«Патриоттық рух – басты
құндылық » Жобасын жүзеге асыру
Тәуелсіздігімізге негіз
болған- Желтоқсанның 35 жылдығы
Тақырыбы:
«Тағылым мен
тағзым»
Мақсаты:
1.Білімділігі: Желтоқсан оқиғасының
халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық күресі тарихында ерекше
орын алуын ұғындыру;
2.Дамытушылығы: Желтоқсан оқиғасының мәні
мен мазмұнын болашақ ұрпақ бойына сіңіру;
3.Тәрбиелілігі: Жастардың ұлттық намысы мен
жігеріне , отаншылдық сезіміне ой салу, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
Кіріспе
сөз.
1-жүргізуші: Құрметті желтоқсан ардагерлері
, оқытушылар , студенттер!
2-жүргізуші: «Патриоттық рух – басты
құндылық » жобасын жүзеге асыру мақсатында Тәуелсіздігімізге негіз
болған- Желтоқсанның 35 жылдығына
арналған «Тағылым мен тағзым»
кездесуімізді ашық деп жариялаймыз
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимні орындалсын.
1-жүргізуші: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
азаттығымызды жақындатқан, тарихта ойылып жызылған, қаншама адамның
мұзға тамған қанының көрінісі.
2-жүргізуші: Иә, тұтас ұлтты, ел мен жерді
қорғауға, құртуға, еңсесін басуға болмайтындығын қазақтың осы
қаһарлы үні бүкіл әлемді жаңғыртты емес
пе?
1-жүргізуші: Желтоқсан – бұл ерлік жыры,
азаттық аңсары,. Қанды желтоқсанның үні жаңғыра берері анық...
Ағайын. Олардың рухын еске алып 1 минуттық
үнсіздік.
1-жүргізуші Мәңгілік ел ұрпақтары бұл
боздақтарымызды еске алары хақ. Бірақ өмір жалғаса береді. Күй –
«Көңіл толқыны»
2-жүргізуші:Иә, «Желтоқсанның желінен
қатқан қарға, қазағымның көз жасы тамғаны» анық демекші биылғы жыл
тоталитаризмнің темір құрсауын бұзуға жұдырық болып түйіліп,
азаттықты көксеген халқымыздың намыс жолындағы күресіне 35 жыл
толып отыр.
1-жүргізуші: Олай болса, «Желтоқсанда
шындық жырын шырқаймын» бөлімі бойынша «Желтоқсан рухы» тобын
ортаға шақырамыз.
1-оқушы:РТ11 Ахметов
Шахнияз
Мұхтар
Шаханов.
«Желтоқсан
алаңы»
Сәл аялдап,тағзым етпей бұл
алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан
тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер,қалқам,асқақ рух
жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл
қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан
сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге
айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған
шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар
етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та
елестейді қар бет,
Қара беттің көбі бүгін дара
тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған
шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен
жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас
тұлпары, нары жоқ,
Ал, біреулер намысы жоқ,
жігер, қауқар, қары жоқ,
Кемсітпекші «желтоқсанның
жалаң аяқтары» деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта
көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл
беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған
тары боп.
Тірліктегі әр ісінің жаңғырығы
болады
Бұл табиғи жасырын заң
өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не
сор іздеп табады.
... Дүниені дүр сілкінткен жас
толқынның саналы
Даңқын ешкім, ешкім бүркей
алмас.
Оны да еске
салады
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар
рух алаңы.
2-оқушы: Тоқтасынов
Диас.РТ-11
Базарбай Исаев. Қабірден
хат.( Қайрат Рысқұлбеков монологы)
Қабірден
хат
Қайрат Рысқұлбековтың
монологы
Армансызбын..,
Ажалсызбын..,
Азатпын,
Мендегі мұң ғажап әрі азап мұң.
Ұлтым үшін ұлтарақпын,
Аз десең,
Сүйегіммен, сүтіммен де
Қазақпын!
Көкбөрінің сіңіріндей
сірімін,
Сол үшін де ажалсызбын, тірімін.
Шындық үшін құрбандыққа шалынып
Шырылдаған құлындардың
бірімін.
Талай-талай тоналдым да
тапталдым,
Өзімді-өзім жоғалтуға шақ қалдым.
Көк көйлекті көктемеде туылып
Желтоқсанда еріп кеткен ақ
қармын.
Күңіренсе үн шығады көрден
де,
Шертілмеген шерім қанша шерменде.
Өз тіліңде өмір сүріп,
Сонан соң,
Не жетеді өз тіліңде
өлгенге.
Мен сұрасам – теңдігімді
сұрадым,
Теңдігімнің кемдігіне жыладым.
Ай күзетіп Ару сүйер жасымда
Мәңгіліктің құшағына
құладым.
Кек алатын кәріден де жастан
да,
Қу тіршілік құпиясын ашқан ба?!
Бауыр қалды өзегіне өртеніп
Ана қалды сүтін сауып
аспанға.
Тәуелсіздік – Қазақ үшін ғажап
құт,
Ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк.
Бөрі мінез Бабалардың арманы –
Айналайын, алтын қанат –
Азаттық!
Саған құрбан жастығым да жаным
да,
Саған құрбан атпай қалған таңым да.
Тереңдігі қабірден де тереңдеу
Менің қайғым – Қазағымның
қанында!
3-оқушы:
Байтақбай Олжас ТОР13
пл
«Желтоқсан ғой бұл...» Ербол
Сыпатаевқа орналған өлеңі
Желтоқсан ғой бұл,
Желтоқсан,
Мінезі бар сан
тоқсан.
Кешірмейтін
ешқашан,
Кешірмейтін сен
сқсаң.
Желтоқсан ғой
бұл...
Төзуің керек
ызғарға,
Төзудің керек
мұзға-қараға.
Сәл тайса нілді
табаның,
Жетелейтін
құздарға.
Желтоқсан ғой
бұл...
Жасыққа атқан тас
алып,
Еркіндік берген бас
алып.
Айбыныменен
арзымас,
Тарихта қалған
қашалып,
Желтоқсан ғой
бұл...
Сарапқа түсер
төзімің,
Кірпік қағудың өзі
мін.
Жүрегіңе құяр
шуақ-нұр,
Ызғарымен-ақ
өзінің,
Желтоқсан ғой
бұл...
4-Оқушы: Құлбай Меруерт
МК-11
Зайда
Елғондинова
«БОЗДАҚТАР»
Ләззат Асанованы анасының
жоқтауы
Мынау неткен зар
заман,
Жүректіге тар
заман.
Сені өлтірген
дұшпанға,
Зауал келсін
алладан.
Асыл едін, мыс
болдың,
Қарағым, көрген түс
болдын.
Ізің жатыр, өзің
жок,
Бейнең бар да, көзің
жок.
Қайдасың, қайда,
қарағым?
Ел көзінше
жыламай,
Қөздің жасын
бұламай,
Анашыңның
жасырып,
Өксігенін білдің
бе?
Тар құрсақты
кеңіткен,
Тай-кұлындай
тебіскен,
Бауырыңның сені
іздеп,
Боздағанын білдің
бе?!
Өзіңдей кыздың
казақта
Бір туарын білдің
бе?!
Күн туарын білдін
бе?!
Желтоқсанның
анаға
Ызғары көп,
қарағым,
Намыстан өлген
қазақтың.
Қыздары көп,
қарағым.
Күндік кешпей, мұң
кешпей,
Ат артына
мінгеспей,
Мұңдық болып
мұңаймай,
Тәкаппар нағыз
құдайдай,
Қасқайып карап
тұратын,
Ағасы өлсе, іні
боп,
Жауына қарсы
шығатын,
Арыстандай
алысып,
Жолбарыстай
жұлқысқан
Қыздары көп
қазақтың.
Сен де соның
бірісің,
Өлген жоқсың,
тірісің.
Тірі жүрген
қыздардың,
Сыйынар жалғыз
пірісің.
Алқара көк
аспаның
Аяласын,
Ләззат.
Шейіт болған жас
жаның,
Тыңым алсын,
Ләззат.
Көктем
келді,
ұйқыңнан
Оянарсың,
Ләззат.
Күн нұрына
қуанып,
Боянарсың,
Ләззат.
Айдай аппақ
аруды
Аямаған
қанішер.
Туды екен
білмеймін,
Қай анадан
қанішер.
Зарлағанда не
табам,
Сабыр бергін,
жасаған.
Кімге ғана
ұстатар,
Қысқа ғұмыр
қашаған.
Жауға қимас
арысты,
Тілегіңнен
айналдым.
Қыз да болсан
намысты
Жүрегіннен
айналдым.
Бұл заманның,
қарағым,
Алды кең де, арты
тар.
Батыр боп өткен
ботасын,
Мен емеспін зар
тұтар.
Заманың сені бір
сатқан,
Адамын сені бір
сатқан.
Заманына
қақайып,
Қарсы тұрған,
боташым,
Алтын сақа
асықтай,
Алшы түскен,
қарағым.
Дәл өзіңдей қыз
тапқан
Менде де арман бар ма
екен.
6 оқушы : Тулеев Дастан
ТОР11
Біз осылай тәуелсіздікті
осылай қарсы алған едік...
1-жүргізуші: Иә, жастарымыздың қайтпаста
ерлігін қанша жырға қоссақ та, оның үні жаңғыра
береді.
2-жүргізуші: Олай болса, жастарымызға
тағзым етіп, «Желтоқсан желі» әнімен ортада Байтақбай Олжас .Қабыл
алыңыздар!«Желтоқсан желі».
1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы саяси
бағасын алғаннан кейін шындықтың беті ашылып, тас бұғауға қарсы
шыққан қазақ жастарымыздың рухы мәңгі есте қалады емес
пе?
2-жүргізуші: Иә, Желтоқсанның ызғарлы
суығына қарамастан қыздарымыз бен жігіттеріміз батылдық танытып,
қызыл империяның шоқпарына тойтарыс беріп, аппақ қар беті қанға
боялды емес пе? Бұл оқиғаларды жүректен сызу, намысы бар қазаққа
мүмкін емес!
1-жүргізуші: Қайрат, Ербол, Ләззат сияқты,
қайсар рухты жастарымыз арамызда жоқ болсада, сол кезеңді
бейнелейтін жалынды жырлары қалды. Сол өлең жолдары жастарымыздың
жүрегін тебірентері қақ.
1-жүргізуші: Тәуесіздіктің ғұмыры ұзақ,
мәртебесі биік болсын!
2-жүргізуші: Ортамызда желтоқсан оқыйғасын
өз көздерімен көріп ғұмыры сан қыйлы болған талай ауыр жүкті
басынан өткізген солақай саясаттың дәмін татқан желтоқсан
ардагерлеріміз отыр.
1-жүргізуші: Олай болса желтоқсан
ардагерлерімізді ортаға шақырып ой толғаныстарымен
бөлісейік.
2-жүргізуші:Ортаға Тәуелсіз Қазақстанның
қалыптасуына үлес қосқан қоғам қайраткерлері мен желтоқсан
ардагерлеріне сөз беріледі.
1-жүргізуші: Желтоқсан ардагерлеріміздің
ғұмыры ұзақ болып,жастарымызға олардың қайсарлығы мен отаншылдық
рухын дарытсын!!! Гүл шоқтары әкелінсін!
2-жүргізуші: Желтоқсан қаhармандары-ел
жүрегінде мәңгі сақталар!
Бірігіп: Еліміз баянды болсын!Желтоқсан
қанымен келген тәуелсіздіктің тұғыры биік болсын ағайын!Қош сау
болыңыздар!!!