400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс сабақ. "Атадан қалған асыл сөз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс сайыс сабақ. Бұл іс-шара наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған. Оқушылар бата айтудан сайысқа түседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Атадан қалған асыл сөз» бата беру сайысының сценарийі


Мақсаты: бата төңірегінде ой қозғау, осы тақырыптағы өз ойларын мемлекеттік тілде сауатты, көркем, толық жеткізе білуге үйрету. өз Отанының патриоты болуға, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Ел-жұрттың бір-біріне деген сүйіспеншілігін айту. 

1. Жақсы іске бас болу. 
2. Үлкен-кішінің жолын ашу. 
3. Алдағы өмірге мақсаттар белгілеу. 


Хор: 7 «Ж» сынып жігіттері


1-жүргізуші: Бата беру-адал ниет, жақсы тілек білдірудің дәстүрі.Дастархан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуанышты кезінде қол жайып, бата береді.Сондай-ақ алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілеп бата береді.


2-жүргізуші: Бата беретіндер, көбіне көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда- қуат, қиналғанда-медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген.


2 жүргізуші бірге: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! 

Бүгінгі алғашқы рет өткелі отырған: « Атадан қалған асыл сөз» бата беру сайысына қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: 

Сайыс, сайыс көңіл шіркін тасысын
Сайыс сайын жанкүйерлер қол ұрсын
Өнерлерін аямайтын біздерден
Сайыскерлер ортамызға кеп енсін – дей отыра бүгінгі сайысқа қатысушы жас қырандарымызды қол соғып құрметтеп ортаға шақырамыз.

7 «А» сыныбы:

7 «Ә» сыныбы:

7 «Б» сыныбы:

7 «В» сыныбы:

7 «Г» сыныбы:

7 «Д» сыныбы:

7 «Е» сыныбы:

7 «Ж» сыныбы:

7 «З» сыныбы:


2-жүргізуші:

Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің
Әділ баға берерге,
Шақырайық біз төрге.
Шеберлікті, білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіздер.
1-жүргізуші: Кезекті әділ – қазыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: 

__________________________________________


1-жүргізуші: Ал, олай болса сайыскерлерді сахна сыртына шығарып салайық.


Күй: Орындайтын 7 «Ж» сынып оқушысы Дәулет Мирас


2-жүргізуші:

Көп сөйлеп жөн жобадан біз аспайық
Қандай сайыс болса да біз қашпайық
Ал, ендеше рұқсат болса «Атадан қалған асыл сөз» атты бата беру сайысын біз бастайық деп сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.


1-жүргізуші: Сайыстың барысы
I «Сәлем сөздің анасы» сәлемдесу кезеңі
II «Ақ бата –асыл мұра» бата беру кезеңі
III «Қазақтың ырымдары – тиымдар» (сұрақ – жауап) кезеңі

2-жүргізуші: 1 Кезек «Сәлем сөздің анасы» кезеңіне береміз. Сайыскерлеріміз өздерін өлеңмен таныстырады. Алғашқы сайыскеріміз:

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

І кезеңімізді қорытындылап, сайыскерлеріміздің ұпай сандарын есептеп өтсек.

Әділқазылар сайыскерлерімізге берген ұпайларыңыз......


1-жүргізуші: Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.


2-жүргізуші: «Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер» деген сөз адамды iзгiлiкке, парасаттылыққа, мейiрiмдiлiкке баулиды. Ендеше бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы әрi тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, шешендiк тiлмен, әсерiмен, қол жайып айтылады. Олай болса, «Ақ бата –асыл мұра» кезеңін бастаймыз. Ортаға


--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:  ІІ кезеңді қорытындылайтын болсақ.


-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2-жүргізуші:  Қазақ елі салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарын қатты ұстаған халық. Осы кезге дейін ата-әжелеріміз сол дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Болашақ ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.


1-жүргізуші:  ?, сен қазақ халқының ырым-тиымдарын, әдет-ғұрыптарын білесің бе?


2-жүргізуші:  Иә, менің әжем маған күнде Ақты баспа! Керегені керме! Жағыңды таянба! Босағада тұрма! деген сияқты ырым-тиымдарды айтып отырады.


1-жүргізуші:  Жақсы екен, олай болса, сайыскерлеріміз ырым-тиымдарды жақсы білеме екен? Соны тексеріп көрейік.


2-жүргізуші:  Келесі кезең «Қазақтың ырымдары- тиымдары» (сұрақ – жауап) сайысы. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Сұрақтарға жауап береді.

1-жүргізуші: Тамаша, сайыскерлеріміз салт-дәстүрді, әдет- ғұрыптарды, жақсы сіңірген екен. ІІІ кезеңді қорытындыласақ


2-жүргізуші:  Әділ қазылар алқасы әділ шешімдерін шығарғанша, 7 «Ж» сынып жігіттерінің орындауында «Аягөз» әнін қабыл алыңыздар.


-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1-жүргізуші:  Бәрекелді, қарсыластар бірінен бірі қалыспайды екен. Сонымен сөз кезегін әділ – қазыларымызға береміз.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар осымен біздің бүгінгі «Атадан қалған асыл сөз» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтап жүрейік, Сау болыңыздар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.04.2022
885
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі