Материалдар / Тәлімгер: Коучинг барысында алған біліміңізді өз сабағыңызда қолдана алдыңыз ба?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәлімгер: Коучинг барысында алған біліміңізді өз сабағыңызда қолдана алдыңыз ба?

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлім алушы: Қолдана алдым деп ойлаймын, себебі осы сабақ барысында оқушыларды топқа бөлу арқылы жұмыс жасаттым. Оқушыларға топ ережелерін түсіндірдім, өздеріне жасаттым. Оқушылар бір-бірінен түсінбегендерін сұрады, бірлесе жұмыс жасады. Оқушылардың да біз ойлағаннан әлдеқайда жақсы жауап беретінін көрдім. Топтағы қорғалған постерлердің бәрінде сол таптағы әр оқушының өзінің қосқан идеясы айқын көрініп тұрды. Топтардың бір-бірін бағалауы ұнады. Мені қуандырғаны әр оқушының белсенді түрде ойларын жеткізе алуы болды деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
548
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәлімгер: Коучинг барысында алған біліміңізді өз сабағыңызда қолдана алдыңыз ба?

Тәлім алушы: Қолдана алдым деп ойлаймын, себебі осы сабақ барысында оқушыларды топқа бөлу арқылы жұмыс жасаттым. Оқушыларға топ ережелерін түсіндірдім, өздеріне жасаттым. Оқушылар бір-бірінен түсінбегендерін сұрады, бірлесе жұмыс жасады. Оқушылардың да біз ойлағаннан әлдеқайда жақсы жауап беретінін көрдім. Топтағы қорғалған постерлердің бәрінде сол таптағы әр оқушының өзінің қосқан идеясы айқын көрініп тұрды. Топтардың бір-бірін бағалауы ұнады. Мені қуандырғаны әр оқушының белсенді түрде ойларын жеткізе алуы болды деп ойлаймын.

Тәлімгер: Сабақ өткізу барысында сізде қандай қиыншылықтар болды?

Тәлім алушы: Біріншіден, оқушылар бірлесе жұмыс жасау барысында топ ережелеріне бағына қоймады. Бастауыш сынып болғандықтан оқушылар айтқаныңды бірден қабылдай қоймайды екен. Содан кейін тапсырмаларды орындауға берілген уақытты оқушылар созып жіберді де сабағымды белгіленген уақыттан кеш аяқтадым. Сынып оқушылары топтағы ролдерін атқара алмады. Ал өзім сабақ жүргізу барысында қатты мазасыздандым және дайындаған тапсырмаларымды сабақтың аяғына дейін орындатып үлгермедім.

Тәлімгер: Бұрынғы дәстүрлі сабағыңыз бен қазіргі қткізген сабағыңыздың арасында қандай айырмашылақ бар?

Тәлім алушы: Бұрынғы сабағымда тек қана сыныптағы белсенді оқушылар жауап беретін еді. Ал мынау жаңа әдіс-тәсілдер негізінде алған түсінігім бойынша өткізген сабағымда бұрын белсенділік көрсетпегнен оқушыларымның өз түсініктерін айтқанын байқадым. Олар сабақ айтқанда мені мақтаныш сезім биледі. Оларды сөйлете алғаныма, қызығушылығын оята алғаныма қуандым. Бұрын жаңа тақырыпты түсіндіріп, әр баламен жеке жұмыс жүргізуге уақыт жетіспейтіндіктен сыныптағы оқушылардың аз мөлшеріне ғана баға қоятынмын. Қазіргі технология бойынша бір сабақ барысында сыныптағы оқушылырдың бәрін де нақты іс-әрекетіне байланысты бағалауға болатынын түсіндім.

Тәлімгер: Болашақта тәлім алуды одан әрі жалғастырасызба?

Тәлім алушы: Ия, өйткені Блум таксономиясы негізінде сабақ жоспарын өзіңізбен бірлесе отырып жасадық. Жеке жасасам таксономия деңгейлеріне байланысты берілетін тапсырмалардың орынын шатастырып алатын сияқтымын. Маған әлі көп дайындалу керек сияқты. Сергіту сәттерін, топтағы ролдердің орындалысын жүйеге келтіріп, оқушыларды соған үйретсем деп ойлаймын. Біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша курстан өткенім дұрыс деп ойлаймын.

Тәлім алушы әріптесім де жаңа форматта өткізген сабағынан кейін оқушыларынан екі жұлдыз бір тілек негізінде кері байланыс жасаған.

«Келесі кезеңде мен топтардың жұммыстарын ауыстырып, сол топтың жұмысына екі жақсы жағы мен бір ұсыныстарын жазыуына тапсырма бердім. оқушылар топ жұмысын ауыстырдыда,сол топ жұмысының ерекше тұстарын, қабат үйдің макетіне, «ерекше шебер екенсіз», «тамаша жасалыпты», «талаптарың өсе берсін» деп жазыпты. Сәулет өнерінің тұрмыстық түрі салынған суретке, «сурет заңдылыққа сай салынған», «сурет жақсы бейнеленген», «әліде дамыта беріңіздер» деп жазыпты. Бәйтерек макетіне: «макеттеріңіз жақсы жасалыпты», «бәйтерек нағыз бәйтерек екен», «сәулетші болыңыз» деп жазыпты. Сәулет өнерінің қоғамдық түріне, «есерткіш суреті маған ұнады», «ойларыңыз жақсы екен», «сәттілік тілейміз» деген тілектері жазылыпты» деп тәлім алушы өз есебінде келтіреді.

Тәлім алушы әріптесіммен ұдайы жылы қарым-қатынас жасадым. Бірлесе жұмыс істеу барысында тәлім алушы өзінің белсенділігін көрсетіп, түсіндірген жаңа әдістерді табысты қолданды деп ойлаймын. Себебі, ол сабақ өткізген сынып оқушылары ептеген кемшіліктері болса да жаңаша жұмыс жасай алды. Оқушылардың топқа бөлінуі, бірлесе жұмыс жасай алуы, әстеген жұмыстарынан нәтиже шығарып және бір-бірін бағалай алуы тәлім алушы сабағының сәтті болғаны депбілемін. Ал тәлім алушы әріптесіме әлі де болса әдістемелік көмектің қажет екені белгілі болды. Әріптесім сабақты жоспарлауға, тапсырманы ойлау деңгейлеріне байланысты саралап, оқушы қабілетімен санаса әзірлесе дұрыс болар еді. Болашақта осы тәлім алушымен бірлесе жұмыс жасаймын деген ойдамын

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!