Сайыстың тақырыбы:«Латын әліпбиіне көшу–рухани
жаңғырудың іргетасы»
Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп,
белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.
Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі
шыңдай түсу.Әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім
алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту.
Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін
дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Латын әліпбиін жақсы
меңгерген (сыныпты) топты анықтау.
Мұғалім:
– Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар
халқымыздың болашағы,еліміздің ертеңі.Оқушылардың ой-өрісін
кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын білімді жастарды
анықтайтын,білімге қызығушылығын арттыратын « Латын әліпбиіне көшу
– рухани жаңғырудың іргетасы » тақырыбындағы білгірлер мен
тапқырлар сайысына қош келіпсіздер!
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазаланбайды.Әр уақытта да
батыл.
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ
Азаматын өзара күрестірген-дей отырып бүгінгі сайысымызды
бастаймыз! Алдымен сайысқа қатысып отырған топтармен таныстырып
өтейін. 6 «А» сынып оқушыларынан құралған « » тобы, 6«Ә» сынып
оқушыларынан құралған « » тобын ортаға шақырайық.
- Сайысқа төрелік айту үшін қазылар алқасымен таныстырып
өтейін.
----------------------------------------------------------------------------------------------------
Әр
бөлімнен кейін қазылар алқасы яғни, апайларың бағалап, түсінік
беріп, ұпай сандарын көтеріп отырады.
- Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлерін сайлады.
Бүгінгі біздің сайысымыз 6 кезеңнен
тұрады:
1-
кезең. Топты таныстыру, осы сайысқа түсудегі мақсаты.
Ұраны
2-
кезең.
«Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі
нұсқа жауап берулері керек.
3-
кезең. Бұл
кезеңде мәтінді кириллицадан латын қаріпіне
аударады.
4-
кезең. «Образға ену» (әр топтан
сайыскерлер бір-бірден шығып, шардың ішінен шыққан қағаздағы
берілген тапсырманы орындауы тиіс)
5 -кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады, яғни
салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру
керек.
6-
кезең. «Тапқырлық» деп аталады. Мақалдың жалғасын
табу
Мұғалім:
Бас
иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Білімдерін паш етіп
сайыскерлер,
Сәті келіп қалғандай танысатын – дегендей
сайысымыздың 1-кезеңі «Таныстыруды»
бастаймыз. (әр
топ өзінің тобын,мүшелерін таныстырады)
2 -кезең. «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар
берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері
керек.
1-топқа:
Қазақ тілі қай топқа жатады?(түркі
тілдер)
«Кел,балалар оқылық»өлеңінің
авторы.(Ы.Алтынсарин)
Тіл
мерекесі қашан?(22 қыркүйек)
Бір
ғасырда қанша жыл бар? (100)
«Тілін жұтып қойды»фразеологизмінің мағынасын
түсіндір.
Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5
дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік,
мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
«Сұлу» сөзінің синонимі (ажарлы, көрікті,
келбетті, дидарлы)
Жеті қазынаны ата (ер жігіт, сұлу әйел,
ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік ит
(тазы)
Жерұйықты іздеген кім? (Асан
қайғы)
10.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
(Т.Әубәкіров)
2-топқа:
Латын әліпбиінде неше әріп бар?(32
әріп)
Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай
Құнанбаев)
Абайдың шын аты? (Ибраhим)
Тәуелсіздік алған жыл? (1991ж)
«Қой аузынан шөп алмау» фразеологизмінің
мағынасын түсіндір.
Бір
жылда неше күн бар? (365)
Абайдың неше қара сөзі бар?
(45)
«Салмақты» сөзінің синонимі ( байсалды, ұстамды,
сабырлы )
Жеті атаны ата (әке, бала, немере, шөбере,
шөпшек, немене, туажат)
Күй
атасы кім? (Құрманғазы)
3-кезең. Бұл кезеңде мәтінді кириллицадан латын
қаріпіне аударады. Абайдың жиырма тоғызыншы қара
сөзі
1-топқа:
Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске
татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не
адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма»
дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы
жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса,
ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден
тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы
адамның ісі.
2-топқа:
«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам
баласының бермейтіні жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз
осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп қорлықпенен өмір
өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау
керек қой.
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды»
дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтынды не қылсын,
өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
4 -кезең. «Образға ену» (әр
топтан сайыскерлер бір-бірден шығып, шардың ішінен
шыққан қағаздағы берілген тапсырманы орындауы
тиіс)
1.Өзіңе қазақ тілі пәнінен сабақ беретін
мұғалімнің образына ену
2.Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара
болыңыз
3.Суға кеткен адамға алғашқы көмек
көрсету
4.Бір-біріне ысылдасқан екі жылан
болыңыз
5.Ұшып келіп,ағашқа отырып,елді оятқан тауықтың
бейнесін сомдаңыз
6.Қасқырдан қашқан қоян бейнесін
көрсетіңіз
7.Өзіңнің жақсы көретін мұғаліміңнің образына
ен
5-кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп
аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап
беру керек.
1-топқа:
1.Нағашы деген кім?
2.Бата беру дегенді қалай
түсінесіңдер?
3.Ұлттық киімдерді атап бер.
4.Беташар туралы не білесің?
5.Ұлттық ойындарды атап бер.
6.Ораза деген не?
2-топқа:
1.Айт мейрамы туралы не
білесің?
2.Қандай туыстық атауларды
білесің?
3.Ұлттық тағамдарды ата?
4.Қандай салт-дәстүрлерді
білесің?
5.Тұсау кесу деген не?
6.Құда шақыру деген не?
6-кезең. «Тапқырлық»
Мақалдың жалғасын
табу
1-топқа:
1.Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас
жарады).
2.Бал тамған тілден ... (у
тамған).
3.Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз
бұзар).
4.Жақсы сөз - ... (жарым ырыс)
5.Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар)
6.Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі
ортақ).
7.Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап
сөйлер).
8.Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек
жоқ).
9.Дәлелсіз сөз ... (желмен
тең).
10.Тіл қылыштан ... (өткір).
2-топқа:
1.Піл көтермегенді, ... (тіл
көтереді).
2.Тілден артық ... (қазына
жоқ).
3.Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой
өсіреді).
4.Жыланның уы тісінде, Адамның уы ...
(тілінде).
5.Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де
тіл).
6.Өнер алды - ... (қызыл тіл).
7.Айтылған сөз - ... (атылған
оқ).
8.Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен
шығады).
9.Басқа пәле - ... (тілден).
10.Тілге құрмет - ... (елге
құрмет).
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі
сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар
алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын
анықтайық!
Мұғалім: Латын тілі – ғылым мен техниканың
тілі. Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған
қажеттілік.Ғалымдарымыздың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін
қабылданғалы отырған маңызды шешімге қолдау білдіру,
жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір
қазақстандықтың абыройлы міндеті деп түсінемін! Келіп, көріп
тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!