Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Табиғат символы - құстар
Материал туралы қысқаша түсінік
Құстарға қамқорлық, табиғатқа құрмет көрсету мақсатында құрылған тәрбие сағаты бастауыш сынып мұғалімдеріне тигізетін көмегі көп.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
20 Маусым 2018
742
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Табиғат символы – құстарМақсаты: оқушылар мен ата – аналардың құстар және олардың пайдасы туралы түсініктерін кеңейту, түрлі сұрақтар мен ойындар арқылы білімдерін, ойларын арттыру. Ана мен бала арасындағы жылы қарым – қатынасты орнату.Көрнекілігі: слайдтар, суреттерБарысы:Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі көктемнің шуақты күнінде өткелі отырған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Алдымен тәрбие сағатымызды бастамас бұрын ата – аналар мен оқушыларды өз орындарына отыруға шақырамын. (2 команда болады). Тәрбие сағаты ойын, сайыс түрінде өтеді. «Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті» дегендей халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні құстар. Олардың құбылтып салған әндері біздерді сүйсіндірмей қоймайды. Қанатты достарымызды республиканың қай түпкіріне сапар шексек те кездестіреміз. Өйткені, туған өлкенің климаты мен жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік жасайды. Құс – табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды әркез қорғай білу керек. Олар табиғат байлығын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Сонда ағаштар жайқалып өседі. Жер бетінде 8600 – ге жуық құстардың түрі бар. Біздің Республикамызда 474 құстың түрі бар. Құстар – сұлулық символы. Қанатты құстар бейбітшілік ұраны. Олай болса, сайысымызды бастайық. Шаттық шеңбері.- Балалар, ата-аналар қазір сіздердің екі қолдарыңыз екі қанат болсын. Сол екі қанатымызбен бір – бірімізбен амандасамыз. (Музыка қосылады)Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін:І тур: ТаныстыруІІ тур: Кім көп біледі? (Құстар туралы білетін тақпақтар, өлеңдер, мақал – мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаш айту қажет.)ІІІ тур: «Іздеп тап» (энциклопедияданы пайдалана отырып, кестені толтыру.)Құстар тамаша ұшады, өйткені олардың сүйегі жіңішке, жеңіл, денесін мамық пен қауырсын жапқан. Құстардың арасында жыртқыштары да бар. Қарлығаш - жыл құсы. Мекендеген ортасына қарай далалаық және ауылдық деп аталады. Елімізде кент, сұр, құз, жар және қос рең қарлығаштары да кең тараған. Қарлығаштар өте ұшқыр. Сондай ақ, жемін де ұшып жүріп аулап, суды да ұшып келіп қалқып іше алады. Олар жәндіктермен қоректеніп, әрқайсысы күніне мыңнан аса маса жеп, зор пайда келтіреді. Ұясы балапандарын қолайсыз жағдайдан және жауынна қорғайтын шебер жасалынған баспана.Қыран - жыртқыш құс. Оның қанаты үлкен. Көзі қырағы, тұмсығы өткір және тырнағы тұтқыр. Олар алуан түрлі жануарларды тышқан, қоян жануарларды аулайды. Ал үлкен қыран тырнағымен қозыныда іліп алып кете алады. Түрлері: ителгі, лашын, бүркіт, жұртшы, қырғи. Олар таулы және далалы аймақтарда мекендейді. Аққу - қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Түрлері сұңқылдақ , сыбырлақ, қара аққу деген түрлері кездеседі. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Аққу қамысы нулы, суы таза тұщы көл жағасында мекендейд. Балапандары ширақ келеді. Біздің ормандарымызда ала тоқылдақ түрі тіршілік етеді. Ол жазда да, қыста да ағаштың діңін тоқылдату мен болады. Тоқылдақтың тұмсығы мықты болады. Тілі ұзын, жабысқақ әрі ұшында қатты түтіктері болады, сондықтанда ол ағаштың қабығыноңай тесіп, тілін қабықтың астына сүңгітіп жібереді. Сөйтіп, кез келген саңылаудан жәндікті алып шығады. Осылайша тоқылдақ ағашқа зиянды жәндіктерді құртады. Үкі - негізінде орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсандары жұмсақ. Ол қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап пайда келтіреді.
Сергіту сәті.ІV тур: «Болмасаң да ұқсап бақ» (құстардың дауысын салып жасыру қажет)V тур: Бұл қандай құс? (бір құс туралы мәлімет беріледі. Оның атын тауып, суретін салып беру қажет) Бұл құс орманды мекендейтін жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Ұясын жасыруға болатын жерге салады. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2- ден 12- ге дейін жұмыртқа басады. Қоян, тышқан секілді кемірушілерді аулап, пайда келтіреді. Бұл құсты қазақ халқы киелі санаған. Оның қауырсынындағы бедер құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдеріне, домбыраларына таққан. Бұл қандай құс? (Үкі)VІ тур: Проблемалық сұрақ- Неліктен қазіргі таңда құстар жойылып бара жатыр?- Сіздер құс басқару фирмасының бастығы болсаңдар не істер едіңдер? VІІ тур: Шығармашылық жұмыс.«Табиғат не үшін қажет?» деген тақырыпқа сәйкес түрлі мамандық иелерінің көзімен қарап әңгімелеп, айтып берейік. VІІІ тур: «Мен саған, сен маған» сұрақ – жауап. Лототронды іске қосайық.13 - Ата – аналарға: Қызыл кітап деген не? (жойылып бара жатқан құстар мен өсімдіктердің, жануарлардың сақталатын кітабы)1 – Оқушыларға: Тұмсығында суы бар, Бұл қай құс тауып ал? (бірқазан)8 – Оқушыларға: Өзі сары шықылдақ, Тыным таппай тым Дауысын өз салмағын Тойғызады тамағын Қамысқа ұя салады Бұл құсты кім табады? (шымшық)11 – Барлығына: Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт) Жүректен жүрекке. Қорытынды.Аққудай әдемі бол!Бұлбұлдай әнші бол! т.б.Мақал – мәтелдер:
Атауы | Түрлері | Қорегі | Пайдасы | Мекендейтін жері |
Қарлығаш | Кент, сұр, құз, жар, қос рең | Жәндіктермен | Әрқайсысы күніне мыңнан аса маса жеп, зор пайда келтіреді | Далалық және ауылдық жерлерде |
Қыран | Ителгі, лашын, қырғи,бүркіт, жұтшы. | Тышқан, қоян, құстар, ал үлкен қыран тырнағымен қозыны іліп кете алады. | Аңшыларға аң аулауға, алыстан жауды көруге | Дала, таулы жерлерде (қолғада үйретіледі) |
Аққу | Сұңқылдақ, сыбырлақ,қара аққу | Су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен қоректенеді. | Зиянкесті жәндіктерді құртады. | Қамысы нулы, суы таза тұщы көл жағасында мекендейді |
Тоқылдақ | Ала тоқылдақ | Ағаш діңіндегі жәндіктермен қоректенеді | Зиянды жәндіктерді құртады, ағаштарды емдейді | Орманда |
Үкі | Жапалақ | кемірушілермен қоректенеді | Тышқандарды аулап пайда еклтіреді | орманда |
- Ақ сұңқар құстың баласы – алдына қоймай жем – жемес.
- Аққу – қазсыз көл жетім.
- Қарға баптанып, сұңқар болмас,
- Бұлбұлға бау жақсы,
- Бұлбұл үнді, жылан тілді.
- Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.
- Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.
- Құстар көп болса, зиянкес жәндіктер аз болады.
- Қара құс басып жейді,
- Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
- Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болғаны.
- Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
- Қарғалар топтаса қарқылдаса аяз болады.
- Қарғалар аспанда ұшып жүріп қарқылдаса қар жауады.
- Қарғалар қанатының астына тұмсығын тықса суық болады.
- Қаз немесе тауық бір аяғынан тұрса аяз болады.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)