Материалдар / Сыныптас тыс шара.Жас жол инспекторлары 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптас тыс шара.Жас жол инспекторлары 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлімгер ұйымдастырушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2020
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Жас жол инспекторлар" сайысы

Мақсаты: Балалар қатысуымен болатын жол-көлік апаттарын ескерту және ата-аналардың назарын аудару және балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мәселелеріндегі қоғамдастық бойынша жұмыстарды жетілдіру.

Міндеттері:

1) Оқушылардың жол жүру ережелері білім сапасын жоғарылату.

2) Оқушылардың жолдағы өздерін қауіпсіз сақтауын насихаттау арқылы ҚЖИ жасағының озық тәжірибелерін тарату.

Қозғалыстың жас инспекторларының атрибутикасы.

ҚЖИ жасағының мүшесінде болуы тиіс:

Қозғалыстың жас инспекторларының төсбелгісі:(төсбелгі негізі бейджик немесе кез келген белгінің пластикалық негізгі түйрегішімен бола алады.Төсбелгінің үлгісі жасалып, түрлі-түсті принтермен қатты қағазға "төсбелгі" дайындалады.Әр жасақтың өз төсбелгісі болады.Үлгісін жасағанда қалауынша бұл белгі екі түстен құралуы тиіс: көгілдір және сары; әріптер немесе сөздер мемлекеттік тілде немесе екі тілде болуы тиіс.)

Формалық киім. А нұсқасы: көк (немесе басқа жақын түстер) куртка (китель) погонымен, шалбар (юбка), сондай түсті берет, ақ белбеу, куртканың сол жақ жеңінде көк шеврон бағдаршамның үш түсі бейнеленген, беретте белгі (ақ жиекті қызыл дөңгелек) кеудесінде-ҚЖИ белгісі; Б нұсқасы: погонымен ақ көйлек, қою түсті шалбар, қою немесе көк берет, көйлектің сол жақ жеңінде бағдаршамның үш түсі белгіленген шеврон, беретте белгі (ақ жиекті қызыл дөғгелек) кеудесінде-ҚЖИ төсбелгісі. Жасақ мүшелерінің спорттық киімдері болуы керек. Жасақ мзіл медициналық дәрі қобдишасы, халат, велосипед.

Жарысқа қатысушылар: 7,8,9-сынып оқушылары.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар және сайысқа қатысушы жас инспекторлары. Бүгінгі "Жас жол инспекторлары" сайысына қош келдіңіздер!Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқаларымен таныс болайық.

Сайыстың бөлімдері:

1. Саптық байқау.

2. Жас тілші.

3. Эрудиттер сайысы.

4. Жас насихаттаушылар.

5. Қауіпсіз дөңгелек.

6. Жас санитар.

1. Саптық байқау.

Қозғалыстың жас инспекторлар жасағы саптық дайындықты мынадай тәртіпте көрсетеді:

1) Жасақ 2 қатар сапқа тұрып, әскери қадаммен тақпақпен және өлеңмен кіреді.

2) Топ басшысы баяндайды: "Әділқазы төрағасы!" Сарысай негізгі мектебінің жас жол инспекторлары саптық байқауға тұрғызылды. Жасақ топ басшысының- есімі, тегі.

Әділқазы төрағасы ЖҚИ амандасады: "Сәлеметсіздер ме, жас иеспекторлар жасағы!". Жасақ жауап береді: "Саламатсыз ба?". Төреші билік береді: "Еркін!" Топ басшысы бұйрықты қайталайды. Төреші: "Топ басшысы сапқа тұр".Топ басшысы: "Құп болады!"

3) Бұйрықтарды орындау."Сапқа тұр","Түзел","Тік тұр","Еркін тұр" бірінші-екінші санау, бір қатардан екінші қатарға немесе керісінше сапқа тұру, бір қатардан үш қатарға немесе керісінше сапқа тұру, орнында бұрылу.

3) Салтанатты марш.

2. Жас тілші.

Берілген тақырыптардың ішінен таңдап 1 мақала жазып келу.

Тақырыптар:"Құрметті жүргізуші жолдас","Жолдағы бір-бірін түсіну-қауіпсіздік кепілі", "Көбейту кестесін білгендей, жол ережесін біліңдер", "Неге жолда апатты жағдай болады?","Кішкентай жаяу жүргінші-үлкен қауіпте".

Бағалануы:1.Тақырыптың толық ашылуы.

2.Материалдың ашылуының нақтылығы мен айшықтылығы.

3. Эрудиттер сайысы.

1.ЖЖЕ білгіштері.Сұрақтар(жолда жүру ережесіне байланысты)

2.Тест (шартты белгілерге байланысты)

Сұрақтар:

1.Егер көшенің шетінде жиек болмаса жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп тұруы керек?(келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағыт ұстап жолдың сол жақ шетімен жүру керек.)

2.Жол көлік оқиғасына куә болған адам не істеуі керек?(103 жедел жәрдем шақырып,102-полиция бөліміне хабарлау керек.)

3.Транспорт құралы дегеніміз не?(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)

4. Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.)

5.Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен,сүйретпелі қол арбамен қалай жүруіміз керек?(жолдың шетін жағалай жүру керек,жол болмаса сол жағымен жүру керек.)

6.Бағдаршам дегеніміз не?(механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап,жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)

7.Жолды кесіп өтуге үлгермеген жолаушы не істеуі керек?(қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек.Әрі қарай қозғалыстың қауіпсіз екеніне көз жеткізіп бағдаршамды ескеріп, жолдан өтуін жалғастырады)

8.Велосипедпен неше жастан бастап жолда жүруге болады?(14 жастан бастап жолда жүруге болады)

9. Тротуар дегеніміз не?(жаяу жүргіншілерге арналған жол)

10. Жол белгілері неше топқа бөлінеді?(7 топқа: ескерту,басымдылық,тиым салынатын,алдын ала жазылатын,ақпараттық көрсеткіш,сервис,қосымша ақпарат белгілері)

11.Тротуармен жүрген қауіпті ме?(қауіпті, себебі тротуарға жақын келе жатқан машина сүйкеп өтуі мүмкін)


4.Жас насихатшылар.Бұл сайыс берілген тақырыпқа үн қағаз бойынша байқау жүргізу.Топтың мүшелері ватманның жарты парағына үйден сурет салып келеді.Плакаттың тақырыбын шыңдайтын, оның құрамын көрсететін, қысқаша түсіндіретін ұран немесе шақыру түрінде сөздер жазылуы керек.

Бағалануы: 1.Плакат бойынша-плакаттың тақырыптық мазмұнына сәйкес келуі;компазициялық сауаттылығы.

2.Плакатты қорғау бойынша-шығармашылық ынтасы, мәліметтерді ұсыну шеберлігі.

5.Қауіпсіз дөңгелек. Сайысқа әр топтан1 велосипедистер қатысады.Жарыс әртүрлі кедергілер қойылған алаңда өткізіледі.Велосипед мәнерлі жүргізілуі керек.

6.Жас санитар. (Көрініс көрсету) Қатысушы білуі керек: жарақат түрлерін және оларды жөндеу тәсілдерін,байланатын шүберектер түрін және олардың салу тәсілдерін, артериялық тамырлық және капиллярлық қан қан ағуының тоқтату тәсілдерін, есінен тану және шок, үсу,күю,сындырып алған жағдайда бірінші көмек көрсетуді білу;жасанды дем беруді,жүрек массажын;жарақат алушының тасымалдау амалы мен тәсілдерін білу және көрсетуі керек.

Әділқазыларға сөз кезегін береміз.

Сайысқа қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!