Материалдар / Т.Әбдікәкімұлының өлеңдеріндегі пэтиканы оқыту әдістемесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Т.Әбдікәкімұлының өлеңдеріндегі пэтиканы оқыту әдістемесі

Материал туралы қысқаша түсінік
дипломдық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2023
244
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ

МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



Филология факультеті

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы



ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС



Тақырыбы: «Т. ӘБДІКӘКІМҰЛЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ»

6B01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»





Орындаған:___________________________________ Асанғожа А. Ә.



Ғылыми жетекші:

аға-оқытушы _________________________________ Шортанбай Ш. А.



Қорғауға жіберілді:

Хаттама № , « » _________ 2023ж.

Кафедра меңгерушісі __________________________ Темірболат А. Б.



Норма бақылаушы ___________________________ Бисенбаев П. Қ.



Алматы, 2023

РЕФЕРАТ

Зерттеу жұмыстың тақырыбы: Т. Әбдікәкімұлының поэтикасын оқыту әдістемесі

Дипломдық жұмыстың көлемі: бет

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

- Т. Әбдікәкімұлының шығармашылық көркемдік ерекшелігін

анықтау;

- Ақын шығармашылығы хақында зерттеуші- ғалым тұжырымдарын

саралау;

- «Кімді және нені, қайда оқыту керек?!» дейтін сұрақтарға лайықты бағаны алып үлгерген автор туындыларына алдымен соны саралау жүргізіп, игерілуге тиісті материалды жан-жақты зерттеп, поэтикалық пайымдардың арқалаған идеялық мазмұнына тоқталу;

- Әр тарауға бөлінген тақырыпшалардағы ойды кең көлемде, кемеріне жеткізіп ұғыныңқы да ықтиятты мәлімдеу.

- Сол арқылы ұсынылған идеяның дұрыстығына көз жеткізу, зерделеу мәнісі мен жай-жапсары толық ашылған тақырыптың іс жүзінде жүзеге асуына ықпал ету;

- Белгіленген жоспардың үдесінен шыққан деп танылуы тиісті жұмысқа теориялық білімді практикамен ұштастырып, қоғамдық көзқарастарға да барлау жасау міндеттелінеді.



























МАЗМҰНЫ

Кіріспе.........................................................................................................................

1 Т.ӘБДІКӘКІМҰЛЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ..............

1.1 Т.Әбдікәкімұлының поэзиясындағы тақырыптық идеялық ерекшелік.........

1.2 Әбдікәкімұлының шығармашылығындағы таным аспектілері.....................

2 Т.ӘБДІКӘКІМҰЛЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ...............

2.1. Жоғарғы оқу орындарында Т.Әбдікәкімұлының поэтикасын .....................

оқытудағы өзекті мәселелер.....................................................................................

2.2. Т.Әбдікәкімұлының поэтикасын оқытудағы нәтижелер...............................

Қорытынды................................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:...........................................................................................................................



























КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақ сөз өнерінің көрнекті тұлғасы –Тыныштықбек Әбдікәкімұлының поэтикасы хақындағы зерделеу жұмыстың бағыты – ақын шығармашылығын жоғары оқу орындарында және мектептен кейінгі білім беру ордаларында оқытудың әдістемесін қалыптап ұсынады. Әйтсе де, ең басты екпін ақын поэтикасының сан қырлы аспектілерін жарқыратып көрсету мен ақынның заман шындығын жырлаудағы қаламгерлік орны мен рөлін, туындыларындағы идеялық, тақырыптық, мазмұндық, көркемдік ерекшеліктері мен осы жолдағы ізденістерін ашып, саралап, өлеңдері арқылы талдап көрсету.

Қазіргі қазақ әдебиеті – көптеген арналармен тоғысқан, толыққан әдебиет, әсіресе поэзия. Жалпы ағартушылық немесе әдебиетші қауым арасындағы дискуссияларда бұл қарама-қайшылық тудыруы мүмкін көзқарас. Алайда, сөз өнеріндегі ішкі және тысқарғы мәнін тесе қарап, тексеруші сын барда, осынау алмағайып уақыттың зерделеуінен өткен, талғап оқитын кірпияз оқырманға етене жақын, қаузаған тақырыбы – туған халқынан көп алыс емес әрі тарихи қойнауларынан сусындап, өсіп шыққан дәстүрлі жаңашылдықпен өзін әлдеқашан мойындатқан қаламгерлер қашанда болсын бар. Біздің делінетін кезеңге аға буын өкілдері қатарынан орын алатын есімдер деп атап өткім келетіні: Н. Оразалин, Ұ. Есдәулет, Г. Салықбаева, Ж. Елеусіз, К. Ахметова, О.Тұржанова, Ж.Әскербекқызы, И. Оразбаев, Т.Көпбаев, Ж.Ерманов, М.Шаханов, Н.Мәукенұлы, Ж. Жақыпбаев, Б. Ноғай, С. Нұржан, Е. Ашықбаев, М. Ақдаулет, Т. Медетбек, С. Ақсұңқарұлы, Ш. Сариев, Т. Досымов, Ғ. Жайлыбай, Ә. Қайран, Ж.Әбдіраш, К.Мырзабек, Д. Стамбеков, Т. Рахимов, С.Тұрғынбеков, Ж. Бөдеш, С. Адай және Т. Әбдікәкімұлы.

Ұлттық жадыны сақтау, мәдениет құрамды салт дәстүрді, оның ішінде ең қастерлі деп тілді, тіл арқылы өмір сүріп, мекендейтін жерді сақтау қазақ әдебиетіндегі әрбір қаламгер үшін мәңгілік тақырып. Қазақ ақындарының ішінде осы заманғы тілұстарту шеберлігі жағынан, лириканың бай бояулары дәстүрлі жаңашылдықпен дербес үндесетін Тыныштықбек жырлары оқ бойы озық тұр. Ақынның шығармашылығы жөнінде абыз жазушы Әбіш Кекілбайұлы «Бұл – менің бұрын-соңды көрмеген де, естімеген де қаламгерім. Өлеңдері көзіме, дәлірек айтсам, көңіліме оттай басылды. Ойыма қай-қайдағы оралды. Көз алдыма нелер келіп, нелер кетпеді?.. Басқасын қойғанда, ырғағымен, әуезі, көз тастасы мен сөз саптасының өзі талай-талай жайттарды жадыма салды.» деп тебіренген болса, жазушы әрі аудармашы Әуезхан Қодар «арифметикалық есепке көнбейтін, ауыз екі деңгейде айта салуға жарамайтын, әрқашанда тек түбегейлі терең зерттеуге тұратын поэзияның үлгісі» деп атап көрсеткен.

Тақырыптың өзектілігі: Өнер – адамнан адам даярлайтын эстетикалық категориялық мазмұнды жинақтаушы жүйелі кешен. Оның халықтық сипатын, тектік тұрпаты мен қандай элементтерден түзіліс тауып отырғанын белгілі бір көзқарас аясында қалыптауға келмейтіндігінен түрлі сыни сараптамалардың, әр қалай бағалаулардың болары хақ. Дипломдық жұмыстың тақырыбына мүйізі қарағайдай ғалымдармен құпталып қойған, осы уақытқа дейінгі мерзімде жарық көрген бірнеше диссертациялардағы {Ержанова Сәуле Баймырзақызының «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы мәселелері», Қабош Батырболат Айболатұлының 2006 жылы қорғаған «Қазіргі қазақ поэзиясының түрлік-бейнелілік ерекшеліктері (1980-90 жылдар лирикасы әдеби үдеріс контекстінде) атты диссертациялары мен Өтеген Оралбайұлының «Қазіргі қазақ поэзиясы: Дәстүрлі арналар және көркемдік сабақтастық» атты монографиялық еңбек} идеялық сабақтастық өрбіп отыр. Нақтырақ айтсақ, біздің зерттеу нысанымыз болып отырған Т.Әбдікәкімұлының шығармашылығындағы көркемдік ерекшеліктер хақында арнайы тоқталып, тарқатып айтылған зерттеу еңбектері атап өткендей педагогика саласы қамтып қарастыратын ендігі дүние – оның өзі жауап беретін үш сұрақ айналасында болмақ. Яғни, «кімді және нені, қайда оқыту керек?!» дейтін сұрақтарға лайықты бағаны алып үлгерген автор туындыларына алдымен соны саралау жүргізіп, игерілуге тиісті материалды жан-жақты зерттеп, поэтикалық пайымдардың арқалаған идеялық мазмұнына тоқталып өтпекпіз. Тарау бойынша кезең-кезеңімен Т.Әбдікәкімұлының шығармашылығының құндылығы айқындалып отырады.

Диплом жұмысының жаңашылдығы: Тақырыпқа сәйкес методологиялық тиімді әдіс-тәсілдерді ұсына отырып, оқу үдерісіне автордың туындыларын енгізудің стратегиялық нақты қадамдарын жобалаумен ерекшеленіп, ақын туындыларын оқытуға лайықтығын зерттеушілер еңбегінен үзінді келтіре отырып, жан-жақты саралау жүргізеді. Идеяны бекітуге алдымен өзіндік көзқарас арқылы қол жеткізу ғылыми заңдылық. Осы орайда қаламгер және әдебиет, заман талаптары сынды әдеби үдерістердің молыға түскен көп ілкі танымдық мәселелерін терең ұғынып, дәлдік негіздеме үшін теориялық тұрғыда мынадай ғалым еңбектері басты назарда: Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш», «Әдебиеттану» терминдер сөздігі, М.Әуезов «Әдебиет туралы», З. Қабдолов «Сөз өнері», З.Ахметов «Поэзия шыңы – даналық», «Өлең сөздің теориясы», Қ.Жұмалиев «Әдебиет теориясы», «Әлем» алманағы және т.б.

Зерттеу нысаны: «Ақшам хаттары» (1993), «Ырауан» (2000), «Бесінші маусым жұпары» (2017)

Диплом жұмысының міндеті:

Әр тарауға бөлінген тақырыпшалардағы ойды кең көлемде, кемеріне жеткізіп ұғыныңқы да ықтиятты мәлімдеу.

Сол арқылы ұсынылған идеяның дұрыстығына көз жеткізу, зерделеу мәнісі мен жай-жапсары толық ашылған тақырыптың іс жүзінде жүзеге асуына ықпал ету;

Белгіленген жоспардың үдесінен шыққан деп танылуы тиісті жұмысқа теориялық білімді практикамен ұштастырып, қоғамдық көзқарастарға да барлау жасау міндеттелінеді.

Зерттеу әдістері:

Герменевтикалық талдау; поэтикалық талдау, мәтіндік интерпретациялау, сипаттама, контекстік талдау.

Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.























Әдебиет терминдері:

Поэтика –

Сугневтивті әдіс –

Постмодернизм –

Ақ өлең – (ағылшын.blank verse – ақ өлең) – силлабикалық және силлабо-тоникалық өлең жүйесіндегі ұйқассыз Еуропа халықтарының поэтикалық жадында «ақ» сөзінің «белгісіз, аяқталмаған, толықтырылмаған» деген ұғымдардың семантикалық эквиваленті ретінде қолданылуына байланысты. «

Абыз – түркі халықтары тәңрі сенімінде болған көне дәуірдегі бірегей мәдени-әлеуметтік жүйенің өкілі. Профессор Қ.Жұбанов: «Қазақта ескі кездегі шамандарды абыз деп атаған.

Еркін өлең –

Элегия –

Герменевтика –

Автология – сөздің тура мағынасында қолданылуы. Сөздің өзіндік тура мағынасы және туынды мағынасы болады. Әдетте поэзияда сөзді туынды, ауыспалы мағынада қолдану жиірек кездеседі. Алайда төтелеп, тура мағынасында айтылатын сөздер де аз болмайды. Мысалы, Абайдың:

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, –

Дегендегі «уысыма түспеді» деген сөз тіркесінде ауыспалы мағына бар.

Ассоциация (әдебиетте) – сезім-әсер жалғастығы негізінде туатын тәсілі. Адамның өмір құбылыстарын көріп-сезінгенде алатын әсері қалайда ой-санасында бұрыннан ұялаған ұғым-түсініктермен байланысып, соларға орайлас қабылднады.

Градация –

Гротеск –

Гнома * -

Дидактикалық поэзия –

Дактиль –

Дидактикалық фольклор. Фольклордың бұл түрі өзінің құрамы жағынан біркелкі емес. Мұнда оу баста дидактикалық мақсат емес, танымдық, ғұрыптық қызмет атқарған













































1.1 Т.Әбдікәкімұлының поэзиясындағы тақырыптық идеялық ерекшелік

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы – 1953 жылы 20шілдеде бұрынғы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Семей облысының, Абай ауданы, Қарауыл аулында дүниеге келген. Өлең жазуды ерте жастан меңгерген ақынның шығармашылық жолында «Ақшам хаттары» (1993), «Ырауан» (2000), «Алқоңыр дүние» , «Бесінші маусым жұпары» (2017) атты жыр жинақтары мен көшпелі таным турасында «Хас Сақ Аңқымасы» атты екі томдық кітабы жарық көрген. «Ырауан» атты жинағы хақында зерделеудің алды деп, абыз жазушы Әбіш Кекілбаевтың жазған мақаласын айтуға болады. Мақалада ақын поэзиясының ішкі қатпарларына дейін барлау жасылынған және ендігі қазақ поэзиясының биік белесі ретінде таныстырылады. Әбіш Кекілбаевтың «Күн тұтылған бір әлем жүрер іште» атты мақаласынан үзінді келтірер болсақ, жазушы:

«Бұл – менің бұрын-соңды көрмеген де, естімеген де қаламгерім. Өлеңдері көзіме, дәлірек айтсам, көңіліме оттай басылды. Ойыма қай-қайдағы оралды. Көз алдыма нелер келіп, нелер кетпеді?..

Басқасын қойғанда, ырғағымен, әуезі, көз тастасы мен сөз саптасының өзі талай-талай жайттарды жадыма салды.

Біруақ Алматының көктайғақ көшесінде жаңа ашылған гастрономия дүкенінің алдында шыны жайманың ар жағында тойған торайлардай торсия жайғасқан білем-білем шұжықтарға – “буржуйдай семіз колбасаларға” мадақ жыр оқып тұрған сүмбі талдай ұзын, қайыңның қабығындай жұқалтақ, сөзі сүңгідей суық та өткір, көңілі мартен пешіндей лапылдап тұрған Төлеужан Ысмайылов, біресе есіктен қыз алдына келген ұялшақ жігіттей сыптия киініп, сыпайы кіріп, сыздиып тұрып, сыздана сөйлейтін Тоқаш Бердияров, біресе өлеңін алдыңа жайып салып, өзі құмарта сорған ащы “Беломордың” көк түтінінің арасында, онсыз да қысыңқы көзін одан әрмен сығырайтып жымсия күліп, дымыңды қаралай құртатын Жұмекен Нәжімеденов, бірауық сырт тұлғасы сексеуілдей шып-шымыр да, мып-мығым, бірақ ауызын ашса, көмейі көрініп, ақ қауырсындай үлпілдеп, ақ періштедей елпілдеп тұратын Төлеген Айбергенов көз алдыма келгендей болды. Өзі өлеңдеріне Мұқағали Мақатаевтың сөздерін көп қыстырады екен. Бірақ, жаны дүлей болғанмен, жырларында жортаққа ұрынбайтын, жорғасынан жаңылмайтын Мұқағалидың бастан-аяқ жайма-шуақтығы жоқ.

Абай мен Махамбетке де тәу ететіні сезіліп тұр. Абайды абыржытқан алаң дүние мен Махамбетті ашындырған қараң дүниеге өкпесінің қара қазандай екендігі қатты аңғарылды. Бірақ, біреуінің күңгірт күңіренісі мен екіншісінің өрепкіген өжеттігіне сүліктей жабысып қалған ештеңесі байқалмайды. Кей-кейде сонау алпысыншы жылдардағы Еркін Ібітановтың жағасы жайлау, жайдарман көңіл, жайбарақат айта салар аяқасты тапқырлығы көзге ұрады.Ара-тұра әзелгі Өтежан Нұрғалиевтың жоп-жорта аңқауси қалатын, кейінгі Өтежанның әп-әдейі қитықтана сөйлейтін сайқымазақтығы қылаң береді.

Алайда, бұл әлгілердің ешқайсысын сол қалпында қайталамайтын, қазақ өлеңінде ара-тұра ұшырасып қалып жүрген талай-талай соны соқпақтарды соңына дейін жеткізіп, айдын жолға айналдыра алған аршынды, сонысымен де көзіңе сойқан елестейтін айбынды ақын. Бұрын-соңды болмаған ақын...

Қазақша айтқанда, біртүрлі ақын.

Қазақтың “біртүрлі” дегені мақтағандықты да, масаттанғандықты да білдірмейді. Бірақ, тосырқағаны мен таңырқағанын жасыра алмай, амалсыз мойындағанын аңғарта алады. Түптей біліп, түбегейлі түсіне алмай жатқандығын да сездіртеді.

Тынышбек Әбдікәкімовті де біреу ұғар, біреуі ұқпас, біреу құптар, біреу құптамас, бірақ ол ешкім елемей кете алмас, ескермей қала алмас, айрықша нысаналы ақын.» [1] - дейді.

Мәдениеттанушы Әуезхан Қодардың саралауы былайша өрбіген: «Егер қазақ арасында ешбір сыртқы ықпалға түспеген бір ақын болса, ол – Тыныштықбек. Осыған байланысты ол таза ұлттық негізде әлемдік деңгейге апаруға лайық дүниелер жазады. Сондықтан бұл енді үлкен құбылыс, шынымен де біраз әңгімеге арқау болатын, диссертация қорғауға тұратын биік өлшемдегі поэзия. Тіпті, аударма жағынан келетін болсақ, қалай аударуды білмеймін, аударуға еш көнбейтін поэзия. Осымен де оның ұлттық құндылығы асады. Өйткені ол - арифметикалық есепке көнбейтін, ауыз екі деңгейде айта салуға жарамайтын, әрқашанда тек түбегейлі терең зерттеуге тұратын поэзияның үлгісі.» [2] - дейді.

Зерттеуші-ғалым З.Ахметов «Өлең сөздің теориясы» атты еңбегінде: «Поэзия – сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Оның үстіне поэзияның аса маңызды әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алатын зор мүмкіншілігі бар. Ол – айналамыздағы дүниені, өмірді танып-білудің күшті құралы, біздің қоғамдық ой-санамыздың, көркемдік, эстетикалық сезіміміздің үлкен, өнімді саласы.» - деген. [3]

Әйгілі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышында» «сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі» деген. Әуелі –ақыл, онан соң қиял және көңіл деп бөлген. «Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу суреттеп ойлау, көңіл ісі – түю, талғау.

Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау.» [4]

Тыныштықбек поэзиясындағы шұрайлы тілдің көркемдігінің көп қырлы, сан салалы, жоғары санатты болып сезілетіні, әсіресе әдеби жанрдың «лирикаcынан» деп білеміз. Өйткені, сұңғыла ғалым З.Қабдоловтың «Сөз өнері» еңбегінде атап көрсетініндей: « «лирика – (грекше lira – ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) – әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне өлеңмен жазылады.

Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқынуы, автордың өз басының алуан-алуан нәзік түйсіктері, күйініш-сүйініші тән болып келеді. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс – субъективті нәрсе; бірақ, сонымен қабат кәдімгі обьективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да, – лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады. Оқушы әрбір лирикалық кездің жай-жапсарын аңғарып отырады.» [5]

Қ.Жұмалиев «Әдебиет теориясы» атты еңбегінде лириканың табиғаты туралы былай деген: «В.Г.Белинский лириканы өте жоғары санайды. «Поэзияның жаны – лирика» - деп бағалайды. Егер эпостық жанрда жазылған шығармаларда зат, өмір құбылысы объективтік дәрежеде суреттелсе, оған автор өзінің қарым-қастысын көрсетпеуге тырысса, лирикада керісінше субъект, яғни автордың өзі, бірінші орынға шығады. Суреттеп отырған өмір құбылысы автордың жан толқыны, дүние тануымен мидай араласып кетеді. Біз бұл лирикалық суреттеулерден заттың не құбылыстың картинасын көріп қоймаймыз, оны жан-жүйемізбен сезінеміз.»[6]

«Ырауан – ырушы, тілуші, жырушы, өткір: острый, резкий, проходящий, пронизывающий, проникающий, өткір яғни Жүз: лезвие; Лик; ағын, өзен, қараңғылықты іреуші, ырыушы Жарық; Күннің ғаламдық Кемпірқосағы (кем бір қосақ) ; Таң Жарығы; Күн; Күн Нұры.» деп түсініктеме қойылған кітаптың өн бойында абыз Әбіштің айғақтауынша, идеологиялық бұғаулар мен адам санасындағы кілтипандарды шешуге қайраттана кіріскен ізденімпаз ақынның стильінде өзгешелік бар.

Тыныштықбек поэзиясын тақырып бойынша топтастырсақ, туған өлкесіне арналған табиғат суреттері көрініс тапқан өлең күрделене келіп, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттаушы патриотизмдік бағытта жалғастық тапқандай дерсің. Туған жердің табиғаты, тіпті ғашықтық лирикасында өзіне тән ерекшеліктермен сыршыл құбылады, өзімен біртұтастандырып жіберген жымдастыру бар. Одан әрі молыға түскен данагөй лирика ойлануға шарт қоятын өмірсүйгіш өреңіз бен қиялсүйгіш жаныңыздың шын жасырылған жаңа биік мәресі. Биіктікті бағындыру былай тұрсын, көз ұшында манартқан сағымын жазбай тану керек. Сол сағымнан тура басқан міскін-мұңыңыз тілсіз тұңғиықтана айлананы алыстан шолып, төменге қызықтау үшін қарайды-мыс. Әр жылдары жарық көрген жинақтардың байсал тартқаны, тарамыстана кемелдік кезеңінде жазғанынан реттілік байқалады. Эволюциялық даму жолында ақынның алғашқы жинағының бастапқы бөлімдері табиғат лирикаларынан, махаббат маздағынан және түрлі толғамдардан тұрады.

Сондағы тіркестер:

«Шегірткенің інжулі шырылынан

Моншақ теріп алар ма ед қарындасқа!»

Көкіректің маздатып қарашығын,

Қос көбелек зиреге таласуын!»

«Төңірекке төгілген төл үніне,

Төсеп отыр тұмсығын бала суыр.»

«Мендегі сөз – құлынды, көз – боталы,

Бұл дәурен қайталанса жазда тағы!..»

«Қыз – Көктем көл басына асығады,

Бұрымы бұлт ішіне тарқатылып...»

«Дем алармын желіні сыздап таңның,

Қозы бұлттар жамырап емген кезде.»

«Жұлдыздар да түрткілеп түйсігімді,

Түсініксіз діріл бар бойда аздаған.»

«Қақпақылдап тынымсыз жел-уақыт,

Қаңбақ-күндер келмеске домалаған.»

«Бүгін аспан боталап, Тау тамсанды,

Бүйен-сайға құйылып уыз тұман.»

«...Бір ашылып есігі, бір жабылып,

Тау ішінде жалғыз үй есінеген.»

«...Томпаңдап, байғыз үнін тыста күшік,

келеді тұмсығымен ұстағысы...»

«Қарекет те молайып бірер есе,

Уайымнан ұп-ұзын шідер есем...

Сенің өзің қайтер ең,

көтерем бұлт,

өрісте жиі-жиі үйелесе?!»

«Қараторы сұлу түннің мойнында –

жалғыз түйір Ай-моншақ.»

«Күннің нұры кәдімгідей қалшылдап,

Тартылады қаламымның ұшына!..»

Метафора арқылы балама бейне мен балама болып алынған нәрсенің сипат белгілері негізгі айтпақ нәрсеге телініп отырғанын аңдауға болады. Мұндай үлгілер Тыныштықбекте жетіп артылады.

«Жұрт ешқашан ұққан емес тірі жүрген Шайырын.

Жаз көзінен сорғалайды мұңдай жасыл қайырым.

Мұнарадан Ай жылайды,

Шашы әлемге жайылып...

Коллекционер кәрі Тарих сурет жинап босқа әлек...

Ағып жатқан қан түрінде жалтылдайды кешкі Өлең!»

«Поэзияда тек тіл, сөз ғана көркем емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат беретін сол ой-сезім тереңдігі, өткірлігі, әсерлілігі. Поэзия өмір шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой-сезімді жеткізудің құралы ғана.» [7]- деген З.Ахметовтың дегеніне құлақ түрсек, «Ақындар» атты үзінді келтіріп отырған өлеңде автор:

«Ең ақырғы пайғамбар да көтере алмас тулар бар!..» - деп қыруар ойдың санаға салмақтығын меңзейді.

З.Ахметовтың Тыныштықбекте ерекше сипат алған портреттік суреттеудің алғышартындай жазғанында ақиқат бар:

«Адамның келбет-кейпін, яғни портретін суреттеуде өлең тілінің ұлттық бояу-нақышын әлсіретпей, қалыптасқан әдіс-тәсілдердің ұтымды жақтарын орнымен пайдалана отырып, адамның кескін-келбетін, портретін, тілдік мінездемесін, кейіпкердің жан сырын көрсетуді, психологизмді жаңа биікке көтеру шарт. Поэзияда мұның, әрине, ерекше қиындығы бар, үйткені, ол үлкен жаңашылдықты керек етеді.»

Т.Әбдікәкімовтың портреттік суреттеулеріне бір ауық кезек берсек, әлгі психологизмнің қатпар-қатпар мінездік бұлғаңы мен ұлттық бояу қабысып-ақ тұр:

«Қаңтар

Және

сылқым Орман, бұраң бел,

қасы-көзін сүрмелейді қыраумен.

Анау – Ертіс, мұздан байрақ көтерген.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!