Материалдар / Сюжетті-рөлді ойындар арқылы балалардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту (Эссе)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сюжетті-рөлді ойындар арқылы балалардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту (Эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сюжетті-рөлді ойындар арқылы балалардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту (Эссе)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2024
50
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сюжетті-рөлді ойындар арқылы балалардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту

(Эссе)

«Ойын- бала үшін ойын емес, шындық»

К.Д.Ушинский



«Ойын – баланың екінші тағамы» деп бекер айтпаса керек-ті. Қай бала болмасын ойнап өседі. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсіп, ой-өрісі өмір жайлы таным түсігіне тереңнен ықпал етпек. Ойынның балалардың психологиясына тигізетін әсері мол. Ойын кезінде мінез-құлқы қалыптасып, сан алуан ойын түрлері балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа шапшаңдыққа баулиды.

Ойынның түрлері өте көп. Жас ерекшеліктеріне байланысты, сергіту ойындары, дидактикалық, логикалық, грамматикалық, ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар балғындардың қимыл қозғалысына, денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасуына өзінің оң әсерін тигізері сөзсіз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжетті-рөлді ойындар арқылы ненің жақсы, ненің жаман екенін ойын барысында, ауызекі сөйлесу нәтижесінде ұғынады. Сюжетті-рөлді ойындарды сахнада ойнап көрсету арқылы өзге балалармен әрекет жасай білуге, өзінің әрекетін басқалармен ақылдаса отырып шешуге үйренеді. Өзара қарым-қатынас жасай отыра, ауызекі сөйлесу арқылы сөздік қорлары да дами түспек.

Сюжетті-рөлдік ойындардың негізгі құрылымдық элементі мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе тәрбиеші ұсынатын ойын ережесі. Мысалы: сюжетті-рөлдік ойындар «дүкен», «кітапхана», «аурухана» , «отбасы», «балабақша», «Қызы мен анасы» болып жүргізіледі. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда, мектеп жасына дейінгі балалар өте белсенді, қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, ойынға аса қызығушылықпен қатысады. Өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарға да белсене қатысады. Балалардың қызығушылығын арттыруда тәрбиеші рөлдік ойынды сөз ырғағымен бейнелеп көрсетіп, дұрыс көрсете білуі керек. Ойын барысында балалардың қатысын қадағалау, білмеген жерлеріне көмек, жәрдем беру керек. Сонда ғана бала өзіне алған рөлдің бейнесіне түгелдей еніп, ойын барысында шын эмоциясын көрсете біледі.

Қорыта келе, ойын - балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет .Тіпті бала жай демалып жатқан кезде де ойын үстінде болады . Балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жалпы жүйесінде сюжетті-рөлді ойындардың маңызы өте зор. Үлкендердің берген нұсқауына қарап олар өздерінің көзқарасын білдіріп, мәселелерді шешіп үйреніп, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!