Ұзақ мерзімді жоспардың
тарауы:
Шешімдерді
программалау
|
Мектеп:
«Мұхамедқұл Исламқұлов атындағы жалпы
орта мектебі коммуналдық мемлекеттік
мекемесі»
|
Күні: 15.01.2018
жыл
|
Мұғалімнің
аты-жөні: Тасбауова Назифа
Кенесовна
|
Сынып: 7 -
"А"
|
Қатысқандар саны:
34
|
Қатыспағандар саны:
-
|
Сабақ
тақырыбы:
|
Сызықтық алгоритмдерді
программалау
|
Сабақ негізделген
оқу
мақсаты
|
7.3.2.1- алгоритмді программалау тілінде
жазу;
7.3.3.2- сызықтық және тармақталу
алгоритмдерін программаны өңдеудің кіріктірілген ортасыңда (Pascal,
С/С++, Python, Delphi, Lazarus) жазу
|
Сабақ
мақсаттары
|
Барлық
оқушылар:
|
Алгоритмді программалау тілінде жаза
білу;
|
Оқушылардың басым
бөлігі:
|
Сызықтық алгоритм ұғымын
білу;
|
Кейбір
оқушылар:
|
Pascal программаны
өңдеудің кіріктірілген ортасында сызықтық алгоритмге программа құра
білу. Құрылған программаның нітижесін тексере
білу.
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білу, түсіну,
қолдану
|
Бағалау
критрерийі
|
Алгоритмді программалау тілінде жазуды
біледі;
Сызықтық алгоритмді
Pascal программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында құра
алады
|
Тілдік
мақсат
|
Оқушылар:
Сызықты алгоритмдерді программалау-
есепті шешу кезеңдерімен сәйкес жүргізіледі
|
Негізгі сөздер мен
тіркестер:
|
айнымалы, мәліметтер типі, меншіктеу
операторы, енгізу, шығару, өрнек
|
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік
бірліктер:
Программаны орындау мен компиляцияға қалай
жібереді?
Программааның басы мен соңындағы операторлар
қалай жазылады?
Паскаль тілінде программа қандай бөлімдерден
тұрады?
Паскаль тілінде экранға шығару операторын
қалай атаймыз?
Паскаль тілінде енгізу операторын қалай
атаймыз?
Меншіктеу операторы қандай мақсат үшін
қолданылады?
|
Талқылауға арналған
тармақтар:
|
Read және readln енгізу операторларының
айырмашылықтары неде?
|
Жазылым бойынша
ұсыныстар:
|
Мәліметтер сөзінің үш тілде аталуын және
стандартты типтердің программа тілінде жазылуын
білу
|
Құндылықтарға
баулу
|
Оқушылардың бойында зерттеушілік,
инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы
бәсекеге қабілетті ету
|
Пәнаралық
байланыс
|
Математика: мәліметтер типтерін диапазонын
анықтауда
Қазақ тілі: лексикалық, граматикалық қателер
жібермеуде, сөзбен сөйлемнің байланысын дұрыс
қолдануда
Ағылшын, орыс тілі -Үш тілділік мақсатты жүзеге асыруда
және операторладың атаулары мен программа
барысында.
Сызу пәні-
блок-схема құру барысында.
|
Алдыңғы тақырып
|
Алгоритм ұғымын біледі.
Алгоритмнің түрлерін
біледі.
Блок-схемалардың қызметін
біледі.
Программа құруды
біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу
түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
2 минут
5 минут
|
Ұйымдастыру.
«Тілекті тізбек» тренингін ұйымдастыру.
Оқушылар «Алгоритм» сөзін негізге ала отырып, бір-біріне, бүгінгі
сабаққа тілек тілейді. Мысалы: Білім алу жолындағы әрекетіңнің
алгоритмі айқын, нәтижесі нақты болсын
Топқа бөлу
"Таңғажайып топ" әдісін қолдану барысында, оқушылар
кеспе қағаздар арқылы «Алгоритм», «Блок-схема», «Программа» болып 3
топқа бөлу
Үй тапсырмасын
тексеру:Үйде сіздер
алгоритмдеу негіздерін қайталадыңыздар. Енді сіздердің алгоритмдеу
негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік.
Сонымен:
«Ғажайып қоржын» әдісі арқылы экранан пайда болған
сұраққа жауап бере отырып, өткен тақырыпқа шолу
жасаймыз.
1. Алгоритм дегеніміз
не? (Алгоритм -
іс-әрекеттің рет-ретімен орындалуы )
2. Алгоритмнің қандай
түрлерін білеміз? (сызықтық,
тармақталған, циклдік)
3. Алгоритм жазу пішімі
қандай?
алг алгоритмнің
аты
басы
алгоритм командалары
соңы
4. Берілген блоктың
негізгі әрекеті (Математикалық
өрнектерді есептеу)
5. Алгоритмді жазу
түрлері:
Қарапайым тіл арқылы
Түйінді сөздер арқылы
Блок-схема арқылы
Программалау тілі арқылы
6. Мәліметтерді енгізу
және шығару блогы қандай? ( )
7. Программа қандай
қызметші сөзден басталады? (Program)
8. Алгоритімді
компьютер түсінетіндей тілде жазуды не деп
атаймыз? ( программалау
тілі)
|
Кеспе қағаздар, оқулық, жұмыс
дәптері
АКТ-слайд
|
Сабақтың ортасы
28 минут
|
Сабақ тақырыбын "Мозайка" әдісі арқылы ашамын.
3 топқа «Сызық», «алгоритм», «программа» сөздерін әріп түрінде
үлестіріп, құрастыру тапсырмасы беріледі.
Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ
тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Ендеше, бүгінгі жаңа
сабағымыз
«Сызықтық алгоритмдерді программалау» Слайдтар
және оқулық арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Паскаль бағдарламасың тілінде сызықтық программа жасамас
бұрын келесі түсініктемеге
тоқталайық:
Сызықтық алгоритм дегеніміз- іс әрекеттердің
тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер. Паскаль тілінің
программасы 3 бөліктен тұрады:
тақырып жолы
сипаттау бөлімі
операторлар бөлімі
Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру
барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым
сөйлемі. Олар жазылу ретінде бірінен кейін бірі тізбектей
орындалады.
Паскаль программалау тілінде
операторлардың
жіктелуі
Операторлар бөлімін begin және end сөздерімен
берілетін операторлық жақша қоршап тұрады.
Операторлар бөлімінде командалар ретімен
орналасады.
Сызықтық программа
қарапайым
операторлардан тұрады.
Сызықтық программаны жазу үшін келесі
операторлар қолданылады:
«:=» - меншіктеу операторы;
Read немесе readln –енгізу операторы
Write немесе writeln - шығару операторы
- Паскаль бағдарламалау тіліндегі операторлар
қарапайым және құрама болып бөлінеді.
- Операторлар бағдарламаның begin және end
операторларының ішіне алынып жазылады.
- begin және end операторлары операторлық
жақшалар деп аталады.
- Қарапайым оператор деп құрамына басқа
операторлар енбейтін операторды айтады.
- Бірнеше операторлардан тұратын және begin
және end операторларының арасында жазылатын операторларды құрама
оператор деп атайды.
- Бос оператор деп «;» операторын айтамыз. Бұл
оператор оның алдындағы оператордың аяқталуын
көрсетеді.
Енді сызықтық бағдарлама жасауға
көшейік.
Еске сала кетейік : Бағдарлама деп белгілі бір
бағдарламалау тілінде жазылған реттелген командалар тізбегін
айтамыз. Белгілі бір алгоритмді бағдарламалау дегеніміз осы
алгоритм орындалатын бағдарлама жазу. Ендеше сызықтық құрылымды
алгоритмді бағдарламалап көрейік. Сонымен сызықтық алгоритм деп
командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді
айтамыз. Паскаль тілінде
программаны тексеру - Ғ9 Программаны орындау
– CTRL+F9 Нәтижені алу (көру) – ALT + F5
«Айналмалы бекет»
әдісі барысында екі бүтін санды қосып, қосындысын экранда шығару
тапсырмасын әр топ өз топтарының атына сәйкес орындап, флипчартқа
түсіреді. Сағат тілінің бағытымен топтар флипчартты алмасып,
толықтырады. program
qq; var a, b, c: integer; сипаттау
бөлімі begin read ( a, b ); енгізу
операторы c := a + b; меншіктеу операт негізгі
бөлім writeln ( c ); шығару
операторы end.
Сынып оқушыларын жұпқа бөліп, «Білімді дос, ақыл қос » әдісі арқылы
ұзындығы а-ға тең, ені в-болатын тіктөртбұрыштың ауданын
анықтау мақсатында бірі алгоритмін жазса, екіншісі блок-схемасын
сызады. Соңынан екеуі жұптасып компьютерде программасын құрып,
нәтижесін алады. Алдымен бізге
тіктөртбұрыштың ауданын анықтайтын формуланы білуіміз керек екенін
айтып бағыт беремін. Ол S:=a*b
«Жау-жау жаңбыр...» әдісін жүзеге асыру арқылы
сергіту сәтін ұйымдастыру.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы рефлексия
алу.
|
Оқулық,
интерактивті тақта,
түсті қағаздар,
маркерлер, флипчарт, слайд,
АКТ
Жұмыс дәптері компьютер,
смайликтер
|
Сабақтың соңы
8 минут
|
Сабақты қорытындылау мақсатында тест тапсырмасы экраннан
көрсетіледі. Тапсырманы дәптерге жазып, нәтижесін берілген
критерийге қарап бағалайды.
1. Паскаль программасында бағдарлама
тақырыбының кейін .... бөлігі орналасады.
а) операторлар; б)сипаттау; в)
соңы.
2. Паскаль бағдарламасында бөліктегі
операторлар бір-бірінен ... ажыратылады?
а) үтірмен; б)нүктелі үтірмен; в)қос
нүктемен.
3. Паскаль бағдарламасында айнымалыларды
сипаттау бөлігі қандай қызметші сөзден
басталады?
а)var; б)program;
в)begin.
4. Writeln операторы қандай қызмет
атқарады?
а)мәтінді экранға шығарады; б)пернетақтадан
берілгендерді оқиды; в)айнымалылар типін
көрсетеді.
5. Паскальда операторлар бөлігі қандай
қызметші сөзден басталады?
а)var; б)program;
в)begin.
6. Операторлар қандай топтарға
бөлінеді?
А)тұрақты және тұрақсыз; б) қарапайым және
күрделі; в)атау және айнымалы.
7. Енгізу операторын
көрсетіңіз.
а) WRITE; б) IF… THEN;
в) READ .
8. Паскаль тілінде мына мысалдың мағынасын
жазыңыз. B= A+10 А) A+10:B ; Б) B:=A+10 В)
B:=A+B
Жауабы: 1-б 2-б 3-а 4-а 5-в 6-б 7-в 8-б 4-5 =
“3” 6-7= “4” 8 = “5”
Бағалау
бетшесі бойынша 30-25 = “5” ;
24-19 = “4”
; 18-13 = “3” Критерийлер арқылы
өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық
бағалау.
Үйге тапсырма: Y=(AX+B)-С өрнегінің
алгоритмін, блок-схемасын,программасын
құрып келу
|
Конверт, кеспе қағаздар
Оқулық,
Күнделік
|
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Алгоритмді программалау тілінде жазуды
біледі;
Сызықтық алгоритмді Pascal программаны
өңдеудің кіріктірілген ортасында жаза алады.
|
Алгоритмді программалау тілінде жаза
алады;
Блок-схеманың пішімдерінің негізгі қызметтерін
біледі;
Алгоритмге сәйкестендіріп, блок-схема сыза
алады;
Сызықтық алгоритм ұғымын
біледі;
Паскаль программалау тілінде
операторларды жіктей
алады.
Сызықтық программаны жазу үшін қандай
операторлар қолданылатынын біледі.:
Pascal программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында
сызықтық алгоритмге программа құра
алады.
Құрылған программаның нәтижесін алып,
тексере алады.
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек
қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға
қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау–Сіз оқушылардың материалды
игеру деңгейін қалай тексеру жоспарлап
отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын
сақтау
|
Оқушылар бірлескен топтарда жұмыс істейді және
бірін-бірі қолдайды. Үлгермеуші оқушыларға қажет жағдайда қабілетті
оқушылардың көмек көрсетуі
ұсынылады.
Қабілетті оқушыларға практикалық жұмыс беремін. Оқушылар
программаны компьютер көмегімен орындап, қатесін тауып, нәтижесін
алуы керек.
Сызықтық программаларда жіберілген
қатені тап.
Program kateny
tavu Program kateny
tavu;
Var m=integer,
a:byte Var m:integer;
a,f:byte;
Begin; Begin
M=3.8, a=14.3:
f:=m*a M:=3.8;
a:=14.3;f:=m*a;
Writeln(‘f=,f:4:1)
Writeln(‘f=’,f:4:1);
Readln Readln;
End;
End.
|
Оқушыларды олардың бірлескен жұмыстары немесе
жеке жұмыстары кезінде қадағалау.
Тесттік тапсырма үлестіру арқылы
оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру
|
Денсаулыққа және қауіпсіздік техникасын
сақтауға ерекше көңіл аударылады.
Компьютер алдындағы
жаттығулар.
Сергіту сәті
|
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін
оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған
саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім
бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және
неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз
пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына
сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Қорытынды бағамдау.
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,
оқуды да ескеріңіз?)
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды
(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген
оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не
білдім?
Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен
сұраныстарға негізделемін.
|