Асанова
Г.С.
Директордың оқу-ісі жөніндегі
орынбасары
Күні:
17.10.17
Класы:
6«а»
«ә»
Сабақтың
тақырыбы: Тамыр бөлімдері. Тамырдың
өсуі.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
тамыр бөлімдерінің құрылысын және өзіндік
ерекшеліктерін
оқушы тұлғасына жете
түсіндіру.
Тәрбиелік:
оқушылардың ғылыми дүниетанымын байытып,
адамгершілікке
тәрбиелеу.
Дамытушылық:
пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын
дамыту.
Сабақтың
түрі: .Білімді
жүйелеу
Сабақтың
әдісі:
сөздік-көрнекілік.
Күтілетін
нәтиже: Тамыр бөлімдері туралы біледі.
Соның ішіндегі тамырдың өсуін қарастырып
танысады.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі. Оқушылармен сәлемдесу, оларды
түгендеу.
ІІ. Үй
тапсырмасы.
«Суреттер сөйлейді»
әдісі
(шығу тегіне қарай тамырлардың
суреттері беріледі, солардың мағынасын ашып қандай өсімдіктер
жататынын сипаттап береді) сонымен қатар айырмашылықтарымен
ұқсастықтарын атап кетеді
ІІ. Жаңа сабақты
түсіндіру.
Тамыр бөлімдері ұзындығы мен қызметіне қарай
тамыр оймақшасы, бөліну, созылу (өсу), сору, өткізгіш аймақтары деп
бөлінеді. Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы
түзуші ұлпалардан құралған өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады.
Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабығындағы жасушалары сыртқы
кедергілерге үйкеліп, зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа
жасушалар түзіліп, ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы
қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы
жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды қажалудан жеңілдетеді.
Осылайша тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап
тұрады. Бөліну аймағы атқаратын
қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып үш қабаттан тұрады. Ең
сыртқы қабатындағы клеткалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын
түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабатынан орталық
цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің
қалаптасуына себеп болады. Өсу аймағының жас
жасушалары бөлінбейді. Ұзыннан созылып, ұзарады. Тамыр ұшының
топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы
аймақта түзіле бастайды. Сору аймағы - өсу
аймағынан кейін орналасқан қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері
тамырдың сыртын қымтап жатқан жұқа өң қабықшасының жасушаларының
созылуынан пайда болады. Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір
түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуольі бар жеке
ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, суды және
онда еріген минералды тұздарды сорады. Өсіп келе жатқан жас тамырға
тірек қызметін атқарады. Өткізу аймағы суды және суда еріген
қоректік заттарды тамырдан өсімдіктердің жер үсті мүшелеріне
өткізеді. Бұл аймақта тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар көп
болады. Тамырдың сору
мезанизмі. Сору күші – бұл осмостық және тургорлық
қысымдардың арасындағы айырмашылық. Осмостық қысым – цитоплазмадаға
және клетка қабырғасына әсер ететін клетка шырыны ерітіндісінің
қысымы.
ІV.
Бекіту.
Тапсырмалар:
1.Оқулықтағы 10 а,ә суреттерге
қарап, тамыр бөлімдерінің атын дәптерге
жаз.
1.----------------------------------------------------------------
2.----------------------------------------------------------------
3.----------------------------------------------------------------
4.----------------------------------------------------------------
2. тамыр бөлімдерінің
атқаратын қызметтерін жаз.
1. бөліну
----------------------------------------------------------------------------------------2.
өсу--------------------------------------------------------------------------------------------
3. сору
------------------------------------------------------------------------------------------
4.
өткізу-----------------------------------------------------------------------------------------
V. Үйге тапсырма
беру. Тамыр бөлімдері. Тамырдың
өсуі.
VІ.
Бағалау.