құлыным дер зарлаған,

Алыстағы сорлы анамды сағындым» («Сағындым» М.Жұмабаев)



ІІІ-кезең. Жұмбақты шешіңіз.

Әр топқа 5 жұмбақтан беріледі. Жауабын 3 тілде айту.



1-топқа: «Болашақ» тобы



1)Қалың киім ұнатады, шешіңдірсең жылытады. (пияз-лук-onions)

2) Жасыл ала дөңгелек, бақшада жатыр дөңгелек. (қарбыз-арбуз-watermelon)

3) Ақ құман жүр жүзіп, су бетін сүзіп. (аққу-лебедь-swan)

4) Шәкіртке жанашыр, мейірбан кім, жаны асыл. (ұстаз-учитель-teacher)

5) Жіп-жәңәшке денесі, ортасында шегесі. (қарындаш-карындаш-pencil)



2-топқа: «Қырандар» тобы



  1. Білімнен мол сый-асы, балдырғандар ұясы. (мектеп-школа-school)

  2. Қолы бар, саусағы жоқ, мойны бар, басы жоқ. (көйлек-платье-dress)

  3. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн-солнце-sun)

  4. Тырс-тырс тамады, сайға қарай ағады. (жаңбыр-дождь-rain)

  5. Дәмін татсаң –тәтті-ақ, түсін көрсең аппақ. (қант-сахар-suggar)



3-топқа: «Егемен» тобы

  1. Сумен кірді ашады, өзі судан қашады. (сабын-мыло-soap)

  2. Мұрты бар, сақалы жоқ, тоны бар, шапаны жоқ. ( мысық-кот-cat)

  3. Далада жүр шапқылап, керемет бір саққұлақ. (қоян-заяц-rabbit)

  4. Басында мүйізі бар, үстінде киізі бар. (сиыр-корова-cow)

  5. Ақ отаудың есігі де, тесігі де жоқ. (жұмыртқа-яйцо-egg)



ІV кезең.Сөзжұмбақты шеш.

Әр топқа 1 сөзжұмбақтан беріледі.



1 топқа: «Болашақ» тобы





1) А.Байтурсынов дүниеге келген ауылы? (Сарытүбек)

2) 1929 жылы Ахметті қайда жер аударды? (Архангельск)

3)Қайтыс болған жері? (алматы)

4)Ахметті алғаш орыс-қазақ мектебіне берген ағасы кім? (Ерғазы)

5) 1925-1929 жж. Жұмыс жасаған жері? (Ташкент)



2- топқа: «Қырандар» тобы

  1. Шоқан Уалихановтың әкесінің есімі? (Шыңғыс)

  2. Шоқан 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, қайда әскери қызметте қалады? (Омбы)

  3. Шоқанның туған жері? (Құсмұрын)

  4. Ш.Уалихановтың әжесінің есімі? (Айғаным)

  5. 1956 жылы Шоқан кіммен әскери ғылыми экспедицияға қатысты? (Хаментовский)

3-топқа: «Егемен» тобы

  1. Абайдың анасының есімі? (Ұлжан)

  2. Абайдың алғаш сауатын ашқан молда? (Ғабитхан)

  3. Абайдың 1882жылы жазған өлеңі? (Қансонарда)

  4. Лермонтавтан аударған өлеңі? (Шайтан)



V кезең. Мақалдарды жалғастырыңыз.

Әр топқа 5 мақалдан беріледі.

1-топ: «Болашақ» тобы

  1. Оқу инемен құдық қазғандай.

  2. Ормансыз бұлбұл,

Отансыз адам.

  1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

  2. Жігітті намыс,

Қоянды қамыс өлтіреді.

  1. Алтын көрсе, періште жолдан таяды.



2-топ: «Қырандар» тобы



  1. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді.

  2. Ананың сүті- бал,

Баланың тілі- бал.

  1. Жетімге жеті бидай да тамақ.

  2. Бала бауыр, дос –тамыр.

  3. Ағаш көркі- жапырақ,

Адам көркі- шүберек.



3-топ: «Егемен» тобы

  1. Өнер алды- қызыл тіл.

  2. Береке көзі- бірлікте.

  3. Еңбектің наны,

Жалқаудың жаны тәтті.

  1. Отан- отбасынан басталады.

  2. Көп түкірсең- көл болады.



ІҮ кезең. «Мысалдар әлемінде»

«Бононың алты қалпағы» әдісі М А Қ С А Т Ы: әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру” Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....” Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!» Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

1,2,3-топта «Өгіз бен Бақа», «Егіннің бастары», «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалдарын талқылау. Мысалдардың мазмұнымен -таныстырады -талқылайды -өзара пікір алысады -ұсыныстарын айтады -көзқарастарын білдіреді -жаңа идеяларын айтады

Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдері туралы қосымша деректер жинау. Мысал өлеңінің мазмұнына байланысты сурет салу. «Жабық хат» досымның мінезі.


Қорытынды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!