Материалдар / Сыныптан тыс сабақ. Не, қашан, қайда? Интеллектуалды сайыс. 9cынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс сабақ. Не, қашан, қайда? Интеллектуалды сайыс. 9cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиетінен сыныптан тыс сабақ өткізгісі келетін мұғалімдерге керек деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2020
1088
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясы















Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Ж.Аймауытовтың 130 жыл толуына орай



«Не, Қайда, Қашан?» интеллектуалды ойыны





Сыныбы: 9

Жауаптылар: С.Гапарова

















Сарыкемер 2019


Сабақтың тақырыбы: «Не? Қайда?Қашан?» интеллектуалды ойыны
Сабақтың мақсаты: оқушылардың танымдық, интеллектуалдық өй-өрісін кеңейту.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, қара корап, сұрақтары бар конверттер, күй әуені, суреттер, бейне роликтер.
Барысы: Сәлеметсіздер ме кұрметті әділ-қазы алқасы, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Ж.Аймауытовтың 130 жыл толуына орай өткізгізгелі отырған «Не?Қайда?Қашан?» ойынына қош келіпсіздер. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен дейді. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық бермейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.» екен. Бүгінгі ойынымыз да сол себептен «Не?Қайда?Қашан?» деп аталады. 9- сынып оқушылары Білсем екен деген типке жатады деген үмітпен, оқушыларды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

«Батылдық – балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралдарының бірі – сайыс екендігі белгілі. Алдымен сайысқа шығатын топтарды ортаға шақырамыз.
1 топ – «Талас тарландары» тобы
2 топ – «Байза
қ білгірлері» тобы
3-топ –
«Жамбыл жүйріктері»тобы
4-топ –
«Тараз тапқырлары»тобы

5-топ- «Гимназия ұландары» тобы


Жол сілтеген биіктерге ұстаздарың
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын.
Әділдікті тек алға мақсат еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын.


1.Мектеп-гимназия директоры Жаманова Гүльпаш Рамазанқызы

2.Директордың оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Алданбекова Өнерхан Бақыбайқызы

3.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мектепбаева Ибагүл Нағашыбайқызы
Бүгінгі ойын–сайысымызда өз өнерлерімен, білімдерімен сынасқалы тұрған ойыншыларымызды сайыстың шартымен таныстырып өтейін. 


Сайыс 7 кезеңнен тұрады:
1. «Өзім туралы» топтардың өздерін таныстыруы. (Аты, ұраны, эмблемасы. Болса слайд түрінде)
2. «Өнер алды-қызыл тіл» атты шешендік өнер 
3. «Зымыран» сұрақтар жарысы. Бұл бөлімде шапшаңдылыққа мән беріледі. Әр сұраққа 1ұпай.
4. Топ басшылар сайысы «Қатені тап»
5. «Ғажайып үштік».
6. «Құпия жәшік»
7. Полиглот

Жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Өнерімен биікке жетсе дейміз.
Бәсекегеке түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

1- «Талас тарландары» тобын ортаға шақырамыз.

2- «Байзақ білгірлері» тобын ортаға шақырамыз.

3- «Жамбыл жүйріктері»тобын ортаға шақырамыз.

4- «Тараз тапқырлары»тобын ортаға шақырамыз.

5- «Гимназия ұландары» тобын ортаға шақырамыз.

1 бөлім бойынша, әділқазылар бағасын білсек....

Жүргізуші:
2 сайыста  әр топтан 1 оқушы экранға қарап таңдаған тақырып бойынша 2 мин әңгімелеу керек.
Тақырыптар:

1. Ж.Аймауытовтың өмірі

2.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы

3.Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романы

4.Ж.Аймауытовтың «Күнікейдің жазығы» повесі

5.Ж.Аймауытовтың ғылыми еңбектері


2 бөлім бойынша, әділқазылар бағасын білсек....

3 бөлім. «Зымыран сұрақтар» сайысы. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар бөлек беріледі. Жауап нақты әрі тез болу керек. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпаймен белгіленеді. Әр топтан 1 оқушы шығады.
1 топ сұрақтары
1. Жүсіпбектің туған жылы? (1889)

2.Мұғалімдер семинариясын бітірген жыл? (1919)

3.Жүсіпбектің пьесалары (Мансапқорлар, Қанапия-Шәрбану, Шернияз)

4.Жүсіпбектің өлеңдері (Ұршық, Көшу, Жәмила)

5. «Шернияз» пьесасындағы Шернияздщың прототипі (С.Торайғыров)

2-топ сұрақтары
1.
Туған жері (Семей губерниясы, Павлодар уезі)

2.Мұғалімдер семинариясында кімдерден танысты? (Қ.Сәтпаев, М.Әуезов)

3.Жүсіпбектің аудармалары (Ревизор, Тасмейман, Телегей теңіз)

4.Жүсіпбектің қазақ халқының жауынгерлік салтын мақтан еткен туындысы? (Әскер марсельзасы)

5.Жүсіпбектің ұйымдастырған театр группасы (Ес-Аймақ)
3- топтың сұрақтары
1. Жүсіпбек орыс мектебіне қанша жасында түсті? (15 жаста)

2. «Абай» журналын кіммен бірігіп шығарды? (М.Әуезов)

3.Жүсіпбек кімдердің шығармаларын аударды? (Н.В. Гоголь, А.С.Пушкин, Дж.Лондон)

4.Жүсіпбектің заманның күрескер рухынан туған туындысы? (Еңбекшілер ұран, Жас әскер)

5.Ес-Аймақ театры қалай қалада ашылды? (Семей)
4-топтың сұрақтары

1.Әкесінің аты кім? (Аймауыт)

2.Алғашқы шығармасы қалай аталады? (Рәбиға)

3.Жүсіпбектің адамның жан дүниесін зерттеуге арналған кітабы? (Психология)

4.Жүсіпбектің романдары (Ақбілек, Қартқожа)

5. «Ақбілек» романында көтерілген мәселе (Әйел теңсіздігі)
5-топтың сұрақтары

1.Мұғалімдер семинариясына түскен жылы? (1914)

2.Жүсіпбектің ату жазасына кесілген жыл? (1931)

3.Жүсіпбектің пьесалары (Мансапқорлар, Қанапия-Шәрбану, Шернияз)

4.Жүсіпбектің «Мансапқорлар» пьесасының алғашқы атауы (Жебір болыс)

5. Бес арысты ата (Жүсіпбек, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Шәкәрім)


3 бөлім бойынша, әділқазылар бағасын білсек....


Келесі сайысымыз «Қатені тап» топ басшыларына арналады
1-топқа
Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта.
Мен үй жинағанда  бірінші шаң сөртемін. Алақай бүгін ұшақпен Алматыда кетеміз. Қазақ  ертегілерің аса қызықты .
2-топқа
9 сыныпта бізге  күніне 7 сабақ болады. Үлкенді силау, кішіге қамқорлықты ету қазақ халқынын ерекше қасиеттері. Аспан шайдай ашты.
3-топқа
Қазақ халқын өмірі төрт түлік малға тығыз байланысты.
Наурыз мейрамға  наурыз айнын 22-сі күнде мерекеленед.
Қорқыт ата VIIIғасырда өмір сүргөн асқан күйші, атақты ақын.
4-топқа 
Асан қайғы  өз заманының асқан ақылгөй.
Ертен   мен ерте  тұрамыз. Бұқар жырауда өлендері ғибрат, үлгі өнегеге толы.
5-топқа

Жүсіппек- «Ақбілек» раманының апторы. Ол сегіз қырлы бір сырылы дарың иесі. Жазыушыдан қалғаң әдеби- мәдени мұра өте көп.


4 бөлім бойынша, әділқазылар бағасын білсек....


Келесі бөлім, «Ғажайып үштік».
Экранға назар аударайық. Мына портреттегі ақын-жазушыларымыздың аты-жөнін, кім екенін айту керек . Әр сұраққа 1 минут./5-портрет/

1 топ. Ахмет Байтұрсынов

2.топ.Мағжан Жұмабаев

3 топ.Міржақып Дулатов

4топ. Жүсіпбек Аймауытов

5топ. Шәкәрім Құдайбердіұлы


5 бөлім бойынша, әділқазылар бағасын білсек....


Келесі сайысымызға да келіп жеттік 
Құпия жәшік ортаға әкелінсін.

Шарты: Жәшік ішіндегі суреттерге сай Ж.Аймауытовтың шығармаларын тап


6 бөлім бойынша, әділқазылар бағасын білсек....


7 бөлімге де келіп жеттік. Бұл бөлімде «Полиглот» ойыны
 Полиглот  3 тілде

1. Оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. (әңгіме-рассказ-story)
2. Эпикалық проза жанрының бір түрі. Көлемі әңгімеден көлемді көркем шығарма жанры. (повесть- повесть- story, tale)
3. Күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық шығарма. (роман-роман-novel)

4.Эпос жанрының бір түрі, белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. (поэма-поэма-poem)

5. Адам сезіміне құрылған, шағын көлемді, өлеңмен жазылған туынды. (лирика-лирика-lyrics)

7 бөлім бойынша, әділқазылар бағасын білсек....

жүргізуші:

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек.Осымен 9-сыныптар арасында өткен «Не? Қайда? Қашан?» атты ойын - сайысымыз тамамдалды. Бес топтың жүлдесін анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз.

Қорытынды. Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен мадақтау.

Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың-дей келе сайысымызды аяқтаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!