Материалдар / Сынық сызықтың ұзындығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынық сызықтың ұзындығы

Материал туралы қысқаша түсінік
сызықтардың атауымен таныс¬тыру, сының сызықты (тұйықталған және тұйықталмаған) және оның буындарын (кесінді) табу қабілетін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
3406
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынық сызықтың ұзындығы

Жаңа Сабақтың мақсаты: сызықтардың атауымен таныс­тыру, сының сызықты (тұйықталған және тұйықталмаған) және оның буындарын (кесінді) табу қабілетін қалыптастыру.

Іс-әрекетті өз бетінше анықтау кезеңі

Мақсаты: Оқу іс-әрекетіне ену. Біздің айналамызда түрлі геометриялық фигуралардың пішініне ұқсайтын заттар өте көп. Айналамызға мұқият қарар болсақ, жерде де, жердің астында да, тіпті аспандағы жұлдыздардың арасынан да көптеген құпия сызықтарды байқауға болады. Олардың құпиясын ашу - біздің міндетіміз. Бірақ ол құпиялар бәріне емес, мұқият және шыдамды балаларға ғана көрінеді.

Білімдерін белсендіру және іс-әрекеттегі қиындықты анықтау.

Мақсаты: ойлаудың дайындығын және жаңа іс-әрекетті құру қажеттілігін сезіну. 1 - нұсқа

Бұл үшін оқулықтағы №1 тапсырманы орындауға болады. Теңдей кесінділерді табуға берілген тапсырмада қисық және түзу сызықтар да бар. Балалар алдымен геометриялық фигураларды топтастырып алады: сызықтар, кесінділер. Тақтаға көрнекі материалды іліп қою қажет:

Кіріспе әңгіме ұйымдастыруға болады. Кейбір геометриялық фигуралар туралы не білеміз, содан бастаймыз.

Әр партада карточкалар жиынтығы түр:

- Алдарыңа карточкаларды жайыңдар. Қайсы фигура өлшеуге келмейді? (R нүктесін.)

- Нүкте бейнеленген карточканы көтеріп, көрсетіңдер.

- Сол карточканы шетке алып қойыңдар.

- KL кесіндісі бейнеленген суретті тауып көрсетіңдер. Оны алдарыңа қойыңдар. Кесіндіге қатысы бар қандай тапсырманы орындауға болады? (Оның ұзындығын өлшей аламыз.)

- Кесіндінің ұзындығын қалай өлшейміз, естеріңе түсіріп көріңдерші? (Сызғышты алып, 0 деген белгіні кесіндінің басталған жеріне қоямыз. Содан соң кесіндінің сызғыштағы қай санның тұсынан біткенін қараймыз.)

- Карточкадағы кесіндінің ұзындығы нешеге тең? (4 см.)

- Кесінді бейнеленген карточканы шетке шығарып қойыңдар.

- Қалған фигуралардың бір-бірімен ортақ белгілері қандай? (Олар сының сызықтар.)

- Сынық сызың қандай фигуралардан құралған? (Кесінділерден)

- Карточкалардағы барлық сының сызықтарды қандай топтарға топтастыруға болады? (Тұйықталған және тұйықталмаған сынық сызықтар деп бөлуге болады.)

- Карточкаларды осы белгісіне қарай екі топқа бөліңдер. Жарайсыңдар, балалар! Қайталау сатысы аяқталды. Сендер

қандай материалды қайталадыңдар? (Кесіндінің ұзындығын өлшеуді.)

- Әрі қарай не істеуіміз керек? (Сынаң ретінде тапсырма беру қажет.)

- Сынаң үшін берілетін тапсырманың ерекшелігі неде? (Онда жаңа нәрсе бар.)

- № 5 карточканы алыңдар. Ондағы фигура қалай аталады? (Тұйықталмаған сынық сызық.)

- Атап көрсет. (ABCDE сының сызығы)

- Сынақ түрінде тапсырма беру үшін сендерге сол тұйықталмаған сынық сызықтың ұзындығын табуды ұсынамын. Бұл тапсырмада қандай жаңалық кездестірдіңдер? (Тұйықталмаған сынық сызықтың ұзындығын табу қажет.)

- Тапсырманы орындап көріңдер.

- Кім шешуін таба алмады?

- Қандай қиындыққа кезіктіңдер? (Мен тұйықталмаған сынық сызықтың ұзындығын таба алмадым)

- Дұрыс жауабын тапқандар қандай эталонды пайдаланғандарыңды айта аласыңдар ма?

- Нені істей алмадыңдар? (Мен өз жауабымның дұрыстығын дәлелдей алмаймын.)

- Қиындықты таптық. Енді не істеу керек? (Оның себебін анықтау қажет.)

Оқу іс-әрекетін қою.

Мақсаты: қиындықтың орнын, себебін айқындау, сабақтың мақсатын қою.

- Сендер қандай тапсырма орындадыңдар? (Тұйықталмаған сының сызықтың ұзындығын таптық.)

- Тұйықталмаған сының сызықтық ұзындығын тапқан кез­де неліктен қиындық туындады? (Біз тұйықталмаған сының сызықтың ұзындығын табу тәсілін білмейміз)

Балалардың сынық сызықтың атауын, ұзындығын табу ережелерін білмейтіні анықталғаннан кейін, мұғалім сабақтың мақсатын айқындап, қиындықтан шығу жоспарын белгілеуге көмектеседі.

Қиындықтан шығу жобасын құру (жаңа білімді ашу).

Мақсаты: балалармен амалдардың жаңа тәсілін құру және орындау мүмкіндіктерін қалыптастыру.

«Сынық сызық» деген атауды мұғалімнің өзі айтады. Ал сының сызықтың ұзындығын табу тәртібін оқушылардың өздері де көрсете алады. Ол үшін мұғалім аталған тәртіпте атқарылатын қадамдарды (алгоритм) шатастырып, бұрыс тәртіппен көрсетеді. Балалар сол қадамдардың ретін дұрыс тауып немесе үлгі құрастыруды ұсынады.

І.Сынық сызықтың неше буыны (кесінді) бар екенін анықта.

2. Әр Кесіндінің (буынның) ұзындығын тап және жаз.

3. Сынық сызықтың барлық буындарының (кесінділерінің) ұзындығының қосындысын тап.

Алғашқы бекіту (дауыстап айту арқылы түсіндіру).

Мақсаты: амалдың жаңа тәсілін меңгеру.

Сынық сызықтың ұзындығын табу алгоритмі мен ережесін оқу.

Өздік жұмысы өзін-өзі тексеруімен.

Мақсаты: амалдың жаңа тәсілін қолдану, мақсатқа жетудің жеке қорытындысы; табысқа жету жағдайын құру.

Оқулықтағы №2 тапсырма немесе дөптердегі ұсынылған фигуралардың ішінен сының сызықтың ұзындығын табуға берілген тапсырма және өзін-өзі тексерудің үлгісі.

Былай болуы мүмкін:

«Жаңаны» білім жүйесіне енгізу және қайталау.

Мақсаты: «жаңаны» білім жүйесіне енгізу, бұрынғы өтілгенді бекіту және қайталау.

4 жаттығу. Қызыл, жасыл сының сызықтардың ұзындығын табады.

Оқулықтағы қалған жаттығуларды мұғалімнің өзі сыныптың дайындық деңгейіне қарай қосып отырады. Іс-әрекетті қорытындылау.

Мақсаты: іс-әрекет нәтижесін өзіндік бағалау; жаңа білімді қолдану шегін, құру тәсілін ұғыну.

Бұл кезең әр сабақта өткізіліп отырады және оны өткізу тәсілдерін мұғалімнің өзі таңдап алады. Бүгінгі сабақта балаларға мынадай сұрақтар қоюға болады:

- Сабақта сендер алдарыңа қандай мақсат қойдыңдар? (Тұйықталмаған сынық сызықтың ұзындығын табу тәсілдерін құру.)

- Мақсаттарыңа жеттіңдер ме? Дәлелдеп көріңдерші.

- Тұйықталмаған сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз? (Сынық сызықтың әрі буынының ұзындығын өлшеп, со­дан соң барлық буындарының ұзындықтарын қосу қажет.)

Оқушы ретінде өз жұмысыңызды бағалап көріңіз. Мұғалім өзінің бағалау жүйесін қолданады: табыстар баспалдағы, жетістіктер картасы және т.б.

- Қандай қиындықтарға кезіктіңдер?

Үй жұмысы: сынық сызықтың ұзындығын табу және оқулықтан бұрын өткенді пысықтауға арналған тапсырмалар.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!