Материалдар / Сурет салудың инновациялық әдіс-тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сурет салудың инновациялық әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекемеде сурет салудың инновациялық жолдары көрсетілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2020
718
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Көкіректе сәулесі жоқтың,

көңілде сенімі жоқ, өнерсіз өмірден тез суынар.

Абай

Қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер мен заманауи балабақшалар мен мектеп жасына дейінгі оқу мен тірбие мәселелеріне зор көңіл бөлуде. Болашақ жеткіншектерімізді мектепке дайындауда олардың ден саулығын нығайту, адамгершілік, имндылық қасиетін, эстетикалық талғамын дамыту, қоршаған ортыны тану,ондағы құбылыстарды байқау,математиканың қарапайым түсінігін, тіл байлығы мен ойлау қабілетін жетілдіру көзделіп отыр. Осы орайда еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың ненегзігі мақсаты және міндеттері бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты адамзат тәрбиелеп өсіру. Замана қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту сұраныстарына сәйкес келетін қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет. Осы мақсаттарға жеткізетін сара жолдың бірі-балабақшада жаңаша оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Иновацияны жете түсініп иновациялық әдіс-тәсілдерін балабақша өмірінде кеңінен енгізу жеткіншек ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады деп ойлаймын.

Тәрбие мен білім беруді жаңаша ұйымдастырудың қажеттілігіне көз жеткізе отырып, оның жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету және айту, құрудың негізгі жолдарын талдап зерттеу керек ететінін анық. Әрине, ол мектепке дейінгі жастағы балалардың даму ерекшелігін ескеріп, шаршатпай ойната отырып, тәрбие мен білім беруді қажет етеді.

БАЛАБАҚШАДА ДӘСТҮРДЕН ТЫС ӘДІС - ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс Бейнелеу өнерімен айналысу бала үшін қуанышты, шабытты еңбек. Оған баланы мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Бірақ бейнелеу өнерінің жаңа мүмкіндіктерін біртіндеп аша отырып, сәбиді ынталандыру, және қолдау өте қажет.


Бейнелеу өнерін ұйымдастырғанда дәстүрден тыс ықпал жасау балаларды таң қалдырады және ынталандырады. Баланы шығармашылыққа итермелейді. Ұжымдық жұмыс машықтарын тәрбиелейді. Балалар тек сурет салып, мүсіндеп, жапсырып қана қоймайды, олардың тілі ұсақ-қол қимылдары да қоса жетіледі. Ал, ұсақ –қол басындағы нерв талшықтарының өз дәрежесінде дамуы , ол бала тілінің даму жолы.

Дәстүрден тыс сурет салу техникасы пайдаланылған бейнелеу іс-әрекеті түрлерінде балалар түрлі жабдықтардың сапасы мен мүмкіндіктері туралы терең білім алады, эстетикалық эмоциялық сезімдері дамиды, еңбекке деген талпынысы артып, шеберлік ерекшеліктерін меңгеру тілегі ынталандырылады.Тек балабақша төңірегінде ғана қалып қоймай отбасы жағдайында ол жалғасын табуы қажет. Ол үшін бала жұмыстары фотоға түсіріліп олардың: немен, қандай құралмен, жұмыс жасап отырғандарын жариялап ата-аналарға көрсетілуі тиіс. Бала, балабақшадағы жасаған, көрген білгенін үйде міндетті түрде қайталайды. . Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.


Сурет салудың дәстүрден тыс әдіс – тәсілдері, түрлері және бала дамуындағы рөлі

Қазақстан Республикасының Конституциясында, әлемдік заңнамаларда бала құқықтарын қорғау еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз ету болып табылады. Сол болашағымызды дайындауда саналарына жақсы қасиеттерді дарыту біздің басты міндетіміз. Сәбилердің ойы қиял-ғажайыптар әлемінен тұрады. Ол әлемге жетелейтін сурет болып табылады. Сурет салудың өзі баланы эстетикалық тәрбиеге, табиғатқа деген қызығушылыққа, өз халқының өнеріне деген ынтасын артып, рухани тәрбие береді.

Сурет салу баланың тіл байлығын арттырады. Өзі бейнелеген бейнені ойынша суреттеген бала қағаз бетіне түсірегенде өз ойын ашық айта алады. Бала шығармашылығын дамытуда сурет салудың дәстүрлі дәстүрінен дәстүрден тыс тәсілдерді қолдану қазіргі заманауи балаларымыздың қызығушылығын арттырады. Қазіргі кезде оларды қоршаған орта, қоғам бәрі қызықтырады. Осы сәтте біз олардың қызығушылығын артыратын тәрбие беру міндетіміз.

Дәстүрден тыс сурет салу баланың бойында өзгешелікке, жаңа тәсілдер ойлап табуға, қазіргі озық технологиялар заманында тың дүниелер ойлап табуға жол ашатын тәсіл болып табылады. Іскерлікті дамытатын, бастамашыл тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін негізгі құрал десе де болады.

Балалардың шығармашылығын дамытуда дәстүрден тыс сурет салу әдістері мынадай тәрбиелік және дамыту мақсаттарында қолданылады:

  • Саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту. Бас миы мен ұсақ қол моторикасының өзара байланысы бас миының қабығы әрқайсысы бір денеге жауапты бірнеше бөліктен тұрады. Бас миының қабығында қозғалыстық сипатты анықтайтын бөлік бар. Бас миы қабығының үштен бір бөлігі қол мойнының қозғалыстық қабілетімен байланысты және мидың сөйлеу зонасы бір – біріне өте жақын орналасқан. Сондықтан егер баланың саусағы нашар дамыған болса, ол баланың сөйлеу қабілетіне әсер етеді. Осыған байланысты ғалымдар қол мойнының буынын артикуляциялық аппарат сияқты «сөйлеу органы» деп те атайды. Бала тілін дамыту үшін сөйлеу органы ғана емес сондай –ақ, ұсақ қол моторикасын да дамыту қажет;

  • Қоршаған орта әлемін, ондағы құбылыстар мен заттарды біліп қабылдау, түсіну. Бала сурет салмас бұрын ойша елестетіп, белгілі бір бөлшектерге бөліп, қандай да бір заттарға, геометриялық фигураларға ұқсатып салады.

  • Әртүрлі материалдармен жұмыс жасау. Сабақта балалар суретті дәстүрлі қарындаш пен бояулармен бейнелемей, сондай-ақ тұрмыстық заттарды пайдалана отырып, шығармашылықпен айналысу ерекшеліктерін түсінеді.

  • Ойлау жүйесін белсендіру мен тың идеялар шығаруға белсенділік арттыру. Балаларға өз ойын жеткізуге, өзіне шығармашылық белсенділігін танытуға қажетті бұйымдар алуға, еркін тақырыпта сурет салуға мүмкіндік беріледі. Бұл баланың тұлға болып қалыптасуының алғашқы қадамы десек те болады.

  • Балаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, өзіне деген сенімін арттыру, қорқыныштан арылту. Дәстүрлі емес тәсілдермен сурет салу ойын түрінде өткізіледі, сондай-ақ, суреттер салу арқылы бала бойында мақтаныш сезімін ұялатуға, жетістікке жетуге деген құлшынысын арттыруға мүмкіндік береді.

  • Топпен жұмыс жасауға қызығушылықты қалыптастыру. Балалар топ болып жұмыс жасай алмайды, бірақ қарапайым тапсырмаларды қуана бірге орындайды. Тәрбиеші топқа бөліп тапсырма береді, балалар обьектілерді бөліп ала отырып орындайды. Тәрбиеші балалар еңбегін бағалағанда әдемі суреттегі әрбір баланың еңбегін атап өтеді.

  • Эстетикалық талғамды қалыптастырады. Балалар дәстүрлі емес тәсілдермен сурет салуда қарапайым заттардың сұлулығын көреді, түстерді үйлестіре біледі.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзуге асыруда дәстүрден тыс сурет салудың мынадай тәсілдерін пайдалану ұтымды:

  • 3D қаламмен сурет салу. Бүгінгі таңда 3D құрылғылар бүкіл дүниежүзіне танымал. Олар кино немесе өнер саласында болмасын кеңінен етек жайып келеді. Сонымен қатар 3D суреттері өнер саласында да кең ауқымда пайдаланылып келеді. 3D қаламдар қазіргі таңда өте танымалдылыққа ие болуда. Онымен жұмыс жасағысы келетіндердің саны саны күн санап артуда.

Қолданылуы: 3D қаламды тоқ көзіне қосып ON батырмасын басамыз. Өзіңізге қажетті түстегі пластикті жіпті кіретін портқа қоямыз. Қажетті температураға қойып, қажетті суретімізді саламыз. Сурет салуып болған соң, OFF режимін басып, пластикті жіпті арнайы батырманы басып ажыратамыз. Электр көзінен ажыратамыз.

  • Құммен сурет салу әдісі. Балалар құммен ойнағанды жақсы көреді.  Саусаққа тиген құмның түйіршіктері бойдағы ұйықтап жатқан әрбір жасушаны оятып, жүйке жүйесін де тыныштандырады екен. Мамандардың айтуынша, құм терапиясы баланың  өзіне деген сенімділігін арттыруға, мінезінің ашылуы­на, бойындағы  қиындықпен күре­суге де көмектеседі және ойлау қабілетін дамытып, зейінін арттырады.

Сонымен қатар, балабақшада құммен сурет салудың тағы бір әдісін қолдануға болады. Ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады, пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз, жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.



Мұзбен сурет салу. Түрлі - түсті мұз дайындау үшін бізге мұз дайындайтын ыдыстар және тағамдық бояулар қажет. Арнайы мұз ыдысына түрлі - түсті тағамдық бояулар араласқан суды құйып, балмұздақ таяқшасын салып мұздатқышқа саламыз. Су мұзға айналғанда балаларға береміз. Балаларға арнайы ұстағыштан ұстап жұмыс жүргізу қажеттегін ескертеміз.

Нүктелер арқылы сурет салу әдісі. Нүктелерді қосу арқылы шыққан сурет балалар үшін үлкен жетістік болып табылады. Нүктелерді қосуда баланың бойына талпыныс, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, нәтижеге жету сияқты қасиеттер дарытады. Шығармашылыққа деген ұмтылысқа қажетті тәсіл деп білемін.

Кофе ерітіндісімен сурет салу Ол үшін бір шай қасық кофені бір шай қасық сумен араластырамыз. Мұндай тәсілмен сурет салудың ғажайыптылығ жас балаларға кофе ішуге болмайды. Сол себепті сурет салу барысында кофенің хош иісін сезіну. Мұндай тәсіл арқылы ашық сары түстен тоқ қоңыр түске дейін түс шығаруға болады. Бұл әдіспен алтын «Алтын күз» көрінісінің суретін салуға болады.

Пластилинмен сурет салу баладан төзімділікті, бастаған істі аяғына дейін жеткізу үшін табандылықты талап етеді. Бұл әдісті біз мектепалды тобында пайдаландық.

Қазіргі таңда ата - аналар қызығушылығына ие болып огтырған тағы бір сурет салу түрі бар. Ол жарықпен сурет салу. Бұл жиынтықты арнайы дүкендерден немесе ғаламтор желісі арқылы тапсырыспен алдыруға болады.

Бұл жиынтық туралы айта кетсем:

"Рисуй светом" жиынтығы – 3 жастан жоғары бүлдіршіндерге арналған таптырмас сыйлық!
Жасанды және табиғи жарық көздерінен жарық жинайтын, фотолюминисцентті тақтайша. Оған салынған суреттер қараңғыда жанып, бірте-бірте сөнеді. Қайта қайта қолдануға жарамды.

  • Ойлау дағдыларын дамытады

  • Шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын дамытады

  • Қараңғыдан қорқумен күресуге көмектеседі

  • Экологиялық қауіпсіз, жарығы бар бояулар, сондықтан лас болу мумкін емес
    Жиынтықта: тақта, трафарет, қалам А4 -пішімі


Алуан түрлі әдістердің балалардың жұмыстарының мазмұнын ашуға өз септігін тигізетінін атап айтпай болмайды. Олардың орындалу барысының өзі балаларға үлкен қанағаттанғандық әкеледі. Әр қимыл сәтті шыққан сайын бала өз жеңісінің жемісін өзгелерге көрсету үшін оны сан рет қайталап көрсетуден жалықпайды. Жоғарыда аталған әдістерді тиімді пайдалану


Нәтижесінде:

  1. Балада көркем өнер туралы білім қалыптасады.

  2. Шығармашылығы дамиды.

  3. Авторлық бағытта бейнелей біледі.

  4. Отбасы және балабақша ынтымақтастығы орнайды.

  5. Балалардың іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады.  Сурет  оқу қызметтері арқылы бейнелеу өнеріне деген  сүйіспеншілік оянады.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтарым, қазіргі таңда дәстүрден тыс сурет салу бала тәрбиесінде маңызды орын алып отыр. Дәстүрден тыс сурет салу баланың шығармашылығын дамытумен қатар бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттырып, психологиялық тұрғыда өскелең ұрпаққа септігін тигізеді. Бұл балаларға өздерін еркін сезінуге, батылдық ұялатады, қиялды дамытады, өзін-өзі көрсету үшін толық еркіндік береді. Шығармашылық ықпал кез-келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының ерекше дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды. Мысалы: әр бала үшін саусақпен сурет салу, өз алақанының таңбасымен сурет салу, қағаз бетінде бояу тамызып, оны үрлеп сиқырлы бейнелерге айналдыру өте қызықты. Ол адамның ақыл- ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке үйретеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылқалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады.

«Баланың икемділігі мен дарынының қайнар көзі-оның саусағының ұшында» деп В.А.Сухомлинский айтқандай, баяндамамды қорытындылай келе айтарым: мектеп жасына дейінгі оқыту үрдісінде бейнелеу өнері жұмыстарында жаңа технологияларды тиімді қолданып, балалардың шығармашылық қабілетін одан әрі жетілдіру керек деген сенімдемін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!