Пән аты:
биология
Класс: 8 «а», «б», «в»,
«г»
Тақырыбы: «Зоология әлеміне
саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сабақта алған
білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге
қызығушылығын, танымдық көзқарастарын
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға,
қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың
әдісі: ойын, сұрақ – жауап, топтық
жұмыс.
Сабақтың
типі: Сабақтан тыс сайыс
сабағы.
Көрнекіліктер: Интерактивты тақта, слайдтар,
сулы препараттар
Сайыстың барысы:
- Қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 8- сынып оқушыларымен өткізілгелі отырған «Биология әлеміне
саяхат» сайысына қош келдіңіздер!
- Бүгінгі сайыс барысында осы
биология пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін,
ақылдары мен ептіліктерін сарапқа салатын
боламыз.
- Әділ қазы, ақ қазыға сәлем
бер,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар, сайыстарда неше
бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе
сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар: ...
(әділқазылармен таныстырады)
-Біреу озса сайыста,біреу артта
қалады,
Ренжімей тарасса, озбағандар
жарады.
Жарыс заңы ежелден -
жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол -
еңбектену, жалықпау,-
Ендеше ортамызға биологя пәні
бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр
оқушыларымыз өз топтарын таныстырып өтсін.
Сайысымыздың жоспарымен
таныстырып өтсем:
І – кезең «Бәйге»
ІІ – кезең « Кім білігір?»
ІІІ – кезең «Дода»
ІҮ - кезең «Тапқыр достар»
Ү – кезең «Жорға»
Қарап тұрмай бәйгеге
еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім
беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді
көріңіз, - сайысымыздың «Бәйге» атты І –
кезеңін бастайық.
Шарты:
Бұл кезеңде 15 сұрақ
қойылады, әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
-
Адам ағзасындағы ең ірі жасуша? (жұмыртқа мен
жүйке)
-
Адамның пайда болуын, тарихи
даму кезеңдерін зерттейтін ғылым?
(антропология)
-
Жасушалардың құрылысы мен
қызметін зерттейтін ғылым? (цитология)
-
Мүшелердің сыртқы жағын жауып,
ішкі мүшелерді астарлап жататын ұлпа?
(эпителий)
-
Сүйек, шеміршек, сіңір,
майлар, қан, лимфа қай ұлпаға жатады?
(дәнекер)
-
Жүйке ұлпасының ұзын өсіндісі
қалай аталады? ( аксон)
-
Бұлшықеттер мен қанқа бірігіп
қандай жүйе құрайды? (Тірек - қимыл)
-
Сезім мүшелер жүйесіне қандай
мүшелер жатады? (көз, мұрын, тіл, құлақ,
тері)
-
Аралас бездерді ата? (ұйқы
безі мен жыныс безі)
-
Гипофиз бөлетін өсу гормоны
мөлшерден артық бөлінсе қандай ауру пайда болады?
(акромегалия)
-
Қалқанша без қандай гормон
бөледі? (тироксин)
-
Панкреатин гормонын қай без
бөледі? (ұйқы безі)
-
«Көңіл күй» гормонының екінші
атауы? (адренолин)
-
Айырша без қандай гормон
бөледі? (тимозин)
-
Қалқанша безден тироксин
гормоны көп бөлінсе қандай ауру пайда болады? (бадырақкөз, базедов
ауруы)
Асыл тастан, өнер
жастан
Шығады деп
дарынды.
Халық айтса қалт
айтпайды,
Әрқашан да нанымды,- дей келе
сайысымыздың ІІ – кезеңі «Кім
білгір?»
Шарты: Әр топқа кесте беріледі.
Кестеде 12 жауап берілген, сол жауаптарды орын орнына апарып
орналастыру керек. Әр ұрыс жауапқа 1
ұпай.
Шеміршекті балық
|
Сүйекті балық
|
|
|
-
Қортпа, шоқыр, пілмай, бахтах.
-
Жұпбалық, тұтасбас, акула.
-
Терісі ірі қабыршықтармен
қапталған.
-
Желбезегі сыртында сүйекті қақпағы
бар.
-
Терісі плакоидты қабыршықтармен
қапталған.
-
Тұмсығы алға қарай созылыңқы.
-
Торсылдағы болады.
-
Клоакасы бар.
-
Аналь тесігі бар.
-
Іштей ұрықтанады.
-
Сырттай ұрықтанады.
-
Уылдырғының саны аз
Жауабы:
Шеміршекті балық
|
Сүйекті балық
|
2, 5, 6, 8, 10, 12
|
1, 3, 4, 7, 9, 11
|
Осы екі кезеңде ең аз ұпай
жыйнаған 1 топпен қоштасамыз. Әділқазыларға сөз
беріледі.
Білім деген биік
шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп
сайысымыздың келесі кезеңі «Дода».
Шарты: Ұяшықтарда жасырынған
сұрақтарға жауап беру. Дұрыс жауап берілмесе қарсыластары жауап
беріп сол ұпайды алуарына болады.
І. Зерттеулер нысаны
Сұрағы:
20-сұрақ «Мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін
зерттейтін ғылым?»
30-сұрақ «Адамның денесінің дұрыс қалыптасуына
және денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды зерттейтін
ғылым?»
40-сұрақ «Ағза мен мүшелердің пішінін, құрылысын
зерттейтін ғылым?»
Жауабы:
20 сұрақ –
Физиология.
30 – сұрақ - Гигиена
40 – сұрақ –
Анатомия
ІІ. Трмин сөздер
Сұрағы:
20-сұрақ «Адамның дене
жасушасындағы хромосома саны қанша?»
30-сұрақ «Нәруызды синтездейтін
органоид?»
40-сұрақ «Жасушада заттардың тасымалдануына,
қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысатын
органоид?»
Жауабы:
20 – сұарқ – 46
30 – сұрақ –
рибосома
40 – сұрақ – Гольджи
жиынтығы
ІІІ. Қызықты биология
Сұрағы:
20-сұрақ «Мына құстардың қауырсындары неге су
болмайды?»
30-сұрақ «Барыстың күшігі қалай
аталады?»
40-сұрақ «Аюдың аталығы-матай, ұрпағы қонжық,
аналығы қалай аталады?»
Жауабы:
20 – сұрақ – құйымшақ безі
болаы.
30 – сұрақ – алан
40 – сұрақ – кірекей
ІҮ кезең «Тапқыр
достар».
Шарты: Жұмбақтарды шешу. Әр дұрыс
жауапқа 10 ұпай. Осы кезеңнен кейін ұпай аз топ ойынан
шығады.
-
Тұщы су оның тұрағы,
Өзгеріп пішіні
тұрады.
«Аяғының» саны
көп,
Бірақ жоқ оның құлағы.
(амеба)
-
Бұл жасуша қорек ұстар
құралы,
Сыртқы қабат оның – дағы тұрағы.
Жауы келсе жақын тартып жанына,
Жіпшесімен дәлдеп тұрып «ұрады» ( атпа
жасушалары)
-
Өзі жыртқыш, жемін аулар қырағы.
Табаны бар – бұл белгісі келесі,
Іші қуыс, қос қабатты денесі. (Гидр)
-
Пішіні оның қолшатырға ұқсаған,
Еркін жүзу тән қасиет дәл соған.
Жиегінде бар көптеген шашағы,
Қуыстағы суын артқа шашады. (медуза)
-
Жасушалар атпалы – өлтіреді өз жауын,
Бұдан басқа көп жасуша өз алдына бір қауым.
Неше түрлі жасушадан құралған,
Дәл тауып айт, сыртқы қабат атауын. (эктодерма)
Ұпай аз топты әділқазылар айтып
өтсін.
Ү кезең – «Жорға» топ жетекшілер
сайысы.
Шарты:
екі конверт берілген,
екеуінде де сурет жасырылған. Сол суреттін мағынасын ашу. Дұрыс
жауапқа 20 ұпай
1 конвертте
Шегірткенің дамуының суреті
салынған
Жауабы: Шала түрленіп
даму. 3 сатыдан тұрады. Бұндай даму жолымен шегірткелер, инелік,
таракан дамиды.
2 конвертте
Көбелектің дамуының суреті
салынған
Толық түрленіп даму. 4
сатыдан тұрады ерекшелігі қуыршақ сатысы болады. Бұндай жолмен
көбелектер, масалар, шыбындар, аралар, қоныздар
дамиды.
Жеңімпазды анықтайтын кез жетті.
Әділқазыларға сөз берсек.
Қорытынды:
«№3
жалпы орта білім еретіни мектеп» КММ
Сынып: 8 «а», «б», «в»,
«г»
Биология пән мұғалімі:
Мұхамдьярова Назым Нуридинқызы
2012 – 2013 оқу
жылы