Материалдар / Тәкен Әлімқұл
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәкен Әлімқұл

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәкен Әлімқұлдың еңбектері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
34
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі
“Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеті” КеАҚ

БӨЖ: Тәкен Әлімқұлов
Орындаған: Омыралды А.С
Топ:КЯЛ-101
Тексерген: Қабышев Т.Б

ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А) Тәкен Әлімқұлов кім?
Б)Кратко
Тәкен
Әлімқұловтың
еңбектері
опишите,
что
вы хотите обсудить.
В)Кейіпкер сипаты
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы
адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін
жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін
сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік
сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де
анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік
өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін
қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам
тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін,
нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем
бейнеге тән типтік және даралық сипат-ерекшеліктер – тұтас
ұғым.

Тәкен Әлімқұлов кім?
Әлімқұлов Тәкен - 29.11.1918 жылы Оңтүстік
Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге
келген жазушы, атақты сыншы. Мектеп
бітірген соң Шымкент қорғасын зауытында
жұмыс істеп жүріп,мақалалар жаза бастайды.
Кейіннен “Оңтүстік Қазақстан” газетінде
жауапты хатшы болып істеп, “Лениншіл жас”
газетіне ауысады. А.М.Горький атындағы
әдебиет институтын бітірген. 1958-1947 жылы
КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында
әдеби кеңесші.

Тәкен Әлімқұловтың еңбектері
Сапар. Өлеңдер.1950;
Жемісті жолда. Әдеби-сын макалалар.1958;
Ак боз ат. Роман.1962;
Жазғы жаңбырлар. Өлендер.1962;
Жазғы жаңбыр. Өлендер.1964;
Сей- тек сарыны. Повесть.1966;
Туған ауылда. Әңгімелер.1968;
Бозжорға. Өлеңдер. 1969;
Күрең өзен. Повесть және әңгімелер.1971;
Жұмбақ жан. Абай туралы деректі хикая.1972;
Кертолғау. Повесть және әңгімелер.1973;
Вся жизнь впереди. Повесть және әңгімелер.1974;
Тұлпарлар тағдыры. Роман. Повестер мен әңгімелер.1975;
Шежірелі сахара. Повестер мен әңгімелер.1976;
Жұмбақ жан. Зерттеу.1978;
Ел мен жер. Роман.1978;
Қаратау өрнектері. Өлеңдер мен поэмалар.1980;
Көкек айы. Әңгімелер мен повестер.1982.
Замана екпіні. Роман.1982.

Кейіпкер сипаты
Т.Әлімқұлов Сәкен туралы еңбектерді,
оның шығармашылығын, ол туралы
әдеби шығармаларды жете білген.
Ғылыми және көркем әдебиетте бұрын
сомдалған Сәкен бейнесін де жақсы
білген. Сондықтан Сәкен тұлғасын
бейнелеуде қайталауға ұрынбайды,
образ жасауға, мінез даралауға жаңа
қырынан келген. Бұл шығармаларында
да ол Сәкеннің жан дүниесіне көбірек
үңіледі.

Кейіпкер сипаты
Тәкен
Әлімқұлов
бірнеше
шығармасында
Сәкен
тағдырының,
Сәкен
қайраткерлігінің
халықтық
сипатына, халықтық мәніне көбірек ден
қоятындығын байқаймыз. Тек бір ғана
әңгімесінде («Көкейтесті»)ақын тұлғасы
саясаттан,
қоғамдық
өмірден
тысқарылау,
негізінен
ішкі
жан
дүниесімен,
нәзік,
көңіл-күй
сезімдерімен бейнеленді.

Бұл әңгіме Сәкеннің өнерпаз,өнер иесі ретінде, өнерді нәзік тебіреніспен
қабылдайтын, қадірлейтін парасатты, зиялы жанның бірі екендігін
оқырманға жеткізгенді. Бірақ, бұл әңгіменің ішінде де Тәкен ақынның
қайраткерлігін кейіпкердің ішкі толғанысы, монологы арқылы өте қысқа,
бірақ өте тартымды жеткізеді. «Сарыарқа мен Түркістанның екі арасында
Совет үкіметін орнатысқан жылдары сахарада Сәкенге ерген, онымен
бірге бұйырған тұз-дәмді татысқан жандар көп. Көбі батырлар,
саяткерлер, әнші, күйшілер еді. Және әрқайсысы әр саланың сомдаған
тұлғасындай, сайраған шежіресіндей еді. Кейін тіршілік билеп, әркім өз
жөнімен кеткен. «Тар жол, тайғақ кешуде»аталмағандары өкпелеп хат
жазғанда, Сәкен күлген де қойған. «Бір күн тұзын татқанға қырық күн
сәлеммен» келушілер Сәкен үкімет басшылығынан түскесін бірте-бірте
сейілген» . Осылай Сәкеннің көз алдынан оттай лаулап, желдей зулап
өткен өмірінің ұзақ бір белгісі сағымдай созылып, ақынның жүрекжарды
сырындай төгіледі.

Тәкен Әлімқұлов сомдаған кейiпкерлердiң
барлығы
алыстан көз тартатын салмақты,
басым бөлiгi дәстүрлi мәдениет, ақындық,
күйшiлiк өнер иелері болып табылады. Шебер
суреткер ретінде
танытқан Тәкенді өнер
адамдарының
өмірі
жайлы
жазылған
әңгімелері мен повестері. Ақан сері, Махамбет,
Шоқан, Тәттімбет, Ықылас, Сүгір, Сейтек,
Сәкен, Төлеген Момбеков, Әбікен сияқты және
тағы басқа өнер тарихындағы саңлақтардың
өмір-тағдырын суреттеу арқылы қаламгер
оқырманына
жалпы
өнердің
құдіретін,
танытты. Сол сияқты домбыра, қыл қобыз,
сыбызғы, сырнай, шыңдауыл, дауылпаз, кепшік,
керней, шаңқобыз, сылдырмақ, асатаяқ, жеті
шекті жетіген, күйсандық, екі шекті, үш шекті
шертер, тағы басқа сол сияқты толып жатқан
музыка аспаптарының көптеген түрлерін
қаламгер шығармаларынан жиі кездестіреміз

Тәкен Әлімқұлов күйші бейнесін көркем әдебиетімізде
сомдаудың мән – мағынасын терең түсінген. Сонау
Қорқыттың, Ықыластың, Құрманғазының, Тәттімбеттің,
Сейтектің берідегі Сүгірдің, Төлегеннің, Әбікеннің осы
күйшілік, күйшілік өнер тарихын терең біліп, ұзақ жылдар
зерттеп алып барып ат басын тіреген.

«Телқоңыр» әңгімесінде сөз зергері Тәкен
Әлімқұлов атақты күйші Сүгір өміріне соғып, Сүгір
жайын сөз етеді. Өте тартымды, шымыр әңгіме бір
күйдің тарихынан сыр шертеді. Көзі қарақты
оқырманға бірден байқалатын бір шындық –
Сүгірдің тума талант, құдіретті күйші екендігі.
Осыны мына әңгімеде дәлелдей түскен.
Жазушының «Сейтек сарыны» повесінде Сәруәр
шал болып тіл қататын кейбір мінез қылықтарына
қанық едік. Онда ол көбіне Сейтек тағдырымен,
Сейтек күйлерімен сабақтас бейнеленетін. Ал мына
әңгімеде енді әке мен бала арасындағы, яғни Сүгір
мен әкесі арасындағы қарым- қатынас, қам қаракет,
ой - парасат арнасында өріледі.

Қорытынды
Белгілі бір ұлттың, халықтың тағдыры, басынан өткерген тарихи
кезеңдері ең алдымен сол ұлттың әдебиетіне, өнеріне із тастайды.
Ұлттың рухы көтеріліп еңсесі биіктегенде, оның әдебиетті де, өнері
де қайта түлеп, қайта толысып күш қуат жинап, бойын тіктеп
болашаққа көз тігеді. Түрлі тарихи кезеңдер аралығында туған
әдебиетіміз жоғалтқандарын қайта тапты, сол арқылы қайта
жаңғырды, қайта жаңарды.
Осы әдебиетіміздің қомақты жүгін арқалаған, талантты,
дарынды шоғырдың бел ортасындағы қаламгерлер қатарынан
Тәкен Әлімқұловты да көрумізге болады. Оның басты себебі қаламгердің көркемдік деңгейі мен оқ бойы озық көрінетін
туындылары. Бұл туындылар, яғни Тәкеннің, әсіресе прозалық
шығармалары қазіргі тұста әдебиеттану ғылымының зерттеу
нысанына, тану, талдау өзегіне айналуы өте қажет.

Пайдаланылған
әдебиеттер

1.Қазақ әдебиеті
энцклопедиясы, “Білік”
баспасы, 1999 ж, 124бет
2.egemen.kazakhstan@g
mail.com
3.Дәстүр және
жаңашылдық, А. 1980
ж.
4.Т.Тоқбергенов, Ай
мүйіз, 1990 ж.

Назарларыңызға рахмет!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!