Материалдар / Сыр елі толғауы – Қорқыт ата
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыр елі толғауы – Қорқыт ата

Материал туралы қысқаша түсінік
Төл тарихымыздан сыр шертуге білек сыбана кіріскеніміз өлкеміздің нағыз өмір шындығынан тұратын шежіресіне терең үңілу мақсатында. Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласының «Туған жер» бағдарламасында «Туған жерлің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өтуге тиіс»- деген сөзі кіндік қаным тамып, қаз басқан қасиетті мекенімді, оның ішінде қадір дарыған Қорқыт бабамызды тереңірек танып білуге,өзіндік құпияға толы ерекше ескерткішін зерттеуге түрткі болып отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2023
217
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыр елі толғауы – Қорқыт ата


Тезис

Төл тарихымыздан сыр шертуге білек сыбана кіріскеніміз өлкеміздің нағыз өмір шындығынан тұратын шежіресіне терең үңілу мақсатында. Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласының «Туған жер» бағдарламасында «Туған жерлің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өтуге тиіс»- деген сөзі кіндік қаным тамып, қаз басқан қасиетті мекенімді, оның ішінде қадір дарыған Қорқыт бабамызды тереңірек танып білуге,өзіндік құпияға толы ерекше ескерткішін зерттеуге түрткі болып отыр.


Жоспары

Кіріспе

1. Сыр шежіресі шеңберінде...

Негізгі бөлім

1. Қорқыт – тарихи тұлға

2. Тебіренген тарихи ескерткіш

Қорытынды

Еліміздің көреген көшбасшысы, кемеңгер елбасы «Сыр – Алаштың анасы» деп атаған қасиетті өңір – байырғы дәуір шежіресі, мәңгілік өшпейтін, өлмейтін тарихи және мәдени мұралардың жақұт қойнауы.

Адамзат баласы жаралып, тіршілік еткен сонау ықылым замандардан бері қаншама ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болған бұл өлкені Сыр өңірі деп атайды. Бұл топырақта біздің жыл санауымыздан екі мың жыл бұрын бағы жанып, базары қызған Алтын, Асар, Жанкент, Шірік Рабат, Сығанақ, Сауран, Жент, Яссы секілді қырыққа жуық қираған қала мен жарты әлемді жалғастырған Жібек жолының арналы абағы сайрап жатыр.[1] Осы өңірде өмірге келген әрбір сәби сыр – Ананы арда еміп, Арал теңізінің қасиетті суына шомылып өскен ұрпақ. Шығысында күллі тарихтың куәсі қарт Қаратау, жер кіндігіне жерленген бүкіл түркі тектес халықтардың ардақ тұтар абыздары Қорқыт ата мен Қожа Ахмет Иассауидың аруақтары оларды әмәнда қанатының астына алып желеп-жебеп тұрады. Бұл жер – ұлтымыздың үш кемеңгерінің бірі – орақ ауыз, от тілді Әйтеке бидің Отаны. Бұл жер – өз дәуірінің көріпкел көсемі, көреген қолбасшысы Самарқан уәлаятының даңқты билеушісі болған Жалаңтөс Баһадүрдің Отаны. Бұл жер – туған мекенін жат жұрттықтардан жанын сала қорғаған және Бұқарбай сынды хас батырлардың, еркіндік сүйгіш ұлтжанды ер Мұстафа Шоқайдың Отаны.[1] Ел аузында жүрген тарихи аңыз бойынша біздің дәуәрімізге дейінгі 500-жылдың ортасында сақтар ханшайымы Томирис осы киелі жерде өмір сүрген деседі.[2]

Тегінде, қазақ халқының тарихы мен тағдырында бұл киесі мен құты қатар дарыған Сыр өңірінің алар орны айрықша орасан зор, оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы, қырат-ойпаты бәрі-бәрі сан алуан ғибратты шежіре-сырға тұнып тұр. Егер өткенімізге терең зер салар болсақ, жалпы қазақ елінің басына қара бұлт үйіріліп, жау жағадан алып, бөрі етектен шалған екіұдай күн туған қиын-қыстау замандарда да қандастарымыздың сан мәртебе осынау қас дұшпанды ата жұртымыздан алыстаған абыройлы шақтарын айқын аңғарар едік. Жалпы, қазаққа талай рет жат жұрттық басқыншылықтардан қиянат-қысым көріп, зәбір-жапа шегіп, жаны қысылғанда – тас қамал қорған, ашыққанда – азық, тозып келгенде – топ құрап, ту көтерер алтын бесік, құтты мекен болған Сыр елі ұлтымыздың рухани, тарихи-мәдени және демографиялық түп тірегі іспетті. Сондықтан да үш жүздің ұрпағының басы қосылған, ұлтымызға баспана да, астана да болған киелі Қызылорда жерін қазақтың қара шаңырағы деп атауымызға толық хақымыз бар.

Қорқыт – тарихи тұлға

Ежелгі Сыр жерінде дүниеге келіп, біртұтас іргелі елдің көреген көсемі, әзіз әулиесі, сөз бастар шешені, ұлы күйшісі болған Қорқыт ата бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ. Ұлы бабамыздың данышпандық ойдың інжу-маржанына айналған ғибратқа толы ұлағатты сөздері, жан тебірентер сырлы сазды күйлері мен жырлары арада мың жылдан аса уақыт өтсе де ұрпақ мұрасына, мәңгілік таусылмас қазынаға айналуда.

Қорқыт – оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII-IX ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы болған.

Қорқыт ата туралы қолына қалам алған ғалымдар, ғұламалар, тарихшылар, әдебиетшілер зерттеуді «Қорқыт ата аңыз тұлға ма, немесе тарихи тұлға ма?»-деген сұрақтарға жауап беруден бастайды. Қорқыт сан ғасырдан бері халық аузында атақты ақын, сазгер-күйші, халық аңызының кейіпкері – деп танылып, өз заманында озық ойлы болған, артына өшпейтін көп мұра қалдырған тарихи тұлға ретінде белгілі. Ерте заманның көптеген білімпаз ғұламалары Қорқыт атаның өмірге келіп, туып өскен жері – Сыр өңірі, оның ішінде Жанкент қаласы, Баят елі – дейді.[3]

Қорқыт ата бейіті Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Қорқыт станциясы түбінде, Сырдың жағасында.[3]

Қорқыт ата ескерткіші туралы

Есімі дүние жүзіне белгілі Қорқыт атаны мәңгі есте сақтап, оның мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің басты жолы Қорқыт атаға ескерткіш қою болып табылады. Халық қастерлеген ұлы адамның бейіті өзі өмір сүрген Сыр бойында екенін тарихи деректер дәлелдеді. Сыр елінің қариялары «Шамамен алғанда ІХ-ХІ ғасырларда Қорқыт бабамыздың мазары күмбезделіп салынған, алайда 1960 жылдары Сырдария өзенінің суының арнасынан ауытқуына байланысты күмбездің қалдығы шайылып кеткен»- дейді. [4]

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының президенті, Қазақ энциклопедиясының бас редакторы Әбдімәлік Нысанбаев «Қорқыт – бүкіл түркі халықтарының ойшылы» атты еңбегінде «Түркі жұртының фольклорлық мұрасын жинауға өлшеусіз үлес қосқан Әбубәкір Диваев, өткен ғасырдың өзінде қазіргі Қармақшы маңындағы Қорқыт бейітінің су шайып құлағалы тұрғанын, мұның өзі адамзат үшін аса құнды ескерткіштің жер бетінен жойылып кету қаупін туғызып отырғанын айтып патша шенеуніктеріне хат жазған еді»-дейді. [3]

Қорқыт ата туралы көп зерттеулер жасаған түрколог-ғалым Мырзатай Жолдасбеков: «Қорқыт атаға байланысты тарихи оқиғалардың, аңыз әфсаналардың Отаны – Сыр бойы. Сондықтан Қорқыт баба мазары тұрған жерде Қорқыт атаға арнап жаңа ескерткіш – белгі орнатсақ байырғы түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігін көз алдымызға әкелер едік»- дейді. [5]

Қармақшы жұртшылығы армандаған Қорқыт баба ескерткішін салуды ойластыру жұмыстары 1972 жылдан басталды. Сол жылы Қорқыт ата мазарының орнын белгілеуге қорқыттанушы, ғұлама ғалым, профессор Ә.Қоңыратбаев, жергілікті ақын Қ.Шыңғысов, аудандық атқару комитетінің орынбасары Ж.Жакеев, аудандық архитектор А.Әлденов қатысады. Осылайша Қорқыт ата ескерткішінің қадасы қағылып, орны белгіленеді. [1]


Сыр бойы халқы Қорқыт атаға арналған ескерткішті 1976 жылдан бастап салды. Қорқыт баба ескертуіші өзінің бейіті тұрған жерге, Қорқыт станциясының Сырдария өзеніне тақалар жерінде салыну керек – деген көпшілік халықтың ұсынысының нәтижесінде салынды. [1]

Қорқыт ата ескерткіші 1980 жылы Қазақстан ғылым академиясының ғылыми қызметкері жас архитектор Бек Ыбыраевтың жобасымен салынды. Қорқыт ата ескерткіші темір бетоннан жасалған биіктігі 8 метр, 4 тік стеладан тұрады. Әрбір стела әп тарапқа қаратып тұрғызылған құлпытастарға ұқсайды. Жоғары жағы кеңейе келіп, шөміш пішінінде түйісетін стелалар қобыз бейнесін меңзейді. Түйісер түбіндегі ортаңғы тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Қорқыт ата ескерткішінің ішкі жағы мәңгілік өмір сырын іздеген Қорқыт атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын «Түйе табан» өрнегімен безендірілген. Әрбір стеланың үшкілдене біткен төбесі күмбезге ұқсатылып, ерекше сәулеткерлік композициялық шешім тапқан. Қорқыт ата ескерткішінің салынуы туралы түрколог ғалым,профессор Ә.Қоңыратбаев: «Қорқыт – түркі тайпалар эпосының атасы, асқан музыкант, оның ескерткішін де біз осы стильде салдық»- дейді. [6]

1997 жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амфитеатр, қонақ үйі, т.б. нысандардан тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалып, мемориалдық кешенге айналды. 2000 жылы кешен жанынан мұражай ашылды. Оның қорындағы 700-ге жуық экспонат сақталған. Қорқыт Ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер береді. [2]

Қорытынды

  «Тамырсыз ағаш, тарихсыз халық болмайды,»- дейді халық даналығы.Ал сол тарихты зерделеп зерттемей, шаң басқан беттерін парақтамай, ертеңге аяқ басу мүмкін емес.

Барша түркі жұртының кемеңгер ойшылы және гуманисі Қорқыт ата – әлемдік ақыл-ой тарихындағы оқшау тұлғалардың бірі. Осындай ескерткіш – елдің, халықтың мәдени мұрасы. Әрбір елім, жерім деген патриот тарихи естеліктердің қоймасына үңілу бек қажет.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. «Сыр елі.Бетбұрыс белесінде» 1997

  2. «Сыр елі.Қызылорда облысы.Энциклопедия» 2005

  3. «Қорқыттану» 2003

  4. Қариялардың естелігінен

  5. «Заман Қазақстан» 1992

  6. «Ленин жолы» 1980















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!