400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сурет салу арқылы баланың көңіл күйін анықтайтын тапсырмалар, ойындар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сурет салу арқылы баланың көңіл күйін анықтайтын тапсырмалар, ойындар. №1.Бөлім: Сурет салу Білім беру саласы: Шығармашылық Дидактикалық ойынның атауы: «Кемпірқосақ» Мақсаты: Түстерді ажырата білуге үйрету.. Бейнені түсіне қарай таңдап алу іскерліктерін дамыту. Құрал – жабдықтары: Кемпірқосақтың суреті. Ойын шарты: Бұл ойынды балалар тәрбиешімен бірге орындайды.Қағаз бетінде жеті түсті кемпірқосақ бейнеленген сурет салынады.Содан соң балалар жеті түсті кемпірқосақтың барлық түсінің реті бойынша және оған өз суреттерін сәйкестендіре отырып орналастырады.Кімнің карточкасы түсі бойынша сәйкес келсе, сол бала заттық суретті алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сурет салу арқылы баланың көңіл күйін анықтайтын тапсырмалар, ойындар.


№1.Бөлім: Сурет салу

Білім беру саласы: Шығармашылық

Дидактикалық ойынның атауы: «Кемпірқосақ»

Мақсаты: Түстерді ажырата білуге үйрету.. Бейнені түсіне қарай таңдап алу іскерліктерін дамыту.

Құрал – жабдықтары: Кемпірқосақтың суреті.

Ойын шарты: Бұл ойынды балалар тәрбиешімен бірге орындайды.Қағаз бетінде жеті түсті кемпірқосақ бейнеленген сурет салынады.Содан соң балалар жеті түсті кемпірқосақтың барлық түсінің реті бойынша және оған өз суреттерін сәйкестендіре отырып орналастырады.Кімнің карточкасы түсі бойынша сәйкес келсе, сол бала заттық суретті алады.



№2.Бөлім: Сурет салу

Білім беру саласы: Шығармашылық

Мақсаты: Бірлесе жұмыс істеу барысында балаларды еркін қарым-қатынаста болуға үйрету.

Құрал – жабдықтары: Әр түрлі геомертиялық пішіндер( бірінші аққаланың көздері- көк,екіншісінікі-қара, біріншісінің басында-қызғылт сары, екіншісінің басында –қызыл шелек, түймелері-көк, жасыл) конвертке бірдей емес етіп геометриялық пішіндер салынады.

Ойынның шарты: Тәрбиеші геометриялық пішіндер салынған конвертті үлестіріп, үлгі бойынша « аққала» құрастыруды ұсынады.Егер кейбір бөліктер жетіспесе, ол құрбысының конвертінен алуы тиіс. Жұмысбарысында балалар бір-бірімен еркін араласуы қажет.Ойын сонында балалар бірбірін тексеріп, қажетіне қарай қателіктерін түзейді.


















№3.Бөлім: Сурет салу

Білім беру саласы: Шығармашылық

Дидактикалық ойынның атауы: «Топтасып сурет салу»

Мақсаты: Өзара қарым-қатынасты жақсарту

Құрал – жабдықтары: Ақ қағаз, қарындаш

Ойын шарты: Үстел басында балалар отырады, орталарында-жарты парақ альбом беті. Парақ ортасында - төртбұрыш немесе дөңгелек пішіндегі бейнелер. Белгіден кейін парақ шеңбер бойынша келесі балаға беріледі. Парақ айналып қайтадан алғашқы балаға келеді.Тәрбиеші әр баладан не салғысы келгенін және бір-бірінің ойын жалғастыра алды ма? деген мақсатпен әңгіме құрастырады.


Shape1






Shape2 Shape3






Shape4







№4. Бөлім: Сурет салу

Білім беру саласы: Шығармашылық

Дидактикалық ойынның атауы: «Өрнекті кім тез анықтайды»

Мақсаты: Оюдағы өрнектерді бөлу іскерлігінбекіту

Құрал – жабдықтары: 12 нұсқалы бейне (20х10) киіз үй, сәукеле, шапан, камзол карточка түрінде 12 кесте жасалған. Әрбір карточкада шапан мен сәукеледе т.б. кездесетін ою құрылымдары, « жоғалып» кеткен өрнектер салынған.

Ойын шарты: Балалар кесте салынған ою-өрнектерді қарайды. Олардың аттарын атап,түсін сипаттайды,содан кейін үстел үстінде жатқан киім-кешектер мен тұрмыстық заттардың нұсқаларында жетіспей « жоғалып кеткен қрнектерді тауып, орындарына орналастырады.Өрнекті бірінші тауып, өзінің орнына дұрыс орналастырған бала жеңілпас болады.



















№5.Бөлім: Сурет салу

Білім беру саласы: Шығармашылық

Дидактикалық ойынның атауы: « Қуыршақты киіндір»

Мақсаты: Қуыршақтың жетіспейтін киім-кешегін қиып жасауды, ретімен киіндіруді үйрету. Ұқыптылыққа, әсемпаздыққа тәрбиелеу

Құрал – жабдықтары: конверт ішінде қатырма қағаздан қиылған жалаңаш қуыршақ бейнесі, киімнің 2-3 түрі, түрлі-түсті қағаздар, қарындаш, сызғыш қайшы, желім

Ойын шарты: Тәрбиеші әр балаға конверт үлестіріп береді. Балалар конвертті ашып, қуыршақтың жетіспеген киімдерін мөлшерлеп, суретін салып,қияды. Қиылған дайын киімдердіалып, қуыршақты ретімен киіндіреді.

Shape5

Shape6 Shape7

















№6.Бөлім: Сурет салу

Білім беру саласы: Шығармашылық

Дидактикалық ойынның атауы: « Жыл мезгілдері»

Мақсаты: Жыл мезгілдері жайлы білімін бекіту

Құрал – жабдықтары: Жыл мезгілдерінің суреттері.

Ойын шарты: Балалар жылдың төрт мезгілі жайлы суреттер үлестіреді. Олар суерт бойыншатжыл мезгілдерін ретімен қойып шығады




























№7.Бөлім: Сурет салу

Білім беру саласы: Шығармашылық

Дидактикалық ойынның атауы: «Ғажайып дорба»

Мақсаты: Балалардың қолмен сипап сезу әрекеттерін дамыту, көкөністер жайлы білімін тереңдету

Құрал – жабдықтары: Көкөністер салынған дорба

Ойын барысы: Балалар кезекпен келіп қолын ғажайып дорбаға салып, сипалап сезу арқылы көкөністі таңдайды. Қолын дорбадан шығармай тұрып, сол көкөністің атын атайды және одан не жасауға болатыны жайлы әңгімелейді








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
1130
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі