Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Даланың дара ұстазы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Даланың дара ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту мақсатында өткізіледі. Ыбырай Алтынсариннің еңбегін дәріптеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
551
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән мұғалімі: Хасенова Рыскуль Мухаметрахимовна

Күні: 20.12.2021

Тақырыбы: Даланың дара ұстазы

Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері.

Қатысушылар:10-сынып оқушылары

1-Жүргізуші:

Алтынсарин- қазақтың жарық шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Алтынсарин- елімнің алтын бағы.

Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып, алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды,

Алтынсарин- даланың қоңырауы.

Алтынсарин- ел үшін соққан жүрек,

Сезіп оның дүрсілін шаттанды көп.

Қалың қардың жібіткен мұз денесін,

Алтынсарин- аңқылдақ алтын күрек.

2-жүргізуші

Денесі оның Тобылдың жағасында,

Мүсіні тұр Қостанай қаласында.

Ыбырай бұлағының мөлдір суы,

Шүпілдейді білімнің шарасында.

Сол сумен егін егіп, мал суардық,

Жыр жазып, дала жайлы ән шығардық.

Сол сумен қаталаған шөлді басып,

Шығып тұр қазағымның дауысы анық.

Сол судан мейірі қанып барлық халық,

Өмірден өз орынын тапқаны анық.

Алтынсарин- ұлы ұстаз ұлағатты,

Алтынсарин- ұлтыма ұлы жарық.

1-жүргізуші:Құрметті, ұстаздар қауымы! Алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы- Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына арналған әдеби кешімізге қош келдіңіздер! Келесі ән алғашқы халық мұғалімі Ыбырай Алтынсаринге және сіздерге арналады. Орындайтын  Талғатқызы Парасат

2- жүргізуші: Ы.Алтынсаринның этнография саласындағы еңбектері халқымыздың салт- дәстүр, әдет- ғұрыптарын қарастырады.  Және ол қазақ ауыз әдебиетін зерттеп, қазақтың жұмбақтары, дастандары, мақал- мәтелдері жөнінде ғылыми мақалалар жазды. Лингвистика, тілтану саласында қазақ тілінің тазалығына зор мән берді. Ең бастысы, қазақтың әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, ана тілінің тазалығы Ы. Алтынсариннің негізгі бағыты мен қызметі болып табылды. Келесі кезекте Ы.Алтынсаринның өмір жолдарына тоқталып өтейік

Алашқанова Гүлім: Ыбырай Алтынсарин 1841жылдың 20қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс – қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді. Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады. Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.

Рахымжанова Аяулым: 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Қазақ халқының сауатсыздығы, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығы, оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүруі Ыбырай атамыздың жанын ауыртты. Сондықтан, қазақ балаларына тұңғыш қазақ хрестоматиясын құрастырды. 

Әбдікарімова Дильназ::1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті. Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын. Мұндағы мақсаты қазақ балаларына қазақ тілінде білім беру, яғни, ана тілінде еркін оқып, сөйлей білуге үйрету еді.Міне, сан ғасыр бұрын аталарымыз армандаған күнге қол жеткіздік. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді.

1-жүргізуші:Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,

Ұрандап өлеңімен келді былай.

Жас ұрпаққа жар салып жанымен де

«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.

«Кел, балалар, оқылық!» өлеңі. Қабыл алыңыздар ортада Бейсенбекова Зейнеп

2-жүргізуші:Ы. Алтынсарин жазба әдебиетке тән проза жанрының негізін қалады. Ол- тұңғыш рет балаларға әңгіме арнап жазған жазушы. Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі- жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу- Ыбырай әңгімелернің негізгі тақырыбы. Осы орайда, Ыбырай атамыздың шығармаларын атап өтейік

Айтмұрат Айжан:Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңінде ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екенін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. Оған "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш", "Атымтай жомарт", "Әке мен бала" және тағы басқа әңгімелері дәлел.

1-жүргізуші: Келесі кезекте, Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесінен алынған үзіндіден көрініс.

2-жүргізуші: Ы. Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған ақын. Өз шығармаларында Отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды, оқу- білімнің, қараңғылықтың  мән- жайын ашып берді. Сондай өлеңдерінің бірі-«Өнер-білім бар жұрттар» Қабыл алыңыздар ортада Әмірхан Жібек

Өнер-білім бар жұрттар

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі - дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.

1-жүргізуші: Ы.Алтынсаринның «Мейірімді бала» әңгімесі.

Көрініс

2-жүргізуші:«Даланың дара ұстазы» атты әдеби –танымдық кешіміз өз мәресіне жетуге таяп қалды.Ұлы ағартушы –педагог Ы.Алтынсариинің 180 жылдық мерейтойын дүбірлі той етіп өткізбесек те,қолымыздан келгенше мерекелік шара етіп өткізуді жөн санадық. Осымен әдеби кешіміз өз мәресіне жетті. Назарларыңызға рахмет!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!