Табыс септік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табыс септік

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жухина Жанар Казихановна

Ақжар орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Табыс септік

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту. Табыс септігінің сұрақтарымен және жалғауларымен таныстыру; Табыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту.
2.Дамытушылық: Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қортуға дағдыландыру,сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу,білетінін дәлелдей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс, ұжымдық.
Сабақ әдісі:қызығушылықты ояту,ойын, сұрақ-жауап,іздену, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі:тірек-сызба,ойын түрлері, үнтаспа
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Сыныпты топқа бөлу. Қызыл, сары, жасыл түсті гүлдерді таңдау арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлап алу.

ІІ. Психологиялық дайындық 

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз!

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

47-жаттығу.Ребусты шешіп,шешуіндегі сөзге әңгіме құрау. Театр.

ІІІ. «Ойыншықты қағып ал,жауабын тез тауып ал!» ойыны

1.Зат есім дегеніміз не,сұрақтары?

2.Септік жалғаулары дегеніміз не?

3.Қазақ тілінде неше септік бар?

4.Атау септік сұрағын ата.

5.Ілік септіктің сұрағын,жалғауын ата.

6.Барыс септіктің сұрағын,жалғауын ата.

ІV. Жаңа сабақ туралы түсінік.

1)Күннің ретін жазу. Көркем жазу.

Тт Тт ТТ Тт Талғатты театрдан көрдім.

2) Қызығушылықты ояту! Осы суреттердің бірінші әріпін құрастыру арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын тауып аламыз.



Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Табыс септігінің сұрақтарымен және жалғауларымен таныстыру; Табыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту.

Ережемен танысу.

Табыс септіктегі зат есімдер кімді? нені? кімдерді? нелерді?деген сұрақтарға жауап береді.

Табыс септігі атау септіктегі сөзге-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті жалғаулары жағану арқылы жасалады.Бұл жалғауларды табыс септік жалғаулары деп атайды.

V.Оқулықпен жұмыс:

48 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Табыс септігінің жалғауының астын сыз.
49 - жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Табыс септіктегі сөзді тап.
Қанар қаптарды қаптап артар,

Шанақ арбаны аттар тартар.
Сергіту сәті:

«Қай топ шапшаң?» ойыны. 50 - жаттығу Сөздерді оқы, топта. Қандай белгісіне қарай топтадың? Бір - бірінен айырмашылығы?
52 - жаттығу Сөздерді табыс септігіне қойып, сөйлем құра. Кестені пайдаланып, өз ойыңды дәлелде.
53-жаттығу.Берілген үй бұйымдарының атауларына табыс септіктің жалғауларын жалғап жазу,Берілген сөздердің мағыналарын түсіндір.

Текеметті,сырмақты,кебежені,сандықты,кереуетті.

.Шығармашылық тапсырма:

1 топ. Өз қалауларымен 5 суретті таңдап табыс септігінің жалғауын жалғап айту.

2-топ. «Аң патшасы» тақырыбына берілген мәтіндегі суреттердің орнына атын жазып,сөйлемдерді дұрыс байланыстырып оқу.

3-топ. Ата сөзін септе.


VІІ.Қорытындылау.

Ойын: «Көбелектерді өз гүліне қондыр» Сәйкестендіру арқылы орындаймыз.

VІІІ.Бағалау.

Топ басшылары бағалау парағы арқылы өз топтарын бағалау.

ІХ.Үйге тапсырма: 54 - жаттығу, ереже.

Әр оқушы өз қалауларымен сурет таңдап сөйлем құрау.
Сен нені таңдадың? Сен кімді таңдадың?Оны оқып беру.

ІІ. Үй тапсырмасы:

46-жаттығуды оқыту, ережені жатқа сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ туралы түсінік.Септіктерді қайталау.Күннің ретін жазу. Көркем жазу.

ІҮ.Жаңа сабақты меңгерту:

а/Оқулықпен жұмыс:

48-жаттығуда сөйлемдерді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Табыс септік жалғауының астын сызу.

Ү.Жұптық жұмыс:

49-жаттығуда жаңылпашты оқып,жатқа жазу.Табыс септіктегі сөздерді тап.

ҮІ.Ережені тұжырымдау.

51-жаттығуда мақалдарды түсініп оқып,табыс септіутегі сөздерді табу.

ҮІ.Шығармашылық жұмыс:

50-жаттығуда берілген сөздерді оқып топтау.

ҮІІ.Сергіту сәті.

52-жаттығуда берілген сөздерді табыс септігіне қойып,сөйлем құрап жазу.

ҮІІІ.Кестемен жұмыс:

DrawObject1 Ол кімді? нені? сұрағына жауап беріп тұр.

БDrawObject2 ұл-табыс септіктегі

сөз,өйткені

Ол сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр.


53-жаттығуда берілген үй бұйымдарының тауларына табыс септігінің жалғауын жалғап жазу.

ҮІІІ Бекіту:

Септіктерді жатқа сұрау.

ІХ. Қорыту.

Бүгін қандай септікпен таныстық?

-Атау септік дегеніміз не?

-Ілік септігі дегеніміз не?

-Барыс септігі дегеніміз не?

-Табыс септігі дегеніміз не?

Х. Үйге тапсырма:

54-жаттығу,ереже жаттау

ХІ.Бағалау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.06.2018
826
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі