Материалдар / Сыныптан тыс шара "Әке асқар тау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Әке асқар тау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл шара әкелерді бала тәрбиесіне қалай қарайтынын, баламен жұмыстану жөнінде.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
1129
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әке – асқар тау

Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-

қатынасты нығайту. Ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру. Әкеге деген бала махаббатын ояту. Әкенің адам өмірінде алатын орны ерекше екенін түсіндіру. Ата-ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар,әке туралы жазылған нақыл сөздер.

Барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Кіріспе сөз.

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Жақсыдан жаман туады,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады,

Адам айтса нанғысыз.

Ұлтымызда «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болуы үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек»,-деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі екені бәрімізге белгілі.

Әрқашан еліне бас иетін.

Отбасы мерекесі,берекесі,

Үлгі еткен әкелер тәрбиесін-дей келе 2б сынып оқушылары дайындаған «Әке-асқар тау» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Біздің тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтпекші.

Енді ортаға нар тұлғалы жас әкелерімізді ортаға шақырайық.(бала әкесімен шығады)

Әке деген биік шыңы адамның,

Әке деген тірегі ғой ғаламның

Әке деген бойыңда аққан қаның да,

Шыққан тегің,ол-негізің жаның да.

Не десең де әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп

Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден жаралған.

Қандай қымбат сөз еді әке деген

Әке емес пе өсіріп мәпелеген.

Әкесі бар балалар болады екен,

Аспандағы айды да әпер деген.

Ақылменен терең ойлап қарасақ,

Әке деген алдыңдағы парасат

Өміріңнің өшпелі мәңгі іздері.

Артыңыздан ере берсін болашақ.


Сайысымызды бастамас бұрын, кезеңдерімен таныс болайық.

1. « Найзасыз ер,таңбасыз ел болмайды» Таныстыру

2. Ситуациялық сұрақтар.

3. Ердің асылы күшімен білінеді. Қол күресі

4. Ептілік пен жылдамдық

5 «Кім шапшаң» ( сұрақ-жауап)

( Әділқазылар алқасын сайлау)

Сөз оқушыларға беріледі.


1. Сәулелі сөз сөне ме 2. Әкем шытса қабағын

Орны бөлек батаның Байқа- балам дегені

Бізге тәлім-өнеге Алғаным көп-ақ сабағым

Ақ тілеуі әкенің. Жақсы көрем мен оны.


3. Бойға қуат береді 4. Теңіздей шалқып жүремін

Әй жарайсың дегені Сүйенер сенсің тірегім

Мен әкемнен әр кезде Барсам да қайда жан әке

Соны естігім келеді. Өзіңмен бірге жүремін.


5. Ойнаймыз,күлеміз 6. Қамқорсың әке өмірде

Жарқылдап жүреміз Қуатым сенсің көңілге

Әкені сыйлаймыз Әлпештеп мені өсірдің

Айтқанын тыңдаймыз. Ұшармын ертең көгіңде.


-Барлық қатысушыларға сәттілік тілейік.

І-кезең «Найзасыз ер,таңбасыз ел болмайды» Таныстыру.

Сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.

Өнерпаз шықсын алдыға

Әнін тыңдап тамсанып,

Қол соғалық қарсы алып.

Ән: Әке туралы


Мұғалім: Алғашқы мектеп табалдырығын аттаған баласымен бірге, ата-анаға да маңызды бір жауапкершілік жүктелері анық. Әрбір ата-ана үшін баланың жетістігі: үлкен қуаныш,мақтаныш сезім. Ал сын- ескертпелер: әрине өкініш, реніш тудырары анық.Осындай сәтсіз кезеңдер болмауы үшін жас отбасы әкелеріне көмек ретінде де осы тәрбие сағатымыз өтілуде.

Зерттеулерге сүйенсек,1998 жылы ғалымдар балаларды тәрбиелеуде әке ролінің артқанын анықтаған. Алайда өз мүмкіндіктерінің бар болуына қарамастан, көптеген ер адамдар жұмысбастылықты айтып: «Бұл анасының міндеті» деп ысыра салатыны рас. Бірақ ер адамдар қандай психологиялық қажеттіліктің-қамқорлау және оқытуға байланысты әкелердің екі типке бөлінетінін біле бермейді.

Ендеше экранға назар аударалық.

1.Бала-әлсіз,қорғансыз,оның жылағаны көмекке шақырғандай болып көрінген кезде,яғни баланың өзіне назарын аударып,бір нәрсені сұраған мезгілде әкелігі көрініп,қамқорлауға ұмытылушы әкелер;

2. Басқа ер адамдарда негізгі қажеттілік-оқыту,өз білімі мен біліктілігін беру,тікелей айтқанда өз баласын ұрпақ жалғастырушы ретінде яғни дұрыс тәрбие беретін әкелер;

Ал балалар өзіне деген әкенің қатынасын мұндай жіктеулерге бөлінетінін білмейді, бірақ олар әкенің мінезіне қатысты барлық жетістіктер мен кемшіліктерді атай алады.Жақын арада балаларға мынадай сөйлемдер қатарын аяқтау ұсынылған болатын.

(үзінділер оқылады)

ІІ-кезең «Ситуациялық сұрақтар»

Әкелерге сұрақтар беріледі. ( конверт таңдау)

Осы жерде сіздердің қаншалықты жағдаяттан шығуыңыз және өмірде қаншалықты әртістік қасиеттеріңіз бар екені анықталады.Рөлге еніп тығырықтан шығу.


1.Балаңыз үйге сырттан қатты ашуланып келіп, бөлмесіне кіріп, шықпай қойса, сіз не істер едіңіз?

2. Балаңыз күнделікті «Мектепке қосымша сабақтар дайындығына барып жүрмін» дейді, бірақ ол өтірік екен. Ол уақытты ойынмен өткізіеді екен. Оны сізге балаңыздың досы айтып қойды. Сіз ашуланасыз не істейсіз?

3. Балаңыз 11 ші сыныпты бітіріп жоғары оқу орнына түсіпті. Қалаға кететін де уақыт болды. Сіздің көңіліңіз бұзылып, жылағыңыз келіп, балаңызды қимай, сондай бір күйде тұрсыз. Балаңыз да сізге қарап жалтақтап тұр. Сіз сол кезде не істер едіңіз?

Ойын: «Мадақтау және жазалау»\

Шарты: Қағаздың бір жағында баланы мақтаған кезде қолданатын сөздер,екінші жағына сөгіс жариялау,ұрысу кезінде қолданатын жазалау сөздерін жазыңыз.( қай бөлікте сөз көп болғаны жөнінде сараптаманы әділқазылар қарап,қорытындылайды)


Әкемізді тыңдаймыз, Тура менің әкемдей

Анамызды сыйлаймыз. Әке кімде бар екен?

Екеуіне сүйеніп, Қызым менің-алтын деп,

Өзімізді шыңдаймыз. Елжірейді жан әкем.


Әке қамқор балаға Еркелеткен кезінде

Өнегесін үйренем. Сұлу болып кетеді

«Жалғасым » деп,Ұлым деп, Мейірім толы көзіде,

Әкем өрге сүйреген. Бір бақытты етеді.


Ақтасам деп сенімін, Бестігіммен әкемді

Жақсы оқимын сабақты. Қуантуға асығам

Ұлы бол деп еліңнің Сансыз сыйлық әперді,

Алла мені жаратты. Менің әкем асыл жан.


Би билейді біздің қыздар тамаша

Әуезді әнмен құлпырып бір жараса

Би: Арива


ІІІ-кезең «Ердің асылы күшімен білінеді» ( әкелер қол күресі)


Рисунок 6


Иә,құрметті әкелер,сіздің балаларыңыз өздеріңді дәл осы қалпында жақсы кореді. Өйткені олар «Менің әкем» атты шығармаларында сіздерге деген ыстық ықыласын жазыпты,солардың кейбіреулерінен үзінді оқуды жөн көрдім. (шығарма оқылады)

Міне құрметті әкелер,балаларыңыз осылай деп ой қозғайды.


ІҮ-кезең. «Ептілік пен жылдамдық»

1) Картобымыз қапта тұр

Әкелеріміз сапта тұр.

Жылдамдық пен ептікті,

Осы кезең күтіп тұр.

( Баласы картопты береді, әкесі үзбей әрі жұқалап тез аршиды.)

2) Шар үру. Әкесі шарды үреді, баласы оны жарып ішіндегі тапсырманы орындайды.

Рисунок 5

Ширату: « Күлдіргі жұмбақтар»

1.Кім барлық тілде сөйлейді?

2.Тышқан аулағышты 5 әріппен қалай айтуға болады?

3.Қай кезде аспан жерде тұрады?

4.Қандай бөшкеге су құюға болмайды?

5.Қандай тауықтың етін жеуге болмайды?

6.Адам есектен неге құлайды?

7.Түйеқұс өзін құспын деп айта ала ма?

8.Алманың жартысы неге ұқсайды?

9.Әуеге лақтырғанда құламайтын не нәрсе?


Ү-кезең. «Қызықты сұрақтар»

Бұл сайыста әр әкеге қызықты сұрақтар қойылады,сіздер тез жауаптарын айтуларыңыз керек.

1 1. Отбасы дегенді қалай түсінесіз?

2. Балаңыздың туған күні?

3. Сынып жетекшісінің аты-жөні?

4. Балаңыздың парталас көршісі кім?

5. Мектептің атауы?


2 1. Отбасының басшысы кім?

2. Балаңыздың сүйікті асы?

3. Мектеп директорының аты-жөні

4. Балаңыз болашақта кім болғысы келеді?

5. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?


3 1. Барлық отбасы бірдей деп ойлайсыз ба?

2. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

3. Балаңыздың еңбекке баулу сабағының мұғлімі кім?

4. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

5. Балаңыздың досы кім?


-Көп-көп рахмет


Аққудай ақ арманым Көкке өрмелеп көңілің

Ауырмашы әкешім Нұрға толсын өмірің

Ауруы көп-ау жалғанның Бақытты бол жан әке

Қартаймашы әкешім. Ұзақ болсың ғұмырың (бәрі бірге)


Атамның ән-күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мейірімі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып. ( бәрі бірге)


Осымен сайысымыз аяқтала келді. Енді экранға тағы бір назар аударайық.

Әкелер ережесі

-Баланың намысына тимеңіз;

-оны үнемі қолдап жүріңіз;

-оған әрқашан үлгі болыңыз;

-баланы мұқият тыңдаңыз;

-балада жеккөрушілік,жағымсыз сезімін тудыратын қатынастан аулақ болыңыз;

-Баланы тұлға ретінде таныңыз;

-баланы шектен тыс еркелетпеңіз;

-Қатал,бірақ мейірімді болыңыз,себебі «Әкенің қаталдығы-жақсы ем:оның ащысынан гөрі тәттісі көбірек» деген.

- Міне жас отбасы әкелері,бүгін сіздер үшін арналған ақыл-кеңестер жадыңызда жүріп,бала тәрбиесінде өз септігін тигізер деген оймен бүгінгі жиынымызды аяқтаймыз.

-Құрметті ата-ана!

Сіздің өміріңіздің мәні-бала,сәні-бала! Өміріңіздің салтанаты, махаббаты, мәртебесі-бала. Өйткені, баланың өсуі отбасыңыздың көрмесі сияқты.

«Жақсы әке-балаға өмірлік азық. Жақсы ұл-әулетке өмірлік қазық» деген бар. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан.


Біз маман педагог ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі , әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге көмек берейік, сөйлесейік, бірігейік. Біздің мәпелеген, өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат. Осыны ұмытпайық.


Баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана. Ол анасына қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші-ата-ана. Ол мына сіздер,әрине.

-Бүгінгі сайысымызға қатысқан жас әкелер сіздерге үлкен рахмет. Отбасыларыңызға тек қана қуаныш тілеймін. Балаларыңыз күннің шуағындай болып жайнап тек қуанышқа бөлей берсін.


Сөз әділқазы алқасына беріледі.

Қорытындылау.


Марапаттау. 1.Білімді де данышпан әке

2. Ең белсенді әке

3. Ең тапқыр әке

Рисунок 4

Осымен 2б сыныбы дайындаған тәрбие сағаты аяқталды.

Назарларыңызға рахмет!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!