Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан тыс жұмыс "Үздік құқықтанушы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"Жас құқықтанушы" интеллектуалдық сайысы
Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімдерін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісіне керек екенін ұғындыру, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, оқушылардың ой- өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, сөздік қорын молайту, оқушылардың бойына құқықтық патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, презентация, плакаттар, қанатты сөздер, сұрақ парақшалары;
Мұғалім: Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар,оқушылар! Адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы». Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз - мына біздер. Н.Ә.Назарбаев «Конституция-бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы,әнұраны,елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Бүгінгі "Жас құқықтанушы" интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыстың қатысушыларымен таныс болыңыздар!
Әділ қазы ақ қазыға бер сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, -дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырайық!
1. Мейрамова Гулбану Нояновна
2.Жылкельдина Меруерт Адилбековна
3. Кулжанова Айнур Хамитовна
Ойынымыз 7 турдан тұрады: Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 1-5 ұпай аралығында беріледі.
Сайыстың шарттары:
І. Таныстыру
ІІ. Кім жүйрік
ІІІ. Сөзжұмбақ
IV. Тапқыр болсаң, талас жоқ!
V. Ситуациялық жағдаят
VI. Қорытындылау
VII. Оқушы міндеттері мен құқықтары
І айналым. Таныстыру. Әр топ өзін таныстырады.
1. "Фемида" тобы
2. "Қоғам индивиді" тобы
3. "Әділет" тобы
Ғылымның сырын
ұғына,
Шығыңдар білім
шыңына!
Ұқыптылық пен
зеректік,
Жеткізер сіздей
өренді
Ғылымдардың
сырына!
ІІ. айналым Кім жүйрік?
І топ сұрақтары:
1. ҚР Білім туралы заңы қашан қабылданды, және неше баптан,тараудан тұрады? 2007 ж 27 шілдеде, 68 бап, 12 тараудан тұрады.
2.
«Жеті Жарғы» қай ханның тұсында жазылды?
(Тәуке хан)
3. ҚР Конституциямыз қашан
қабылданды? неше бөлім неше баптан тұрады? 1995 ж 30 тамыз, 98 бап,
9 тараудан тұрады.
5.
Адам құқығы қай уақытта пайда болады?
(туғанынан беріледі).
6. Мемлекет билігінің қайнар көзі? (халық).
7. Мәжіліс неше депутатты құрайды?
(77)
8. Заң құдайы - (Фемида)
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
қандай тіл? қазақ тілі
10. Бала құқықтары туралы конвенция қай жылы
қабылданды? 1989 ж 20 қараша
ІІ топ
сұрақтары
1.
ҚР Қарулы күштерінің құрылуы?
1992 жылы 7 мамыр
2. ҚР әнұранының авторлары? (Н. Ә. Назарбаев,
Ж. Нәжімеденов, Ш.
Қалдаяқов).
3. Референдум
дегеніміз не? (жалпыхалықтық дауыс беру).
4. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? (Премьер - Министр)
5. Республика заңдары қай кезде күшіне енді? (Президент қол
қойғаннан кейін).
6. Тұрғындарының саны жағынан дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет -
(Қытай).
7. Бір тұлғалар
екінші тұлғаға сенім білдіріп, өзінің атынан жазбаша өкілеттік беру
қалай аталады? (сенімхат)
8. Құқық немен
қорғалады? -Заңмен қорғалады.
9. Қасым ханның қасқа жолы қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)
10. Алғашқы заң магистрінің бірі, құқық тақырыбына бағалы еңбектер жазған, Семейде,Омбыда,Павлодарда заң қызметкері болған. (Жақып Ақбаев )
ІІІ топ сұрақтары
1. ҚР тұңғыш Конституциясы қашан қай жылы қабылданды? 1993 ж 28 қаңтар
2. Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16)
3. ҚР өзін қандай мемлекет
ретінде орнықтырды?
(Демократиялық, зайырлы, құқықтық,
әлеуметтік)
4. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін жасаған,б.з. дейінгі 386 жылы өз мектебін ашқан, Сократтың шәкірті және Аристотельдің ұстазы болған. (Платон )
5. Қ.Р қазіргі Конституциясы қай елдің Конституциясына ұқсас? (Францияның)
6. Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай елде пайда болды? (АҚШ-та 1787 жылы)
7. Конститутцияның екінші бөлімі қалай аталады? (Адам және азамат)
8. Азаматтық құқық қабілеттілік қай кезде тоқтатылады: қайтыс болғанда
9. Қанша жасқа толған ҚР-ның азаматы маслихаттың депутаты болуы мүмкін: 20 жас
10.Құқықтық нормалар және ережелер кімдерге арналған? (халыққа)
ІІІ. Сөзжұмбақ "ҚҰҚЫҚ"
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің деп келесі айналымымыз
сөзжұмбақ.
1. Азаматтықты куәләндыратын құжат? Төлқұжат
2. Конвенцияны қай ұйым қабылдады? БҰҰ
3. Қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. (қылмыс)
4. Конституция латын Конституция латын тілінен аударғанда қандай мағына береді? Құрылым
5. Бала құқықтары туралы конвенция қай айда қабылданды? (қараша)
IV. айналым "Тапқыр болсаң, талас жоқ" 1) В; 2) Ж; 3) А; 4) Б; 5) Д; 6) С; 7) Е; 8) М; 9) З; 10) К;
1 |
Мемлекет тарапынан қорғалатын жалпыға бірдей нормалар жүйесі? |
2 |
ҚР бойынша ең жоғарғы заңдық күші бар нормативтік актты атаңыз? |
3 |
Мемлекеттік биліктің бірлігін, жоғарылығын және дербестігін айқындайтын ұғым? |
4 |
Адамдардың жұмыс-тұрысы мен өмір сүру қалыптарын үйлестіріп, реттеу үшін мемлекет шығаратын жарлық ? |
5 |
ҚР қандай мемлекет болып саналады? |
6 |
ҚР Қылмыстық кодексінде жазаның қай түрі қазір қолданылмайды? |
7 |
Құқық бұзушылық - |
8 |
Мемлекет - |
9 |
Парламент - |
10 |
Азамат дегеніміз кім? |
А |
Егемендік |
Б |
Заң |
Ж |
Конституция |
Д |
Президенттік республика
|
В |
Құқық |
З |
Заң шығарушы орган |
К |
Құқығы бар ел тұрғыны |
М |
Негізгі саяси қоғамдық ұйым |
Е |
Заң жүйесін бұзу |
С |
Өлім |
V . айналым. Заңға бағыну –тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық және тағы басқа адамға тән қасиеттер бар екені сол қасиеттер қоғамның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі екені белгілі. Олай болса келесі бөліміміз, Ситуациялық жағдаят.
-
1. Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп, - келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол
сұғылмайды.
2. Ешкімді азаптауға, оған
зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық
қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға
болмайды.
2. Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.
Асқардың қандай құқығы бұзылды, – деп ойлайсыңдар? 15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы
1. Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi.
2. Тегiн жалпы орта бiлiм немесе техникалық және кәсіптік бiлiм алғанға дейiн баланы мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнен шығару, шығарудың жалпы тәртiбiн сақтаумен қатар тек қорғаншы және қамқоршы органдарды хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiнің күтiп-бағу шығынын толық немесе iшiнара көтередi. Олардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк көмектің мөлшерлерi мен көздерiн Қазақстан Республикасының Yкiметiбелгiлейдi.
3. Сабақ уақытында оқушылар сынып бөлмесінде қозғалып ойнап жүр сонымен қатар сынып бөлмесінде кейбір оқушылар ұялы телефонмен сөйлесіп, кейбіреуі интернет желісінде отыр өйткені олар сөз бостандығына және жүруге, ойнауға құқығымыз бар деп есептейді? Бұл жерде қандай құқықбұзушылықтар болды?
Жүріп-тұру құқығы бар, бірақ сыныптағы тәртіпті бұзбауға міндетті, Сөз бостандығына құқығың бар, бірақ сабақ уақытында мұғалімдерді сыйлауға, сыныптастарыңа кедергі келтірмеуге, сабақ уақытында ұялы телефон пайдаланбауға міндеттсің.
VI. айналым Іріктеу кезеңі
Заң 10. «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар- намысын құрметтеуге міндетті.» деп ҚР Конституциясының нешінші бабында айтылған.
(Қазақстан Республикасының Конституциясы, 34- бап)
Адам 10 . Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар?
(Президент пен
Парламенттің)
Қоғам
10
Құқық дегеніміз не? Ұғымын анықтап айтамыз? (мем-т шығарған және бекіткен тәртіп ережелер жиынтығы).
Заң 20
ҚР Азаматтық туралы кодексі қашан қабылданды? (1992 ж 1 наурыз)
Адам 20
ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі Елтаңбаның авторлары кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов)
Құқық 20
Адам құқығы мен бостандығы туралы декларцияны қандай ұйым қабылдады? (БҰҰ)
-
Заң 30
-
Дүние жүзінде көлемі жағынан ең үлкен Конституция қай елде қай жылы қабылданды? Және қанша баптан тұрады? (Үндістанда 1950 ж 456 баптан тұрады).
Адам 30
«Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы» деп қай заңда және нешінші бапта жазылған? (Адам құқығы мен бостандығы тур декларация 3 бабында)
Құқық 30
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қай жылы қол қойды. (2002 жылы 8 тамызда)
Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқықтарын атап өтейікші.
Оқушының құқықтары:
-
Өмір сүруге
-
Ата-тегін алуға
-
Отбасында тәрбиеленуге
-
Жеке бас бостандығына
-
Азаматтық алуға
-
Білім алуға
-
Баспана алуға
-
Дүние мүлікке
-
Демалуға
-
Денсаулықты сақтауға
-
Сөз бостандығына
-
Қоғамдық жұмыстарға араласуға
Оқушының міндеттері:
-
Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;
-
Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;
-
Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;
-
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;
-
Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;
-
Тарихи ескерткіштерді қорғауға;
-
Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;
-
Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;
-
Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;
-
Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.
Сарапшылар сіздерге сөз береміз,
Жеңімпаз кім болып сарапталды? ( Оқушыларды марапаттау)
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
Сонымен,қорытындылай келе,біз бүгін өз құқығымыз жайлы ой түйдік.
Б.Момышұлы атамыз «Азамат жолы-ар жолы» деп айтқандай,ешкімнің ала
жібін аттамай, өз құқығымызды да, өзгенің құқығын да бұзбай,
тәуелсіз еліміздің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып
өсейік! Құқықтық тәрбие мен құқықтық
жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту
үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда
құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп
отыр. Міне, бүгінгі сайысымызда айтылғандарды
саралай келе, еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды
дамуы, қымбатты оқушылар, болашақ жастар сендердің өз қолдарыңда.
Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп
мемлекетті алдыңғы уақытта дамытатын сіздер мен біздер.
Ендеше
М. Әуезов атамыз айтқандай «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болу керектігін осы бастан ой-зерделеріңе салыңдар.