Материалдар / Тамақ өнеркәсібі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тамақ өнеркәсібі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
565
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: §35 Тамақ өнеркәсібі.

Мақсаттары:

Білімділік. Қазақстанда қалыптасқан тамақ өнеркәсібі – АӨК-нің ІІІ кезеңі ретінде қарастырып, оның құрамы мен құрылымын және ерекшеліктерін анықтап, білу.оның салалық қрамы мен орналасу факторларын қарастыру.

Дамытушылық. Қазақстанның мал шаруашылығы мен тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін тақырыптық карталар мен суреттер бойынша сипаттау арқылы және оны кескін картаға түсіру арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: картасы

Сабақтың барысы:

Жаңа сабақ Тамақ өнеркәсібі

  1. Тақырыпты меңгеру үшін оқулық мәінін, тақырыптық карталар мен суреттерді пайдаланады.

  2. Топтастыру (постер қорғау)

І-топ: Ет өнеркәсібі

Қазақстан ет өнімінен ТМД елдерінің ішінде, Ресей, Украинадан кейін үшінші орында. Ет комбинаттары Семей, Петропавл, Алматы, Лисаков, Екібастұз, Жетігенде орналасқан. Қазақстан тамақ өнеркәсібі 1000-ға жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді. Ең дамыған сала ет өнеркәсібі, республикада бүкіл тағам өнімдерінің32% еттен жасалады. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауыттың бірі 30-шы жылдары салынған Семей ет консерві зауыты. Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. 2009 жылы сойылған салмағы бойынша ет өндірісінің көлемі 896,3 мың тоннаны құрады. Ең көп өсімді Алматы (16,7%), Қостанай (16,5%), Шығыс-Қазақстан (12,5%) және Оңтүстік Қазақстан (9,3%) облыстары құрады. Халықтың ет және ет өнімдерін тұтыну деңгейі тұтынудың ұлттық нормасынан (1 адамға 48 кг/жыл) 39%-ға артық және 1 адамға 67 кг/жыл құрайды.







ІІ-топ: Сүт өнімдері өнеркәсібі

Сүт өнімдері сүт өнімдерін шығару еліміз аумағында біркелкі орналасқан. Оның кәсіпорындары республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында басым. Солтүстік Қазақстанға майдың 70 пайызы тиесілі. Бұл саланың кәсіпорындары Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Алматы, Тараз, Өскемен т.б. қалалар және қала халқы басым аудандарда шоғырланған. Павлодарда республикадағы үлкен сүт консерві және құрғақ сүт зауыты орналасқан. «Фудмастер» компаниясы Есіктегі жергілікті «Ақбұлақ» фирмасын сатып алды. Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау көп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған.







ІІІ-топ: Кондитер, макарон, ұн-жарма, күріш кәсіпорындары

Еліміздің ірі кондитер фабрикаларына Алматы «Рахат», Қарағанды және Қостанайдың «Баян сұлу» және т.б. жатады. Макарон фабрикалары Ақтөбе, Петропавл («Сұлтан»), Семей, Қарағанды т.б. қалаларда. Ашытқы және маргарин шығарудың басты орталығы Алматы қаласы. Нан пісіру еліміздің ірі, шағын қалалары т.б. елді мекендерде орналасқан. Ұн-жарма тарту астықты аудандарға бағдарланып, оның ірі кәсіпорындары Астана, Көкшетау, Семей т.б. басқа қалаларда орналасқан. Жарма тартудан Ақтөбеде тары, Қызылордада күріш кәсіпорындары да жұмыс істейді.











ІV-топ: Балық өнеркәсібі

ТМД елдері бекіре балығының 70 пайыздан астамы Қазақстандық Каспий жағалауына тиесілі болады. Балық өңдеу кәсіпорындары Атырау, Баутино, Балқаш, Алғазы, Приозерск (Зайсан маңы) т.б. Арал қаласында Дания мемлекеті көмегімен қамбала балығын аулау және оны өңдеу жүзеге асады. Балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.













Тапсырмалар:

1. Тамақ өнеркәсібінің құрылымдық салаларын ретімен дұрыс орналастырыңыз

жарма, май айыру, қант, консерві, балық



кондитерлік , снан пісіру, макарон, май шығару





ет, сүт, ұн тарту



Шикізат көзіне де, тұтынушыларға да жақын орналасқан салалар

Тұтынушыға жақын орналасқан салалар

Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар


2. Шикізат фабрикаларына бағытталған тамақ өнеркәсібінің географиялық салаларын кескін картаға түсіру.


Бекіту


1) Бүгінгі сабақта қандай жаңа мәліметтер білдіңдер?

2) Сабақ несімен қызықты болды?


Бағалау.

Үйге §35.Тамақ өнеркәсібі. «Нан - қасиетті тағам» эссе жазу














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!