"Сыпайылық-адамгершілік айнасы". Ашық сынып сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сыпайылық-адамгершілік айнасы". Ашық сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сыныпқа өткізілген рухани-адамгершілік тәрбие бағытындағы ашық тәрбие сағаты, жас мұғалімждер мен бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


14.01.18.

Бекітемін: ТІЖО-ы Ф.Ғ. Қайбалиева


АШЫҚ СЫНЫП САҒАТЫ:

«СЫПАЙЫЛЫҚ-АДАМГЕРШІЛІК АЙНАСЫ»

Мақсаты: 1. Сыпайылық, адамгершілік туралы ұғымдарын жетілдіру,

адамгершілік сапаларын арттыру.

2.Рухани-адамгершілік тәрбие беру. Әдептілікке, қайырымдылыққа,

сыпайылыққа баулу.

3.таным-түсініктерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын,рөлдік орындау

машықтарын дамыту.

Түрі: сахналық, рөлдік

Әдісі: сұрақ-жауап, рөлдік, жағдаяттар шешу,шығармашылық тапсырмалар орындау.

Көрнекілігі: слайд, интерактив тақта, жағдаятты топшамалар,кітаптар, нақыл сөздер.

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық: Үлкенге де -«Сіз»,

Кішіге де -«Сіз».

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз!


Оқушылар тақтадағы суреттерге назар аударайық:

( интерактив тақтада әдептілік, сыпайылық, қайырымдылыққа байланысты суреттер көрсетіледі)

-тақтадан қандай суреттер көрдік?

-ол суреттер не үшін берілген деп ойлайсыңдар?

-бүгінгі тәрбие сағатымызда не жөнінде әңгімелейміз деп

ойлайсыңдар?

Оқушылар бүгінгі сынып сағатымызда «Сыпайылық»туралы айтатынымызды болжайды.

ІІ. Негізгі бөлім: «Сыпайылық» дегенді қалай түсінеміз?-ассоциация жасау:

Shape1

сыпайылық



Shape2 Shape3

Shape5 Shape6 Shape4





  • Сыпайылық туралы тақпақтарын айту:

Тахир: Еңлік: Жасұлан:

Атам маған әманда, Атам маған әманда, Атам маған әманда,

Әдепті жан бол деген. Кішіпейіл бол деген. Әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда, Ата сөзі санамда- Ата сөзі санамда-

Жасы үлкенге жол берем! Мақтанбауды жөн көрем! Жүрем тура жолменен.

Алдын орап ксінің, Өзгелерден өзімді, Қалдыратын ұятқа,

Кесіп өтпей көлденең. Санамаймын жоғары. Жалған сөзге төзбеймін,

Ізетімен кішінің, Артық айтып сөзімді, Жеткізетін мұратқа-

Сәлемдесіп, қол берем! Желпінгенім жоқ әлі. Тек шындықты көздеймін!

  • Ән «Мен әдепті баламын»

  • ІІІ. Диктафон арқылы «Не деу керек?» өлеңін тыңдау, сұрақтарға жауап беру:


«Не деу керек?»

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді.

-Не деп барып жеу керек?

-Рахмет, апа! Деу керек!


Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу- айғай.

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

-Мұндайда не деу керек?

-Кешіріңіз, деу керек!


Осы келген бетіңде, Әжең сенің түскі асқа,

Допты қуып жарыстың. Кәмпиттерді қойды мол.

Көшенің сол шетінде, Жұрттан бұрын ыдысқа,

Кезікті бір танысың. Өз бетіңмен создың қол...

Ұмыттың сен не деуді? Жөн еді не айтқаның?

-Сәлеметсізбе!-деуді! -Рұқсатпа? –деу керек!


ІҮ. «Әдептіліктің алтын ережесімен таныс бол!»

1. Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты,
2. Пышақты
ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
3.Саусағыңды
сормағын,
Салдыр-салақ болмағын
Салма аузыңа инені,
Үзбе жұлқып түймені
4.Ашуланбай,
долданып,
Жауап бергін ойланып
Құр бекерге қылтима,
Болмашыға бұртима,
5.Іштарлыққа
жол берме,
Бақталастық білдірме,
Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып, құр қаңғырма!
6.Сыйлап
үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақта көше тәртібін,
Бағдар шамның ал «тілін»

7.Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.

  • Ү . Жағдаяттық тапсырма:

Балаларға жағдаяттар жазылған топшамалар беріледі. Балалар сол топшамадағы тапсырманы көрініс етіп көрсетеді.

1-тапсырма: Көше бойымен таяққа сүйеніп, бір қарт келе жатты. Ол әбден қартайған. Бір бала оған қарсы келе жатты. Әлгі бала қартқа жақындағанда жол берді. Үлкен адам алғыс айтты. –бала атайға қандай сөз айтты?

-Сәлеметсіз бе, ата, өтіңіз!

2-тапсырма: Есен автобуста отыр еді. Бір аялдамада бөпе көтерген апай мінді. Есен оған орын ұсынды. Апай алғыс айтты...(-Рахмет, балам!) автобус қозғалғанда Есен алдындағы кісіні қағып кетті. Әлгі адам ашуланып қатты сөз айтты.(-ей, бала, көзіңе қарамайсың ба?)-Есен не деу керек?-Кешіріңіз, байқамай қалдым.

  • ҮІ. Сергіту сәті: «Кім тез?» ойыны.

Тақтаға Күннің суреті ілінеді. Оқушыларға бірнеше сыпайылық сөздері кері жазылған түрінде беріледі. Соны тауып жөндеп оқып, қай кезде айтылатынын түсіндіріп, күннің айналасына тез ілуі керек керек.

  • СУА БЛОЫҢЗЫ!

  • ӘСЕЛМТЕСЗІЕБ!

  • ҚЙАЫРЫЛ НҮК!

  • ШКЕІРІЗҢІ!

  • ҚШО КЛЕДІЗҢІ!

  • АРХТЕМ!


ҮІІ .Шығармашылық тапсырма:

Тапқышбектің тапсырмасы: -балалар, сендер енді сыпайылық, әдептілік туралы өлең

құрастырып көріңдерші?

............................баламыз,

............................жанамыз.

............................барамыз,

............................аламыз.


ҮІІІ. Кері байланыс: «Фишбоун» әдісі (постерде)

Балықтың басына тақырып жазылады, жоғарғы қаңқаларына: сыпайы сөздер жазылады,төменде қай кезде қолданатыны жазады. Құйрығына –бүгінгі сабақ бойынша түйген ойларын жазады. Өздері оқып, тақтаға іледі.

ІХ. Қорытынды. «Шеринг» әдісі:

Оқушылар шеңберге тұрады. Кезекпен барлығы тақырып бойынша бүгінгі үйренген түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
2302
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі