Материалдар / Т. Айбергенов "Ана"

Т. Айбергенов "Ана"

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиетінен ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2319
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі:Пәні: қазақ әдебиетіСыныбы: 8 Мұғалімі: Исайн Мейрамгул
Сабақтың тақырыбыТөлеген Айбергенов «Ана»
Сабақтың мақсаты:Төлеген Айбергеновтың өлең шебері,халқын сүйген адал ақын екендігі туралы тереңірек таныту,поэзияға қызығушылығын арттыру.Ананы құрметтеуге,ана сүтімен дарыған асыл қасиеттерді бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.Оқушылардың сөз байлығын,сөздік қорын байыту,еркін сөйлеуге,ауызша да,жазбаша да ойын жүйелі түрде жеткізуге баулу.
Сілтеме:1)Әдістемелік нұсқаулық2)Қазақ тілі мен әдебиеті журналы №3 2011ж. №6 2012ж.6)Интернет материалдары
Күтілетін нәтиже:Өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып поэзиялық шығармаларды талдау дағдылары қалыптасты.Ұлттық құндылықтарды сіңіреді.


Мұғалім іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Оқушыларды топқа бөлу
  • Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, топқа бөлінеді
    Мағынаны тануШ.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнінен үзінді тыңдату.Түрткі болу сұрақтарын қою арқылы сабақ тақырыбын ашу.Әннен нені ұқтыңдар? Қандай сезімде болдыңдар? Ән кім туралы?Неге бұл әнді тыңдадық? Біздің бүгінгі сабағымызға қатысы бар ма?Жақсы, олай болса, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да Т.Айбергеновтің «Ана» өлеңіне арналмақ.«Миға шабуыл»«Ана» деген сөзді естігенде көз алдарыңа, ойларыңа не келеді? өжет үйдің берекесі батыл батырмейірімді шыдамды ақылшы бауырмал алақаны жылыБалалар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты – көрнекті ақын Т.Айбергеновтың өмір жолымен, шығармашылығымен танысу. Ақынның «Ана» атты өлеңін оқимыз, сонымен қатар өлеңнің мазмұнын ашу барысында өз пікіріміз бен көзқарасымызды ортаға саламыз.Сабағымыздың мақсатына жету үшін мына міндеттерді орындаймыз.Міндеттері:
  • Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысу
  • Өлеңді оқу, өлең шумақтарына мазмұндық талдау жасау.
  • Өлеңнің құрылысына қарай сатылай кешенді талдау.
  • Берілген түрлі тапсырмаларды орындау.
  • Ендеше, бірінші міндетіміз-ақынның өмірімен, шығармашылығымен танысу. Слайд№1-2Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қаракалпақ елінің Қонырат деген жерінде дүниеге келген.1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педогогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп,туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады.1959-62 ж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды. Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін, замандастарымыздың рухани сезім байлығын, ізгі тілеу, ақ ниетін жарқырата ашқан, қазақ поэзиясында өзіндік жаңа ыррақ, тегеурінді екпін әкелген поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Құмдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол турапы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.Осындай құйрықты жұлдыздай ағып өткен ақынымыздың әрбір өлеңі, отты жырлары бізге ыстық.

    Екінші міндетіміз-өлеңді оқып, өлең мазмұндық талдау жасау Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем,Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.Осы шумақ бойынша оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады.
  • Ақын адам ағзасындағы анатомиялық атаудан неге жүректі алған? (оқушылар себебін айтады, Абайдың он жетінші қарасөзімен дәлелдейді) Слайд№
  • Ана неге Айға сіңлі, Жерге қарындас? Ақын бұл жерде аспан денелерін алудағы мақсаты не? Слайд№
  • Неге ананың қуаты Жердің тарту күшінен мың есе артық? Ақынның бұл тұста айтпақ ойы не? Слайд №
  • Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау жасау.
  • Авторы: Т.Айбергенов
  • Тақырыбы: ана мен бала мәселесі туралы, ананы дәріптейді.
  • Идеясы: Ананы құрметтеуге, ана алдында бас июге шақырады.
  • Жанры: Поэзия, өлең.
  • Шумақ: 6-7
  • Тармақ: 26 тармақты
  • Буын: 15-16
  • Бунақ: 4 бунақты
  • Ұйқасы:
  • Көркемдік ерекшелігі:
  • Метафора:Айға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен,Көк жолының қарсылығын қағып тастап, барам мен,Сендік қуат болар бәлкім, басын иді көк маған,Анасыздар – аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.Эпитет:Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе?Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен,Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді.

    Өлеңде қолданылатын қаратпа сөздерді табыңдар:О, аналар, кей пасықты жаратасың сен неге?Ана керек, о, адамдар, ана керек адамғаСЛАЙДӨздеріңіз көрген бейнебаянда болған оқиғалар өлең жолының қай шумақтарына сәйкес келетінен табыңыздар.Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!Тас бауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,Өз Кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.«Оқу» орталығы:Өлең мазмұны бойынша сурет салып, шағын шығарма жазады.



    «Жазу» орталығыӨлеңге жоспар құру, өлеңді қарасөзге айналдырып жазып, өлең тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазып, мағынасын ашу. . Ата - аскар тау,Ана - баурындағы бүлак, Бала - жагасындағы күрак.Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.Ананың басқан жерінде пейіш бар.

    Сенің кім екеніңді дөп басып көрсететін әділет таразысы анаңның жүрегінде.

    Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ та тимейді.

    «Ғылым» орталығы.1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы топтастырып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

    Қазақта ақын көп. Атақтысы да жеткілікті. Бірақ табиғи құбылыстар сияқты құдіретімен табындырып, қазақ өлеңін жаңа сатыға көтергендер сирек. Сол сиректердің бірі, әрі бірегейі – Төлеген Айбергенов екенін таныдық. Онда ақынның өмірін сызба бойынша әңгімелеп берейік: «Ой қозғау» әдісі30-ақ жыл ғұмыр кештіМен марттағы найзағай күркірімін,Құрманғазы күйінің бір тілімін.Менің жаным саясын паналағанДүниедегі бар қыздың кірпігінің... деп ақын өзі жырлағандай, ТөлегенАйбергенов 1937 жылы 8 наурызда (ары қарай өмірдерегін айтып шығу) 2. 10 жылдай ғана жыр жаздыҚазақтың біртуар ақыны Төлеген Айбергенов аз ғана ғұмырында қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Найзағай отындай жарқ еткен жырлары қазақ поэзия әлеміне жарық жұлдыз болып қосылды. Қазақ әдебиетінде оны Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов сияқты әдебиет майталмандары ұстаз санады. (Өлеңдерін атап өту) Мұхтар Шаханов ол туралы бір өлеңінде:Ұлтына кім жақын, алыс, айқындайтын ел ғана,Он том өлең жазғандарды кетті ұмытып кең дала.Бірақ шағын он өлеңмен он миллион қазақтыТолғандырған, таң қалдырғанМахамбет пен Сен ғана – деген еді.3. Нағыз жыр перзентіАзғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер. Жарық дүниенің 30-ақ жыл сәулесін көрген ақын бізге отты жыр, өлмес өлең қалдырды.Ақын Мұқағали Мақатаев жыр перзентіне арнаған «Төлегенге» өлеңінде:Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның,Қызарып батты ертеңгі шығатын күн.Торғай – өлең шырылдап бара жатты,Аузында ажал деген сұрапылдың... деп жырлапты.4. Бірнеше жыр жинағының авторыОл бірінші рет «Жас дәурен» атты жинақта бір топ өлеңдерімен көрінді. Бірнеше кітаптары шықты. «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Аманат», «Құмдағы мұнаралар».Төлегентанушы ақын Б.Иманов былай деп жырлайды:Торғай өлең өлмеді, аман қалды,Әкетті ажал...Жыр емес, адамды алды.Бір өмірдің дастаны басталды да,Шорт үзілді,Шоп-шолақ тамамдалды.5. Өзіндік өлең өрнегімен танылдыҚазақ өлеңдері көбінесе 7,8 және 11 буынды болып келеді. Ал Төлеген Айбергенов 18-19 буынды өлеңдер жазып, өлең құрылысына жаңалық енгізген ақын.







































    Оқушылар бірлесе талдайды





























































































    Жекелеме сұрақтарға жауап береді































    Оқушылар топтастырады





















































    Өлеңді жекелеме оқушылар мәнерлеп оқиды





















    Әр топ өз ойларын айтып, қорғайды

































    Оқушылар топтық жұмыс жасайды

























































































































































    Өз жұмыстарын қорғайды





















































































    Ақын өмірі мен шығармашылығын топтастырады

    «Ой-толғаныс»ВЕНН диаграммасыАна бейнелерін салыстыру. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» және Т.Айбергеновтің «Ана» өлеңдерін салыстыруӘр топ өз жұмыстарын талдап, қорғайды
    Үйге тапсырма«Ана жүрегі» тақырыбында эссе жазу













    «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бізге қандай тәрбие берді?
    Ана махаббатының құдіреттілігін сезіндірді.Табиғатты қорғауды үйретті.Халық дәстүрін берік ұстануды дәріптеді.


    КейіпкерлерІсәрекеті, адами қасиеттері
    АнаҚамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.
    ӘкеАдал жан, халық дәстүрін берік ұстанады.
    Тәуіп шалМейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы.
    Бақташы қартАқылы мол, көргені көп.


    1. Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?3. Ана неге аққуды атпақ болды? Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?
    • Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып - ананың балаға деген махаббаты.


    4. Жылқышы қарттыңАққуға кезенерде ырым жасап, тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?” деген сөзі нені меңзеп тұр?



    Бағалау ұпай бойынша«5»- 24-28 ұпай«4»- 18-23 ұпай«3»- 10-17 ұпай«2»- 2-9 ұпай







    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ