Материалдар / Табиғат- денсаулықтың кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғат- денсаулықтың кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары: Табиғат адам өмірі үшін маңыздылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
269
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

17сабақ

Педагог: Жолымбекова Арайлым Сарыбаевна

Сабақтың тақырыбы: Бәрімен әлемде әлемде өмір сүру

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Сыйластық, құрмет, мейірімділік


Сабақ мақсаты:

Студенттерге «қоршаған орта», «үндестік», ұғымдарын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеті

-студенттерге өзімен, өзгемен, қоршаған әлеммен үйлесімділік туралы ұғындыру.

-қоршаған ортаға қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

-табиғатты аялауға, қамқор болуға баулу.

Ресурстар құралдар мәліметтер:

Үнтаспа, бейнетаспа

Дәптер, оқулық, ақ қағаздар.

2мин

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру,

Тыныштық сәті :

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

5 Т ережесін еске салу Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық

«Хрустальная грусть» музыкасы жай дауыспен қойылады. Осы кезде оқушылар денелерін бос ұстап, көздерін жұмып отырады.

2мин

2.Дәйексөз:

«Тіршілікте табиғат пен адамнан ғажап, олардан құпия не бар?!»

Ш.Уәлиханов

Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді бар-лығы хормен ай-тады.

4мин

3.Үй тапсырмасын тексеру



  • Адамның ізгі іс-әрекетіне табиғат қандай үндестік танытты?

  • Өмірде ешбір жақсы істің зая кетпейтінінің себебін қалай

түсіндірер едіңдер?

  • Өздерің жасаған жақсы істеріңнен басқалардың қуанған сәті болды ма?

Оқулық 100 бет

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылау

2мин












































































2мин

4.Әңгімелеу: Педагогтің сыйы (Бейнетаспа көрсетіліп тұрады)

Жер - Ана туралы мысал

Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.

Күндердің бір күнінде адам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып, ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.

Жер - Ана мен Табиғатадам бір-бірінен жарастық тауып олардан адам-ұрпақ өмірге келді. Бірақ әрбір ұрпақ- адам оларға өмір сыйлаған Ұлы сүйіспеншіліктен алыстай берді.

Жер - Ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал адам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.

Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер - Ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.

Ал Жер - Ана осының бәріне шыдады, ол адамдар естерін жияр, олар Ұлы сүйіспеншіліктің перзенттері екенін түсінер деп сенді. Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп, табиғи апаттарын жасап, өз күшін көрсетті. Сонда да адамдар қорқатын емес, олардың құлақтары алтынның сыңғырынан керең болған, көздері сараңдықтан көрмей қалған, адамдықтың шырқау биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүруде.

Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер - Ана мен адамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін.

Керібайланыс

  1. Жер- Ананың бастапқы қалпы қандай болған?

  2. Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?

  3. Жер - Ана неге адамдарға ашуланды? Ол неден үміттенді?

  4. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай құндылықты ашады деп ойлайсыңдар?

  5. Табиғатқа жасалған залал қиянатқа жата ма?

  6. Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың?

Түйін: Бізді қоршаған әлем үнемі өзгеріп отырады. Қазір мұхиттар тұңғиығы, ғаламшар қойнаулары , заңғар таулар мен Күн жүйесіндегі ғарыш кеңістігіне және т.б. қол жеткізу соншалықты қиын емес. Бәрі де өзгереді. Тек адам баласы ғана осыдан талай ғасыр, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, қазір де сол қалпында өзгеріссіз өмір сүруде: бұрын қалай сүйсе, бүгінде тап солай сүйеді, өз болмысының сырын солай іздеп табады, өзін-өзі, өзгелерді және айнала қоршаған әлемді де сол бұрынғыдай танып біледі. Адам қоршаған әлеммен үйлесімділікті түйсіне бастағанда ғана әлеммен «үндестікте» болады. Осындай үндесу, үйлесімге ие болған жан Отанға, Атамекенге деген құрметті сезініп, оның ата-анаға, жақындарына деген сүйіспеншілігі оянып, адамдармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасында үлкен қуанышты басынан кешеді.

Бейнетаспа мен мәтін бойынша түйіндейді

6мин 6мин

5.Шығармашылық жұмыс: топтық жұмыс

1топ: жер әлеміндегі суға қоғамның тигізіп жатқан салдары

2топ: жануарларды төніп тұрған қауіп

3 топ: жасыл алқап, орман-желектерге бүгінгі таңдағы жағдайы

Табиғат проблемалары туралы Видио ролик корсету

Оқулық 102-105 бет

2мин

6. Топпен ән айту: «Туған жер » Айқын Төлепберген


Музыка сүйемел-деуімен қосылып ән айтады.

1мин

7.Үй тапсырмасы: Байыт Қабанұлының «Даналық» мәтінін оқып, мазмұндап келу

Оқулық 102-104 бет

3мин

8.Рефлексия

Ақ қағаз әдісі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!