Материалдар / Сыныптан тыс "Тәжік ұлтының Ғ. Мұратбаев ауылына келіп қоныстануы" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс "Тәжік ұлтының Ғ. Мұратбаев ауылына келіп қоныстануы" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжік ұлтының Ғ. Мұратбаев ауылына келіп қоныстануы Қазақстан-ТМД елдері ішіндегі ең дамыған және болашағы зор ел.Қазақстан өзінің тарихында,Ұлы Жібек жолы арқылы өркениет пен мәдениеттің байлығын игерген.Бүгінде Қазақстанда әр ұлт халықтары мен ұлыстарының 130 өкілдері тұрады.Солардың ішінде өзінің бай тарихы бар тәжіктер де бар.оларда басқа ұлттармен бірге елдің дамуы мен гүлденіп өркендеуіне үлестерін қосып келеді.Қазақстан тәжіктерінің мәдени тарихы әліде толық зерттеле қойған жоқ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
466
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспар

Кіріспе

1.Тәжік ұлтының қалыптасуы

Негізгі бөлім

1.Тәжік ұлтының Ғ.Мұратбаев ауылына келіп қоныстануы

2.Ауыр еңбек жолдары

3.Отанға қызмет етушілер

Қорытынды























Кіріспе

Тәжіктер өздерінше атауы-тоджик ұлт,Тәжікстан республикасының байырғы халқы

Тәжіктер Тәжікстанда,Өзбекстанда,Ауғанстанда,сонымен қатар Қазақстанда,Түрікменстанда,Ресейде,Иранда тұрады.Тәжіктер тәжік тілінде сөйлейді.Тәжіктердің басым көпшілігі ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады.Аздаған бөлігі шииттер.Антропологиялық жағынан Тәжіктер еуропоидтық нәсілдің памир-ферғаналық тобына жатады.Ішінара монғолтектілер де кездеседі.

Тәжік балалары

Тәжіктердің халық болып қалыптасуы біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан басталған.Олар көне Бактрия,Соғды ж/е Ферғана жазығын мекендеп,егіншілікпен айналысқан халықтардан ж/е көшпелі сақтардан қалыптасқан.6ғасырда Түрік қағандығының құрылуына байланысты түріктің этникалық ықпалы күшейе бастады.8ғасырда араб жаугершілігі кезінде Орта Азияда Тәжіктердің үш этникалық тобы болды:солтүстігінде соғдылар,орталығында ферғаналықтар,оңтүстігінде тохарлар.

Басқыншыларға қарсы күрес халықтың бір этникалық топқа топтасуына ықпал етті.9-10ғасырларда Самани әулеті мемлекетінің құрылуымен тәжік халқының қалыптасуы аяқталды.10ғасырдың аяқ кезінде түркі тайпаларының,ішінара монғол тайпаларының көшіп келіп қоныстануы отырықшы Тәжіктердің түркілену барысын тездетті.Бұдан кейін де түркі тайпаларының толассыз көшіп келуі жазықтағы Тәжіктердің ғасырлар бойы түркіленуіне әсер етті.Таудағы және қалалы жерлердің түркіленуі баяу жүрді.Тәжіктер ерте заманнан суармалы егіншілікпен,бау-бақша өсірумен айналысып келген.Мал шаруашылығы қосалқы рөл атқарды.Қолөнері дамыған,әсіресе,ағаштан,алебастрдан,ою-өрнек,түрлі бұйым,мүсін,сәндік заттарын жасау дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген.

Тәжіктер шаруашылығы

Тәжіктер негізінен жер жыртып,егін еккен ж/е мал өсірумен де шұғылданған.Басым бөлігі дәнді дақылдар,мақта,бау-бақшалық дақылдар мен көкөніс өсірген.Жазық жерлерде жүргізілген мал шаруашылығы көмекші роль атқарған.

Ертеден бері түрлі қолөнер:мақта,жібек,жүн және шұға маталар тоқу,зергерлік өнер,көзелік,тоқыма тоқу және кесте кестелеу кәсіптері дамыған.

Үйлер,негізінен,балшықтан созылған,шатыры жайпақ,кейде террасасы болған.Тұрғын үй ерлер және әйелдер бөліктеріне бөлінген.Қонақтарға арналған ерекше бөлме тән,онда еденге киіз,мақта және жүн алашалар,кілемдер төселген,олардың үстіне үйжайдың бойымен көрпешелер тасталған және ортасына-дастархан жайғастырылған.Қабырғаларын кестемен безендірген.

Таулы аудандардағы негізгі азық-түлік-тандыр нан,сүт тағамдары,күріштен жасалған тағамдар,көкөніс пен жемістер.Нан тандыр пештерде пісіріледі.Қой және сиыр етін жейді.Жазық жерлерде тұратын тәжіктердің мерекелік дәмдері-палау,таулықтардікі-қой етінен пісірілген көже.

Тәжіктердің дәстүрлі киіменде әр этмо мәдени аймақтың өзіне тән ерекшеліктері болған,дегенмен ортақ сипаттары бар.Ерлерде-туника үлгісінде пішілген көйлек,ауы кең шалбар,қаусырма шапан,орамал белбеу,тақия,шалма мен табаны жұмсақ етік,басы үшкір келген тері калош,таулы жерлерде-табанында тау соқпақтарында жүруге ыңғайлы болу үшін жасалған үш бүртігі бар сабо үлгісіндегі туфли киген.Әйелдердің үстінде-туника үлгісінде пішілген біртегіс матадан,ал таулы аудандарда,әсіресе Дарбаз бен Кулябта-кестелі көйлек болған.

Кең шалбарлар тобықты жауып тұрған.Бас киім-орамал,тақия.Қалалық және жазық жерлерде тұратын тәжік әйелдері қаусырма шапан,жергілікті аяқкиім киген.Таулықтарда шапан болмаған.Қыздар мен жас әйелдер негізінен иніші бар көйлек киген.Шалбарлары тарлау етіп тігіледі,жас әйелдерде тобықтан айтарлықтай жоғары болып келеді.Киім түрлі зергерлік бұйымдармен міндетті түрде толықтырылады:олар-сырға,білезіктер,жүріп келе жатқан кезде қозғалып,металдарының жарқылдап,тастарының жарқ-жұрқ етіп тұруы үшін көптеген салпыншақтары,шығыршықтары бар шекеліктер мен алқалар.







Тәжік ұлтының Ғ. Мұратбаев ауылына келіп қоныстануы

Қазақстан-ТМД елдері ішіндегі ең дамыған және болашағы зор ел.Қазақстан өзінің тарихында,Ұлы Жібек жолы арқылы өркениет пен мәдениеттің байлығын игерген.Бүгінде Қазақстанда әр ұлт халықтары мен ұлыстарының 130 өкілдері тұрады.Солардың ішінде өзінің бай тарихы бар тәжіктер де бар.оларда басқа ұлттармен бірге елдің дамуы мен гүлденіп өркендеуіне үлестерін қосып келеді.Қазақстан тәжіктерінің мәдени тарихы әліде толық зерттеле қойған жоқ.

Тәуелсіздік жылдары дәл осы тақырыпты оқып үйрену үшін жаңа көзқарастар пайда болды.

Қазақстандағы тәжіктердің тарихы мен мәдениеті тарих ғылымдарының докторы,профессор Мансур Бобохонов пен тарихшы Хасанбай Шарифовтың «История таджики мира», «Зарубежные таджики» атты кітаптарында қарастырылған.Бұл кітаптарда Қазақстанға қоныс аударған тәжіктердің тарихы жайлы айтылған.Сондықтан да осы тақырыпты әрі қарай оқып білу үшін бұл кітап нағыз зерттеу болып табылады.Дукшанбе қаласындағы «Ирфон» баспасынан жергілікті өлкетанушы Акабай Абдуллоевтің «Таджики Казахстана»атты кітапшасы жарық көрді.Дегенмен де очерк өлкетануға бағытталған болса да,кітап қоныс аударған тәжіктер жайлы да түсініктеме бере кетеді.Автордың көзқарасы бойынша: «ХХ ғасырдың 30-жылдарында тәжіктер қазақ халқымен және Қазақстан Республикасын қоныстанған басқа да ұлттармен бірге еңбек ете бір-біріне қол ұшын бере,елдің гүлденуіне бір жанұядай күш жұмсайды.Олар Қазақстанды оз Отанымыз деп санайды».

1924-1925жылдарда фориштықтар Мақтааралдан бірмаусымдық жұмысқа жер жалдап алып жүрді.Жұма Шарифов,Рузимурод Бойкелдиев,Эсенбой Жиянов,Шохмурод Жияновтар жерді жалдап алып,онда 1924-1929жылға дейін кәсіп жасады. Ақпарат берушілердің деректері бойынша Остон Шарифовтың отбасы бірінші қоныстанушылар.Ол 1933ж Ю.Охунбаев атындағы колхозда,кейін Мақтаарал совхозының коминтерін бөлімінде жұмыс жасады.Жұбайы Гулчинмен бірге,балалары Рузибой,Турсинбой,Шакарбой және Аманғұлдармен жаңа суландырылған жерді алғаш игерді.ХХғасырдың 40 жылдарында қоныс аударушылардың саны 3000 отбасына жетті.

1930-1940 жылдары Тәжікстанның Таулы Мачин ауданынан Рохи нав селосына қоныс аударғандар болды.Олар кейіннен ол селоны А.Фирдауси атына өзгертті. Ал , бірінщі қоныс аударушы-

Арсавид селосынан Мулла Исмайыл . 1936 жылы Мулла Исмаил мачиндықтардың отбасымен бірге , өзінің төрт баласымен Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданы , Жантоқсан селосына

Трудовосток қышлағына қоныстанды.

Одан кейін 1945 жылы осы өңірде алты мачиндықтар келіп қоныстанды. 1941 жылы Мулла исмаил Фирдауси селосында Молот ж/е Искра деп аталатын артель ұйымдастырды . Артель кірпіш щығаратын . Қоныстанушы мачиндықтар негізінен осында жұмыс жасады.

1956жылы 27 қарашада Тәжікстан жоғарғы кеңесі Президиумының бұйрығы бойынша дилварзин алабын суландыру жүйесіне байланысты мачин ауданы тұрғындарын осы жерге көшіре бастады . Қоныстанушылардың біраз бөлігі өқздерінің туысқандарын сағалап оңтүстік қазақстан облысының жетісай ауданына келді. Бұл күндері 400-ден астам мачиндік отбасылар осы ауданның ілгерілеуіне үлестерін қосып жатты. Оңтүстік Қазақстан шардара ауданында 15- тәжік отбасы тұрады. Олар-кезінде бостандық ж/е фориш аудандарынан келгендер . шардара ауданында тұратын 150 тәжік болсада , олар өздерінің туған тілін сақтап ,әдет – ғұрпы мен дәстүрлерін жалғастырып отыр. Бұлар да сол барынша ауданның көркейуіне үлес қосуда.

Тәуелсіз Қазақстан –көпұлтты мемлекет. Онда 130-ға жуық ұлттың өкілдері өмір сүреді. Қазақстан халқының этникалық иқұрамы төтенше алуан түрлі. Негізгі екі: қазақ (52 пайыз), орыс (37 пайыз) ұлттарынан басқа, мұнда әлем картасында бар ұлттардың түгелге жуық дерлігінің өкілдері тұрады. Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық ұлттар мен азаматтардың жан-жақты дамуына, өмір сүру мен жұмыс істеудің лайықты да тең жағдайларын жасауға кепілдік береді. ХХ ғасырдың соңындағы жергілікті және ұлттық саясатымен және өмір сүру деңгйінің өсуімен қолдау тауып отырған азаматтық қоғам мен ұлтаралық келісімді сақтай білді.

Мемлекеттік тәуелсіздік миллиондаған Қазақстандықтардың ұлттық қауіпсіздігі мен рухани игілігінің кепіліне айналды. Соған орай Қзақстан осы бір тарихи мүмкіндікті толық мәнде пайдалана берді...

1995 жылы 1 наурызда Республиканың қоғамдық-саясат саласындағы реттеуші жаңа субъекті –Қазақстан халқы Ассамблеясы дүниеге келді, Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

«Ұлттық мәселелерді шешуде әлемдік тәжірибе үш жолды жасап шығарды. Біріншісі, және ең тұйық жолы – басты ұлт басқа ұлттарға қолайсыз, тіпті, қолайсыз жағдайлар туғыза отырып «ысырып» тастайды ЕКіншісі-ұлтаралық проблемаларды көрмегенсу , мұндайда мемлекет қоғамның ішіндегі ұлттардың өзара қарым –қатынасын «бетімен жіберді» . Үшіншісі – жоспарлы және ғылыми тұрғыда негізделген ұлттық саясат.

Қазақстан тәуелсіздікке ие болысымен дәл осы тұжырымдаманы таңдап алды . Тарихи қалыптасқан жағдайларда біздің еліміз ұлттық қақтығыстар болмауы мүмкін емес тәуекелдің алдында тұрды. Ондай болған жоқ . Ал, бүгінгі таңдақоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісін әлемнің аса беделді халықаралық ұйымдары мойындады».

Қазақстан халықтары Ассамблеясына елдің 26 ұлттық мәдени орталығына кіреді.Олар өздерінің жұмыстарын жүргізіп келеді.

«Қазақстан 1992жылы Республикада тұратын халықтардың 1-съезін шақырған посткеңестік кеңістіктегі бірінші ел.

Қазақстан халықтары Ассамблеясына ұқсаған қоғамдық ұйымдар жақын шетелдегі елдерде бар.Бірақ Қазақстан халқының Ассамблеясын мемлекет тарапынан осындай ауқымды,жоспарлы түрде қолдау көрсетудің көршілес республикалардың бірде- бірінде жоқ екендігін тұжырымдап айта аламын.Жақсылап ойластырылған ұлттық саясаттың нәтижелері тайға таңба басқандай:Қазақстан-қоғамдағы тыныштықты сақтай білген ТМД-дағы жалғыз ел.

Бүкіл әлемде ұлтаралық қатынастар төрт принципке құрылады.Біріншісі-аз ұлттардың өкілдері билік құрылымдарында.Екіншісі-білім алуға қол жеткізудегі теңдік.Үшіншісі-диаспоралар тілдеріндегі бұқаралық ақпарат құралдары.Төртіншісі-тіл мен мәдениетті дамыту.Қазақстан осы принциптері қалтқысыз сақтап отыр.

Ассамблеяның саяси мәселелерде ерекше өкілеттігі жоқ және иеленуге тиіс те емес.Қазақстан халқының Ассамблеясы-ел Президенті жанындағы консультативті кеңестік орган.Стратегиялық мақсаты-қоғамдағы тұрмыстық деңгейдегі болсадағы ұлтшылдықтың көрініс табуын жоққа шығаратын төзімділік деңгейіне қол жеткізу.Ал егер біз ұлттық қақтығыстар мен әлеуметтік дүрбелеңнен аулақтай алған болсақ, онда Қазақстан халықтары Ассамблеясы өзінің рөлін атқарып отырғаны.»

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқының Ассамблеясының сессияларындағы баяндамаларынан:

«...ҚАЗАҚСТАНДЫ бүгін біз құрдық.Енді Қазақстандықтарды-өз Отанының патриоттарын қалыптастырайық.»Бұл этникалық жұртшылық үшін нағыз ұран сөз.»ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ аз ұлттарға қатысты теория жүзінде емес,тәжірибе жүзінде мынадай:ұлттық «менді» өз азаматтығы бекітілген елге қатысты патриотизмді сақтау деген формула жасалды».

Қазақстандағы тұрып ижатқан тіжіктер диаспорасы үлкен. Олрға қазақ жері туған үйіндей болып кетті. Жалпы Республика тоғыз тәжік мәдени орталығы бар, Олар Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Петропавл , Шымкент қалалары мен Жамбыл облысында , Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және Мақтаарал аудандарында ұйымдастырылған.

Осылардың барлығы 2003 жылы ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен Қазақстандық тәжік мәдени –қоғамдық бірлестіктерінің «Сомониён» ассоцияциясы болып бірігіп тіркелді.

1994 жылдың 19 ақпанында Оңтүстік Қазақстандық облысында марқұм Жахонгир Давроновтың тікелей күшімен «Пандж» атты тәжік ұлттық мәдени орталығы алғаш ашылған болатын. Мақтаарал ауданының басшылары тәжік орталығына әртүрлі жиындар мен көмек қорлары үшін 38 гектар жер бөліп берген еді. Жахонгир Давронов Қазақстан халқы Ассамблеясының және Жоғары кеңесінің мүшесі болды. Бүгінде « Пандж» тәжік орталығын Акабай Худойкулов басқарады.

Қазіргі кезде Сарыағаш ауданындағы Тәжік мәдени орталығын урунбай Эсенбоев, Шымкент қаласындағытәжік мәдени орталығын Рахимходжа Фазиеву, Жамбыл облысында Арифов махкам, Алматы қаласында «Авицена» орталығын Бекпулат Ташпулатов, Астана қаласында Зафар Рахманбеков, Қостанай қаласында Эргашбай Холматов, иПетропавл қаласындағыны Яхехаджа Исмайлов басқарады.

Эргашбай Холматов, Саидмурод Шарифов, Яхехаджа Исмайлов, Махкам Орифов , Акабай Худойкулов Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Елов Махмуд (Мақтаарал ауданы) , әлемдік парсытілдес және тәжік ассоциясы Жоғары Кеңесінің мүшесі болып сайланды Урунбай Эсенбоев, Бекпулат Тошпулатовтар да «Пайванд» кеңесінің мүшелері.

ҚАЗАҚСТАН халқы Ассамблеясы иен Тәжік ұлттың мәдени орталығы,Қазақстан халқының бірлігімен түсіністігіне,достықтың нығаюына барынша ықпал етуде.Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары ЕРАЛЫ Лұқпанұлы Түкжанов Тәжік мәдени орталығының одан әрі дамуына өзінің кеңестерімен,қызметімен үлгі көрсетіп барынша үлес қосуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына енген Тәжік ұлттық мәдени орталығы өзінің мәдениетін одан әрі дамытуға,ерекшелігін сақтауға,көп ұлттың бір жанұядай өмір сүруіне мүмкіндік алып отыр.Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанда тұратын барлық ұлттың,халқы ғажайып қоғамдық институты болып табылды.

Ауыр еңбек жолдары

Мақтаарал ауданын бұрынғы Жетісай, Асықата, Мақтараарал сияқты үш ауданды қосып, ұлғайтты. Ол шығыс-батыс және оңтүстік жағынан Өзбекстан Республикасымен шекараласады.

1922 жылы КСРО су шаруашылығы шаруашылықтарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бесжылдық жоспарды жобалады . 1924 жылы осы жоспарды іске асыру үшін Түркістан округінің комитеті Мырзашөлде Мақтаарал мақта заводын салуды ұйымдастырды. Құрылыс салу жылдарынды «Мақтаарал» савхозының жағдайы өте қиын еді.

Савхоздың іргетасын қалаушылардың бірі Иван Степанович Гостинин бұл жайында бүгінде былай деп әңгәмелейді. «...Ол жылдары жұмысшылар өте қиын жағдайда тұрды Салынған барақтың маңайында шегіртке мен жыландар қаптап жүретін. Жел соққан уақыттабарақтың қаптаған саңылауларынан шаң мен топырақ кіріп қинайтын...»

Осындай қиын жағдайға қарамастан «Мақтаарал» савхозының келешек гүлденуіне үлес қосқан алғашқы іргетасын қалаушылардыңеңбегі зор болды . Бұл арада кеңшардың бірінші директоры А.С. Орловты, оның әріптестері Ф. Ф. Семенов, А. Т. Данилченко, А. С. Доброволский, С. К. Карапутон К. В. КАмагоров, И. А. Капинос, А. В.Парадиев және басқаларын атай кеткен жөн.ХХғасырдың 30жылдарында форйш ауданынан тәжіктер «мақтарал»кеңшарына көшіп келе бастады.Олар ПОРАШТ,АРСАФ,ХАЯТ,УХМ,МОЧАРМ,СИНБАТ,СОБ ЖӘНЕ ЭЧИ СЕЛОЛАРЫНА ОРНАЛАСҚАН.Соның ішінде хаяттықтар Октябрдің 30жылдық савхозына келіп қоныстанды.Ж ақында ғана құрылған кеңшарға көшіп келулерінің басты себебі тұрмыстарының нашарлығы мен суармалы жердің аздығы әрі ағайын-туыстар арасындағы кекілжің мен жұмыс қолының жоқтығының болатын.

Отанға қызмет етушілер

Өмірбаян

Куватов Бобомурат 04.09.1950 жылы Оңтүстік Қазақстан Облысы Киров ауданы 30 жылдық совхозының 2 бөлімшесінде диқан отбасында дүниеге келді. 1-ші сыныпқа 1956 жылы С.Сейфуллин орта мектебіне барды. Осы мектепті 1964 жылы 8-ші сыныпты бітіріп. 1964 жылы Ташкент ауыл шаруашылығының техникуміне кірді. Техникумді 1968 жылы бітірді. 1968 жылы агроном семеновод жұмысына кірді. 1972 жылы жоңышқа бригадиры жұмыс атқарды. 1984 жылы Ташкент ауыл шаруашылығы университетіне оқуға түсіп,1989 жылы осы университетті бітірді. 1989 жылдан 15 тамыз бастап 30 жылдық совхозынын 4 бөлімшесінде аға агроном болып жұмысқа кірді. 1994-1997 жылдар аралығында 30 жылдықсовхозынын 2 бөлімшесінде басқарушы(управляющий) болып жұмыс істеді. 1997-2009 жылдараралығында «Достық» кооперативінде президент болып жқмыс атқарды. 2008 жылы Астана 10 жылдығына орай медалімен наградталған. 2013 жылы зейнетке шықты. 27.09.2016жылы дүние салған.









Өмірдерек


Хасанов Турабек Акабайұлы 1950 жылы 1 мамыр күні Ташкент облысы Сырдария ауданы Колхоз комунизм де дүниеге келді.1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы Отызжылдық совхозына көшіп келді.1964 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы мектепті 8-сыныпты бітіріп шықты.1964 жылы Ташкент ауыл шаруашылық техникум оқуға түсіп,1968жылы бітіріп шықты.1968 жылы 15 майда Аграном энтимолог болып жұмысқа кірді.1969 жылы Фатима анамызбен отау құрды. Отбасында 3-қыз,2-ұл тәрбиелеп өсірді.1974 жылы Мақталы Савхозның 5-ші бөлімшесіне аға аграном болып жұмыс істеді.1977 жылы Отызжылдық савхозының 2-бөлімшесіне Мақта бригадирі болып жұмыс істеді.1985 жылы Отызжылдық савхозының 1-ші бөлімшесінде аға аграном болып жұмыс атқарды.1989 жылы Отызжылдықтың 4-бөлімшесіне бөлім бастығы болып тағайындалды.1984-1989 жылдары Ташкент аграном университетін бітірді.1997 жылы Савхоз таралуына байланысты Бірлік Коперативінің төрағасы болып сайланды.2002 жылы бастап 2007 жылға дейін Ақ алтын мақта заводында бас аграном болып жұмыс істеді.2007 жылы пенсияға шықты.1995 жылы облыс Партия Комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.2008 жылы Мақтарал ауданының құрметті азаматы атағы берілді.Қазіргі таңда зейнеттегі ауыл ақсақалы.















Раджабов Қузибой

Раджабов Қузибой 1935 жылы 25 қаңтарда Өзбекстанның Фарш ауданында дүниеге келген.Жастайынан әкесінен айырылған.Кейін анасы Фотманың қарауында қалған.Отбасында 2-қыз,4-ұл бала болған.Анасымен Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы оттызжылдық савхозына көшіп келді.Сельхоз институтында аграномдық мамандығын бітірген.1955 жылы Ж.Жабаев мектебінің 3-ші бөлімшедегі филиалында төрт жыл мұғалім болып жұмыс істеген.1960 жылы жергілікті полицей қызметін атқарған.196 5жылы жоғары оқу орнына түскен.1972 жылы Оттызжылдық Савхозының төртінші бөлімшесінде аграном қызметін атқарған.Кейіннен мақта бригадирі,лабараторияда жұмыс істеген.1997 жылы Арай ауылында Автопаркте жұмыс атқарған.1964 жылы жұбайы Рахбарға уйленген.Отбасында он перзенті болған.6-ұл,4-қыз,47 немере,8-шөбересі бар.


























Тулибай Раджапов

1927 жылы Өзбкестанның Самарқанд қаласындағы Янгихаёт ауылында дүниеге келген. Әжесінен жастай жетім қалады. Келе келе ол Янгихаёт Колхозына жұмысқа тұрады. 1950жылы хурсан анамызбен отау құрған. ОТбасында 5 бала, 1 қыз дүниеге келген. Қазірге кезде 90 жастағы қарияның 6 баласынан 34 немере, 34 шөбере бар.

Самарқандтан Сырдарияға 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданына көшіп келеді. Ұлы Отан соғысы кезінде тыл жұмысына қатысқан.Мақта, күріш, бидай еккен. Халыққа еңбек етіп 60 жасында зейнетке шыққан. Мемлекетіміз тарапынан Еңбек Орденімен марапатталған.




























Бекмуратов Анорбой

Бекмуратов Анорбай 1953жылы Узбекистан Ташкентский облыс Сырдаринский район Калхоз Варашеловда туылған.1960-1971жылдар аралығында Шымкент облыст Киров ауданы Оттызжылдық саухозы 4бөлім орта мектепті бітіріп,1971жылы Ташкент шет тілдер институтке оқуға түсті.1976жылы Испан,Француз тілдері бойынша мамандықты бітіріп,Сәкен Сейфуллин жалпы орта мектебіне жұмысқа тарих пәнінен сабақ берді.2002-2004жылдары Сырдария университетіні тарих және география мамандығы бойынша оқыған.40-жыл аралығында жастарға тарих пәні бойынша білім берді.Бұл жылдарда оқушыларға тәлім-тәрбие беруде жетістіктері үшін район білім басқармасыдан бір қанша громаталар,алғыс хаттар алған.Шәкірттері тарих пәні бойынша олимпиаларда жақсы қатысқан.40-жылда 21 сынып жетекшілік қылып бітіргізді.Қазірге кезде Астана,Алматы,Шымкент,Душамбе қалаларда жұмыс істеп жатыр.2016жыл 20юнда зейнетке шыққан.





















Қорытынды


Біздер әртүрлі себептермен әр кезеңдерде Қазақстанға келіп, тұрып жатырмыз.Бұл жер іздерге ең сүйікті туған жеріміздей болды.Біздің балаларымыз ержетіп өсті.Оларға Отан деген түсінік, ата-ананың үйі, осы жермен байланысты.Біздің көбіміз қазақ тілін меңгеріп алдық. Халықтың әдет-ғұрыпын, дәстүрін өмірдің бір салты ретінде қабылдадық. Қазақтың көне жырларын, музыкасын біліп қанықтық. Ұлттық тағамды дайындауды үйрендік. Біздерге мұның бәрін үйрену, білу қиынға түспеді.Себебі, біздің халықтарымыздың мәдени жағынан ортақтығы бар. Біз бұл жерді қатты сүйіп, құрметтейміз. Бұл жерде барлығы да өзіміз сияқты. Сонда да болса,бір жерден тәжік әуенін естіп қалсақ, немесе журналдардан өзімізге таныс суретті көріп қалсақ жүрегіміз қобалжып, көңіліміз бір түрлі болып қалады. Шындықтың көзі осындайда көрініп те қалады. Қай жерде, қалай жақсы тұрсаңда тағдырың Тәжікстанмен байланысты екені аңғарылып тұрады. Біз онымен бір тылсыммен байланысты жатырмыз. Ең алғаш жөргекке ораған анаң сияқты, ол бізді орап өзінің мәдени мұрасымен сусындатып отыр. Ол қандай болса, біз сондаймыз.Оған нақты анықтама жоқ.Оған деген анықтама-үлкен махаббатты сезім. Ол көше, қала, тіпті Республика шеңберінде де емес.Оның жолы кең. Біздерді ылғида тартып тұратындығы да сондықтан. Онда алғашқы сезім, алғашқы махаббат бар.

Сол жерде, барынша жарқырап ашылған таным бар. Сол жерде біздердің ата-бабаларымыз жерленген.

Адам қайда кетсе де өзінің елінен ажыраған емес .Қайта алыстаған сайын туған жерге деген ыстық ықылас жана түседі. Біздер бұл уақытта бұрынғыдан бетер тәжік тіліне ақылмен назар аударып, оны мәпелей құрметтейміз.Тәжік салт-дәстүріне, ұлттық киіміне құмарта түсеміз.Бұрындары халықтың осы қасиетін еуропалықтың киімдеріне, жүріс-тұрыс, тіршілігіне айырбастап жібере жаздадық.Бүгінде бұл қателігімізді қатты ұғындық .Мұның өзін ФИРДОУСИ мен ОМАР ХАЯМ поэзиясынан естіп білуге болады екен. Тәжік поэзиясының алыптары сол кездерден-ақ елге құрметті білдіріп кеткендігі қайран қалдырады.

Біздің осы ұғымыз,осы мұңымыз-ақ өз жерімізден алыстатпайды.Мұны түсінудің өзі қиын.

Мүмкін, осы бір ой жетпейтін қиыншылық пен қасірет тәжіктердің рухани күшін жандырып,олардың өмірге деген үлесін арттыра берер.Өйткені оның қайнар көзі тереңде жатыр ғой...



































Пайдаланылған әдебиеттер:


Мақтаарал – жердің жәннаты: Алматы 1998 ж.

Точикони Қазоқистон: Душанбе 2005 ж.

Точикони Фориш: Гулистон 2000 ж.

Таджики в зеркале истории: Душанбе 2000 ж.

Қазақстан тәжіктері: Алматы 2008 ж.

Интернет желісі














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!