Материалдар / Сыныптан тыс.Информатика әлеміне саяхат. 7-8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс.Информатика әлеміне саяхат. 7-8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2019
492
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат»

Мақсаты:

1. Информатика пәніне байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;

2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: слайдтар, тақырыптық тапсырмалар жиынтығы

Қатысатындар: 7,8а,8б сынып оқушылары (әр сыныптан 5 оқушыдан)

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап алсақ:

1.________________________________________

2.________________________________________

3.________________________________________

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, көрермендер, әділ - қазылар алқасы. «Информатика әлеміне саяхат» атты сайысымызға қош келіпсіздер! Біз бүгін 7,8а,8б сынып оқушыларының арасынан алынған үміткерлердің сайысын тамашалаймыз.

Мынау ұшқыр заманда

Жаңалық енді ғаламға

Компьютер тілін меңгеру

Қажеті туды адамға

«Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие

құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Бүгінгі ойынымызға әр сыныптың

алғылары мен білімді оқушылары келіп отыр. Олай болса таныс болайық.

  1. топ «Қырандар» тобы (8б сынып)

  2. топ «Бәйтерек» тобы (7 сынып)

  3. топ «Жалын» тобы (8а сынып)

Жүргізуші:

Компьютер – сенің көмекшің

Қаламың әрі қағазың!

Керек емес демессің,

Аздаған болса хабарың

Үйрену керек бәрінде

Ақпараттық заманың! - дей отырып бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болайық.

Бұл сайыс 9 кезеңнен тұрады:

І кезең «Өзім туралы» Әр топ өздерін таныстырады

ІІ кезең. «Сұрақ бізден, жауап сізден» - сұрақ –жауап сайысы. (Әр топқа 10 сұрақтан оқылады. Әр жауап 1 ұпай)

ІІІ кезең. «Адасқан әріптер»

IV кезең. «Жүйрік болсаң, озып көр» - мәтін теру. (алдарыңызға берілген

мәтінді компьютерге қатесіз теру керек.Тапсырманы орындауға 1 минут

уақыт беріледі. Бағалануы 5-сөзден асса -5 ұпай, 10-сөзден асса -10 ұпай, 15

дан жоғары 15 ұпай)

V кезең. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 3 ұпай, ал екі тілде айтса 2 ұпай, бір тілде айтса 1 ұпай).

VI кезең. Артық нысанды тап

VІІ кезең. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)

VІІІ кезең. “Логикалық ойлау” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 1 ұпай).

ІХ кезең «Қызықты ұйқастар»
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.


І кезең «Өзім туралы» әр топ өз топтарын таныстырады.

Жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

lегендей

І1-ші кезең «Сұрақ бізден, жауап сізден». Әр топқа 10 сұрақ оқылады. Әр жауап 1 ұпай. Қарсылас топ жауап беруге болмайды.

І топ(«Қырандар»)

1. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бэббидж)

2. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD - ROM)

3. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет )

4. Win Rar, Win Zip қандай бағдарламалардың түрлері (архивтеу, ақпаратты сығу)

5. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас (Интерфейс)

6 . Word қандай редактор ? (мәтіндік)

7. Стандартты программаларды ата (Блокнот, Word Pad, Paint, Калькулятор)

8. Ақпаратты өңдеу құрылғысы. (Процессор)

9. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа. (Калькулятор).

10. Операциялық жүйелерді ата (Windows Xp, Windows Vista, Windows 7, Windows8,т.б.)

11. Жыпылықтап тұратын тік сызықша. (Курсор)

12. Microsoft фирмасының авторы / Билл Гейтс /

13. Курсордың сол жағындағы символдарды өшіру пернесі.(Backspace)

14. Ақпарат тасымалдаушылар. (компакт диск, usb /

15. Презентация жасауға арналған программа (Power Point)

ІІ топ(Бәйтерек)

1. Паскаль тілінің авторы / Никлаус Вирт /

2. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)

3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)

4. Әр түрлі объектілер орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)

5. 1 Кбайт қанша байтқа тең (1024 байт)

6. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (Backspase)

7. Алгол, Бейсик, Паскаль … (программалау тілдері)

8. Жалғастыр: Бит, байт, килобайт, … (мегабайт, гигабайт)

9. Антивирус бағдарламасының түрлері. (Доктор Веб, Касперкий, Эзет, Нод )

10. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі.(CapsLock)

11. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.(Бит)

12. Көшірмені қалай атаймыз? (коопиравать)

13.Тышқанның негізгі батырмасы (сол)

14Жады нешеге бөлінеді? (2: ішкі, сыртқы)

15. Функционалдық пернелер нешеу (12)

ІІІ топ («Жалын»)

1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)

2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)

3. Ең алғаш санау құралы (Есепшот)

4. Алгоритмнің график түрде кескінделуі (блок-схема)

5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (Монитор)

6. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (Алгоритм)

7. Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт)

8. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы (файл)

9. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)

10. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)

11. Информацияның өлшем бірлігі. (Бит, байт)

12. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны. (Файл)

13. Компьютер түсінетін тіл.(программалау тілі)

14. Бос орын қалдыру пернесі. (Пробел)

15. Енгізу пернесғ (Ентер)

ІІІ кезең Адасқан әріптер (1 сөзге, 1 ұпайдан)

  1. Нимотор ----------- Монитор

  2. Пьюромтек ------- Компьютер

  3. Енрепатқат -------- Пернетақта

  4. Лайф ---------------- Файл

  5. Рльоукятакл ------ Калькулятор

  6. Атқсуа -------------- Сақтау

  7. Аэкторикелн ----- Электроника

  8. Дңеөу -------------- Өңдеу


IV кезең. «Жүйрік болсаң, озып көр» - мәтін теру. (алдарыңызға берілген

мәтінді компьютерге қатесіз теру керек.Тапсырманы орындауға 1 минут

уақыт беріледі.

Бағалануы 5-сөзден асса -5 ұпай

10-сөзден асса -10 ұпай

15 -дан жоғары 15 ұпай)

Мәтін:

Интернет – бұл сандық технологияны пайдалану арқылы ақпаратты жіберуге арналған байланыс құралы. Ғаламдық және бүкіләлемдік интернет желісі теледидарлық, радио, мобильдік, телефондық байланыстарды кеңінен тарататын желі болып табылады. 
Интернет көмегімен біз бейне, фото, мәтіндік материал, бір – бірімен хат алмасу, жаңалықтарды оқу, түрлі ойындарды ойнау, өзің туралы айту және өзіңді көрсету және т.с.с. көптеген іс – әрекеттерді жасай аламыз.
Интернет сөзі «international net work» деп аталатын сөз тіркестерінен тұрады, ағылшын тілінен аударғанда “бүкіләлемдік ғаламдық желі ” дегенді білдіреді

V кезең. “Тіл - өнер” атты кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.

  1. Төртбұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)

  1. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)

  1. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)

  1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)

  1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)

  2. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышь, mouse)

  1. Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)


VI кезең. Артығын тап ойыны

Әр топқа 3 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Бағалануы – әр сөзге 1 ұпай. Әр жауап

1-топ «Қыран»

1. тби – бит, байт –атйб, килобайт –олкитабйь, килограмм – макимолгр (артығы «киллограмм». Ол ақпараттың өлшем бірлігіне жатпайды.)

2. вочдека – девочка, инрпрет - принтер, чижмуна – мужчина, чунеки – ученик («принтер» артық. Ол құрылғы.)

3. марамгроп – программа, кышма – мышка, дакротре – редактор, неюм – меню («мышка» артық. Ол құрылғы.)

2-топ «Бәйтерек»

  1. теренинт-Интернет, -домае - модем, оепрктьюром - компьютер, саслк – класс («класс» артық. Ол информатикалық терминге жатпайды.

  2. Етирпрн – принтер, анкерс – сканер, итномор – монитор, інтәм – мәтін (артығы «Мәтін» . Ол құрылғы емес)

  3. Ушықо – оқушы, імғамұл – мұғалім, аат-аан, канерс-сканер (артығы сканер. Ол құрылғы)

3-топ «Жалын»

  1. рептьюкром – компьютер, тамикатема – математика, азакиф – физика, лиягоибо – биология («компьютер» артық. Ол пәнге жатпайды.)

  2. капап - папка , лайф – файл, екътоб –объект, аусақа –саусақ (артығы «саусақ» . Информатика терминіне жатпайды.)

  3. асбы - басы, оңсы -соңы, сепеәйт - әйтпесе, таернепқат – пернетақта «артығы «пернетақта». Ол құрылғы)


VІІ кезең. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?


М, К, А, К, О, М, П, О, Н, К, С, Т, Н, Ь, В, И, Т, У, Ы, А, Ю, И, Т, О, Р, Ш, Қ, Т, Р, П, С, К, А, Р, Е, У, Е, Е,Т, Н, Е, Р, С, Р, Н, А, Қ, Т, А.


VІІІ кезең. Логикалық ойлау атты  кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер, сұрақтар беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Логикалық сұрақтар:

1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4

2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. 
неше стакан қалды? - 3 стакан

3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15км/сағ)

4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары–

5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы–

6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.

Логикалық қабілет:




ІХ кезең. «Қызықты ұйқастар»
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

1.Жизнь-өмір, уголь — ...(көмір).
2.Число-сан, кровь-...(қан)
3.Молоко-сүт, жди -...(күт)
4.Человек-адам, шаг-...(қадам)
5.Таможня-кеден, пол-...(еден)
6.Возьми-ал, мед-...(бал)
7.Рыба-балық, народ — ...(халық)
8.Дверь-есік, колыбель — ...(бесік)
9.Город-қала, ребенок — ...(бала)
10.Игра-ойын, шея-. ..(мойын)

Қорытынды, марапаттау.

Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек. Осы сайысымызды қорытындылау үшін ортаға директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Адамқұлова Шолпан тәтиді шақырамыз.

Информатика нық басып ғаламатта, Ой бөлісіп заманды саралапты.

Қош болыңдар, қымбатты көрермендер, Қайта айналып көріскенше саламатта.

Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!