Шығарма
«Шырайлы аты елімнің – қасиетінде
жерімнің»
Бағыт: қазақ тілі мен
әдебиет
Орындаған: Синягина Полина
Александровна
9 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Рахимжанова Шолпан
Серікқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Петропавл қ., 2017 жыл
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев: «Қасиетті қазақ
жері - ата-бабаларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып
кеткен жер», деп атап өткендей, кез келген елдің өткені мен бүгінінің
сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері – арқылы көрініс
табады. Қазақ елінің жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық
тарихынан сыр шертеді. Осы себептен жер-су атаулары бүгінгі күні
өзекті мәселелердің бірі. Өзімнің шығармамда мен біздің
өңіріміздегі елді-мекендер атауларының тарихын қарастырғалы
отырмын.
Солтүстік Қазақстан облысы
Батыс-Сібір қиырында және жарым-жартылай Сарыарқа аясында
орналасқан. Климаты шұғыл континенталды. Облысымыз орманды-далалы
табиғи аймақта орналасқан. Сондықтан, егін шаруашылығы біздің
өңірінің негізі болып табылады. Геологиясын айтып өтсек, өңіріміз
гранитті, кварцитті, порфиритті, кристалды тақтастарымен,
құм-тастармен және тағы басқа тау жыныстарымен ерекшеленеді. Мұнай
мен газдың шоғырлануына қолайлы тектоник құрылымдары бар. Шал ақын
және Ғ.Мүсірепов аудандарында мұнай және газдың болашағы бар кен
қабаты ашылды. Облыс аумағында әр түрлі бірнеше сулы кешендер бар.
Жер беті суларына Есіл, Сілетті, Шағалалы, Қамысақты, Ащысу, Қарасу
өзендері мен өзен тармақтары жатады.
Біздің аймақ орманды-дала және
далалы болып екі табиғи аймақ аясында орналасқан. Негізгі өсетін
өсімдік түрлері мынадай: қайыңды, көктеректі-қайынды,
қайынды-тоғайлы, қарағайлы ормандар. Солтүстіктің жергілікті
атауларына келсем, бұл атаулар сол жерде болған өңірге байланысты
аталған. Мұны топонимика деп атайды,
топонимика — география, тіл білімі, тарих тағы басқа ғылымдар
деректерінің нәтижесінде дамып келе жатқан жаңа ғылым
саласы. Бұл гректің
«топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары
деген сөз.
Мен бала туғанда, оның атын бір нәрсеге ырымдап қоятынын
білемін, ел бой көтерсе, оның да атының тарихы болатынын білемін.
Мен өз шығармамды елді-мекендер атауларының шығуына байланысты
қарастырып, оларды екі топқа бөлдім:
Е
лді-мекен атаулары
Г еографиялық ерекшеліктеріне Тарихи
оқиғаларға
қарай жасалған қарай
жасалған
(Кішкенекөл, Көктерек,т.б.)
(Буденное, Целинное,т.б.)
Ал тарихи оқиғаларға қарай жасалған елді-мекен атауларына
тоқталсам, Солтүстік өңірінің топонимикасы ерекше, көп
өзгерістерден өткен. Патша өкіметіннің саясатына сәйкес елімізде
бірнеше атаулар бұрмалап өзгертілді.
Тарих мәліметтері бойынша
Ресей патшасы Александр III өзінің генерал – губернаторларына 1894
жылы құпия хатында былай деп жазған: «Елді мекендерге орыс
атауларын беріңдер немесе оларды орыс тіліне аударып, ресми
қағаздарға орыс грамматикасына тән жазатын қылыңдар», деген.
Сөйтіп, Шабақты – Чебачье, Бескөл – Бишкуль, Тереңкөл – Тарангул,
Тоқыш – Токушино, Ащыкөл – Горьковка, Тұщыкөл – Пресновка деп
аталып кеткен, және осы атаулар бүгінгі күнге дейін осылай
сақталған.
Сонымен қатар, Совет үкіметі
кезіндегі болған қазан төңкерісінен кейін
Чапаево, Буденное, Ленино,
Боевик, Октябрь деген атаулар ауылдарға қойылды. Қазіргі Аққайың ауданы да
бірнеше жылдар бойы Совет ауданы деп аталған. Еліміз тәуелсіздігін алған соң ғана
табиғатының сұлу ерекшелігіне назар аударып, ана тілімізге құрмет
көрсетіп, Аққайың ауданы болып аталды.
Тың игеру науқандарына
байланысты көп елді-мекендердің атаулары өзгертілді, және көп жаңа
ауылдар көтеріліп, жаңа атаулар пайда болды.
Мысалы: Целинное, Қызыл
Ту,
Жаңаталап, Жаңалық деген сияқты. Тың игеруге Ресей қалаларынан көптеген жастар
жұмысқа Қазақстанға келді. Тың игерушілер айдалада палаткаларды
құрып, тың игеріп, егін екті. Осыған орай, көтерген ауылдарға
өздері келген қалаларының аттарын қойып кеткен. Сол себептен,
мысалы, Аққайың ауданында Черкасское, Новороссийка, Астраханка ауылдары пайда болды. Келген «первоцелинниктер» Черкасск,
Новороссийск, Астрахань деген Ресей қалаларынан болған. Сонымен
қатар, Целинное, Трудовая нива,
Становое деген
ауылдар көтерілді. Айта кету
керек, Целинное деген атау облысымыздың Аққайың, Ғабит Мүсірепов,
Уәлиханов аудандарында да кездеседі.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан
бері әйгілі азаматтардың, белгілі тұлғалардың есімдері аудандарға,
қала көшелеріне беріліп жатыр. Сөйтіп,
Мағжан
Жұмабаев, Уәлиханов, Шал ақын, Ғабит
Мүсірепов аудандарының атаулары қойылған. Бірнеше ауылдар Жамбыл,
Ғабит, Сәбит аталарымыздың есімімен
айтылады.
Географиялық ерекшеліктеріне
қарай жасалған елді-мекен атауларына келсем,
көптеген ауыл-аймақтардың
аттары олардың орналасқанынан, географиялық ерекшеліктеріне
байланысты қойылған. Мысалы, Аққайың ауданында Аралағаш ауылы атауының тарихы мынадай. Совет үкіметінің кезінде, ол
ауылдың аты Төңкеріс болды (орыс тілінде «революция»). Үлкендердің
айтуынша, ол жерде көп су болған. Судың ортасында кішкентай аралдай
ағаштар өсіп тұрған, сол себептен Ұлы Отан соғысынан кейін осы жер
Аралағаш деп аталып кеткен.
Сол
сияқты Көктерек ауылында көк теректен басқа ағаш өспегендіктен, (байқасақ
осы күнге дейін солай), сонымен қатар, жерге адамдар қоныс аударып
келгенде табиғаттың сұлулығына қарай Көктерек деп
аталған.
Есіл ауданында да
географиялық ерекшеліктеріне қарай ауылдардың
аттары пайда болған: Жарғайың (Есіл жағасындағы жар үстінде әдемі ақ қайыңдар өсіп
тұрады), Ақтас (ауылдастардың айтуынша бұл ауыл маңында ақ тастар бар
екен), Қарағай (ауыл маңында қарағай ағаштары көп
өседі). Өзіміздің Петропавл қаласы да ертеде
Қызылжар деп аталған, өйткені, алыстан қараса Есілдің жағасындағы
жар қып-қызыл болып көрінгендіктен, адамдарды таң қалдырған.
Табиғат ерекшелігіне орай, Аққайың ауданы да ақ қайың ағаштарына бай болғандықтан осылай
аталған. Есіл ауданының көптеген мекендері Есіл өзенінің жағасында
орналасқандықтан, оның аты да содан
шыққан.
Қарап отырсам, әр елді-мекен атауының жоғалтпас өз тарихы
бар екен. Неше ауыл, соншама аңыз, соншама қызықты әңгімеге
толы.
«Қазақ даласы - Ұлы Түркі
елінің қара шаңырағы» дегендей,
ойымды қорыта
келе, елді-мекеннің атауы-ол
туған жеріміздің тарихы өшпес мұрасы екендігіне көзім жетті. Ел
есімін жою – тарихымызды жою деп есептеймін. Сондықтан, менің үлкен
ағайларымыз бен апайларымызға, өзімнің құрбы-жолдастарыма айтайын
дегенім: елді-мекендердің атауын, ұлтымыздың тарихын сақтап,
кейінгі ұрпаққа аман-есен жеткізу – біздің азаматтық
парызымыз.
Президентіміздің айтуы
бойынша, бүгінгі таңда ауыл адамдары қалаға көшірілуі тиіс. «Елу
жылда ел жаңа» деп халық айтқандай, мүмкін қаладан ауылға көшетін
кезіміз де келетін шығар.
Менің ойымша, Қазақстан
жеріндегі орысша атауларды қазақшаға айналдырсақ,
ата-бабаларымыздың көптен күткен арман-тілектерінің бірі орындалар
еді. Егер болашақта осының бәрі ақиқатқа айналса,
тәуелсіздігіміздің туы биіктен көрінуі әбден мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер:
-
Солтүстік Қазақстан облысы
энциклопедиясы, Алматы, 2006 ж.
-
«Солтүстік Қазақстан»
// №
52,
14.01.2011 ж.
-
Солтүстік Қазақстан облысының
фотоальбомы.