Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс Тапқырлар тартысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс Тапқырлар тартысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс шара жас мамандарға көмек ретінде беріледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
852
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс – іс шара

Тақырыбы: «Тапқырлар тартысы» Мақсаты: Білімділік: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау,ой ұшқырлықтарын байқау,топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту,дүниетанымдарын кеңейту,тіл байлығын, шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.Жан-жақты білімділікке, тапқырлыққа,жылдамдыққа,ұйымшыл-дыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: интеллектуалды ойын Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,топпен жұмыс Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі,дүниетану. Көрнекілігі: слайдтар тапсырмаларымен, топ аттары жазылған қағаздар, қанатты сөздер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Психологиялық дайындық Уа, халайық,жараңдар! Мына бізге қараңдар Бастары білімге тола, Жүректері мейірімге тола, Жаспыз,жігерліміз, Болашақтан үміт күткен. Тыныштықты сақтаңыз, Ойын-сайысты бастаймызБүгін біз «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалды жарыс өткіземіз. Сайысымызды бастамас бұрын әліл-қазылар алқасын сайлап алайық. Жарысқа екі топ қатысқалы отыр.

І топ «Болашақ» ІІ топ «Жас жігер» Қатысушылар ұранымен таныстырадыІ топ. Ұраны: Нақтылы жауап,саналы шешім бере біл, Қарсыластарды сайыстардан жеңе біл!ІІ топ. Ұраны: Бойымыз толған күш-қуат, Мақсат алға,жеңіс қолда,соны ұға біл!Жарыс ережесімен таныстыру. Жарыс алты кезеңнен тұрады.1-кезең. «Кім көп біледі?»2-кезең «Кім жылдам?»3-кезең «Өлең сөздің патшасы» поэзия минуты.4-кезең «Мақал сөздің мәйегі»5-кезең «Біз ақынбыз» өлең шығару.6-кезең «Хатты өз ойыңмен аяқта»Ендеше, жарысымызды бастаймыз.І. «Кім көп біледі» І топ1. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін қашан алды?2. Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушы кім?3. У әрпі қай кезде дауысты,қай кезде дауыссыз болады?4. Қазақ тілінде неше септік бар?5. Периметрді қалай табамыз?6. Инемен қазылатын құдық 7. Адам мекендемейтін материкті ата (Антарктида) ІІ топ 1. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш (шаршы) 2. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (ұзындығын еніне көбейту) 3. Барлық ісін ертеңге қалдыратын жан (жалқау) 4. «Әліпби», «Тіл құралы» еңбектерінің авторы кім? 5. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 6. Темекі түтініндегі өте улы зат (никотин) 7. Ысқырығы жер жаратын адамның айдаған малы ( бес ешкі)

ІІ. «Кім жылдам?» Логикалық тапсырмалар І топ.
  • Үш қораз ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды.Олардың қаншасы қалды? (қораз ұшпайды)
  • Екі қолда қанша саусақ бар? Оң қолда ше? (10,5)
  • 3 жұмыртқа 3 минутта піседі,ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 мин)
  • Отырып-ақ жүре беретін кім? (Шахматшы)
  • Күнделікті өмірде қандай сұраққа ешқашан «иә» деп жауап бере алмаймыз? («Ұйықтап жатырсың ба? деген сұраққа)
ІІ топ.
  • Екі қасқыр екі қойды екі сағат жейді.Төрт қасқыр төрт қойды неше сағат жейді? (2 сағат)
  • Бір килограмм етті пісіру үшін бір сағат уақыт керек.Ал екі килограмм етті пісіру үшін қанша уақыт керек? (1 сағат)
  • Төрт қойдың неше аяғы бар? ( 16)
  • Екі адам 4 сағат шахмат ойнады.Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
  • Он екі айды бір сөзбен айт (жыл)


ІІІ. «Өлең - сөздің патшасы» поэзия минуты Тапсырма: Төрт мезгілге байланысты өлеңдер.Әрбір топ жаттаған өлеңдерінің авторы туралы мәлімет береді және өлеңді мәнерлеп айтады. ІҮ. «Мақал сөздің мәйегі» Мақалды жалғастырып айту. І топ.
  • Батыр туса – ел ырысы,
------------------------------- (Жаңбыр жауса жер ырысы).
  • Ата көрген оқ жонар,
----------------------------- ( Шеше көрген тон пішер)
  • Ақыл азбайтын тон.
-------------------------- ( Білім таусылмайтын кен)

ІІ топ.

  • Қына тасқа бітеді,
------------------------ ( Білім басқа бітеді)
  • Бірлік болмай, ---------------- (тірлік болмас)
  • Ашу дұшпан ақыл дос,
------------------------------ (Ақылыңа ақыл қос)

Ү. «Біз ақынбыз» Өлең шығару Топтарға өлең шығару үшін дайын ұйқас сөздер беріледі. 3 минут ішінде өлең шығаруы керек.(Өлеңнің ұйқасына мән беру керек) І топ. ----------------------------- салқындайды ------------------------------ сықырлайды ------------------------------ аппақ боп ------------------------------ жылтырайды.

ІІ топ -------------------------------------ойнаймыз, ------------------------------------ тоңбаймыз, ------------------------------------- шаттанып -------------------------------------- тойлаймыз.

ҮІ. «Шығармашылық жұмыс» Хатты өз ойымен аяқтау: Бақытжан болған жайды айтып досына былай деп хат жазды:

Қандай ұят десеңші! Ұялғаннан менің жылағым келді. Анамды көргенде кірерге тесік таппадым.Себебі, мен ......

Қорытынды. Екі топтың нәтижелеріне қарап орын беріп,марапаттау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!