Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Табиғат құбылыстарының көптүрлілігі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Табиғат құбылыстарының көп түрлілігі.
\жаратылыстану 5 сынып\
Сабақтың тақырыбы: «Табиғат құбылыстарының көп түрлілігі»
дене және табиғаттағы заттар бөлімін қорытындылау.
Мақсаты: Табиғаттағы құбылыстардың көптүрлілігін бір бірінен ажырата білу.
1.5.2.3Түрлі табиғат құбылыстардың маңыздылығын, қажеттілігін және оның
көздерін анықтау.
Табиғат құбылыстарының таралуының ерекшеліктерін түсіндіру.
1.5.Түрлі құбылыстардың табиғи және жасанды көздерін ажырату.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Табиғаттағы құбылыстардың көптүрлілігін бір бірінен ажыратады
-
Түрлі құбылыстардың маңыздылығын, қажеттілігін түсінеді, көздерін анықтайды
-
Табиғат құбылыстарының таралуының ерекшеліктерін түсінеді
-
Түрлі құбылыстардың табиғи және жасанды көздерін ажыратады.
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, жүйелеу, бекіту сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, сызбалар, карточкалар, суреттер.
Әдіс – тәсілдер: жеке ізденушілік әдісі, сұрақ – жауап, дамыта және деңгейлеп оқыту.
Күтілетін нәтиже: Табиғат құбылыстарының түрлерін атай алады
Химиялық, физикалық, жарық, жылу, дыбыс, биологиялық құбылыстарды бір бірінен ажырата алады Тапсырманың құндылығын анықтайды.
Сабақтағы әрекетін бағалайды.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мақсат қою.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.
1ші сабақ басталмас бұрын интерактивті тақтада жұмбақтар шешу.
-
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр,
От жағып, дабыл қағып тұрғанында
Сабалап төмен қарай су ағып тұр (Жаңбыр, найзағай)
-
Алтын аяқ,
Жете алмадым,
Жалаң аяқ. (Сағым)
-
Тұрғанымен жырақ өзі
Таусылмайтын шырақ көзі (Күн)
-
Жылт-жылт етіп төбемде
Түсе алмай тұр төменге (Жұлдыз)
-
Күнді айналып қозғалады
Артында жарық жол қалады (Құйрықты жұлдыз)
-
Жаңбыр жуды жерімді
Көкте өрмек керілді (Кемпірқосақ)
7. Алақаныңмен басарсын,
Ұстай алмай сасарсын (Көлеңке)
8.Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ
Қыста жер бетін басады
Жазда сайға қашады.( қар)
Жарайсыңдар балалар, сонымен бұл шешкен жұмбақтардың жауабы нені білдіреді? Иә дұрыс айтасыңдар айналамызда, табиғатта болып жатқан құбылыстар,
Біз алдыңғы тақырыптарда табиғат құбылыстарының бірнеше түрлерін оқып білдік иә, балалар, олай болса кім маған айтады? Қандай табиғат құбылыстары бар?
(Химиялық, Физикалық, Жарық, жылу, дыбыстық, электрлік және магниттік т.б құбылыстар)
Олай болса мына партаның үстінде жатқан заттарға назар аударайықшы Партаның үстінде келесідей заттар жатады: барометр, Исаак Ньютон – фотосуреті, майонез корапшасы, стаканға құйылған су және гуаш, спорттық аяқ киім (кроссовки), таразы.
Оқушыларға келесідей сұрақ қойылады:
Оқушылар сендер мына партадағы заттарды маған түсіндіріндер:
Жанель. Барометр – атмосфералық қысымды өлшеу үшін қолданатын құрал. Бірінші рет Атмосфералық қысымды өлшеген итальян ғылымы Эванджелиста Торричелли (1608-1647). Қалыпты атмосфералық қысым – 760 мм. Барометрдің екі түрі бар сынап барометрі және анероид (ылғалсыз) барометр. Мынау анероид барометр.
Мейрам Исаак Ньютон – ағылшын ғалымы, осыдан 300 жыл бұрын Бүкіләлемдік тартылыс Заның ашты. Тартылыс күші Күн жүйесіндегі ғаламшарларды Күннің айналасында өз орбиталарында ұстап тұр. Тартылыс күші Жер атмосферасын да ұстап тұр. Бұдан басқа көптеген процестер тартылыс күшіне байланысты.
Гүлайым Майонез – бұл тағам түрін біз күнделікті өмірде асымызға қолданамыз, ал бірақ оның қандай зат екеніне назар аудармаймыз, майонез – бұл қоспа себебі оның құрамында – май, уксус, сарыуз бар. Жалпа табиғатта таза заттар болмайды, болған жағдайда да өте сирек, ал қоспа - әр түрлі заттардың жиынтығы. Олар – сұйық, қатты және газ тәрізді деп бөлінеді.
Темірлан Стаканға құйылған су және гуаш – Ішінде суы бар ыдысқа бір тамшы гуаш құйып, аралартырсақ, гуаш тез арада сумен араласып ыдыстағы суды лезде белгілі бір түске өзгертеді. Себебі гуаштың құрамындағы молекулалар ұдайы қозғалыста болғандықтан тез араласып кетеді. Сұйықтың ішіндегі және газдағы молекуланың таралуын диффузия деп атайды. Диффузия латын тілінде – таралу, ыдырау, жайылу деген мағынаны білдіреді.
Балжан Сіріңке. Сіріңкені жағып көрсетемін, ол түсіндіреді. Сіріңкенің басынан иіс шықпайды. Бірақ оны жағатын болсақ өте жағымсыз күйік иіс шығады. Бұл химиялық құбылыс болып табылады.
Диас Таразы – салмақты өлшеу үшін қолданылады, ол біздің күнделікті өмірімізде өте қажет, Масса бірлігіне килограмм пайдаланылады.
Даяна. Парта – бұл дене, физикалық дене дегеніміз –бізді қоршаған дүние (үй, жиһаз, ойыншықтар және т.б.), ал зат дегеніміз – физикалық дененің құрамдас бөліктері, мысалы физикалық денеміз парта болса, оның құрамдас бөліктері яғни заты – бұл ағаш және темір.
Ал енді оқушылар тақтадағы бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбына назар аударындар, бүгін біз сендермен «Табиғат құбылыстарының еліне» саяхат жасмаймыз, біз бұл тақырыптардың барлығын дерлік өткенбіз енді бүгін сендермен алған білімдерімізді қайталап, бекітеміз, мен сендерге бүгінгі саяхатта сәттілік тілеймін. Ал ең біріншіден саяхатқа шығу үшін бізге не қажет? әрине бізге кеме қажет, міне біздің кемеміз әзір, ал ендеше ұрыста тұрыс жоқ дейді біз саяхатымызды бастайық.
1. айлақ. Жарық.
Жеке жұмыс Ал енді біз «иә - жоқ» ойның ойнаймыз, сендердің алдарында кестеде ұғымдар жазылған ізінде иә - жоқ деген бағандар бар, егер келіссендер иә, ал егер келіспесендер жоқ бағаның белгілендер.
«иә - жоқ»
Алдарыңда жатқан қағазда белгілеп өз өзімізді бағалаймыз
1-2 балл 2
2-4 балл 3
5-7 балл 4
7-8 балл 5
№ |
|
ИӘ |
ЖОҚ |
1 |
Жер бетіндегі ең күшті жарық көзі - КҮН |
- |
|
2 |
Табиғи жарық көздері: ай, күн, алау, электр лампасы |
|
- |
3 |
Жасанды жарық көздері: алау, шам, электр лампалары |
- |
|
4 |
И.Ньютон тәжірибе жасап ақтүстің күрделі екендігін дәлелдеді |
- |
|
5 |
Жүріп келе жатқан көлік ішінде кітап оқуға болады |
|
- |
6 |
Кемпірқосақта негізгі 7 түс бар |
- |
|
7 |
Жарық шығаратың жануарлар бар |
- |
|
8 |
Адамның жарықты қабылдау органы – көз |
- |
|
2. айлақ. Дыбыс
How it will bee in English?Как будет на русском?Қазақша қалай болады
-
Негізгі есту органы –
-
Адамдардың даусы, құстардың сайраған әні, желдің гуілі, сағаттың соғуы – қандай құбылысқа жатады.
-
Түрлі дыбыс шығаратын заттар
-
Теледидар
-
Барабан
-
Музыка
Егер 3 тілде дұрыс жауап берсеңдер 3 балл, 2 тілде 2 балл, 1 тілде 1 балл
2. айлақ. Дыбыс
How it will bee in English?Как будет на русском?Қазақша қалай болады
-
Негізгі есту органы –
-
Адамдардың даусы, құстардың сайраған әні, желдің гуілі, сағаттың соғуы – қандай құбылысқа жатады.
-
Түрлі дыбыс шығаратын заттар
-
Теледидар
-
Барабан
-
Музыка
Егер 3 тілде дұрыс жауап берсеңдер 3 балл, 2 тілде 2 балл, 1 тілде 1 балл
2. айлақ. Дыбыс
How it will bee in English?Как будет на русском?Қазақша қалай болады
-
Негізгі есту органы –
-
Адамдардың даусы, құстардың сайраған әні, желдің гуілі, сағаттың соғуы – қандай құбылысқа жатады.
-
Түрлі дыбыс шығаратын заттар
-
Теледидар
-
Барабан
-
Музыка
Егер 3 тілде дұрыс жауап берсеңдер 3 балл, 2 тілде 2 балл, 1 тілде 1 балл
2. айлақ. Дыбыс
How it will bee in English?Как будет на русском?Қазақша қалай болады
-
Негізгі есту органы –
-
Адамдардың даусы, құстардың сайраған әні, желдің гуілі, сағаттың соғуы – қандай құбылысқа жатады.
-
Түрлі дыбыс шығаратын заттар
-
Теледидар
-
Барабан
-
Музыка
Егер 3 тілде дұрыс жауап берсеңдер 3 балл, 2 тілде 2 балл, 1 тілде 1 балл
Құлақ гигиенасы: (Құлақты сіріңкемен және тағы басқа үшкір нәрселермен тазалауға болмайды.
Ал ендігі кезекте біз сендермен «Қатені тап» ойның ойнаумыз. Сендерге сөйлемдер берілген, осы сөйлемдердің ішінен сендер қате ұғымды тауып сызып тастайсындар.
«Қатені тап»
1.Жүз рет көргенше, бір рет естіген артық (Жүз рет естігенше, бір рет көргенің артық
2.Табиғат көптеген дыбыстардан тұрады.
3. Адамдардың сөйлеуі, құстардың сайраған әні, желдің гуілі, сағаттың соғуы – дыбыстар.
4. Негізгі есту органы – құлақ.
5. Құлақты сіріңкемен тазалауға болады. (болмайды)
6.Зымыранның ұшу кезіндегі дыбыстық күші – 14-19 дБ. (140-190)
7.Найзағайдың шығарған дыбысы 100 дБ.
8.Адам құлағының ең төменгі дәрежесіндегі қабылдау мүмкіншілігі – 10 дБ.
9. Айқай – 140 дБ. (130 дБ) Децибел
Қатені дұрыс тапқаны үшін Қағаздарымызды алмастырып, бір бірімізді тексеріп бағалаймыз
4 қатені тапса -5 ұпай
3 қатені тапса -4 ұпай
2 қатені тапса -3 ұпай
1 қатені тапса -1 ұпай
Жұптық бағалау
-
айлақ. Химиялық құбылыстар. Видео сұрақ Альмира Алтаевна
Дымбілмес өзінің достарына менің пайдам тиуі керек деп түсінді. Ол түске таяу ұйқыдан оянып, газ плитаны қосып үстіне шәйнекті қойып қойды. Ал өзі ермексазбен ойнап отырды. Оның ермексазбен ойнап кеткені соншалықты, тіпті ол шәйнектің қалай қайнап кеткендігін білмей де қалды. Шпунтик келіп, айхай шу шығарып, шәйнекті өшіріп тастады. Шай дайын болмады. Енді Дымбілмес ботқа пысырамын деп шешті. Ол үшін ол тоңазытқыштан сүт алып үстелдің үстіне қойып қойды. Ол ештене істегісі келмей, өз өзімен ойнап, тоңазытқыштан мұз алып шығып үстел үстінен сырғататып ойнады. Үстел үсті біраз уақыттан кейін су болып кетті. Ал Дымбілмес өзінің уәдесін ұмытып, далаға ойнауға кетіп қалды. Үйге кеш қайтып сүт есіне түсіп кетті. Бірақ ыдыстағы сүт ашып кетіпті. Міне, Дымбілмес қандай көмекші.
Менің қояр сұрағым?
Дымбылмес жақсы көмекші ме?
Оның істеген жұмысында өмірге қауіпті жағдайлар болды ма?
Ол нені дұрыс істемеді?
Қанша құбылыстарды байқадыңдар?
Олар несімен ерекшеленеді?
-
айлақ. Жылу
«Кері кроссворд» шешеміз, яғни топпен жұмыс. Алмастырамыз, 2 топтар бір біріне береді, тексереді, егер дұрыс шешсе қызыл жұлдызды стикер, егер қате тапсаңдар жасыл дөңгелек. Екі топ бір бірін бағалайды. Стикер арқылы.