Таңдау курсының
бағдарламасы
«Қызықты
грамматика»
2–
сынып
Түсінік
хат
«Қызықты грамматика» - таңдау
курсы. Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде»
меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау
курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып
сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. Әрбір
мұғалім өз шеберлігіне қарай, сондай-ақ сыныптағы оқушылардың білім
деңгейіне байланысты әдіс-тәсілдерді өзгерте алады. Әр сабақ сайын
жаңа ұғымды берумен қатар өткенді қайталау, сөздік қорын дамыту.
«Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық
жүйесі мен
грамматикалық құрылымын
меңгеру үдерісі қарастырылады.
Жеке тұлға болып қалыптасуына
жағдай жасау барысында, әр түрлі
деңгейдегі оқушыларға білім
беруді тиімді ету қарастырылуда. Олардың көлемі, берілетін білім
мөлшері оқушының жас ерекшелігіне, материалды қабылдай алу
мүмкіндігіне байланысты. Сол себепті, бағдарлама жалпы білім
беретін мектептегі сынып оқушыларының арасында еске сақтаудың
барлық түрлерінің, сөздік-логикалық ойлау қабілеті мен сөйлеу
тілінің, танымдық қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып
оқушылардың деңгейіне арналып құрылған.
2-сыныпта тереңдетіп оқытуға
дайындау үшін «Дыбыс пен әріп», «Сөз»,
«Сөйлем» деген бөлімдер қайта
қарастырылып, біртіндеп күрделендіріледі.
Жұмыс дәптерінде орындауға
берілген жаттығулар мен тапсырамалар
оқушылардың қазақ тілінен
алған білімдерін бекіте түседі. Сөздерді
дұрыс
айтып, дұрыс жаза білу-тіл
мәдениетінің басты талаптарының бірі
болғандықтан бұл пәнге арналып
жасалған жұмыс аптасына 1сағаттан жылына 34 сағатты
құрайды.
Өзектілігі:
•
Оқушының жас ерекшелігіне және
тәрбие талабына сай іріктелген оқу
материалдарының негізінде
көзқарасын қалыптастыру
•
Оқушылармен жеке дара жұмыстар
жүргізілу барысында оның жан-жақты
дамуына, қоғамға бейімделуіне
жағдай туғызу;
•
Сынып ұжымында оқушылардың
өздерін емін еркін ұстауға бейімдеу;
Мақсат-міндеттері:
•
Оқушылардың қазақ тілі пәнінен
алған білімдерін жетілдіру;
•
Толыққанды дамуына және
бейімделуіне, табысты білім алуға және белсенді қызметке
ынталандыру;
• Тіл байлықтарын, өз ойларын
нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын
дамыту;
•
Олардың білімге деген
құштарлығын, еңбек сүйгіштігін,
орындалатын
жұмысқа деген жауапкершілігін
арттыру;
•
Оқушыны жүйелі, көркем сөйлеу
білуіне дағдыландыру;
•
Қазақ тілі грамматикасы мен
емлесі туралы оқушыларға түсінік беру;
•
Оқушылардың жазба сауаттылығын
арттыру жолдарын қарастыру.
Күтілетін
нәтиже:
- Еркін ойлауға
мүмкіндік алады;
- Өз ойын айқын да дәл
жеткізе білуге үйренеді;
- Ұжымдық
іс-әрекетке тәрбиеленеді;
- Тілінің,
ақыл-ойының ойлауының байлығы жетіледі;
- Жан-жақты
ізденушілігі артады.
- жазу материалы бойынша
қажетті жазба жұмыстарын игереді
р/с
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Сағат
саны
|
Мерзімі
|
Ресурстар
|
|
І. Тіл және
сөйлеу
|
1
|
Мектеп сөзіне
сөзжұмбақ
|
1
|
|
|
2
|
Менің болашақтағы
мектебім
|
1
|
|
|
3
|
Білім туралы
мақалдар
|
1
|
|
|
|
ІІ. Дыбыс пен
әріп
|
4
|
Жуан және жіңішке
дауысты дыбыстар
|
1
|
|
|
5
|
Буын
түрлері
|
1
|
|
|
6
|
Көркем жазу
жарысы
|
1
|
|
|
7
|
Қызықты
грамматикалық тапсырма
|
1
|
|
|
8
|
Дауыссыз
дыбыстар
|
1
|
|
|
9
|
Өз орныңды
тексер
|
1
|
|
|
10
|
Сөзжұмбақ
шешу
|
1
|
|
|
11
|
Тасымалдау
|
1
|
|
|
12
|
Адасқан әріптер
әлемі
|
1
|
|
|
13
|
Нәтиже
сабақ
|
1
|
|
|
|
ІІІ.
Сөз
|
14
|
Ойнайық та,
ойлайық
|
1
|
|
|
15
|
Анаграмма
|
1
|
|
|
16
|
Сөз
баспалдағы
|
1
|
|
|
17
|
Сөздік
диктант
|
1
|
|
|
18
|
Сөз және оның
мағынасы
|
1
|
|
|
|
ІV.
Сөйлем
|
19
|
Ойлан,
тап
|
1
|
|
|
20
|
Тыныс белгілерінің
айтысы
|
1
|
|
|
21
|
Көру
диктанты
|
1
|
|
|
22
|
Сөйлем
(талдау)
|
1
|
|
|
23
|
Тірек сызбалармен
жұмыс
|
1
|
|
|
|
V. Сөз
таптары
|
24
|
Заттың атын
білдіретін сөздер – зат
есім.
|
1
|
|
|
25
|
Бас әріптен басталып
жазылатын сөздер.
|
1
|
|
|
26
|
Заттың қимылын
білдіретін сөздер – етістік
|
1
|
|
|
27
|
Заттың сынын
білдіретін сөздер – сын есім
|
1
|
|
|
28
|
Заттың санын
білдіретін сөздер – сан
есім.
|
1
|
|
|
|
VІ. Сөйлеу
мәдениеті
|
29
|
Жұмбақ
әріптер
|
1
|
|
|
30
|
Менің сүйікті жыл
мезгілім
|
1
|
|
|
31
|
Мақал-мәтелдің
сыңарын тап
|
1
|
|
|
|
VІ. Жыл бойы өткенді
қайталау
|
32
|
Тест
жұмысы
|
1
|
|
|
33
|
Өз біліміңді
тексер
|
1
|
|
|
34
|
Бақылау
диктанты
|
1
|
|
|
қызықты
грамматика
|
Мерзімі:
2
сынып
|
Мұғалім: С.
Балабекова
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Ойнайық та,
ойлайық!
|
Мақсаты
|
Ойындар арқылы
оқушының ой - өрістерін
кеңейту.
|
Нәтижесі
|
Әр сөздің мағынасын
түсініп, ойлай білуге, саналылыққа, зейінділікке, ықыластылыққа
тәрбиелеу
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сын тұрғысынан
ойлау, диалогтік оқыту, жас ерекшеліктеріне сәйкес
оқыту.
|
Дерек
көздер
|
Мақал-мәтелдер,
сөздер, жұмбақтар
|
Топқа
бөлу
|
көк, қызыл,
сары
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
ынтамақтастық
атмосфера
|
Балалардың
достығын
Көрсетейік біз
бүгін!
Әлемдегі барлық жанға
айтамын,
Татуласып жүрген жақсы,
байқадым!
|
Оқушылар шеңберде
жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік
тілейді.
|
Білу
(3 мин)
|
Ширату
1. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)
2. Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың
ба?)
3. Ақ доп Қара теңізге түссе не болады? (су болады)
4. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
5. Кішкентай сұр пілден аумайды. Ол не? (Пілдің баласы)
-Балалар,бүгін бізге қонақ келіпті.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар?
-Мен кітапханашы Гүлшат апаймын.Сендерге бүгін арнайы келіп
отырмын.Сендер не істегенді жақсы көресіңдер?
-Ендеше мен сендерге «Ойындар әлеміне» жолдама беремін. Онда
сендерді көптеген қызық ойындар күтіп тұр. Қане,тезірек жолға
шығыңдар. Жолдарың болсын.
-Ол жерге қандай көлікпен барғыларың келеді?
-Ендеше поезд әнін орындайық
|
сұраққа жауап
береді
|
Түсіну
(5
мин)
|
-Балалар, қараңдаршы
«Ойындар әлемі» қандай ғажап!.Мұнда сиқырлы әріптер және әр түрлі
сандықшалар бар екен.олай блса көк сандықшаны ашып көрейік.
-Ой,мына сандық ашылмайды ғой,енді не істейміз?Мына сандықшаның
бетінде тапсырмалар бар екен,сол тапсырмаларды орындасақ,сандығымыз
ашылатын шығар.
Көк сандықшаның тапсырмалары:
Сөз ойла,тез ойла!
Тура оқысаң да сол сөз, кері оқысаң да сол сөз.
(балалар ойланып айтады)
ала- кесек-
аса- қалақ-
шаш- қырық-
ауа- қазақ-
еле- қызық-
ыссы- қысық-
керек- ата т.б.
-Балалар,тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Міне,ашылды.
-Ішінде не бар екен,көрейік?(«Қызықты грамматика» кітабы
шығады)
|
тапсырмаларды орындайды,
ойларымен бөліседі
|
Сергіту сәті
(2 мин)
|
Аппақ болып таң
атты
Түтін тікке
ұшады
Қарлығаштар
қанатын
Биік самғап
ұшады
|
Оқушылар денелерін
жаттықтырады
|
Қолдану
(15мин)
|
Қызыл сандықшаның
тапсырмалары:
Кім жылдам?
Тура оқылуы мен кері оқылуы әр түрлі мағына беретін сөздер:
(балалар ойланып айтады)
Ит-ти лас-сал кеш-шек
Сүт-түс көш-шөк қас-сақ
Қыс-сық лақ-қал қос-соқ
Шала-алаш есек-кесе қына-анық
-Балалар, тапсырманы дұрыс орындадыңдар,міне сандықша да
ашылды.Ішінде не бар екен қөрейік.(ішінен «Қазақ ертегілері» кітабы
шығады.)
-Балалар,бұл кітапты кезекпен алып,үйден оқитын
боламыз.
|
Тура оқылуы мен кері
оқылуы әр түрлі мағынада беретін сөздерді ойланып
айтады
|
Талдау
(6мин)
|
Жасыл сандықшаның
тапсырмалары:
Тездет,бірақ қателеспе!
Әріп санын өзгертпей, орындарын өзгерту арқылы берілген сөздерден
жаңа сөздер тудыру.
Ақын-қына, анық- ақын, отан-тона, сақа-оқас,
суық-қуыс
|
Әріп санын
өзгертпей, орындарын өзгерту арқылы берілген сөздерден жаңа сөздер
тудырады
|
Жинақтау
(3 мин)
|
Сары сандықшаның
тапсырмалары:
Ұйқас тауып ойнайық !
1. Қағазға қайшы өтпеді
Соғанда Балнұр ...........
2.Жоғалды қара қарындаш
Ондайы енді...............
3.Атам кеше құс атты
Біреуін маған............
4.Аппақ қағаз – ақ қағаз,
Ондай қағаз ...................
5. Бестік алсаң жарайсың
Білмесең жерге ...........
6.Көрші ауылдан жолшыбай,
Бұрылдық біз .....................
7.Тосқауылдан қат-қабат
Енді қалай ......................
8.Келе жатса сұраншақ
Бала біткен .................
-Бұл сандықшаның ішінен не шығар екен,көрейік.Әр түрлі жұлдызшалар
шығады.
-Балалар,бұл жұлдызшаларға тілек жазып бір-бірімізге
ұсынайық.
|
Оқушылар өз ойларымен
бөліседі
жұлдызшаларға тілек
жазып бір-бірімізге ұсынады
|
Бағалау (2
мин)
|
Бағалау парақшасы,
бас бармақ
|
кері
байланыс
(2 мин)
|
|
Сабақты
талдау
|
Не сәтті
өтті
|
|
Не сәтсіз
өтті
|
|
Нені дамыта аласыз?
Нені өзгерткіңіз келеді?
|