Материалдар / Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» әңгімесі. Эссе жазу. Сабақ жоспары. 10-сынып. Ашық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» әңгімесі. Эссе жазу. Сабақ жоспары. 10-сынып. Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Ақпан 2024
632
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Парасат пайымы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» әңгімесі. Эссе

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақтың мақсаты:

шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Ой қозғау.


«Шаттық шеңбер» әдісі. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірін қайталамай сағат тілінің бағыты бойынша бүгінгі сабаққа тілектерін білдіреді. Мысалы: Белсенділік, табандылықсабырлылық, тапқырлық, т.б.

Қағаз қиындылары арқылы топқа бөлінеді.

Бағыттаушы сұрақтар

  • Астрономия ғылымы мен астрология ғылымының зерттеу обьектілері бір ме?

  • Көшпелі алтын тұжырымы қайдан шықты деп ойлайсыз?

  • Қазақ әдебиетінде қиялгер шығармалардың аз болуына не себеп?


Тиімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады

Оқулық, жұмыс дәптерлері




Сабақтың басы.

1-тапсырма

Топтық

жұмыс












Сабақтың ортасы

Жеке жұмыс





1-тапсырма. С Шеңбердегі сұрақтар»

1.Оқушылардың парталарын дөңгелетіп орналастыру

2.Оқушыларға тақырыптың мазмұны бойынша сұрақтар жазуға арналған ұсақ қағаз қиықтарын таратып беру

3.Оқушылар қағаздарына сұрақтар жазады, бұл жерде сұрақтың деңгейінің өте күрделі немесе өте жеңіл болып кетпеуін ескертеді.Мысалы:

  • Жазушы әңгімесіне арқау болған тақырып не?

  • Автордың оқиғаны баяндау мәнері.

  • Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?

  • Жоңғаров пен Созақовтың әрекетіне деген көзқарасы.

  • Жазушы журналистің ғылымға және профессор Созақовқа деген көзқарасын қалай суреттеді?

  • Автор профессор Созақовқа осындай қадам жасату арқылы ғылымдағы ғаламдық мәселені шешкізе алды ма?

4.Сұрақтарды шеңбердің ортаңғы аймағына лақтырады.

5.Барлығы орындарынан тұрып ортада жатқан сұрақтарды алады.Кезегімен немесе қалаулары бойынша сұрақтарға жауап береді.

6.Жазушының «Әңгімелерімнің негізгі тақырыбы – табиғаттың құпия сырын ашу, оны адам санасына бағындырып, адам баласының игілігі үшін қызмет еттіру»,- деген «Көшпелі алтын» кітабына жазған аннотациясына сүйене отырып, ғылыми-фантастикаға негізделген шағын әңгіме құрастырып айтады.

Топтық бағалау Блоб ағашы әдісі бойынша ауызша комментарийлер беру арқылы жүзеге асады.


Топтық бағалау Блоб ағашы әдісі бойынша ауызша комментарийлер беру арқылы жүзеге асады.

Дескрипторлар

-Шығарма үзінділерімен жұмыс жүргізеді;

-Сұрақ-жауапта еркін ой алмасады;

-Зерттеу сұрақтарын құрастырып, топта талқылай алады;

-Әңгіме құрастыра алады.


Текше, стикерлер




2тапсырма. ЖЖ

. Әңгіме кестесі

Әңгіме тақырыбы

Көшпелі алтын

Әңгімедегі құндылықтар


Тақырыпқа қандай сай ғылыми тұжырымдар келтіре аласыз?


Адамзаттың жеткен жетістіктері


Өз көзқарасыңыз. Әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?



Жұптық бағалау.



Сергіту сәті

«Көпір» тренингі.


Оқушылар 2 не 3 топқа бөлініп, қағаздарды ауыстыру арқылы көпір жасап, алға жылжиды. Қай топ бұрын келсе, сол топ жеңімпаз атанады.


Ойын қағаздары

Сабақтың соңы

Бекіту

3-тапсырма

Топтық жұмыс





. Т. Қиялгер әлемін зерттеу

Мұғалім сыныпты 3 топқа бөледі. Әр топ өз елінің ғылымын ілгерілетумен айналысқан тұлғаларды зерттейді:

Ағжан Машани, Жүніс Сахиев, Талап Сұлтанбеков.

  • Аталған тұлғаның өмірі;

  • Ол өмір сүрген кезең;

  • Ол ғылымға деген сүйіспеншілігін қалай көрсетті?


Ж.

Эссе тақырыбы:

«Ғылыми-фантастика жанры ғылыми ашылулар қақпасының кілті бола ала ма? »

«Ыстық орындық» арқылы әр оқушы автор өз эссесін оқиды.

Дескрипторлар:


-Фантаст жазушы туралы шағын зерттеу жүргізеді

-берілген тақырып бойынша эссе жазады

Интерактивті тақта, слайд

Үй тапсырмасы


-Әңгіме мазмұны бойынша Kahoot ойынын дайындау;

-«Энергия алудың баламалы жолдары» тақырыбында презентация дайындау



Рефлексия

«Қызық. Қиын. Құнды»

«Көшпелі алтын» әңгімесін оқу барысында қызық, қиын, құнды болған тұстарын жазып, ой қорытамыз



























































1-топ

Ат басы мен ер басы қайда қалмайды, – деп күрсінді шал.

Ошақтағы от жалын кеміп, көлеңкелер бұға қалғандай, жатаған сексеуілге айналғандай елестеді.

Сен, қарағым, алаңсыз ұйқыңды қандыр. Түнгі күзет мына менікі, атаңдікі, – дегенде жылқышының дауысы ерекше жұмсарды. – Тасқұл атаң жалғыздық сүрейге әбден еті өлген.

Ол қыпшақтың еркек баласын жортуылшы топ олжалап әкелгенде қатты тіксінді. Кенжебек теке түрікпенге тұтқынға түскелі қолына құрық ұстатып, жылқы бақтырды. Бала қасындағы үзеңгілес серігі қазақ болып шыққанына әкесін көргендей қуанды.


Ұзамай Кенжебек жаңа тірлігіне үйрене бастады. Түрікпен жылқысы шетінен аққу мойын, тік сирақ, бойы биік келеді, аяғын қаз басқанда ерен бекзат жануар болар ма, соны көргенде арқасы қозды. Бұрын көз үйренген қыпшақ, адай, алаша, шекті жылқысының шомбал мүсіні қораш сезіліп, шоқтығы биік, сымбаты көркем текежәуміт тұқымды жылқы малсақ ұлдың көзіне оттай басылды.

Теке түрікпен бегі Атажан байдың мол жылқысын иен түзде жалғыз бағатын Тасқұл қасына қарындас бауыр келгелі

2-топ

Шырағым, сын сағатың туды, ал, көзіме тік қара, сөзіме бақ! – деп бұйыра сөйледі жылқышы. – Түрікпеннің атқұмарлығы атаң қазақпен тең. Бәйге десе екеуі де ішкен асын жерге қояды.Түрікпен ежелден марғау далада тежеусіз құландай өскен ер қазақты қарақшы, бүлікші, тентек көреді.

Бөрі көсемі абадан болар, бөрі күшігі бөлтірік болар, бөрі анадан сүт емген қыпшақ тұқымы екеніңді мынау құмдағы мимырт елге мықтап танытар күн туды! Ежелден қоныстас теке түрікпен бұл тойды әсте ұмытпас, жадынан өшпес таңбалы етеміз!

Кенжебекке жылқышы шал құдды жер қайысқан әскермен жалғыз соғысуға даяр қас батырдай ерек көрінді. Айтқанын қалт жібермей тыңдап отыр.

Бұлар да қазақ сияқты көбінесе басы жаугершілікте бірігетін алтыбақан алауыз ел екені рас. Тайпалары өзара дүрдараз болғанымен түрікпен тегінде асыл текті мәрт халық. Бірақ соғыстан түскен жетім-жесірді аямайтын қатал заңды қай халық болсын ұстанады. Сенің құның бұлар үшін тышқақ лақ ғұрлы жоқ. Тұтқынға түсу көшпелі рулар үшін қарғыс таңбалы, көк соққанмен тең. Жат жарылқамайды. Сондықтан мына сені, еркек баланы өлсе аямайды. Қоқан, Хиуа бектері қазақтан қыз салық алып басынады. Түрікпен салты қазақ сияқты, ұлы қатынын текті тұқымнан айттырып алады, күшік қатынын жесірден алады. Жетім қыз болса малдыға кішілікке береді, анасы көгі бөтен болса, одан туған ұл бала есіміне «құл» деп жалғайды. Таза қанды түрікпеннен шатаны солай айыру үшін.

Бала тез тітіркеніп, қорқып кетті, үкідей дөңгеленген көзіне шүпілдей үрей толды.Үлкен кісі нені мегзеп отыр? Мұны түрікпен бектері ат құйрығына байлап өлтірейін деп жатқандай тұспалмен орағыта сөйлегені несі?!

Атажан қос жүйрігінің біріне шабандозға сені шаптыратынын кәрі жүрегім сезеді.

Шал көкейіндегісін айтқанда Кенжебектің тынысы кеңіп сала берді. Е,е, теке түрікпен де қазақ сияқты обал-сауапты білетін ел, тірі жан иесін беталды өлтірмейді.

3-топ

Өзге ел таң ұйқысын өлсе қимас өлара шақта тірлік қылатын жылқышы шал өзі бағатын көкбурыл тұлпардың құйрығынан қыл суырып, бір талымен көзге көрінбес қылып, тілінің түп жағынан байлап тастаған. Кенжебек көкбурыл жылқы қыш оттықтағы жемнен, судан қалып, бабында жаратылмасын айтпай-ақ ұқты, жылқышы сыбырлап, оған не істегенін айтты.

Қарағым, Кенжебек, бәйгеге өзің баққан жүйрікпен шап, саған әбден үйренді, иісіңді алды. Тілерсегіне қарашы, көсіле шапса жаңылмас, омырауы даладай емес пе, өкпесі өшпейді. Жол азығыңды, қой құйрығын сырт көзге көрінбейтін қылып сал. Ат айдаушы секем алып, бұл не деп сұраса, аттың жемі дерсің. Тұсау жіпті ұмытпа. Бәйге айналма болатын болды, оңайға соқпайды. Ат тізгінін ердің басына үш орап ал. Үш айналғанша, тізгінді жіберме, ат тері шықпаса булығып қалады. Төртінші айналымда ердің басынан бір орамын ағыт. Бәйгені қызықтаған бұқара ел бар. Сол түрікпен ішінде кімдер бар да, кімдер жоқ. Халық алдында дағарадай бөріктері қоқырайып, қаздай тізілген ақсүйек текежәуміт бектері, бай-мырзасы отырады. Дәл сол тұсқа келгенде, атаң қыпшақтың ұранын айқайлап, қиқу салып өт!

Ойбас! Ойбас! – деп қатты дауыстап жіберді қаршадай бала көзі шоқтай жанып.

Жылқышы көзі шырадай жанды. Түрікпенқұл атанып, жалшылықта ғұмыры өткен кегі бір сәтте қайтқандай өңі нұрланып, арқасы босап сала берді.

Бес күн жалғанда ешкімнен қаймықпай, ақ алмастай жарқылдап өткен азат ерлерге бас иемін. Боқ дүние мені менсінбеді, түтінім болмаған соң боқ дүниені мен алмадым. Кенжебек, шырағым, мынау жас күнімде елсізде адасқан дәруіш жыршыға тигізген септігім үшін риза пейілмен жомарттық жасаған түрікпен бегінен алған ерекше құнды тартуым еді. Қаңғыбас жыршы тірі жанға қылдай зияны жоқ, ел сүйетін арқалы ақын екен. Диуаналықпен ел адақтап, хисса-жыр айтып жүргенде шөлде қаңғып өлесің ғой дегенімде, мен Көроғлымын, дәруіштің пірі Қожа Хафизден нем артық деген сөзі ойымда. Мойнағы күміспен күптелген тобылғы қамшы енді сенікі. Жылқышы шал ата салтымен бала елге аман жетсін деп Кенжебектің қолына күмістелген қамшы ұстатты. Қосқа кіргізіп, бір итіне ырымдап, тоқым жауып қойды.


Түсінемін

188тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!