Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сурет салу сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Суретті көріп, үйреніп салу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді: ­­­­­­________ Б.Длмуханова

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

1-ҰОҚ. Мен сурет саламын!


Мектеп/МҰ: Жамбыл орта мектеп


Күні: 04.09.2017


Педагогтің аты-жөні: Кусайнова Ж

Сынып/топ: МАД «Б»

Қатысқандардың саны:


Қатыспағандардың саны:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары


0.1.1.1. Түрлі сызықтарды (түзу, қисық, зигзаг, ирек, т.б.) пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу.

0.2.1.2. Жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу нүктелерді салғанда тік ұстау.

0.2.2.2. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау

Күтілетін нәтижелер


Барлық тәрбиеленушілер:

түрлі сызықтарды пайдаланып, қарапайым заттарды салады;

жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу,

нүктелерді салғанда тік ұстайды;

жеке бас гигиенасының ережелерін орындайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер: қылқаламмен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын

сақтайды;

ұзын сызықтарды салу кезінде бүкіл қолымен қозғалыс

жасайды;

алдағы әрекеттерін айтады.

Кейбір тәрбиеленушілер: сызықтардың бірқалыптылығына бірігуіне, олардың жіңішкелігі

мен көркемдігіне қол жеткізеді;

өз ойларын шығармашылықпен жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттар

Дағдыларды дамыту.

Тәрбиеленушілер келесі іскерліктерін дамытады:

сабақ мақсаттарын және оларға жету ұмтылысын түсінеді;

пішінді бейнеге өзгерту жөнінде идеялар ұсынады;

затты бейнелеудің ойын түсіндіреді;

өзінің және құрдастарының жұмыстарын талқылайды және пікір білдіреді;

сызық түрлерін, олардың сипаттық ерекшеліктерін ауызша формада анықтайды.

Көптілділік: сызық–линия– line.

Негізгі терминдер мен сөз тіркесері:

сызық түрлері, ирек, түзу, үзік, қисық, әліппе-альбом, жұмыс орны, жеке гигиена.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сызық дегеніміз не?

Сызықтың қалыңдығы неге байланысты?

Қандай сызық түрлерін білесің?

Шеңберді неге айналдыруға болады?

Сенің бүгінгі көңіл-күйің қалай?

Сен мұны қандай түспен жеткізе аласың?

Бастапқы білім


Қылқаламмен жұмыс істеудің техникалық дағдылары, зат сұлбасын дұрыс жеткізу, оның нышандары туралы түсініктер.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


I. Оң көңіл күй

қалыптастыру.

0–1 минут

(Ұ) ҰОҚ-де оң көңіл күй қалыптастыру.

«Мен күнмін» (қол ұстасып, өз сезімдерін айтады). «Мен кішкентай күнмін. Мен оянамын, жуынамын. Сәулелерімді тараймын және көкжиекке көтерілемін. Мен үлкен шармын. Менің жылуым мен жарығым көп. Мен жербетіне және барлық адамдарға жылу сыйлаймын. Мен жылу таратамын, жербетімен ұшамын және оны жарықтандырамын».

Музыкалық сүйемелдеу,

Жіптерге байланған

Алуан түсті әуе

шарлары.

II. Өмірлік

тәжірибені

жандандыру.

Мақсатты

тұжырымдау.

2–5 минут

(Ұ) Педагог алуан түсті әуе шарларымен Сурет еліне ұшуды ұсынады.

Педагог Сурет елінде балаларға суреттер көрсетеді және олардан қандай сурет салуды ұнататындықтары туралы әңгімелеуін сұрайды.

Сурет салу кезінде нені пайдалануға болады?

Белгілі қазақ суретшілерінің

(Ә.Қастеев, Н.Г.Хлудов, К.Телжанов,

Н.Крутильников) көшірмелері.

III. ҰОҚ-нің

тақырыбы

бойынша жұмыс.

6 – 25 минут

(Ұ) Әліппе-альбомдағы материалмен жұмыс.

Қуаныштың шарларының жіптеріне назар аударыңдар, Қуаныштан сыйлыққа қандай шарларды алғанды қалар едіңдер?

Әрбір шардың жібі не түрінде салынған? (Сызық түрінде.)

Сызықтар түзу, қисық, ирек, үзік, т.б. болады. Жіңішке сызық болу үшін қылқаламды қағаз Бетінде қалай жүргізуді көрсетіңдер? Жуан сызық үшінше? Үзік сызық үшінше?Бүгін біз қарапайым шеңберді түрлі заттарға айналдырамыз. Бұған бізге сызықтар көмектеседі.

Проблемалықжағдаят: шеңберді неге айналдыруға болатынын ойластыр.Бүгін біз қандай құралдарды қолданатын боламыз?

(Қылқалам.) Бізге акварельді бояулар да қажет болады.

(Ұ) Сергіту сәті

Сурет салу талабы,

Шабыттандырар баланы! (Жұдырықтарын ашып,

Саусақтарын ауада қимылдатады.)

Ашып альбом-дәптерді,

Бастаймыз сурет салуды: (Алақандарын ашады.)

Алдымен түзу сызамыз,

(Қолдарымен түзу сызық салады.)

Содан соң, достым,

Кішкентай шеңбер саламыз. (Білезігін қозғамай,

Саусақтары мен кішкентай шеңбер салады.)

Міне, біз салған шеңберлерден дөңгелек ауа шары

Пайда болды.

(Қолдарымен үлке ншеңбер салады.)

Ол жоғары қарай көтеріліп, бізге қол бұлғағандай

болады. (Білезіктерімен жоғары қарай ирек

тәріздес қозғалыстар жасайды.)

(Ұ) Қауіпсіз жұмыс техникасы

Педагог заттарды парта бетінде орналастыру

ережелерін еске салады. Балалардан білезіктерін

қалайша дұрыс ұстау керектігін көрсетуін сұрайды.

Қылқалам, бояумен жұмыс барысында қауіпсіздік

Ережелерін еске салады. Балаларға «жеке гигиена» ұғымын түсіндіреді. Тәрбиеленушілерді жұмыс орындарын тазалықта

Сақтау қажеттілігіне ынталандырады.

(Ұ, Ө) Жұмыстың орындалу технологиясы.

(Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.)

Педагог балаларға шеңберді белгілі бір затқа

айналдыруды ұсынады. Балалар суретті жасауда

қандай сызықтарды пайдаланатындығын анықтауы

тиіс. Қолданатын қылқаламды таңдаулары қажет.

Әліппе-альбоммен жұмыс.

Балаларға шеңберді үзік сызықпен айналдырып

шығып, артынан толық салу керектігін түсіндіреді.

Оған белгілі бір бейне, сюжет, ым-ишара, т.б.көрсетеді.

Соңынан балалар сызықтар туралы алынған

ақпаратты қолдана отырып, шеңберге күн бейнесін

беру үшін суретке ирек сызықтарды, бет, күлкі, т.б.

жасау үшін үзік сызықтарды қосады


Әліппе-альбом.

Түрлі өлшемдегі қылқаламдар №3,

6, акварель, су төгілмейтін стақан,

мақта майлықтар.

IV. ҰОҚ-нің

қорытындысы.

Рефлексия.

26 –30 минут

(Ұ, Ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар өз жұмыстарын талқылайды. Жасалған бейне туралы әңгімелейді. Педагог тәрбиеленушілерден өз жұмыстарын бағалауды сұрайды:

Кімге өз жұмысы ұнады?

Салғысы келген затты сала алды ма?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2021
651
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12