Материалдар / Табысты сабақ жоспарын қалай құруға болады

Табысты сабақ жоспарын қалай құруға болады

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал әр бір ұстаздарға сабақты табысты болу үшін қалай жоспарлау керек сол жайында құнды мәліметтер берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2021
614
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

«Н.Оразбаев» АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ















Тақырыбы: «Табысты сабақ жоспарын қалай құруға болады?"





Орындаған: Ордабасы ауданы, «Н. Оразбаев» атындағы жалпы орта мектебі, математика пәнінің мұғалімі: Жорашева С. К



Бағыты: Жаратылыстану-математикалық




Электрондық пошта:






















Боралдай-2021









Аннотация

Бұл педагогикалық идея жұмысында : «Табысты сабақ» жоспары. Бұл жоспармен болашақта табысты сабақтың құрылымы (басталуы, ортасы, аяқталуы), онда қолданылатын идеялар, мұғалімнің жеке қасиеттері, қоғамдағы мектеп пен мұғалім рөлі, ата-аналармен жұмыс секілді мәселелерді көтеретін оқу құралдарды жарыққа шығару, жоспарлану жайлы құнды мәліметтер келтірген..





Аннотация

Это план «Успешного урока» в работе педагогической идеи. С этим планом будущее успешного урока-это публикация учебников, в которых поднимаются такие вопросы, как идеи, личность учителя, роль школы и учителя в обществе работа с родителями, Это ценный источник информации о планировании.





Annotation

This is the plan for a Successful Lesson in the work of a pedagogical idea. With this plan the future of a successful lesson is the publication of textbooks that rais issues such as ideas, the personality of the teacher, the role of the school and teacher, in society, work with parents, and this is a valuable source of planning information.



























МАЗМҰНЫ





Кіріспе.





Негізгі бөлімі. Табысты сабақ жоспарын қалай құруға болады.


I Тарау. «Бағалаудың кейбір ерекшеліктері»

1.1. Оқудың/оқытудың мақсаттарын айқындау:

1.2.



II Тарау. «Критериалды  жүйе арқылы бағаның  қойылуы Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау » қысқа мерзімді жоспар

2.1. «Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері»

2.2. «Қалыптастырушы бағалаудың түрлері»

2.3. Өзін-өзі бағалаудың рефлексиядан айырмашылығы









Қорытынды......................................................................................................



















А.Байтұрсыновтың « Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген сөздерін бүгінгі күннің даму ерекшеліктері мықтап дәлелдеп берген.Білім беру жүйесі ылғи да жаңарып, жаңашаланып, заман талабына сай дамып отыруы керек. Өйткені бүгінгі күннің басты талаптарының бірі – даму.

Бүгінгі заман жаңалыққа құмар, жаңаша ойлайтын, жаңалық ашатын адамдарға зәру.Заманауи маман қазіргі болмысына, ахуалына, жұмысына, жетістіктеріне қанағаттанбай, оларды үнемі жақсартуға, кемелдендіруге ұмтылады. Дамудың шегі жоқ.

Дәл осы секілді мұғалімнің де өзінің кәсіби біліктілігін тұрақты, жүйелі, шынайы түрде дамытып отырғандығы абзал.Әр мұғалімнің « Бүгінгі сабағым кешегіден жақсы болуы керек, ал ертеңгі сабағым бүгінгіден де ұтымды болуы қажет!» деген қағиданы ұстанғаны жөн деп ойлаймын.

Бұл үшін мұғалім басқа әріптестерімен үнемі бірлесе жұмыс жасап, сабақтарды келісе, ақылдаса жоспарлап, өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында бірлесе талдауы қажет. Осылайша мұғалімдер әр сабағын табысты түрде өткізуге ұмтылады. Өйткені әр сабақты табысты түрде өткізу-әр мұғалімнің басты міндеті болу керек. Әрине, табысты сабақ жасау үшін ең алдымен мұғалі м өтетін сабағына жоспар жасауы керек. Жаңартылған білім беру беру мазмұны бойынша оқыту кезінде көптеген түсінбеушіліктер болғаны ешкімге де жасырын емес.Оқу барысында қиындықтар болады, болды да.Өйткені жаңалықты бірден қабылдап, теория мен практиканы ұштастыру уақыт пен ерік-жігерді талап ететіні белгілі.

Жұмыс барысында көп нәрсе айқындалып келеді: белгілі нәтижеге жету үшін мол тәжірибе, ізденіспен қатар қажыр-қайрат , ерік-жігердің, табандылықтың қажеттігі сезіледі. Өйткені, мұғалім әр бала үшін жауапты, оның болашағына, өмірге бейімделуіне бағыт беруші, жол көрсетуші, ал бұл бір күнде нәтиже беретін жұмыс емес және ерен еңбекті талап етеді. Ауыл мектептерінің жағдайы көп ретте жоғары талаптарға сай келе бермейді, жетістікке бастайтын, нәтижелі оқуға қол жеткізуге баланың әлеуметтік жағдайы да әсер ететіні тағы бар. Десек те, заман ағымынан қалып кетпей , біздің мектеп те қол қусырып қарап отырған жоқ. Алға қойған мақсатты орындау үшін біздің ұжым,яғни Ордабасы ауданы Бадам ауылында аядай ғана С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінін басшысы Назира Табылды Қаратайқызының ұйымдастыруымен Алматы қаласынан филология ғылымдарының кандидаты, доцент «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педгогикалық шеберлік орталығы Алматы филиалының аға менеджері Әлімов Асхат ағайды тәлім алуға мектебімізге ат басын бұруға шақырып, дәрісін тыңдадық. Жаңалыққа деген ұмтылыс қанаттандырған білікті маман өз әдіс- тәсілдерімен дәріс беруге қуана келісім жасап, мектебімізде 48 сағат практикалық семинар курс өтті.Асхат ағаймен бірлесе отырып, көптеген сабақтар өткізіп, сұхбат ала отырып, кеңесін тыңдау арқылы мектеп мұғалімдерінің жаңаша білім беру мазмұны бойынша көзқарастары дұрыс қалыптасып, сабақтарымызда көптеген оң нәтижеге қол жеткізіп жатқан жағдайымыз бар. Бізде үнемі мұғалім басқа әріптестерімен бірлесе жұмыс жасап, сабақтарды келісе, ақылдаса жоспарлап, өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында бірлесе талдау жасау арқылы әр сабағын табысты түрде өткізуге ұмтылады.

Бағалаудың кейбір ерекшеліктері

«Бағалау не үшін керек?»

Бағалау бірінші кезекте білімнің сапасын айқындау үшін қажет. Егерде біз өз жұмысымызда елеулі табыстарға қол жеткізгіміз келсе, онда өткен уақыттағы және қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз керек, яғни жұмысымыздың оң жақтары мен кемшіліктерін айқындап, оны бағалауымыз қажет.

Мектептің жұмыс сапасы оның өз мақсаттарын (миссиясын) қандай деңгейде орындайтындығымен байланысты. Сапа - мектептің (немесе пәннің, сабақтың, мұғалімнің) оқу нәтижелеріне қол жеткізуде оқушыға қандай деңгейде көмектесіп, оқушының «не үйренгендігінің» айғағы. Осыған орай оқу/оқыту сапасын қажетті деңгейде қамтамасыздандыру үшін мұғалімдер өз жұмысын бағалауда мынандай мәселелерге назар аударып, қойылған талаптарды орындауы керек:

1.1 Мақсат. Оқудың/оқытудың мақсаттарын айқындау:

- Бағалау не үшін керек? Бағалау кім үшін қажет және оның нәтижелерін кім пайдалана алады?

а) Бағалау білім деңгейінің сапасын айқындау үшін қажет:

- оқушы өзінің біліми ахуалын білгісі келеді,

- мұғалім оқушының білімі қандай дәрежеде екендігін және өзінің оқыту әдіс-тәсілдерінің нәтижелігін анықтағысы келеді,

- мектеп әкімшілігі бұл екеуінің де жұмысқа деген қабілеті мен біліми, кәсіби деңгейін білуді мақсат тұтады,

- мемлекет министрлік арқылы бюджеттік қаржының қалай жұмсалатындығын және оқушыларды оқыту ісінің ахуалы мен деңгейін білгісі келеді.

ә) Бағалау жоспарланған нәтижелермен (стандарттармен) салыстырғанда білім деңгейі мен оқудың/оқытудың қаншалықты дәрежеде екендігін білу үшін қажет.

б) Бағалау оқу мен оқытуда қолданылып жатқан әдістемелік ұстанымдардың тиімділігін білу үшін қажет.




Критериалды  жүйе арқылы бағаның  қойылуына тоқталатын болсам:

Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау дегеніміз не ?


Қалыптастырушы  бағалау -күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды; негізгі бақылау жұмысына  дейін білімін жүйелейді:

Қалыптастырушы бағалау қазіргі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі екенін, оның оқушы жетістігіне жағымды ықпалын, оның тиімділігін қазақстандық ұстаздар түсініп, өз тәжірибесіне біртіндеп енгізіп келеді.

2.1 «Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері;

Оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;

Білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен оқытуға арналған орта құру;

Білім алушыларды бірін бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;

Білім алушыларға өзінің оқуын» құрушылар\ жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады».

Мұғалім осы мәселелерді сабақта қалай жүзеге асырғандығын көрсетуі керек.Мысалы, оқушыларға табысты оқу үшін қандай жағымды жағдай жасағандығын, әр оқушыға сабақ мақсатына жету үшін қандай көмек көрсеткендігін, оқушыларға кері байланысты қалай бергендігін, олардың өзін өзі және бірін бірі бағалауын қалай ұйымдастырғанын, оқушыларды қалай ынталандырып, көмектескендігін, оларға қандай жоғары деңгейдегі сұрақтар қойғандығын келтіргені дұрыс.

2.2 Осы ретте, қалыптастырушы бағалаудың мынадай түрлерін көрсетсе болады:

- сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау,

- Әр тапсырманың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау,

- Дескрипторлар ұсыну,

- Оқушылардың қалай жұмыс жасағанын бақылау,

- Сұрақтар қою,

- Әңгімелесу, сұхбаттасу,

- Оқушыларға кері байланыс ұсыну,

- Көмектесу, бағыт бағдар беру, жөн сілтеу, сыбырлау,

- Оқушылардың өзін өзі бағалауы,

- Оқушылардың бірін бірі бағалауы,

- Оқушыларды ынталандыру, мақтау,мадақтау т.б.

Бұл бағалаудың түрлері білім алушыға белгілі бір оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бағасыз (көп жағдайда белгісіз) мұғалім мен құрбыларының үздіксіз қолдауына, критерилерге негізделген өзінің оқып-үйренгендігі туралы өзара талдауына, жетістікке жету жолын өзін-өзі, өзара бағалау мен кері байланыстар арқылы анықтауға, даму жолын белгілеуге мүмкіндік бере алады.

Қалыптастырушы бағалаудың тарихына жүгінсек, «жүргізіліп отырған оқу бағдарламасын жақсарту рөлі бар» бағалау үдерісін сипаттау мақсатында «қалыптастырушы» терминін бірінші қолданған Майкл Скривен екен. Сонымен қатар, ол бағалау алынған сараптама үдерісінің нәтижелерін қолдану негізінде, мектеп әкімшілігіне аяқталған оқу бағдарламасы айтарлықтай маңызды алға жылжу алып келгендігін немесе келмегендігін талдауға қызмет ете алады деп, «қалыптастырушы» және «жиынтық» бағалау терминдерін осы рөлдерде жіктеу керек екендігін ұсынады . Ал, 2005 жылы Дж. Люней «оқудағы қажеттіліктерді анықтау мен оқытуды бейімдеу мақсатында жиі білім алушылардың интерактивті түрде жетістігі мен түсінігі туралы бағалауын қалыптастырушы бағалауға» жатады деген анықтама береді . Сонда білім алушы белгілі оқу мақсатына қол жеткізу үшін мұғалімдер сол білім алушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін алдын ала анықтап, білім алушымен бірге даму аймағын белгілеген жағдайда қалыптастырушы бағалау тиімдірек болады.

«Қалыптастырушы» бағалауды мұғалімдердің білім алушыларды оқытып отырған белгілі бір тақырып пен дағды бойынша жинағанын өлшеу мақсатында қолданылатын құралы» реттінде оның жеті стратегиядан тұру қажет екендігін ұсынып, іс-жүзінде қалай іске асыру керек екендігін көрсетті.

1. Білім алушыларды айқын және түсінікті оқу мақсатымен қамтамасыз ету.

2. Мықты және әлсіз жұмыс мысалдары мен моделдерін қолдану.

3. Кері байланысты үнемі ұсыну.

4. Білім алушыларды өзін-өзі бағалауға және мақсат қоя алуға үйрету.

5. Бір уақытта бір оқу мақсатына немесе сапалық аспектіге бағытталған сабақты құру.

6. Мақсатты қайталау жүргізуге үйрету.

7. Білім алушыларды өздік рефлексияға және өзінің оқуы туралы хабардар болып, оны бақылай алуға және онымен бөлісуге тарту

Білім алушы күнделікті өзінің мақсатын білмесе, немесе ол тым жалпы, түсініксіз болатын болса, күннің соңында мақсатқа жетіп, жұмыстың сәтті аяқталуы екі талай болуы ғажап емес, немесе біршама қиындықтармен, бірнеше күнін сарып ету арқылы жетуі мүмкін. Осы аралықта білім алушының ішкі уәжі түсіп, үйренуге деген ынтасы да түседі. Сол себептен, сабақтың басында білім алушымен бірге құрылған немесе мұғалім тарапынан таныстырылған SMART- негізіндегі оқу мақсаттары құрылып, күтілетін нәтижелер айқындалғаны абзал. Бастапқыда мұғалім өз білім алушыларды оқу мақсаттарымен таныстырса, кейінен білім алушылардың өздеріне сабақ мақсатын айқындауға, өз іс-әркететін өлшемдерге негіздеп өзі бағалай алуға үйретсе, өзін-өзі реттеудегі оқуға деген жауапкершілікті оқушы өз қолына алатын болады. Осы орайда Д. Р. Сэдлер (1989) қалыптастырушы бағалаудың тиімді қолданысы – бұл тек мұғалімнің жеке жауапкершілігі ғана емес, талап етілген өзгерістерге жауапты оқушылардың да рөлі маңызды дейді. Ол жақсарту шарттарының бірі оқушылар сапа ұғымын мұғалімнің ұғымымен ұқсас ұстанса, өнімді іске асыру барысында өнімнің сапасын үздіксіз бақылай алатын болады және кез келген берілген тапсырмада баламалы тәсілдер мен жолдар жиынтығын ұсына алатындығын айтады. Басқа сөзбен айтқанда, білім алушылар не жасап отырғандығының сапасы туралы талдай алуы және оны іске асырып отырғанда іс-әрекетті реттей алуы қажет .

Білім алушының оқу мақсаттарына жету жолында мұғалімдер мен құрбылар тарапынан ұсынылған жазбаша және ауызша кері байланыстардың ықпалы да зор. Себебі, өзінің айқындаған не айқындалмаған жетістіктері мен даму аймақтары, және оқудағы ақтандақтары туралы әлеуметтік ортада талдап, онымен бөліссе, біршама сәтті не сәтсіз тұстарын өзара анықтап, алдағы қадамдарын жоспарлай алады, өз оқуына деген жауапкершілік арыта түседі. «Сонда оқушылар келешекте неге қол жеткізгісі келеді?» деген сұраққа мүмкіндіктер мен қажеттіліктерді таразыға сала отырып, жан-жақты бағаланған, толық жауап беріп, мақсатқа қол жеткізе алады.

Shape1

Өзін-өзі бағалаудың рефлексиядан айырмашылығы неде ?

«Осы жұмыста неге рефлексия мен өзін-өзі бағалаудың айырмашылығына мән беріліп отыр?» Екі ұғым өте ұқсас және бұл үдеріс үшін нақты қабылданған жалпыға ортақ әдістер жоқтың қасы. Барлық оқу үрдісі рефлексия мен өзін-өзі бағалау негізінде жүзеге асырылса да, іс-әрекеттегі зерттеу үдерісінде осы екі терминнің мағынасы мен рөлін анықтауда, өзін-өзі бағалау парақшаларын құрастыру барысында біраз қиындықтар туындады. Сондықтан, жалпы зерттеумен қатар осы екі ұғымның айырмашылығын да қарастыру қажет болды. «Осы аралықта мен нені анықтадым?» сұрағы Мелисса Десджарлейс пен Питер Смиттың айтуынша рефлексия адамның өзін тереңірек түсінуіне жетелейтін жеке үдеріс және өзіне қатысты айтулы жаңалықтар мен түсініктерді білуге бағыттайды, ал өзін-өзі бағалау алдын ала белгіленген критерийлерге сәйкес негізделініп, мықты, жақсарту, мен жаңалықтарды айқындайды. Басқаша айтқанда, рефлексияның мақсаты – «білу», ал өзін-өзі бағалаудың мақсаты – «өсу»

Бағалау оқу мен үйрену деңгейін тексеруге емес, оқушылардың білімі мен үйренуін дамытуға бағытталған.

Ол үшін:

Қалыптастырушы бағалау - әр оқушыға сабақ мақсатына жетуге көмектесу деп түсініледі.

Әрбір тапсырма мен әрекеттің орындалуына талдау жасалып, оның «плюстері» мен «минустарының» себептері талқыланып, әрі қарай не жасау керектігі, жұмысты қалай жақсартуға болатындығы айтылады.

Мұғалім сыныптағы әр оқушыға назар аударып, оған көңіл бөледі, оның толық үйренуіне мүдделі болады.

Әр сабақтан кейін мұғалім 2-3 оқушымен 2-3минуттық кәсіби сұхбат жүргізіп, олармен сабақты талдап, оны жақсарту жолдарын талқылайды.

Критерийлердің келесі ережелерге сай болғандығы дұрыс:

  • Критерийлер үшеуден кем болмауы керек.

  • Критерийлер оқушыларға алдын-ала белгілі болуы керек, яғни критерийлер шәкірттермен бірлесіп құрастырылуы керек.

  • Мұғалім ұсынған критерийлер оқушылар тарапынан толық қабылдануы керек.

  • Бағалаудың әрбір түрі мен әрекеті үшін бөлек критерийлер қажет.

- Критерийлер жазбаша түрде келтірілуі керек.

Критерийлерді алдын-ала жариялап, сонымен бірге сынып қабырғасына іліп қойған орынды.

Төменде қандай да болмасын тақырыпқа жазылған эссенің бағалау критерийлері келтіріледі.

Тоқсан соңында әр  критерий бойынша  негізгі бақылаудан алынған  орташа балл есептелінеді.

Мен өз сабақтарымда критериалды бағалауды жиі қолданамын, яғни сабақтың басында оқушылар нені білуі тиіс, не нәрсеге қол жеткізу керек деген мақсатпен сабақтың критерийін тақтаға жазып көрсетемін немесе әр оқушыға қағазға жазылған күйде сабаққа құрылған критерийлерді таратамын. Жалпы критерийлерді әрдайым өзім құрастырып қана қоймай, кейбір тақырыптарды оқушылармен бірігіп құруға дағдыландым.Сабақ критерийлері өткен сабақпен байланыстырыла құрылады, өйткені математика сабақтарында кейбір түсінуге қиын есептердіиқұрылымдарды дамыту, жетілдіру мақсатында көбірек жұмыстануды қажет етеді және әр сабақта оқушылардың сабақта математикалық сөздік қорларын пайдалануына, көңіл бөле отырып, сабақ критерийлерін құрамын.

Жоспарлы сабақтарға критерий құра отырып, берілген критерийлер арқылы мен оқушыларымның  өзін-өзі бағалауда, бірін-бірі бағалауда олардың сабаққа деген ынтасының, өзіндік ойы, пікірі қалыптасқанын, есте сақтау қабілеттерінің , пайымдау, ажырату, жаңа бір ой түю,  бір-бірінің , мұғалімнің алдында жауапкершіліктері артқанын аңғардым. Оқушыларды бағалауда әділдік пайда болды, берілген критерийлер бойынша неге қол жеткізгендерін, нені білу қажет екендіктерін  біліп отырды. Критериалды бағалау арқылы  оқушылар  өз деңгейлерін анықтай алды.  Бұл олардың білім деңгейлерін  көтеруіне  ықпалын  тигізді. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудын тиімділігі, бұрын тақтаға шығып, сабақ айтуға ұялатын оқушылар өздерін еркін ұстай бастады, сабаққа деген ынтасы артты, сенімділік пайда болды және олар бір-біріне көмектесе отырып және олар бір-бірін бағалау арқылы әділ баға қоя бастады.

Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге: сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді.

Критерий арқылы бағалау оқушыларға:  нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; критерийлерді білу арқылы қате жібермеу, сапалы нәтиже беруге; рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;  бағалау үрдісіне қатысу арқылы білімін тереңдетуге, нақты білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білу, сын тұрғысынан ойлай білуге мүмкіндіктер береді.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ