Сусабынның адам ағзасына
тигізер әсері
Сусабын 1903 жылы ойлап табылды. Неміс химигі
Ханс Шварцкопф алғаш рет қара түсті шаштарға арнап сусабын шығарды.
Шварцкопфтың ұнтақты сусабыны шашқа арналған ең алғашқы маркалы
өнім болды. Сусабын ассортименттері тез тарап, бірден 7 түрге
бөлінді: түймедақ, қышқыл, қайың, шөп, желтковый, серный,
ланолиновый және (с вытяжками смол). 1919 жылы сусабындар сапалы
өнім ретінде таныла бастады және бұл өнім Schaupoon деп аталды.
Бірнеше жылдан кейін Шварцкопфтың компаниясы сұйық сусабын ойлап
шығарды. 1931 жылы сусабын құрамына шаш күтіміне арналған
компаненттер қосылды. Сұйық сусабындар жиі дамып, көптеген сусабын
түрлері, шашқа арналған бальзамдар шығарылды.
"Шампунь" сөзі Индиядан шыққан. Бұл ағылшын
тектес тілдес сөздің түбірі хинди тілінен бастау алады. Индияда
«чампа» деген сөз «гүл» деген мағынаны білдіріеді. Сол гүлден
бұрындары шаштың түбіріне жағу үшін май сығындысын
алған.
Шампунь. Шампунь жасау үшін негізгі шикізат
ретінде тибиғи кокос майын арнайы тәсілмен өңдеу арқылы алынатын
заттар пайдаланылады. Жасалу әдісіне қарай шампуньдер сұйық,
қоймалжың және крем тәріздес болады да, олар бірқалыпты, құрғақ
және майлы шаштарға арналады. Сұйық шампуньдер — жоғары активті
заттардан және әр түрлі пайдалы әстемелер қосылған су мен спирттің
ерітіндісінен тұрады.
Шаштың әсемдігі мен саулығы оған көрсетілген
күтімге байланысты. Шаш күтіміндегі алғашқы және басты қадам –
сусабынды дұрыс таңдау. Шашыңыздың түрін, ерекшеліктерін есепке
алып, оған қажет құрамдас бөліктермен танысып, дұрыс сусабын
таңдаған жөн. Құрғаған шаш, қайызғақ түзулеткіш пен фенге әуес
қыздар артынан осындай қиындыққа тап болады. Сондай-ақ жаңбыр, күн,
жел, экология, жалпы денсаулық жағдайына байланысты көптеген
арулардың шашы құрғақ, қайызғақты болады. Сізге пайдалы болатын
сусабынның құрамында келесі құрамдас бөліктер болуы керек: зәйтүн
майы бас терісін ылғалдандырады. Бал экстракты теріні жұмсартып,
шашты мықты қылады. Бидай экстракты шашты тамырынан ұшына дейін
қоректендіріп, сынғыштығын кемітеді. Зығыр дәндерінің экстракты бас
терісінің жағдайын қалпына келтіріп, оны ылғалдандырады. Сонымен
құрамында осындай заттар бар, арнайы қайызғаққа қарсы сусабын
таңдаған дұрыс. Жұқа, әлсіз шаш қате таңдалған сусабын, фен мен
плойканы тым жиі қолдану, шашты бояу жұқа, әлсіз шаштарға әкелуі
мүмкін. құрамында мынандай заттар бар сусабын сізге жағады: Бал мен
бидай протеины бас терісін жұмсартады. Жожоба майы шашты берік
қылып, әлсізденуден сақтайды. Жасыл шай шаштың түсуін 70 пайызға
кемітеді. Глицерин қосылған сусабын шаш терісін құрғап кетуден
сақтайды. Жалбыз жапырақтарының экстракты бас терісін
тыныштандырады. Жұқа шаш иегерлеріне ылғалдандырғыш маскаларды
қолданғанда абай болу керек, шамадан тыс ылғалдандыру шашты одан
әрі әлсіздендіруі мүмкін. Тым майлы шаш Бас терісіндегі май
бездерінің тым белсенді жұмысы сіздің шашыңыздың тез майлануының
себебі болуы мүмкін. Сол себепті мынандай құрамдас бөліктерге назар
аударғаныңыз жөн: Эвкалипт пен гамамелим экстракттары май
бездерінің жұмысын реттейді. Емдік саз қосылған сусабын бас терісін
терең тазартады. Ментол бас терісіндегі қан айналымын реттеп, шаш
тамырларын қоректендіреді. Жожоба майы шашты жақсы тазартады.
Зәйтүн майы бас терісін өте жақсы ылғалдандырады. Шашыңыз одан әрі
майланбас үшін сусабынның құрамында майлы қосылыстар жоқ екендігіне
көз жеткізіңіз.
Сусабынды бас терісінің түріне қарай таңдау
керек. Ал теріге жүргізілетін емдік істер (шаштың түспеуін, тез
өсуін, ұштанып кетпеуін қадағалау) арнайы құралдармен (маска,
бальзам, кондиционер) жасалады. Сусабын – шашты тазартуға арналған
құрал.
Майлы шаш не майлы бас терісі.
Егер шашыңыз жуғаннан кейін екі күн өтпей кірлеп,
аптасына екі реттен көп жууға тура келетін болса, шашыңыз майлы
түрге жатады. Бұл түрдегі шаш пен бас терісіне көлем беруге
арналған, сезімтал теріге арналған және майлы шаштарға арналған
сусабындар қолайлы. Шаштың бояуын сақтайтын, құнар беретін
(питательные) сусабындар құрамы майлы болады да, шашыңыз одан сайын
тез кірлейтін, жылтырамайтын болып қалады.
Құрғақ не сезімтал бас терісі.
Әрең дегенде таңдап алған сусабыныңыз басыңызды
ашытып, қышытып, бүртіп жіберетін болса, бас теріңіз тым сезімтал
не құрғақ болғаны. Терінің бұл түрі арнайы жұмсартатын, ақырын
жууды, асқынтып жібермейтін құралдарды қажет етеді. Тек сезімтал
теріге арналған сусабындармен жуу керек. Неқұрлым сенімді әрі
сапалы брендті таңдаңыз.
Қайызғақ.
Бұл
– көпті толғандыратын күрделі мәселе. Шашыңыз мейлі майлы болсын,
құрғақ болсын, сусабынды дұрыс таңдамасаңыз, қайызғақ қаптап шыға
келеді. Мұндағы басты қағида – бас терісінің түрін анықтап, тек
соған сай келетін сусабынмен жуу, сонда қайызғақ болмайды. Ал егер
басыңыздағы қайызғақ мүлде кетпей, уақыт өткен сайын көбейе берсе,
айына бір рет бас терісіне пилинг не флюид жасатып жүріңіз. әсемдік
салондары мамандарының көмегіне жүгінесіз. қайызғақты шашқа
арналған арнайы сусабынды қолданып жүріңіз.
Сусабынның 5 зиянды қоспасын білесіз
бе?
Сусабын таңдағанда оның құрамына көңіл аударған
жөн. Сапалы сусабынның құрамында 30-ға тарта қоспа бар. Сол
себепті, сіздің шашыңызға қолайлы, ең бастысы пайдалы шампунь
таңдау қиындау. Ингредиенттер тізімінен келесідей қоспаларды
көрсеңіз, назар аударған дұрыс.
1.Sodium Laureth Sulfate
Бұл
қоспа сусабынды көпірту үшін қосылады. әу баста SLS машиналардың
механизімін тазалау әшін өндірілген. қоспаның құрамындағы химиялық
компонент бас құйқасындағы тері саңылаулары арқылы қанға жетіп,
бауыр мен жүрек көзінің талшықтарына сіңеді. Бұл токсиндік мутаген
метаболизм процессін бұзады. Сульфанат натрия шашты майланудан
арылтса да, бас терісін зақымдатады.
2.BHT (Butylated
Hydroxytoluene)
Бұл
қоспаны кейбір елдерде косметиканың компоненті ретінде пайдалануға
тиым салған. құрамындағы оксиленді май ауамен жанасқанда канцероген
түзеді.
3.Sodium Lauruulaureth Sulfate
Бұл
– натрия лаурил немесе лауретсульфат болып табылады. құрамындағы
тазартқыш қасиеті үшін қолданылады. Сауда айналымында «кокостың
сығындысы» деп бүркеншік ат берілген. өте арзан әрі зиянды өнім
мұнай қалдықтарынан алынады. Аталмыш қоспа адамдарды аллергияға
бейім қылып, терінің қышуына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде ұсақ
бөртпелер пайда болады.
4.DEA, TEA
Аталмыш қоспа кез келген қымбат немесе арзан
сусабынның құрамында бар. қоспаның құрамында аммиак бар. Аммиакты
ұзақ уақыт пайдаланатын болса организмде токсиндік әсер
қалыптастырып, аллергия шақырады. Сонымен қоса көзді қышытып, бас
терісін құрғатады.
5.SLES (натрия лауретсульфаты)
Аталмыш компонент тізімнің ең басында орын алған
SLS қоспасына қарағанда әлдеқайда жұмсақ өнім. Бұл өнім көбінесе
балаларға арналған сусабындарға пайдаланылады. SLES компонентінің
де адам организмі үшін айтарлықтай зияны бар. Тек әсер ету мерзімі
қысқа әрі құрамында ағзаға сіңіретін зиянды бөлшектері жоқ. Оны тек
жақсылап жуып тастау керек. Жалпы кез келген сусабынды бірнеше
мәрте сумен шайып, жақсылап жуған абзал.
Әдетте табиғи таза сусабын өте нашар көпіреді.
Бұл – құрамында адам ағазасына зиянды қоспалар аз дегенді
білдіреді.
Сұлулық салондарында пайдаланылатын сусабындар
қалыпты сусабындардан несімен ерекшеленеді?
Біз
әдетте профессионалды косметика әлдеқайда сапалы, сол себепті
бағасы қымбатырақ деп есептейміз. Алайда бұл қате түсінік.
Керісінше салондарда пайдаланылатын сусабындардың құрамында жоғары
концентрантты қоспалар болады. Осы ерекшелікті естен шығармаған
дұрыс. қандай сусабын таңдасаңыз да шаштың типіне қарай дұрыс
таңдау жасауға тырысыңыз. Сусабындардың «Жұқа әрі қалыпты шашқа
арналған» немесе «құрғақ әрі әлсіз шаштарға арналған», «Боялған
шашқа арналған» секілді түрлері болады. Алдымен өз шашыңыздың типін
анықтап, сізге қажетті түрін таңдаңыз!
Бала терісіне сусабын мен сабын қаншалықты зиян?
Сәбидің терісі өте жұқа әрі нәзік. Жуынуға арналған сусабын, сабын,
май құрамындағы қоспаларды нәзік тері бірден қабылдай алмайды.
Сондықтан оларды шомылдырғанда тек балаға арналған заттарды ғана
пайдалану керек. Нәрестелер терісінің жұқалығы соншалық
косметикалық заттардан тітіркеніп, қышиды. Терісі құрғақ
болғандықтан май бездерінің қызметі әлсіз келеді. қорғаныс
қабатының қышқылдығы мүлдем болмағандықтан, зиянды бактерияларды
тез қабылдайды. Балаларды шомылдырғанда да ең бірінші сабын
қолданатынымыз белгілі. қатты сабын құрамындағы сілтілер жаңа
туылған баланың терісін құрғатып, қорғаныс қабатын жұқартады. Осыны
ескере отырып балаға сабын таңдағанда өте сақ болған дұрыс.
Крем-сабын немесе сұйық сабын сәбиге пайдалы және олардың құрамында
түймедақ, сүйелшөп, итошаған тәрізді дәрілік шөптер болғаны дұрыс.
Сусабынды бала дүниеге келген соң екі аптадан кейін пайдалана
беруге болады. Алайда ол балаларға арналған сусабын болуы шарт.
өйткені оның құрамы жеңіл, көзді ашытпайды, теріні қорғайды. Бұл
сусабынды аптасына 2 рет қана қолданады. Басқа уақытта жай сумен
жуса да жетіп жатыр. Баланың терісіне өсімдік майынан артық май
жоқ. .
Шашты кірлеген кезде жуу керек екендігін бес
жасар баланың өзі біледі. Бірақ бас терісінің денсаулығы мен
шашыңыздан ерте айырылып қалмау үшін қалай жуған дұрыс екендігін
біліп алған артық болмас..
Зақымдалмаған, жұқармаған дені сау шаштар үшін —
қазіргі уақытта жай ғана жуудың өзі жеткілікті күтім болып
саналады. Жаздың күні 4-7 күнде бір, қыстың күні 2-3 күнде жусаңыз
жетеді. Күнделікті жуу үшін сабын емес, жұмсақ арнайы шампунь
қолдану керек. қыста жиірек жуатын себебіміз, бас киімнен
шаштарыңыз дұрыс тыныс алып, желденбейді, сондықтан теріден артық
май бөлінеді.
құрғақ шашқа шампунь жаққан дұрыс емес, алдымен
жақсылап су сіңдіріп, мұқият ылғалдау керек, содан кейін барып
алақанға біршама шампунь құйып, бас терісіне уқалай жағады. Кемінде
екі рет шашты шампуньмен көпіршіткен дұрыс, себебі бірінші жуған
кезіңізде, кір, шаң мен тері майының тек бір бөлігі ғана шайылады,
ал шампуннің емдік қасиеті тек екінші рет жуғанда іске қосылады.
Шашты шайғанда таза сумен шайып, шашта шампунь қалдықтары,
көпіршіктері қалмауын қамтамасыз етіңіз.
қазіргі кезде шаш күтуге арналған қосымша
құралдар көп.
Сусабынның сапасын мынадай тәжірибе арқылы
байқауға болады:
Стаканға не кесеге су құйыңыз.
Суға бір қасық мөлшерінде сусабынды
қосыңыз.
Сусабын мен су тұнғанша, 10 минут
күтіңіз.
10
минут өткен соң сусабын ірімшікке ұқсас тұнбаға айналса, сусабынды
лақтырыңыз. Ол – сапасыз сусабын. Мәселе сапасында емес, құрамында
натрий және аммоний сульфаты бар сусабынды қолданбаған
жөн!
Халық арасында ең көп қолданылатын үштік
сусабынды ұсынамыз:
Бірінші орында Head&Shoulders сусабыны.
Бренд атауы: Head & Shoulders
Брендтің сатылымға шыққан жылы 1961
жыл.
Компания: Procter&Gamble
Шығарылған елі: АҚШ
Екінші орында Pantene сусабыны.Бренд атауы:
Pantene
Брендтің сатылымға шыққан жылы 1837
жыл.
Компания: Procter&Gamble
Шығарылған елі: АҚШ
Үшінші орында Wella сусабыны.
Бренд атауы: Wella
Брендтің сатылымға шыққан жылы 1880
жыл.
Компания: Wella AG
Шығарылған елі: Германия
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://xreferat.com/53/4403-1-svoistva-i-primenenie-shampuneiy.html
http://massaget.kz/kyizdarga/krasota/1016
http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/4217/
http://massaget.kz/kyizdarga/shayra/382