Материалдар / Сыныптан тыс шара "Зерде" интеллектуалдық ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара "Зерде" интеллектуалдық ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәндері бойынша құрылған сыныптан тыс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
433
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЗЕРДЕ интеллектуалдық ойыны

Мақсаты:
1) Оқушылардың білімге деген құштарлығын , ізденісін, қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
2) Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
3) Өзін – өзі басқаруға , ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу

Сабақтың түрі: сыныпаралық сайыс

Көрнекілігі: слайд, әріптер, асық, т.б.


Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған қауым! Біздің мектебімізде жаратылыстану пән бірлестігінің «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты апталығы өткізілуде, осыған орай 5-7 сыныптар арасындағы ЗЕРДЕ интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!


Жаратылстану пәндері,
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді - дей келе

бүгінгі кешімізге қатысушы ойыншылармен таныс болыңыздар.


Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

3.


Алғырлар мен тапқыштар,
Бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады деп бүгінгі интеллектуалды сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейік. 7 бөлімнен тұрады.


Жарайсыңдар, сайыскерлер, жарайсыңдар!
Алдарыңда асулы талай шың бар.
Шығармысың ойынан көрерменнің,
Ой білімді толғантуға қалайсыңдар. ,- дей отырып, 1-айналымды бастаймыз. Ойынның шарты: асықты лақтыру арқылы ойыншылар тақырып белгілеп алады. Сол тақырыптағы сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап беруі тиіс. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.


Қызыл ұяшық

Қоршаған орта

Ақ ұяшық

Техника

Көк ұяшық

Өсімдіктер әлемі

Жасыл ұяшық

Адам анатомиясы

Күлгін ұяшық

Жер. Су.

Қоңыр ұяшық

Қызықты математика


Техника бойынша сұрақтар:

  1. Ақпарат қандай мағына береді? (баяндау, түсіндіру)

  2. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата? (бит, байт, килобайт, мигабайт, гигабайт)

  3. Ақпаратты шығару құрылғысы? (Принтер)

  4. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (Интернет)

  5. «Компьютердің миы» деп нені атайды? (Процессор)

  6. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (монитор)

  7. Алғашқы есептеу құралы (есепшот)

  8. Интернетке қосушы құрал? (модем)

  9. Вирусты жоятын программа ( антивирус)

  10. Пернелік тақтада неше перне бар? (101-102)

Адам анатомиясы бойынша сұрақтар:

  1. Адам қайдан қуат алады? (тамақтан)

  2. Бір күнде адам орта есеппен қанша сөз сөйлейді? (4 мыңға шуық)

  3. Сүйек қанша қабаттан тұрады? (3 қабаттан)

  4. Адам денесіндегі аш-ішектің ұзындығы. (6 метр)

  5. Бір қадам жасау үшін қанша бұлшық ет қимылдайды? (200)

  6. Тірі организмнің өсуі, көбеюі қандай құбылысқа жатады? (биологиялық)

  7. Адам дүниеге келгенде миында қанша жасуша болады? (14 милярд)

  8. Ми сауытына жатпайтын сүйек (жақ)

  9. Ең қалың тері қай жерде? (табанда)

  10. Ең жұқа тері қай жерде? (көзде)


Қызықты математика бойынша сұрақтар

  1. Алымы бөлімінен кіші бөлшек қалай аталады? (дұрыс бөлшек)

  2. 7-ге кері сан. (1/7)

  3. 43 дәрежесі нешеге тең. (64)

  4. «0» ден қандай мағына білдіреді? (жоқ деген мағына)

  5. Бөлімдері 10, 100, 1000 ... болатын бөлшек қалай аталады. (ондық бөлшектер)

  6. Ең кіші құрама сан. (4)

  7. 0,75 пен 1,5 арасында бүтін сан (1)

  8. 36 мен18-дің ең ең үлкен ортақ бөлгіші нешеге тең? (36)

  9. Ең кіші жұп сан. (2)

  10. Математика туралы нақыл сөзді айт. (Ақыл мен ойды тәртіпке келтіретін – математика. т.б)


Қоршаған орта бойынша сұрақтар:

  1. Тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым (экология)

  2. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және бағалы түрлерін қорғалатын табиғат аумағы (қорық)

  3. Қазақстанда неше қорық бар? (10)

  4. Барлық табиғат байлықтарының көзі не деп аталады (табиғат ресурстары)

  5. Белгілі бір аумақтағы өсімдіктер жиынтығы (флора)

  6. Белгілі бір аумақта мекендейтін жануарлар түрлерінің жиынтығы (фауна)

  7. Топырақ пен тау жыныстарының ағын судан бүлінуі (эрозия)

  8. Жануарлар тобы неше топқа бөлінеді? (2 топқа: омыртқалы, омыртқасыздар)

  9. Табиғат қорлары нешеге бөлінеді? (2-ге сарқылатын, сарқылмайтын)

  10. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» кай жылы жарыққа шықты. (1981ж)


Жер. Су бойынша сұрақтар:

  1. Дүние жүзінде неше мұхит бар (4 мұхит)

  2. Дүниежүзінде неше материк бар? (6 материк)

  3. Дүние жүзіндегі ең үлкен сарқырама (Анхель)

  4. Жер күнді қанша уақытта айналып шығады? (365 күн, 6 сағ)

  5. Галлактика дегеніміз не? (жұлдыздар шоғыры)

  6. Күнге ең жақын орналасқан планета? (меркурей)

  7. Дифузия дегеніміз не? (жайылу, таралу)

  8. Ең алғаш үлкейткіш дүрбіні ойлап тапқан ғалым? (Г.Галилей)

  9. Жер сілкінісін зерттейтін ғылым? (сейсмология)

  10. Атмосфераның төменгі қабаты қалай аталады? (тропосфера)


Өсімдіктер әлемі бойынша сұрақтар:

  1. Гүлдің құрылысын ата? (гүлсағақ, гүл табан, тостағанша, күлтежапырақ, аналық, аталық)

  2. Тамырдың түрлерін ата? (негізгі, қосалқы, жанама)

  3. Ерте көктейтін өсімдік (бәйшешек)

  4. Өсімдіктер қандай мүшесімен топырақтан қорек алады? (тамыр)

  5. Дәрумендер не үшін керек? (ағзаның денсаулығын жақсарту үшін)

  6. Бау-бақша дақылдарын ата? (қауын, қызанақ, қарбыз, асқабақ, қияр, т.б.)

  7. «Күнбағыс» атының аталуы неліктен? (күнге қарай бағытталуы)

  8. Өсімдіктер тірі ағзалар үшін қандай ауа береді? (оттегі)

  9. Қандай бөлме өсімдіктерін білесіңдер (герань, қытай розасы, традисканция, алоэ, шырмауық, кактус т.б.)

  10. Өсімдіктердің қандай мүшелерін білесіңдер? (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл)


Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше әліңіз – деп келесі 2-айналымды бастаймыз.

2-айналым. Бұл кезеңде сіздерге логикалық тапсырмалар беріледі.

Сіздерге сурет беріледі. Дұрыс коленкесін табу. Дұрыс жауапқа 50 ұпай беріледі.

1-топқа 1-аюдын көленкес (Д)

2-топка 2-аюдың көленкесі (Г)

3-топка 3-аюдың көленкесі (Ә)

4-топқа лақтың көленкесін табу. (1)


3-айналым. Бұл кезеңде сіздерге 5 сұрақ беріледі. Сіздер тек «ия» немесе «жоқ» деп жауап бересіз

1-топқа:

  1. Доңыз жыртқыш аң ба (жоқ)

  2. Қыс мезгілінде 90 күн болама. (ия)

  3. 1285 жұп сан ба. (жоқ)

  4. «Көкпар» ұлттық ойын ба. (ия)

  5. «Атмосфера» сөзі бес буын ба? (жоқ)


2-топқа:

  1. Жер айдан үлкен бе (жоқ)

  2. 1538 жұп сан ба (ия)

  3. «Сәлем сөздің анасы ма» (ия)

  4. Процессормен қағаз шығара ма (жоқ)

  5. «Компьютер» сөзі төрт буын ба? (жоқ)


3-топқа

  1. «Арыстан» жыл басы ма? (жоқ)

  2. 1554 жұп сан ба (ия)

  3. Май, сорпа,айран, жент, ірімшік сүт өнімдері ме? (жоқ)

  4. «Қаратобе, Ақсай, Алакөл» жер атаулары ма? (ия)

  5. «Математика» сөзі төрт буын ба? (жоқ)



4-айналым. Бұл кезеңде сіздерге 3 сұрақ беріледі. Сіздер сол сұрақтарға мына әріптерді пайдалана отырып басып көрсетесіздер.

1-топқа:

  1. Ұлы Жеңіске неше жыл (70 жыл)

  2. Ауа температурасын өлшейтін құрал? (термометр)

  3. Тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет Байқоңырдан ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім? ( Т. О. Әубәкіров)


2-топқа:

  1. Қазақстан халықтарының Ассамблиясына неше жыл? (20 жыл)

  2. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат (бәйтерек)

  3. Математик, дәрігер, ақын, музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әл – Фараби)


Жеңімпаздарды марапаттау.


Білім деген биік шың ,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың ,

Қиындықтан өткізер. - деп сайысымызды аяқтаймыз.Қош сауболыңдар!












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!