Сыныптан тыс шара тақырыбы: Аққала-2022

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыныптан тыс шара тақырыбы: Аққала-2022

Материал туралы қысқаша түсінік
балалармен қыс мезгілінің қызықты екенің талдау; қардан аққала соғып, қысқы ойын түрлеріне қызығушылық арттыру; ауызша сөйлеу тілдерін жетілдіру; әдемілікке, тазалыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; ана мен бала арасында бірлескен еңбекті арттыру; салауатты өмір салтына баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаласова Айгүл Кеулімжайқызы бастауыш сынып мұғалімі

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Сарысай аулы «Сарысай мектеп-бөбекжай-бақшасы» КММ


Сыныптан тыс шара тақырыбы: Аққала-2022

Ұйымдастыру мақсаты: балалармен қыс мезгілінің қызықты екенің талдау; қардан аққала соғып, қысқы ойын түрлеріне қызығушылық арттыру; ауызша сөйлеу тілдерін  жетілдіру; әдемілікке, тазалыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; ана мен бала арасында бірлескен еңбекті арттыру; салауатты өмір салтына баулу.

Көрнекіліктері: аққаланың түрлі бейнелері, ермексаз, музыкалық аппараттар, аққала соғып жатқан балалардың суреттері, көрме орны, орындау үлгілері, жұмбақтар.               

    Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, қиялдау, тыңдау, талдау, салыстыру, топтау.


І. Кіріспе бөлімі.

Балалармен қыс мезгілінің қызықтары туралы әңгімелесу. Қардан аққала соғу, қар қамалдар тұрғызу барысын сипаттау. Ауызша түсіндіру жұмыстарын жасау.


Әрекет кезеңдері

Ұстаз іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Ынталандыру сезімдерін ояту

- Балалар қыс мезгіліндегі көңіл-күйімізді әсерлеп көрсетейікші.


Жас ұланмын шыныққан,

Жасқанбаймын суықтан.

Қардан жасап аққала,

Сырғанаймын шаттана.



-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?


-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?



-Қыстың, әр үйдің ауласының сәнін келтіретін, қардан жасалатын не нәрсе бар?


Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар.

Соғып жатыр аққала

Жұмбақты шеш.

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен оны.


Шаттық шеңбері:

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой

Ал,қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар! - деп балалар амандасады.



-Суық, қар жауады, боран соғады, адамдар қалың киім киеді.

-Шаңғы, шана, коньки,сырғанақ тебеміз,аққала жасаймыз,қар лақтырып ойнаймыз.

-Аққала.

Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, қолына сыпырғыш ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды. Т.б.



(Аққала)





Ұйымдастыру-

шылық- ізденушілік.


Слайд арқылы аққала құрылысы түсіндіріледі.


Сергіту сәті.

Боран соқты оң жақтан,

Боран соқты сол жақтан

Қар лақтырып ойнасақ,

Су өтеді қолғаптан.


Аққаланы анасымен бірге шығармашылықпен іздене отырып ермексаздан аққала құрастырады.


Балалардың көңіл-күйі көтеріліп,жұмыс жасауға кіріседі. Балалар мақтамен, түрлі түсті қағазбен, ермексазды қолдана отырып, аққала жасайды.


Балалар өз еңбектерін қарап тамашалап,өздеріне баға бере білді.


Қорытындылау.


Балалардың аналарымен бірге жасаған аққалаларын көрмеге орналастырады.

Қазылар алқасы жұмыстарды бағалап, марапаттайды.

Өз жұмыстарын таныстырады



Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қысқы ойын түрлерін, аққаланың жасалу жолдарын.

Нені игерді: Дәстүрден тыс әдіс-тәсілін қолдану арқылы анасымен бірлікте жұмысын игерді.

Нені біледі: Қардың қасиеттерін біледі.(Мамық,ұлпа,суық,ериді,жылтырайды)

Қазылар алқасы:

  1. Уразов Н.С. – МДОІЖО.

  2. Аймаганбетова К.Д. – қосымша білім беру педагогы.

  3. Асқарова Г.А. – МДТІЖО.

Барлық қатысушылар ДИПЛОМДАРМЕН және ТӘТТІЛЕР БУКЕТІМЕН марапатталады.


ФОТОДЕРЕКТЕР


Шығармашылық ізденіс – бірлескен еңбек.


Мейірім анасымен Райан анасымен

Санжар анасымен Абылғазы анасымен

Айқаракөз анасымен Қайнар анасымен Серікболсын анасымен

Ақназар тәтесімен Нұрталап анасымен





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2023
314
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі