Материалдар / Сыныптан тыс сабақ «Шоқан - талант иесі» 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс сабақ «Шоқан - талант иесі» 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасынан алған білімдеріне қосымша мәліметтер, тарихи деректерге сүйене отырып, тақырыптың мазмұнын ашуға оқушының ой өрісін ойлау қабілетін дамытуға, ерлікке толы өмірін үлгі ете отырып, өз Отанын, жерін, халқын сүю
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1105
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

36 Ш.Уәлиханов атындағы НМ

Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі:

Конысбаева Роза Абилхановна


Сабақтың тақырыбы: «Шоқан - талант иесі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен ғылыми мұрасынан алған білімдеріне қосымша мәліметтер келтіре отырып, жан-жақты талдау жасау, пысықтау.

Дамытушылық: Тарихи деректерге сүйене отырып, тақырыптың мазмұнын ашу, оқушының ой өрісін ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға Шоқан Уәлихановтың ерлікке толы өмірін үлгі ете отырып, өз Отанын, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (сәлемдесу, түгелдеу)

ІІ. Тақырыпты анықтау кезеңі. Ой қозғау.

Үстел үстіне : карта, офицер киімі, «Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп», « Орыс география қоғамының мүшесі», «кадет корпусы» деген жазуды қоямын.

Мұғалім: Осы дүниелерге зер салсаңдаршы, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы айқындалады. (оқушылар айтқан соң тақтаға тақырыпты көрсету, өлеңмен бастау)

Бұл күнде аты мәшһүр дана Шоқан,

Өр тұлға, кесек ойлы дара Шоқан.

Қазақтың аспанында жұлдыздай боп,

Жарқырап ағып өткен баба Шоқан.

(Маман Ементаев)

- Оқушылар, бүгін қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, қысқа ғұмырында халқына өлмес, өшпес мұра қалдырған қазақтың біртуар ғалымы Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Шоқан – талант иесі» тақырыбында сыныптан тыс сабағымызды бастаймыз.

Эпиграф: «Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады. Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол – одан із қалады, іс қалады, сөз қалады».

Ы.Жақаев

Сұрақ: Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады?

Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер?

Олай болса балалар артына өшпес із, мол ғылыми мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бірі - қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов екен.

ІІІ. Кім көп біледі?

10 ұпай. Шоқан Уәлиханов қай жылы, қай жерде туылды?

( Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Қостанай облысы Құсмұрын бекетінде дүниеге келген)

10 ұпай. Шоқан Уәлихановтың әкесі, атасы, бабасы кім болған? (Әкесі Шыңғыс төре, атасы Уәлихан дуалы ауыз, бабасы Абылай хан)

10 ұпай. Шоқан Уәлихановтың анасы, әжесі кім болған? (Шоқан Уәлихановтың анасы - Зейнеп, әжесі - Айғаным.)

10 ұпай. Шоқан Уәлихановтың жан жары кім? (Шоқан Уәлихановтың жан жары Айсара Жетісу өңірін билеген Тезектөренің қарындасы)

10 ұпай. Шоқан Уәлихановтың шын толық аты кім? ( Шоқан Уәлихановтың толық аты Мұхаммед Қанапия)

20 ұпай. Шоқан Уәлиханов орыс география қоғамына қанша жасында мүше болды? (Шоқан Уәлиханов орыс география қоғамына 22 жасында мүше болды)

20 ұпай. Шоқан Уәлихановтың орыс саяхатшы досы кім? (Шоқан Уәлихановтың орыс саяхатшы досы Т. Н. Потанин)

20 ұпай. Шоқан Уәлихановтың еңбектерін аса құрметпен өте жоғары бағалаған ұстазы кім? (ол Петр-Петрович Семенов-Тянь-Шанский)

20 ұпай. Шоқан Уәлиханов қай жылы, қай жерде қайтыс болды? (Шоқан Уәлиханов 1865 жылы 25 мамырда бұрынғы Талдықорған облысы, Алтынемел тау баурайында 30 жасында өкпе ауруынан қайтыс болған)

20 ұпай. Шоқан Уәлиханов туралы түсірілген кинофильмдегі Шоқан ролін сомдаған актер кім? (Сағи Әшімов Асанәліұлы)

30 ұпай. Шоқан Уәлиханов қай жерде, қай жылдары білім алды? (Шоқан Уәлихановтың балалық шағы Құсмұрында кейінірек атамекені Сырымбетке көшіп келеді. Мұсылман мектебінен арабша хат таниды. 1847 жылы 12 жасында Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 жылы 18 жасында ойдағыдай бітіріп, офицер мамандығын алып шығады)

30 ұпай. Қырғыз халқының Манас эпосын алғаш рет қағазға түсірген саяхатшы ғалым кім? (Манас эпосын алғаш рет қағазға түсірген Шоқан Уәлиханов)

30 ұпай. Шоқан Уәлихановтың қандай еңбектері бар? («Жоңғария очерктері», «Алты шаһар», «Тау қырғыздары», «Күнделік дәптерлер» т.б.)

30 ұпай. Шоқан Уәлихановтың қанша суреттерін білесіңдер? (Шоқан Уәлихановтың 150 суреті бар: «Шыңғыс ауылы», «Айғаным мекен - жайы», «Құсмұрын» т.б.)

30 ұпай. Сурет өнері дарыған бауыры немере інісі кім? (Шота Уәлиханов Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторы)

40 ұпай. Шоқан Уәлиханов І - саяхатына қай жылы, қайда шықты? (Шоқан Уәлиханов 1855 жылыАлатау – сарыарқа саяхатына 1856 жылы. Құлжаға .)

40 ұпай. Шоқан Уәлиханов ІІ - саяхатына қай жылы, қайда шықты? (Шоқан Уәлиханов ІІ – саяхатына Қашқарға 01.07.1858 -11.03.1859ж. )

40 ұпай. Шоқан Уәлиханов ІІІ - саяхатына қай жылы, қайда шықты? (Шоқан Уәлиханов ІІІ – саяхатына Яркентке 10.10.1858 -14.10.1858ж.)

40 ұпай. Шоқан Уәлиханов ІV - саяхатына қай жылы, қайда шықты? (Шоқан Уәлиханов ІV – саяхатына Верный бекінісіне 11.3.1859ж.)

40 ұпай. «Сыйлық»

50 ұпай. Шоқан Уәлихановтың қай саяхаты ғалым үшін өте маңызды? (Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға жасаған саяхаты орыс география қоғамы үшін аса құнды болды. Яркент (Қашқар, Янги Гиссар, Котан, Ақсу, Турфанды ашты)

50 ұпай. «Сыйлық»

50 ұпай. Сурет салу өнерінің дамуына себепші болған зерттеуші ғалым кім? (Шоқан жастайынан сурет салуды ұнатады. Ары қарай дамуына кадет корпусында шығыс елдерінің тілін, мәдениетін зерттеуші ғалым А. А. Сотниковтан үйренеді. Сурет салу ой-өрісінің дамуына әсер етеді)

50 ұпай. Шоқан Уәлихановтың таңдамалы шығармалар жинағы туралы не білесіңдер? (Шоқан Уәлихановтың 5 томдық таңдамалы шығармалар жинағы 1961-72 жылдар аралығында Әлкей Марғұланның басшылығымен жарық көрді)

50 ұпай. Құлжаға жасаған саяхатының маңызы неде? (Құлжаға жасаған саяхатында дүние жүзіне беймәлім Қырғыз халқының тарихын, ауыз әдебиетін, ән-күй, салт-сана, әдет-ғұрпын зерттеді. Манасты жазып, орысшаға аударды. Оған дейін қазақ қырғыз бір халық деп қырғыз деп аталып келсе, Шоқан тілі жағынан да, үрім-бұтақ, әдет-ғұрып жағынан да айырмасы бар, екі бөлек халық екендігін анықтап берді)

IV. Тірек сызба

    1. Шоқан – тілші (сызба)

Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8 Shape9 Білген тілдері





Қазақ Ұйғыр орыс парсы монғол араб қалмақ қырғыз

Шоқан қазақ, қырғыз, ұйғыр басқа да түркі тілдес тілдерді жете білген, бала кезінен ақ араб, парсы тілдерін меңгерген, кейінірек монғол, қалмақ, қытай тілдеріне байланысты арнаулы ізденістер жүргізген.

2. Шоқан - музыка (суреттер)

Қазақ музыкасының суреттері.

Shape10 Shape11 Shape12 Shape13 Shape14 Shape15





Біржан сал Ақан сері Жаяу Мұса Тәттімбет Қартқожа

Шоқан жас кезінен ән айтқанды ұнатты. Ол Біржан сал, Ақан сері,Жаяу Мұса әндерін, Тәттімбет күйлерін тыңдап өскен. Солардың әндеріне, тәнті болған Шоқан олардың да суреттерін салған.

V.Математикалық ойын.

  1. Шоқан қанша жасынан бастап хат таныған?

( * : 5) – ( 20 : * ) = * (50:5) – (20:4) = 5

  1. Шоқан кадет корпусын қанша жасында бітірді?

( 57- * ) + ( * + 4 ) = * (57-50) + (7+4) = 18

  1. Шоқан неше жасында дүниеден өтті?

( * - 200) – 20 = * (250-200) – 20 =30

  1. Ә. Марғұлан Шоқанның еңбектерін қанша жылдық тойына арнап құрастырды?

( + * 3) – (10* + ) = * (100*3)-(10*15)=150

VI.Сандар сөйлейді.

1835 жылы – Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген.

1847-1853 жылдары – Омбы кадет корпусында білім алған.

1853 жылы – Омбы генерал ө губернаторы Г.Х.Гасфорттың адьютанты болып қызмет етеді.

1854 жылы – Жетісу, Шығыс, Орталық Қазақстан өлкелерін аралап, саяхатқа шығады.

1856 жылы – Шоқан қырғыз еліне, Ыстық көл аймағына сапарға шығады.

1857 жылы – Орыстың императорлық географиялық қоғамына толық мүше болып сайланады.

1858 жылы – Шығыс Түркістанға (Қашқарияға) сапарға шығады.

1859-1861 жылдары – Ресей мемлекетінің сол кездегі астанасы Санк-Петербургте тұрады.

1864жылы – Генерал М.Г.Черняевтің әскери жорығына қатысады.

1865жылы – Дүниеден озды.

VII. Ребус құрастыру. (Екі топқа тақырыпқа байланысты тапсырма ретінде ребус құрастырту және екі топ бір-біріне жасырады)

Оқушылар ребустарын дайындағанша көрермендермен математикалық ойын ойнайық.

1-сұрақ. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала? Жауап: 6 бала

2-сұрақ. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа неше минутта піседі? Жауап: 12 минут

3-сұрақ. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. Жауап: атасы, баласы, немересі.

4-сұрақ. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? Жауап: 10 торғай, қалғаны ұшып кетті.

5-сұрақ. Оқушылар мектеп ауласына 30 түп ағаш отырғызды. Олардың 80%-ы алма ағашы болса, онда оқушылар қанша алма ағашын отырғызды? Жауап: 24 алма ағашы.

6-сұрақ. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12км жол жүрді. Осы уақыт ішінде бір ат қанша жол жүрді? Жауап: 12км

7-сұрақ. Қорада тауықтар мен қояндар бар, олардың барлығы 15 бас, 60 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? Жауап: 5 тауық, 10 қоян

8-сұрақ. Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді? Жауап: 3 үйрек.

VIII. Сабақты бекіту.

1.Топтастыру: Shape17 Shape16

Shape18 Shape19

Шоқан кім?



Shape20

Shape21





Shape22

Shape23

Shape24

Shape26 Shape25





Шоқан тарихшы,әдебиетші, философ, географ, этнограф, ойшыл, суретші, фольклоршы, өнертанушы, музыкант, ғалым, ағартушы, аудармашы)

ІХ. «Бір-біріңді тексер» ойыны. (тест жауаптарын белгілеген соң, тақтадағы дұрыс жауаптар бойынша екі топ мүшелері бір - бірін тексереді)

Тест сұрақтары.
1.Шоқанның шын аты кім?
а) Ибраһим
ә) Мұхаммедханафия +
б) Садуақас
2. Шоқан қай жылы дүниеге келді?
а) 1835 +
ә)1845
б)1865
3. Шоқанның туған жері.
а) Қостанай облысы , Қызылту ауданы
ә) Алматы облысы, Ақсу ауданы
б) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті +
4. «Жалпы жолдастарының, соның ішінде маған, ол «Еуропаға ашқан терезе іспеттес», - деп кім айтты?
а) Г.И.Потанин +
ә) В.В.Григорьев
б) Н.И: Ильминский
5. Шоқанның балалық шағы қай жерде өткен?
а) Сырымбет +
ә) Сандықтас
б) Шыңғыстау
6.Шоқанның әжесінің аты.
а) Ұлжан
ә) Зейнеп
б) Айғаным +
Шоқанның арғы атасы
а) Абылай +
ә) Шыңғыс
б) Уәли
8.Ш.Уәлихановтың кадет корпусына оқуға түскен жылы.
а) 1852
ә) 1847 +
б) 1858
9. Шоқанның кадет корпусын бітірген жылы.
А) 1852
ә) 1853 +
б) 1854
10. Шоқан Қашқарияға қашан саяхат жасады?
а) 1858-1859 +
ә) 1854-1857
б) 1847-1853
11. Шоқан қай жырды қағазға түсірді?
а) «Алпамыс»
ә) «Қобыланды»
б) «Манас» +
12. Шоқан қай жылы Орыс География мүшелігіне сайланды?
а) 1861
ә) 1858
б) 1857 +

Х. 5 жолдық тұжырымдама:

  1. Кім? (Шоқан)

  2. Қандай? (Алғыр, ақылды, білімді, өнерлі, зерек)

  3. Не істеді? (зерттеді, саяхат жасады, аралады)

  4. Синоним. (Зерттеуші – ғалым, алғашқы - тұңғыш, атақты – белгілі, танымал - әйгілі)

  5. Бір сөйлем. (Ш. Уәлиханов – қазақтың тұңғыш әскери ғалымы)

  1. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

«Халықтың дұрыс өсіп, дамуы үшін ең әуелі бостандық пен білім керек», деп халықтың жарқын болашағы үшін жас ғұмырын сарп еткен қазақтың түңғыш ғалымы Шоқанның арманы бүгінгі кезде орындалды. Еліміз тәуелсіздігін алып, білім мен ғылым жолында құлашын кеңге жайып келеді. Кімде кім мәдениетті, білімді адам боламын, сол арқылы өз еліме, өз Отаныма бір пайда келтіремін десе Шоқанның өмірі мен ісінен үлгі алуы керек.

- Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге көп рахмет! Шынықса «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын тұратын ұрпақ болып өсіңдер! Білімдерің шыңдала түсуіне тілектеспін! Сабақ аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!