«Тамақтану режимі, үстелдегі тәртіп ережелері»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тамақтану режимі, үстелдегі тәртіп ережелері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға дұрыс тамақтану бойынша түсінік жұмысын жүргізу және тамақтану тәртібі туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: «Тамақтану режимі, үстелдегі тәртіп ережелері»

Сыныбы: 6 сынып

Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау; Міндеттері: Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін; - Тамақтану сауаттылығының бес негізін; - Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін; - «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю.

Балалар. Біз бүгін сендермен «Салауатты өмір салтының » қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде ой тұжырымдаймыз.

Дұрыс тамақтану

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.

Дұрыс тамақтану ережелері:

· тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

· тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

· тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.

· таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

3. Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.

4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы

Келесі тапсырмада, пайдалы және зиянды өнімдерді анықтап, тақтадағы кестені толтырайық. Пайдалы Зиянды

Балық Майонез Алма Кока-кола Бал Фри Сәбіз Хот-дог Жұмыртқа колбаса

Тамақтану ережелері туралы жадынама

Алдымен қолыңызды сабындап жуыңыз.

Таңғы асты өткізбей, міндетті түрде ішіңіз.

Қуырылған, тұзды және ащы тағамдарды көп жемеңіз.

Мәзіріңізге көкөністер мен жемістерді қосыңыз.

Дастарқан басында сөйлеспеңіз және телефонды қолданбаңыз.

Тамақты асықпай, жақсылап шайнап жұтыңыз.

Кешкі асты ұйықтар алдында кемінде 2 сағат бұрын ішу қажет.

Артық тамақтанбаңыз.

Тәттіні азайтыңыз.

Дені саудың – жаны сау дейді халық мәтелі. Сондықтан да балалар әрқашан сақтайық осы мәнерді!

















































Хаттама



«Тамақтану режимі, үстелдегі тәртіп ережелері»

Күні: .01.2023 ж

Жұмыс түрі: сынып сағаты

Қатысқан сыныптар: 6 сыныптар



Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

1. «Тамақтану режимі, үстелдегі тәртіп ережелері»

Халиуллина А тақырыбында 6 сыныптарға баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Салауатты өмір салтының» қағидалары мен тиімді әрі үйлесімді тамақтанудың денсаулыққа пайдасы жөнінде айтылды.

Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын ата – аналармен, мектеп дәрігерімен, аспазшылармен бірлесе отырып тұжырымдау; Міндеттері: Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі прициптерін; - Тамақтану сауаттылығының бес негізін; - Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін; - «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары туралы айтылды.

Келесі тапсырма бойынша пайдалы және зиянды өнімдерді анықтап, тақтадағы кестені толтырылды. Пайдалы зиянды тағамдарды екі бағанға толтырды.

Тамақтану ережелері туралы жадынама таратылды. Баяндама соңында кері байланыс жасалынып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Оқушылар зиян, пайдалы тағамдар туралы ұғынды.





Әлеуметтік педагог: Ж.Ешматова













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.04.2023
414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі